Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шынар. Еңбек 2 сынып.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

- Жіпті неден дайындайды?

-Жіптің қандай түрлері бар?

-Жіпті қайда пайдаланады?

Жаңа сабақ:

Жұмыстың орындалу реті: 1.Қатырмақағаздан диамерті 5см болатын екі дөңгелек дайында. Олардың ортасынан диаметрі 2см болатын дөңгелекті ойып, қиып ал.

2.Екі дөңгелекті беттерсіріп, жіп орауға дайында. 3.Дөңгелектің ортасындағы ойық толғанша жіпті тығыздап ора. 4.Екі қатырмақағаздың арасын ашу үшін жіптерді дөңгелек жиегінен айналдыра қи. 5.Қабатталған дөңгелек қатырмақағаз арасын аш. Топтасқан жіптің тең ортасынан қосымша жіппен байла. 6.Әрбір қатырмақағазды қайшымен қиып, жіп топтамасынан босатып ал. Дөңгелек шашақ пайда болды. Осындай шашақтың сары жіппен көлемі кішірек тағы біреуін жаса. 7.Шөженің қанаты мен айдарын, құйрығын, көзін, тұммсығын қағаздан қиып алып, желіммен жабыстыр.

Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру. Шашақты не үшін қолданады? Дөңгелек шашақтан шөжеден басқа тағы не жасауға болады?

Үйге тапсырма: 78 бет Шөже жасау.

Бағалау:

Тексерілді:

Күні: 6.02.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Өрнекті жіптер торламасы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды тігін ісіне қажетті құрал-жабдықтардың атауымен, қызметімен, құрылысымен таныстыру. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қиялын, шеберліктерін арттыру, еңбекке деген қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды өзіне деген сенімділікке, өз бетінше жұмыс орындауға, батылдыққа, шыдамдылыққа, дәлділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: жіп, ине, біз, қайшы, циркуль, сызғыш.