- •1.«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
- •2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.
- •3. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы
- •5.Хх ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
- •6.Хх ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруның алғышарттарын атаңыз
- •7.Қазақстанның қазрігі заманғы тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастырыңыз
- •9. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз
- •10. Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
- •11. Әлихан Бөкейхан- хх ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі
- •Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
- •12. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •13. Түркістан автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметі
- •14.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
- •15. .Хх ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
- •16. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •18. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
- •19. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы
- •20. Кеңес үкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері
- •21. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш” қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
- •22. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызы
- •23. Қырғыз (Қазақ) акср – нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз
- •24.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
- •26.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.
- •27.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.
- •28.Кеңес үкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.
- •29.Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз.
- •30.Соғысқа дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
- •31.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
- •32.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
- •33. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
- •34. Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •35. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз.
- •36.Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
- •37. Хрущевтың жылымығы жылдарындағы Қазақстан
- •38.Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз
- •39. 1955,1962 Жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарас
- •40.Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсздіктерін ашып көрсетінің.
- •41.Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз:
- •42.Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
- •45. Кеңестер одағының ыдырауы және тмд-ның құрылуы
- •46.Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын талдаңыз
- •47.Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты
- •48.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойлары
- •49.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз
- •50.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •51.Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз
- •52.Эспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
- •53. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер мен халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
- •54.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор
- •55. 2009 Жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз.
- •56. Үкіметтік емес ұйымдардың , кәсіподақтардың азаматтық қоғам институттарының дамуы
- •57 .Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық моделінің ерекшеліктері
- •59. Қауіпсіздік мәселелері контекстіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясатының бағытын талдаңыз
- •61. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру
- •65. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.
- •67,71(Екі сұраққа бір жауап).''Мәңгілік ел'' ұлттық идеясының мәні мен маңызын талдаңыз
- •68.Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •69.Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз
- •70.Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларын талдаңыз
- •72.Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
- •73. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этосаяси урдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері
- •74.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз
- •75. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
26.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.
Ұжымдастыру жылдарында Қазақстанда дәстүрлі мал шаруашылығы күйреп, малынан айырылып, баспанасыз әрі аш қалған қазақтар еріксіз үкімет саясатына бас иді. Сондықтан колхозға мүшелікке жаппай еріксіз кіріп жатты. Ұжымдастыру жылдарында қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік жағдайы нашарлап кетті. ХХ ғ. 20-30 ж.ж. қазақ шаруаларын жаппай ұжымдастыру және оған қарсы халық назарлықтары Қазақстан тарих ғылымында едәуір зерттелген. Алайда мемлекеттік саясат ретінде қалай іске асырылды, оның тарихи тамырлары, жалпы әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани нәтижелері әлі де болса терең зерттеуді қажет етеді. Оның ақтаңдақ беттерін ашу қысқа мерзімде бітетін іс емес. ХХ ғ. 20-80-ші жж. Қазастан ауыл шаруашылығының ерекшеліктері, жер саясаты, күштеп ұжымдастыру және оған қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері жөнінде көптеген еңбектер жарияланды. Бұл тұрғыда Ә.Бөкейханов, Т.Шонанов зерттеулері өте маңызды. Таптық тұрғыдан бұл мәселені Ғ.Тоғжанов та баяндады. Кеңістік тарихнамада Қазақстандағы 20-30 жж. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді, ұжымдастыру, оған қарсы халық көтерілістері туралы Б.Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлигер, Ә.Б.Тұрсынбаев, Т.А.Әйтиев, Ж.Жұмабеков және басқа да ғалымдардың зерттеулері бар.О.Сексенбаев өз зертеулерінде Жетісу өлкесіндегі жер туралы занның кеңес дәуірінде қалай жүзеге асқанын баяндаса, А.Д.Дауылбаев еңбегінде ауыл шаруашылығының Жетісу өңіріндегі жалпы жағдайы баяндалған. Алайда олар кеңестік идеология аясынан шыға алмады.Ә.Б.Тұрсынбаевтың зертеуінде үш революция тұсындағы қазақ ауылы көрсетіліп, шаруашылық эволюциясы мен әлеуметтік құрылысы, Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру барысы сипатталды. Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін алғаннан кейін жазылған зерттеу жұмыстарының отандық тарихнамадағы орны ерекше, Бұл еңбектердің құндылығы сонда, оларда Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихына мұрағат қойнауларында ондаған жылдар бойы құпия сақталып, ғылыми айналымға түспеген құжаттар негізінде шынайы баға берілген. Мысалы, Ш.Әбілхожиннің зерттеулерінде кеңестік аграрлық реформалар нәтижесінде ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру зардаптары және оған қарсы халық наразылықтары қарастырылған. Қазақстандағы, оның ішінде Жетісу өлкесіндегі жаппай ұжымдастыру және оған қарсы халық көтерілістерін зерттеген ғылымдардың бірі Ә.Тұрсынбаев. Автор жаппай ұжымдастыру қарқынының жедел өсуін, халық көтерілістерін Алматы округінің Биен- Ақсу және Іле аудандарының мысалында көрсетеді. Сол сияқты К.Н.Нүрпейісовтің қазақ шаруалары туралы бұрынғы кеңестік кезіндегі және соңғы жылдардағы зерттеулері ХХ ғ. 20-30 жж. туралы көп мәлімет береді.Ғалым Т.Омарбековтың «Зобалаң», «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері», «ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан қасіреті» зерттеулерінде сталиндік-кеңестік кезеңнің қайшылықты тұстарының көлеңкелі, бірақ тарихымызда ұзақ жылдар бойы «жабық» болып келген мәселелері жаңа, егемен елдің тарихы тұрғысынан қарастырылған. Бұл еңбектерде біз талдап отырған мәселенің де тұстары көрсетілген.Жаппай ұжымдастыру мәселесін біршама тереңірек зерттеген Ж.Жұмабеков, Б.А.Төлепбаев еңбектері – талдауға тұрарлық. Алайда авторлардың еңбегінде сталиндік-голошокиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің күштеп ұжымдастыру барысындағы өрескен әрекеттеріне қарсы халық наразылығы, көтерілістің шынайы мәні ашылған.Авторлар мұндай өткір де қайшылықты мәселелерді айналып өтіп, күштеп жүргізілген революцияның шаралар мен науқандарға қарсы бағытталған халық көтерілістері «бандиттік», «қарақшылық» түрінде сипатталды. Сөйтіп, зерттеушілер тарихи шындықты ашудан ауытқып, қатып-сірескен методологияллық негіздерді басшылыққа алады. Жаппай ұжымдастырудағы осындай методолгиялық қателіктер Қазақ ССР тарихының төртінші томында және Г.Ф.Дахшлеигер, К.Нүрпейісовтың «История Крестьнства советского Казахстана» атты зерттеулерінде орын алған.Егемен Қазақстан жағдайында белгілі ғалым, тарихшы М.Қозыбаев республикада алғашқылардың бірі ретінде күштеп ұжымдастырудың шынайы тарихын айқындауда бірқатар еңбектер жарияланды. Күштеп колхоздандыру және оған қарсы халықтың бас көтерулер бойынша жинақталған, жарық көрген еңбектер, жазылған зерттеулер аз емес. Мәселе төңірегінде қалыптасқан теориялық тұжырымдамалардың да уақыт талабына сай әрқилы болғандығына көз жеткізуге болады.Зерттеу жұмысының мақсаты. Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын, оның ішінде Жетісу өлкесіндегі күштеп ұжымдастыруға байланысты халық көтерілісінің тарихына талдау жасау. Осы мақсат тұрғысынан алға мына міндеттер қойылды.1)жаппай ұжымдастыру қарсаңында Жетісу өлкесіндегі қазақ шаруаларының жағдайына шолу жасау; 2) көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшыландыру және ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқанының қатар жүргізілуі 3) бұл мәселедегі кеңестік мемлекеттік саясат; 4) ауыл шаруашылығындағы күштеу саясатын талдау; 5) ұжымдасқан қазақ ауылдарындағы мәдени-әлеуметтік жағдай; 6) ұжымдастырудың тигізген зардаптары; 7) күштеп ұжымдастыруға қарсы бағытталған Жетісу өлкесіндегі наразылықтары мен көтерілістері.Ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістерінің тарихнамасы Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы болған шаруалардың қарулы көтерілістері мен баскөтерулерінің тарихын зерттеу ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы 30 жылдардың басынан басталады. Берілген кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін мәселенің тарихнамасы күрделі және қайшылықты жолдардан өтті, жалпы алғанда сатылап дамыды. 1929 жылдың күзінен 1932 жылға дейін Қазақстанда «шамамен 380 көтерілістер, шаруалар толқыны» болып өткен.
