Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_MEK_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.

Ұлттық бірегейлік пен ұлттық сана-сезім ұлттық салт-дәстүр мен мәдени мұраның нәрінен сусындайды.Мәдени мұраны қарқынды түрде зерделеу- тәуелсіз Қазақстанда қоғамдық сананың қалыптасуындағы тағы бір тарихи кезең. Бірнеше ғасырлық отаршылдық және тоталитарлық сана үстемдігі салдарынан рухани күйзелісті бастан өткізіп, саяси тәуелсіздігіне енді қол жеткізген Қазақстан бүгінгі күні әлемдік тарихтағы уақыт бағаны мен қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте өзін-өзі орналастырып айқындалу міндетімен бетпе-бет келіп отыр. Тарихи сананың деформациясынан кейін ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің біріне айналды. Бүгінгі күнгі қазақстандық қоғамда тарихи өзіндік сананы жаңғырту мен төл мәдени мұраны игеру және оны қазіргі заманғы даму үрдісіне лайықты жаңартып үйлестіру өзекті мәселеге ай- налғандықтан ұлттық тарих пен мәдениеттің тоталитарлық идеоло- гия қысымымен ұмыт болған беттерін қайта парақтаудың маңызы зор. Болашақ дамудың айқын рухани бағдарын анықтау үшін де халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мәдени мұрасын игеру қажет, өйткені мәдениет кез-келген ұлттың бірегейлігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Жаhандану жағдайында батыстың өзі дәстүрлі еуроорталықтық көзқарастардан бас тартып, шығыстық рухани құндылықтарға иек артып жатқан тұста өз-өзінен жеріген халықтардың ұлттық апатқа ұшырауы әбден мүмкін. Уақытында бірлік пен ынтымақты қастерлеп өткен ата-бабаларымыздың осы өсиеті тарихи тағдырдың талайымен мәдени әртекті қоғамға айналған біздің елімізде өзінің көкейтестілігімен ерекше көзге түсіп отыр. Алайда қазіргі жағдай басқаша. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығында Қазақстанның саяси тәуелсіздікке қол жеткізуімен қазақ халқының қоғамдық санасындағы орын алған түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта жаңғыртуымен сипатталды. Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету мемлекеттік деңгейде төмендегі мін- деттерді шешуді жүктейді: ең алдымен ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды ру- хани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, та- рихи сананы қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу; ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұрасын игеру.

Мәдени мұра мен ұлттық бірізділік арасында тікелей өзара байланыс бар.Мәдениеттің белгілі бір қоржыны жоқ адам , жеке тұлға бола алмайды,өткеннің қазіргімен жалғасқан мәдени мұрасы оның ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан қоғамның мәдени мұрасы неғұрлым бай болса ,сөз жоқ,жалпы қоғам соғұрлым бай болмақ,оның үстіне ол басқалар үшін неғұрлым ашық болады,өйткені қоғамның мәдениеті түрлі халықтардың бір-бірімен іс-қимыл жасайтын мәдениеттерінің ықпалын бойына сіңіріп отырып этностардың мәдени өзара іс-қимылы шегінде өмір сүреді.Жаһандану әлемінде тұрған қазіргі Қазақстан – көп этносты мемлекет, ол бүкіләлемдік достастық үшін ашық болуға ұмтылып отыр және мәдениет ең алдымен ұлттық бірегейлікті айқындайды.Бұл орайда мемлекет құраушы қазақ ұлтының дамуына, оның этносаралық қатынастар жүйесіндегі топтастырушы рөлінің артуына зор көңіл бөлінуі тиіс.

Жаңғыртудың әлемдік тәжірибесін талқылайтын қазіргі заманғы ғылыми әдебиетте мәдени мұра мен ұлттық бірегейлікті зерттейтін тұжырымдамалық үш ұстанымға баса көңіл бөлініп отыр. Біріншісі, ұлттық бірегейліктің жүйе құраушы факторы ретіндегі өткеннің мәдени мұрасына,екіншісі-өткен мен қазіргінің мәдени мұрасын жарасымды ұштастыруға, үшіншісі- қазіргі заманғы мәдениетке және оның болашаққа ұмтылысына ден қояды.

Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттары:

  1. Халық өзінің рухани құндылығын білдіретін нақты заттарға қол жеткізу мүмкіндігі

  2. Мәдени мұраны сақтап,игеру

  3. елде мекендейтін барлық этностардың сана-сезімін нығайту

  4. жинақталған мәдени тәжірибені белсенді пайдалану.

  5. Мәдени мұраны терең және қарқынды түрде зерделеу

  6. Қазақстанның халқы ретінде тұтастықты қалыптастыру

  7. Жалпықазақстандық ұлттық идеяны негіздеу және жүзеге асыру

  8. Жаңа шептерді межелеу мүмкіндігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]