Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шынар. Еңбек 2 сынып.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

- Жіптің қандай түрлерін білесің?

- Шөжені қалайжасайды?

Жаңа сабақ:

Өрнекті жіптер торламасы – сәндік-қолданбалы өнердің тамаша бір түрі. Жіппен торлай отырып, сәндік бейнелеу тәсілін ағылшын тоқымашылары ойлап тапты. Олар тақтай бетіне кішкентай шегелерді ретімен қағып, оған жіптерді орау арқылы белгілі бір бейнені, өрнекті шығарды. Ол бұйымдарды үйді сәндеу, безендіру үшін қолданды.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Жұмысты орнының тәртібі мен жеке тазалықты сақтау. Арнаулы жұмыс киімін кию. Жұмыс орнында тазалық сақтау. Жұмысорнында артық заттардың болмауы. Құрал-жабдықтарды тиісті орынға қою. Құралды керекті орнына ғана пайдалану. Жұмыс соңында жұмыс орнын жинастыру. Инені, түйреуіштерді түгендеу. Жұмыстан кейін құрал-жабдықтарды мұғалімге тапсыру. Жұмыс соңында қолды сабындап жуу, киімді щеткамен тазалау.

Практикалы жұмыс.

Жіптер торламасы өнерін меңгеру оңай және әрбір адамға қолжетімді. Оны игеру үшін екі тәсілді меңгерсе болғаны, олар: бұрышты толтыру және дөңгелекті толтыру.

Бұрышты толтыру әдісі: 1.Қатырмақағаздың теріс бетіне бұрыш сызып, әр қабырғасын теңдей 12 бөлікке бөл. 2.Бұрыш сызығының екі ұшін «О» әрпімен, басқа нүктелерді цифрмен белгіле. «О» - дан басқа нүктелерді бізбен тес. 3.Инені сабақтап, көрсетілген үлгі бойынша бұрышты толтыр. Бұрыш торланды.

Дөңгелектің ішін толтыру тәсілі: 4.Қатырмақағазға радиусы 50см болатын дөңгелек сыз. 5.Дөңгелекті теңдей 12 бөлікке бөліп, нүктелердіңбарлығын бізбен тес. 6.Инені сабақтап, көрсетілген үлгі бойынша дөңгелек ішін толтыр. Дөңгелек жіппен торланды.

Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру. Бейнелі жіп дегеніміз не? Жіппен бенелеуде қандай реттілікті сақтау керек?

Үйге тапсырма: 80 бет. Жіппен бұрышты, дөңгелекті толтыр.

Бағалау:

Тексерілді:

Күні: 9.02.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә» Сабақтың тақырыбы: Түйме қадауды үйренеміз

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды түйменің түрлерімен, түйме қадау тәсілімен таныстыру. Дамытушылық: Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: жіп, қайшы, әртүрлі түймелер, мата.