Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_MEK_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

38.Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз

ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес күрделі сипат алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге қазақ саяси басшылығының көзқарастары үйлесе бермеді. Мәселен Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерін біріктіруге арналған еді. Бірақ Кеңестік билік Мұстафаның бұл идеясынан өлердей қорықты. «Мұндағы саяси тіршілікке сын көзін қадап отырған М.Шоқайдың түрлі мысалмен дәлелдеп қорытқанындай большевизм « Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің құрылуынан өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға тырысады». Тұтастықты бұзудың жалпытүркілік тұтастықты сезіну беретін қуатты әлсіреудің төте жолы — Орта Азиядан алдымен Қазақстанды оның Орта Азиялық бөлігімен қоса бір бөліп алу, сөйтіп бауырлас халықтардан қазақтарды ажыратып алшақтатып жіберу». Тұрар Рысқұловтың да идеясы осы сипатта еді. Ол Түркістан Республикасын құру үшін талмай күресті. Осыған байланысты Т.Рысқұловты 1924 жылдың аяғына таман Монғолияға елші етіп ауыстырды. «Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІІ съезі Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты іс жүзіне асырыла бастаған кезде өтті. 1923 жылдың соңына таман бұл бағыттағы шаралар тұрақты сипат ала бастаған еді. РКП (б) Орталық Комитетінің алдында Орта Азияның үш республикасының аумағын қайта межелеп, жеке-жеке ұлттық республикаға жіктеу міндеті тұрды. Ал РКП (б) Орта Комитеті Т.Рысқұловты бұл процеске қарсы тұрған адам деп санады, сондықтан да оны межелеу саясаты толық қарқынмен басталғанға дейін республикадан тысқары алып кетуге тырысты. ХІІ съезд аяқталысымен-ақ РКП (б) Орталық Комитеті бұл іске шұғыл кіріскені белгілі. 1924 жылы 24 және 31 қаңтар, 4-14 ақпан күндері бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінде үсті-үстіне талқыланды. Талқылауға С.И.Гусев, М.И.Калинин, В.В.Куйбышев, И.М.Межлаук, Я.Э.Рудзутак, И.В.Сталин, Г.В.Чичерин және басқа да көптеген адамдар қатысты. Орта Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу аса күрделі мәселе еді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Болашақ шекараны анықтау үшін КСРО тәжірибесінде қалыптасқан мынадай үш принциптің негізге алынуы тиіс болды: І. Ауданның табиғи-тарихи жағдайының біртектілігі;ІІ. Экономикалық құндылықтар;ІІІ. Халықтарының ұлтық-мәдени және тұрмыстық жағдайларының біртектілігі. Орта Азиядағы ұлттық- мемлекеттік межелеуді тікелей жүзеге асырушы Орта Азия бюросында И.Зеленский, Я.Руздзутак, К.Бауман, Ф.Карклин секілді азаматтар қызмет етті. Өзбектер жағынан А.Икрамов, Ф.Ходжаевтар жұмыс жасаса, қазақтар жағынан С.Қожанов, С.Меңдешев, Т.Жүргенов секілді азаматтар ат салысты. Ұлттық –мемлекеттік межелеудің жүргізілу барысы және оның мәні үнемі баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Баспасөз құралдары белгілі бағытта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатты.Ұлттық-мемлекеттік межелеу барысында Түркістан АКСР-ның Қазақ АКСР-на қосылуының зор маңызы болды. Түркістанның Сырдария және Жетісу облыстарының қазақтар басым өңірлері ҚазАКСР-на қосылуы тиіс болды. 1924 жылғы ақпандағы мәлімет бойынша осы екі облыстың межелеу кезінде Қазақстанға өтетін жер көлемі 602713 кв версті құрды. Бұл аумақ Орта Азиядағы жаңа республикалар аумағынан әлдеқайда көп. Мысалы, Түркімен КСР-нің аумағы 380325 кв верст, Өзбек КСР-нің аумағы 158980 кв версті құрады. Тағы да көптеген дәйектерді алға тарта отырып жоғарыда айтылған тезистердің соңында мынадай қорытындылар жасалған:а)Қазақ халқының бірігуін тез арада қолға алып Түркістанның қазақтар шоғырланған территориясын Қазақ АКСР-не біріктіру, сөйтіп оның орталығы ретінде Ташкент қаласын таңдау. Даулы аймақтардың қай мемлекетке тиесілі екендігін анықтаған кезде революцияға дейінгі статистикалық деректерді қабылдау;б) Қазақ АКСР-на мына аймақтар кіреді: қазіргі Қазақ АКСР-ы, Жетісу және Сырдария облыстары, Самарқан облысының уезіндегі 6 болыстық кіреді.в)қазақтар мен оған туыстас қарақалпақтар орналасқан Амудария облысының Қазақ АКСР-не қосылу мәселесі Бұхар және Хорезм республикаларын межелеу барысында түбегейлі шешілетін болады.Самарқан облысының Ходжент уезіндегі қазақтар мекен еткен жер Өбекстан аумағында қалады.Жетісу облысының қара қырғыздар мекен еткен бөлігінде Қарақырғыз Автономиялық Облысы құрылады.г) Қазақ АКСР-ы өзінің Орта Азиялық Кеңестік көрші Республикалармен экономикалық және жоғары деңгейде қарым-қатынас жасайд

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]