Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_MEK_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

59. Қауіпсіздік мәселелері контекстіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясатының бағытын талдаңыз

60.Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәнін ашыңыз.

«Ұлттық тарих мәселесіне бұрыннан жіті көңіл бөліп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды». Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау; қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту; ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасының кездейсоқ пайда болған жоқ. Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы. Мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 5 жылдығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «кейде қайғылы, кейде мейірбан... бірақ та қашанда Тәуелсіздікке ұмтылысымен суарылған біздің халқымыздың тарихына өз көзқарасын айтты. Мемлекет басшысы ұлттық тарихымызға өзіндік стратегиялық көзқарасын 1999 жылы «Тарих толқынында» кітабында баяндады.«Тарих толқынында» еңбегінде Мемлекет басшысының жазғанындай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан  «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған

61. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен  мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

Программа реализуется по нескольким направлениям:

- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;

- археологиялық зерттеулер;

- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;

- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.

2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.

Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу  жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.

Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.

Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.

Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер.Қазақтың  дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен  қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.

Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.

«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.

«Мәдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.

Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.

Жобаның масштабтылығын мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды потенциалы қатысқаны көрсетеді: әдебиет пен өнет, философия, тарих пен этнография, тіл білу және т.б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы оқу орындары.

«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.

Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.

Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы» болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.

Бұл басылымдардың әрқайсысы – ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, архивистер, кітапханашылардың бірлескен еңбек нәтижесі.

62. Қазақ мемлекеттігі туралы тұжырым –Елбасының Ұлытау төрінде берген салихалы сұхбаты

Ұлытау  –  Еуразия  құрлығындағы  өркениет  тарихында  ерекше  орын  алатын  аймақ.  Ұлытау  –  ұлы  тарихи  оқиғалар  мен  тарихи  тұлғаларды  еске салатын қасиетті мекен. Ол өзінің айрықша археологиялық ескерткіштерімен де  ерекшеленеді:  Теректі  Әулие  тастағы  таңбалары,  қола  дәуірінің  металлургиялық  орталықтары,  түркілік  тас  мүсіндер,  сақ  қорғандары  мен оғыз-қыпшақ қалалары.  Елбасымыздың  Ұлытау  тӛріне  барған  сапарында  берген  сұхбатын  шын мәніндегі  тарихи  маңызы  зор  сұхбат  дер  едім.  Бұл  -  саяси  баяндама  емес, елім  деген  Ұлт  Көшбасшысының  шын  жүрегімен  халқына  ақтарыла  айтқан сыры.  Ендігі  міндет   осы  тарихи  сөзді  негізге  ала отырып,  елге  қызмет  ету  болмақ.Оймақтай  ой  айтса  да,  әрбір  сөзін  тереңнен  толғап,  саралап,  салмақтап айтар  Президент  бұл  жолы  да  ұлтымыздың  тарихы  мен  руханияты, экономикасы мен саясаты жөнінде парасатты ой қозғады. Әңгіменің тарихы бай,  табиғаты  ӛзгеше  Ұлытаудың  тӛрінде  өтуінің  өзінде  үлкен  мән-мағына жатыр.  Әулиетаудың  етегіндегі  Әулиебұлақ  басындағы  сұхбатында  Елбасы «Ұлытауымыз  бен  Ордабасымыз  досымызға  да,  дұшпанымызға  да  ұялмай көрсетер  айбарымыз,  ардағымыз,  асылымыз  болуға  тиіс»  деп  қадап  айтты. Тарих  тереңіне  үңілсек,  бұл  екі  киелі  мекен  де  қазақ  халқының  басынан  өткен  қилы  замандарында  бірлікке,  ынтымақтыққа  арқау  болғанын,  ұлтты ұйытуға  себепкер  болғанын  көреміз.  Сондықтан  да  Елбасы  Ордабасы  мен Ұлытауда келелі, ұлт мүдесін кӛксеген әңгімелер өрбітті .Қазақ жерінің қай өңірі болса да қасиетті де, қадірлі екені рас. Әйтсе де, ұлт үшін Ұлытаудың орыны өте ерекше екені де даусыз. Елдің елдігі, ердің ерлігі сынға түскен небір қысылшаң шақта қазақтың игі жақсылары бас қосып, үш биі бәтуә жасап, үш жүзі мәңгілік бірлікті қалайтынын білдіріп, тасты қашап, таңба салды. Тәуелсіздікке, бостандыққа қол созды. Басынған жауды тойтарды, ұлттың ұлттығы сақталды. Ұлытау – міне, осынысымен де құнды, осынысымен де тарих үшін бағалы. Қасиетті таудың ұлтымыз үшін қаншалықты қымбат екенін тұңғыш Президентіміз – Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған алғаш жылдары сөйлеген сөзінде «…Біздің Ордабасымыз бен Ұлытауымыз бар», – деп арқа төсіндегі ұлттың тауына үлкен баға берген еді. Шынында да, қазақ тарихы, қазақ ұлты жайлы қандай да бір сөз қозғала қалса, қалай да олай Ұлытауға бір соқпай, оны айналып өту тіптен де мүмкін еметей. Осы таудың етегінде елдің елдігін белгілеп, мемлекеттігінің шаңырағын көтерген Хан ордасының орны тұр. Осында Керей мен Жәнібек қазақ мемлекетінің қадасын қадады. Содан бергі хандардың бәрі де ұлықтау рәсімін Ұлытауда өткізгені мәлім.Басқосуда Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін іле-шала, Қазақ Ке­ңес­тік Социалистік Рес­публикасының 1989 жыл­дың 22 қыркүйегінде қабылданған «Тілдер туралы» Заңында қазақ тіліне жеке-дара «мемлекеттік тіл» мәртебесі беріліп, орыс тіліне «ұлтаралық қатынас тілі» құзыреті бұйырғаны айтылған. Елбасымыз Қазақстанның бұдан кейінгі кезеңінде орыс тілді саяси күштердің қаншама талап ету, күш көрсету, қоқан-лоқы жасауларына қарамастан, өзінің ана тілі, баба тілі, қазақтың мемлекеттік тілін бар­лық қауіп-қатерден қорғап шықты делінген. Мемлекеттің аяғынан тік тұрып кетуі, әлемдік аренада өз орнын айқындауы, халықтың ешқандай алаң­сыз берекелі өмір сүруі үшін Елбасы ерен еңбек сіңірді. Ұлттық  сананы  қалыптастыру,  ұлттық  рухты  асқақтату,  қазақстандық  патриотизм –  Тәуелсіздікті сақтап, нығайта берудің басты шарттарының бірі. Президент  осыған  орай  әр  жылдары  қадау-қадау  парасатты  ойлар  айтып келеді. Ұлытау төрінде айтылған ұлағатты ойлар соның заңды жалғасы. Сұхбатта  кеңінен  әңгімеленген  өткір  проблеманың  бірі  –  діннің  қазіргі ахуалы.  Бұл  өзекті  мәселе  тәңірегіндегі  Елбасы  көрегендігін  бүкіл  әлем көріп,  мойындап  отыр.  Өзгесін  айтпағанның  өзінде  әрқилы  көзқарастағы  әртүрлі  дін  өкілдерін  Астанаға  жинап,  бір  үстелдің  басында тоқайластыруының  өзі  дара  туған  даналықтың  бір  белгісі  емес  пе?!  Діннің жеке  тұлғаның  ғана  емес,  қоғам,  мемлекет  өміріндегі  маңызы,  жастардың әртүрлі  теріс  ағымдарға  еріп,  адаспау  жолдары  жайлы  Елбасы  айтқан  ұлағатты ойлары  –  ақиқаттың адастырмас ақ жолы деп бағалауға лайық. Сан салалы  діннің  жолы  –  сан  тарау.  Сол  көп  жолда  адаспай  дұрыс  бағытпен жүру аса маңызды . Тіл  мен  дін  ғана  емес,  ел  тарихы,  қазіргі  экономика  мәселелері, Украинадағы  шиеленіс  тудырған проблемалар,  тағы  басқа да ӛмірдің өзекті  мәселелерін  жан-жақты  қамтып,  кеңінен  толғаған  ұлт  ұясы  –  Ұлытаудағы толымды  толғанысынан  Н.Ә.  Назарбаевтың  ғаламдық  деңгейдегі  ұлағатты ойшыл екенін тағы бір мәрте таныдық. Елбасының биліктің биігінде жүрген білімді кадрларға қарата айтқан сөзі Әлихан  Бөкейхановтың:  «Әр  ұрпақ  өзіне  артылған  жүкті  жетер  жеріне апарып  тастағаны  дұрыс,  әйтпегенде,  болашақ  ұрпағымызға  аса  көп  жүк  қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар  бар»  деген  сөзімен  үндес.  Ұлттың  ұлағатты  ұстаздарының  бірі Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы қазан айының екінші жұлдызында «Абай» журналында жарияланған «Ұлтты сүю» атты мақаласында: «Оқығандар! Бұл уақыт  жан  тыныштығын  іздейтін,  қызық  қуатын  уақыт  емес,  қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін  туғанбыз,  олай  болса,  мойнымызда  халықтың  зор  борышы,  ауыр  жүгі жатыр»  –  деп  жазды.  Ұлытау  тӛрінде  айтылған  ұлағатты  ойлардың  бір парасы осы парасатты пікірді жаңаша жаңғыртып тұр Ұлытау  тӛрінде  айтылған  ұлағатты  сұхбат  –  тәуелсіз  Қазақстанның  әлемнің  дамыған  отыз  елінен  өз  орнын  алуға  беттеген  қасиетті  жолын нұрландырып тұрған шамшырақ.

58.Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида жайында баяндаңыз

Алтын Орда — орта ғасырларда (1243 – 1503) Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті-Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. Оның құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Балқан елдері, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді (1236 – 42). Бату хан тұсында мемлекет астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып (1243), кейін Берке сарайына (Сарай әл-Жадид) көшірілді. Берке хан билік еткен кезеңде (1257 – 66) Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдап, біртіндеп жергілікті түркі халықтарына араласып кетті. Маңызды мемлекеттік істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс – Құрылтай шақырылды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Мемлекетті басқару, көшпелі өмірдің нормалары жаңа жағдайға сай келетін заңдар мен ережелер жиынтығы – Шыңғыс ханның жасақ заңымен реттелінді. Бұл заңның дәстүрлі нормалары кейін қазақтардың «Жеті жарғысының» кейбір ережелеріне де енгізілді. Әскери істі бектербегі, ал азаматтық істерді уәзір басқарды. Даруғалар салық жинаумен айналысса, басқақтар жергілікті халықты әскери бақылауға алды. Бату тұсында Жошы ұлысы оң және сол қанат болып екі мемлекеттік орталыққа бөлінді. Оң қанат Бату мен оның мирасқорларының, ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол қанат Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің үлесіне тиді.Орда халқы кейіннен қазақ халқы құрамына енген қыпшақ, қоңырат, керей, алшын, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен қатар Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақтарынан, армяндардан, славяндардан, гректерден құралды. Қыпшақ және басқа да түрік тайпаларының ел басқаруда, әскери істе атқарған рөлінің басымдылығына байланысты Алтын Орда кейбір шығыс және батыс деректерінде Қыпшақ мемлекеті атанды. Алтын Орданың құрылуы сауда, халықаралық қатынастардың дамуын, орталықтанған билік идеясының өріс алуын қамтамасыз ететін біртұтас саяси жүйенің қалыптасуына себепші болды. 1377 ж. Орыс хан өлген соң Тоқтамыс хан Әмір Темірдің көмегімен билікке келді. Ол 1380 ж. Сарайды, Астраханды, Қырымды, Мамай ордасын бағындырды. Тоқтамыстың күшеюіне және дербес саясат жүргізуіне жол бермеу үшін Әмір Темір 1391 ж. 200 мың әскерімен Құндышар деген жерде Тоқтамыс хан әскерін талқандады. Кейін Тоқтамыс Алтын Орданың бірқатар аймақтарында уақытша болса да билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың басым бөлігі Едіге бидің қолдауына сүйенген Темір Құтлықтың иелігіне өтті. 1395 ж. Солтүстік Кавказдағы Терек өзені аңғарында Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы шайқаста Алтын Орда әскері тағы да ойсырай жеңілді. Әмір Темір Алтын Орда астанасы Сарай Берке, Астрахан, Каффа, Азақ қалаларын қиратып, орыс иелігіндегі Ельц қаласына дейін жетті. Бұл жағдай бүкіл Еуразия кеңістігіндегі этносаяси ахуалдың, саяси-әскери күштердің ара салмағының өзгеруіне, соның нәтижесінде орыс княздіктерінің тәуелсіздік алуына әкелді. 1502 ж. соңғы билеуші Шейһ Ахмед ханның өлімінен соң Алтын Орда жойылды. Алтын Орда жерінде Қырым (1428 – 1792), Қазан (1437 – 1556), Қасым (1445 – 1681), Астрахан (1466 – 1557), Сібір (1563 – 1656), Башқұрт (1656 – 1738) хандықтары сияқты мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Қазақ хандығы да осы кезеңдерде шамамен 1456 – 66 ж. қалыптасты. Егер қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен қазақ хандығының құрылуына XIV-XV ғасырларда өмір сүрген этносаяси қауымдастықтардың тікелей қатысы бар десек, мұның Алтын Ордаға да тікелей байланысы болғандығы. Біріншіден, Алтын Орда мемлекеті оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағын қамтыды, екіншіден, оның негізгі халқы қазақ этносын құраған басты тайпалар үйсін, дулат, қаңлы, албан, суан, жалайыр, т.б. болды және Қазақ хандығы ретінде құрылған қазақ мемлекетінің шаңырағы да осы жерде қайта көтерілді. 1456 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар, Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болатын. Ал қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген түрік тектес тайпалардың басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып бір жолата қалыптасуында аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.Орта ғасырлық атақты тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулатидың куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. Осы 1456 жыл, жаратылысынан еркіндік аңсаған қазақ жұртын бастаған Керей мен Жәнібектің жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған ерекше оқиға – қазақ деген атауды иемденген халқымыздың тарихындағы маңызды құбылыс, жаңғырған қазақ этносынан тұратын мемлекеттің дүниеге келген мезгіл болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]