- •1.«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
- •2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.
- •3. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы
- •5.Хх ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
- •6.Хх ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруның алғышарттарын атаңыз
- •7.Қазақстанның қазрігі заманғы тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастырыңыз
- •9. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз
- •10. Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
- •11. Әлихан Бөкейхан- хх ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі
- •Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
- •12. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •13. Түркістан автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметі
- •14.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
- •15. .Хх ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
- •16. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •18. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
- •19. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы
- •20. Кеңес үкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері
- •21. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш” қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
- •22. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызы
- •23. Қырғыз (Қазақ) акср – нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз
- •24.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
- •26.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.
- •27.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.
- •28.Кеңес үкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.
- •29.Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз.
- •30.Соғысқа дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
- •31.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
- •32.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
- •33. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
- •34. Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •35. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз.
- •36.Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
- •37. Хрущевтың жылымығы жылдарындағы Қазақстан
- •38.Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз
- •39. 1955,1962 Жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарас
- •40.Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсздіктерін ашып көрсетінің.
- •41.Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз:
- •42.Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
- •45. Кеңестер одағының ыдырауы және тмд-ның құрылуы
- •46.Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын талдаңыз
- •47.Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты
- •48.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойлары
- •49.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз
- •50.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •51.Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз
- •52.Эспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
- •53. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер мен халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
- •54.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор
- •55. 2009 Жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз.
- •56. Үкіметтік емес ұйымдардың , кәсіподақтардың азаматтық қоғам институттарының дамуы
- •57 .Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық моделінің ерекшеліктері
- •59. Қауіпсіздік мәселелері контекстіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясатының бағытын талдаңыз
- •61. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру
- •65. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.
- •67,71(Екі сұраққа бір жауап).''Мәңгілік ел'' ұлттық идеясының мәні мен маңызын талдаңыз
- •68.Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •69.Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз
- •70.Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларын талдаңыз
- •72.Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
- •73. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этосаяси урдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері
- •74.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз
- •75. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
53. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер мен халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді. XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды. Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті. Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.
«1917-1939 жж. Қазақстандағы көші-қон үдерістері: түрлері, демографиялық дамуға тигізген әсерлері» деп аталатын екінші тараудың «Қазақстандағы Кеңес өкіметі қарсаңындағы ахуал және көші-қонның негізгі үрдістері» деп аталатын бөлімінде кеңес дәуірі қарсаңындағы қазақ жерінде жүрген көші-қон үдерістері мен халықтану мәселесінің неден бастау алғаны сараланады. Кеңес дәуірі қарсаңында сақталған әкімшілік-аумақтық өзгерістерге, Қазақстанның саяси-экономикалық ахуалына қысқаша шолу жасалып, елдің демографиялық жай-күйі мен көші-қон қозғалыстарын туғызған факторлар анықталады.
Кеңес өкіметі орнау қарсаңындағы көші-қонның ерекшелігі - ішке Ресейдің орталық аймақтарынан келген шаруалар көші-қонының жалғасуы мен 1916 ж. көтерілісті басып-жаншу шараларынан қашқан қазақтардың сыртқа көші-қонының бұған дейін қалыптасып қалған көші-қон маршруттары арқылы жүзеге асуы. Диссертациялық зерттеудің бастау алар негізгі шекарасы болған 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің демографиялық салдарлары қарастырылады.
«1917-1939 жж. әкімшілік-аумақтық өзгерістер және көші-қон үдерістерінің басқарылуы» деп аталатын бөлімде халықтың орналасуы мен тығыздығына, сандық және сапалық көрсеткіштерінің динамикасы мен демографиялық көрсеткіштердің өзгерістеріне тікелей әсер ететін әкімшілік-аумақтық өзгерістер, осы кезеңдегі көші-қон үдерістерінің құқықтық қамсыздандырылуы, үдерісті басқарушы мемлекеттік органдардың түрлері мен қызметтері талданды.
Кеңес үкіметі орнаған кезде патшалық қоныстандыру саясатының салдары мен нәтижесі өз күшінде еді. Қазақстандағы қоныс аударатын бес аймақта ашылған қоныстандыру мекемелерінің көші-қон үдерісін реттеудегі отарлаумен ұштастырылған әдіс-амалдары мен қолданылатын терминдері кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ерекше өзгеріске ұшырамады. Көші-қонға қатысты қабылданған қарар-құжаттарда қоныстандыру-отарлау термині жапсарлас қолданылса, көші-қон үдерісіне қатысты мемлекеттік органдар да патшалық кезеңнен халық санасына сіңірілген қоныстандыру-отарлау деген атаулармен қызмет жасады. Яғни, көші-қон үдерісіне қатысты ұғымдар ХХ ғ. 20 жж. ортасына дейінгі барлық кеңес үкіметінің декреттерінде, қаулылары мен шешімдерінде отарлау деген сөзбен баламаланып, ашық қолданылып отырды. Тек, ұлттық езгіні жою мүддесіне қайшы келуіне орай, қоныстандыру ұғымын отарлау ұғымымен теңестіруге болмайтындығы туралы пікірлердің әсерінен соң, 1925 ж. көші-қон үдерісін бақылап-реттеуші орган – Орталық отарлау комитеті (Центрколком) Бүкілодақтық қоныстандыру комитеті болып, Мемлекеттік отарлау ісі ғылыми-зерттеу институты (Госколонит) – Жерге орналастыру және қоныстандыру институты болып атауларын өзгертті. Бірақ, ғасырлар бойы отарлаудың арқасында жүргізілген қоныс аударулар бірдей мағынада қолданыла берді. Мысалы, Қазақ Егіншілік халық комиссариаты жанындағы қоныс аудару ісімен айналысатын Жерге орналастыру бөлімінде Отарлау бюросы, Отарлау және қоныстандыру бюросы немесе Қоныстандыру бөлімшесі деп атауын бірнеше рет өзгерткен бөлімше қызмет жасады. Ал, жергілікті жерлерде отарлау мен қоныс аудару ісімен айналысатын облыстық және губерниялық жер басқармалары мен осы мақсат үшін арнайы құрылған отарлау экспедициялары, қоныс аудару пункттері, орталық өкілдік берген агенттер қызмет жасады [19, 19 б.]. Яғни, кеңес үкіметіне дейін империяға бағынышты халықтардың санасын деформациялаған отарлаушылардың үстем идеологиясы кеңес билігі орнағаннан кейін де қазақ жеріне қоныстандыру ісінде басымдық танытты. Қазақстанға сырттан келімсектердің келуі күшейген сайын, қазақ ұлтының дербестігіне нұқсан келетінін, езілген халын жақсарта алмайтынын түсінген ұлт зиялылары қазақ халқын рухани сақтау мен жаңғыртудың бір жолы ретінде қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуларын тоқтатуды ұсынып, көші-қоншыларды келтіруге әртүрлі деңгейде қарсылық жасап отырды. 1916 ж. ұлт азаттық көтеріліс, кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысы жылдарында Қытайға кеткен босқындарды қайтару шаралары 1925 ж. аяқталды. 1924-1925 жж. Қазақ ОАК мен ХКК Қазақстанға сырттан көшіп келушілер мен өз ішіндегі көшіп-қонуды тоқтату туралы шешімдер қабылдайды [20]. Бірақ, өлкелік партия басшылығына Голощекин келгеннен кейінгі шешім-шаралар көші-қон үдерісінің жаңа кезеңін бастап береді.
«1917-1926 жж. көші-қон үдерістері: негізгі факторлары, түрлері және халық құрамына тигізген әсері» деп аталатын бөлімде 1917 ж. мен 1926 ж. Бүкілодақтық халық санағы арасын қамтыған бірінші кезеңдегі көші-қон үдерістерінің негізгі факторлары, түрлері мен халықтың құрамына тигізген әсерлері, демографиялық салдарлары талданады.
Бұл кезеңде саяси оқиғалардың ықпалымен және нәтижелерімен тұтасқан экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни, этностық және тұрмыстық факторлар кешені көші-қон қозғалысының белсендірілуіне ерекше әсер етті.
1916 ж. ұлт азаттық қозғалысқа қатысқандарды қудалаудан қашқандардан басталған қазақтар көші-қоны кеңес өкіметінің жеңісінен кейін де байқалды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1917-1918 жж., 1921-1922 жж. ашаршылықтар нәтижесінде сыртқы көші-қондағы тұрғылықты халықтың көші-қоны Қазақстаннан сыртқа қарай бағытталса, европалық ұлт өкілдерінің көші-қоны, керісінше, Қазақстанға ағылуын жалғастырды. Бұл кезеңде бұрынғы патша өкіметінің отарлауынан бастау алған көші-қон жаңа кеңестік түрге ауысты, бірақ патша өкіметі кезіндегідей көші-қоншылардың лек-легімен келуі өндірістендіру басталғанға дейін тоқтатылды. Қазақстанға өз бетінше көші-қонға тыйым салынды. Соған қарамастан, орыс, украин және т.б. ұлт өкілдерінің қазақ жеріне көші-қоны тоқтаған жоқ. Бірақ, Қазақстанға қарай бағытталған көші-қон қарқынының саябырсуына орай, бұл кезеңде қазақтар халық құрамындағы артықшылық үлесін сақтады. 1926 ж. санақта – 58,5% болды. Сондықтан, бұл кезеңді, салыстырмалы түрде, Қазақстанға сырттан бағытталған көші-қонның саябырсу кезеңі деп атаймыз.
