Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_MEK_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

51.Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдындағы ғаламдық қатерлерді нақтылап, дамудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындап берді.

Үкіметке, бизнес пен қоғамға елімізді жалпыға бірдей тұрақты даму жолына түсіру мақсатындағы тапсырмаларды орындау жүктелді. «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы көшбасшылыққа жетелейтін қазақстандық жол – үдемелі индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрақты экономикалық жетістікке жету нәтижесінде орындалмақ [1].

Қазақстан  Республикасы экономикасының инновациялық дамуы еліміздің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа ерекше мән беріп отыр. Соңғы уақытта өткен бірқатар ірі іс-шаралардағы Елбасының сөйлеген сөздері инновациялық даму мәселесіне арналды. Президенттің осынау қолдауы бізге бүкіл инновациялық жүйені қайта құрылымдауға мүмкіндік беріп отыр. Алғашқы жетістіктер де жоқ емес.

Соңғы бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін, 2010 жылдан бастап алғаш рет инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі байқалды, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсаған шығыстары 2 еседен астамға артып, 219 миллиард теңгеге жетті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың ең жоғары үлесі Жамбыл облысында – 7,8 пайызға, Қарағанды облысында – 7 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында – 6,4 пайызға өсіп отыр. Ал Ақмола облысы (0,7 пайыз) мен Алматы облыстарының (0,9 пайыз) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.

«Индустриялық-инновациялық қызметті мелекеттік қолдау туралы» заң жобасында инновациялық қызметті жүйелі қолдаудың заңнамалық негізі қаланды. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарының 1 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға міндетті аударуы туралы заң жобасында қарастырылған тармақ ірі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүмкіндік береді.

2020 жылға дейінгі кезеңде Үкіметтің ел экономикасын дамытуда басты бағдарға алатын құжаты, Стратегиялық даму жоспары болады. Осы онжылдық бас жоспар екі бесжылдық кезеңге бөлініп жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңде 2010-2014 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы қолға алынады. Әрине, ол жалғыз болмайды Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздейді. Және экономиканың басты салаларының ешбірінің кенжелеп қалмай, төрт аяғынан тең дамуын қамтамасыз етуге тиіс. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 12-съезінде ел экономикасының алдағы бесжылдықтағы жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын:

1. Агроөнеркәсіп кешені.

2. Құрылыс саласы.

3. Мұнай өңдеу.

4. Металлургия.

5. Химия өнеркәсібі және фармацевтика.

6. Энергетика.

7. Көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.

Осыдан кейін Үйлестіру кеңесінің жанынан аталғандардың әрбіріне тиісті салалық жұмыс топтары құрылып, олардың тізгіні министрлерге ұстатылған. Барлық шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету мақсатында олардың құрамына мемлекеттік мекеме басшыларымен қатар, қауымдастық, кәсіпкерлік құрылымдарының, даму институттарының өкілдері де енгізілген. Жұмыс топтары жүйелі түрде бас қосып, аталған басым бағыттар бойынша жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар қайта пысықталған. Тағы қандай қадамдар жасалуы керектігі сарапқа салынған. Жұмыс топтары жоғарыдағы жеті басымдыққа тағы үш саланы қосуды ұсынып отыр. Олар:

1 (8). Машина жасау.

2 (9). Ғарышты игеру.

3 (10). Туристік сала.

Бұл үшеуінің де еліміз үшін зор маңызға ие салалар екені даусыз. Әсіресе, ғарыш саласы бойынша, еліміз алпауыт мемлекеттердің өзінің қолында жоқ үлкен әлеуетке ие. Мәселен, адамзат баласы аспан әлеміне тұңғыш рет аттанған Байқоңыр ғарыш айлағының өзі неге тұрады. Машина жасау мен туристік салаға да Мемлекет басшысының ұйтқы болуымен біршама күш жұмсалды. Сонымен, алдағы бесжылдықта осы он салаға басымдық берілетін болды. Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы аясында осы он басым бағыт бойынша жеке-жеке салалық құжаттар жасалады. Үкіметіміз бұл жолы бұрынғыдай құрғақ сан қууды да мақсат қып отырған жоқ. Саланы инновациялық тұрғыда дамытуға және индустриалдандыру саясатын ұстануға ниет етіп отыр [2].

Жоғарыда аталған салаларды инновациялық жолмен дамыту ел экономикасын көтеру үшін өте маңызды мәселе. Осы салаларды инновациялық дамыту, жаңғырту арқылы үлкен өсімге қол жеткізетініміз ақиқат.

Алдағы келе жатқан ЭКСПО-2017 инновациялық дамуға тың серпін берері сөзсіз. Елімізге жаңа заманға сай инновациялық технологиялар  алып келінбек. Бірақ бұл жаңа техникаларды өзге елден тасымай, өз елімізде жүзеге асыруды қолға алу керек. Білімді, дарынды жастардың қоғам өміріне пайдалы инновациялық  технологияларын жарыққа шығаруға қолдау көрсету керек. Міне, сонда ғана елімізде инновациялық жаңғыру болмақ.

Қазақ­стан­ның негізгі артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, матема­ти­калық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Мамандардың кең ой-өрісі, ғылыми және технологиялық мәселелерді шешудегі тәсілдердің тривиалсыздығы іргелі тиімділікке негізделген қағидатты түрдегі жаңа, озық технологияларды жа­сау үшін қолданылуы мүмкін. Осы артықшылықтар біздің еліміздің инно­вациялық экономикаға көшуінің алғы­шарттары болып табылады.

Дамыған елдердің экономикасын қа­­зіргі уақытта индустрияланудан кейінгі ақпараттық немесе білім эконо­ми­касы, болмаса қызмет көрсету техно­ло­гиялық экономикасы деп анықтайды. Басқа да анықтамалар бар, бірақ, бас­ты­сы, қазіргі экономиканың мықты ин­но­ва­циялық құ­рам­дас бөлігі бар. Инновациялық үдерістің интенсивтілігі мемлекет экономикасының даму деңгейін көрсетеді: жаһандық бәсекеде инновациялар үшін жағымды орта қалыптастыратын мемлекеттер жеңіске жетеді [3].

Инновациялық экономиканы дамыту, «Жасыл экономикалы» ел құру-бүгінгі таңда Қазақстан үшін дамудың басты ұранына айналып отыр. «Жасыл экономиканы» құру түрлі инновациялық жобаларды қажет етеді, ал бұл сәйкесінше инновациялық экономикамызды одан әрі дамытуға серпін береді. Мұның барлығы EXPO-2017 жобасының негізінде жүзеге асырылмақ. Бұл жобадан еліміздің алар пайдасы зор болмақ. Мәселен, бір жарым ғасырлық әлемнің дәстүрі атанған көрме біздің мемлекеттің негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға қуатты импульс береді:

- біріншіден, экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым; (транспорт, құрылыс, жұмыс орын­дары);

- екіншіден, шағын – орта бизнесті дамыту;

- үшіншіден, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы нәтижесін EXPO-2017-де көрсетуге мүмкіндік аламыз;

- төртіншіден, Қазақстан жастарының инновациялық дүниетанымын қалыптастыру.

Ғылыми-технологиялық даму және форсайт жүйесі салааралық жоспарының негізінде жүйелі болжау және технологиялық басымдықтарды жоспарлау қарастырылуда. Қолданыстағы нормативтік базаның негізінде инновацияларды қолдау тетіктерінің тұтас кешені іске қосылып отыр. Инновациялық гранттар берілуде.

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң жобаларын, сондай-ақ бірқатар басқа заң жобаларына өзгертулер енгізу туралы заң жобаларын басымдықты негізде қабылдау керек. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны әрі қарай жүзеге асыру үшін - бұл маңызды заңдар.

Салалық және өңірлік даму бағдарламаларының сапасын арттыру, оның ішінде олардың мақсатты көрсеткіштерін жүйелеу керек. Бұл жұмыс тере құзырлықты қажет етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстандық индустрияны дамыту институтының базасында біз өңдеуші салалар бойынша қуатты құзырлық орталығын құрғалы отырмыз, ол орталық басымдық тауарлар мен қызмет көрсетулердің картасын жасайды, ірі жобалардың сараптамасына қатысатын болады.

ҮИИД бағдарламасындағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаулың барлық қаржылық шараларын жинақтау және оңтайландыру керек. Олар - үлестік, заемдық қаржыландыру, кепілдемелер, субсидиялар, шикізатқа қолжетімділік, инфрақұрылым тарту сияқты шаралар. Бұл бастама жобаларға біртұтас қолдау көрсетуге, бюрократиялық амалдарды қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобаға, оның техникалық және қаржылық қамтымына деген сапалық талаптар күшейеді, жобалық  сараптама жақсарады [4].

Қазақстанның инновациялық экономика бағытындағы жолы – бұл білім экономикасы бағытындағы жол. Мемлекеттің ХХІ ғасырдағы инновациялық дамуындағы университеттің рөлі мен орнын анықтайтыны да, міне, осы фактор. Жалпыға мәлім болғанындай, қандай жаңалықты, қандай жаңа құбылысты өмірге енгізбес бұрын, ең әуелі ұғым ретінде айқындап алуға тура келеді. Олай болса, сөзіміздің осы тұсында инновациялар, инновациялық үрдіс, инновациялық қызмет деген мәселелерге сипаттама бере кетудің еш артықтығы жоқ. Әлемдегі инновациялық үрдістердің бәрі де кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілеуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды.

Сондықтан да ғылыми-техникалық үдеріс бүкіл әлемде “инновациялық үдеріс” ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді. Инновациялық үрдіс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым-қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қармағына алады. Әрине, инновациялық әлеуетті дамыту мен сақтаудың қажетті, басты талабы ғылым екені мәлім. Бұл ретте инновациялық қызметті жүзеге асырудағы маңызды элемент ғылыми өнімнің коммерциялануы болып табылады. Ғылыми қызмет жаңа техникалық жобаларда, технологияларда, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарда жүзеге асырылады. Трансферт – бұл технологияларды, жоба-конструкторлық құжаттаманы, құрал-жабдықтар мен техниканы өзге заңды немесе жеке тұлғаға беріп, оның меншік құқығын тіркей отырып, құнды қағаз сертификатын беру еді.

Технологиялық үрдіс пен жаңа өнімді коммерцияландыру университеттердің жанында бірқатар құрылымдарды жасауға бағытталған инновациялық қызмет барысында жүзеге асады. Бұл құрылымдарға технопарктер, инновациялық-технологиялық орталықтар, бизнес инкубаторлары, санаткерлік меншік шағын инновациялық кәсіпорындар, өнімді лицензияландыру мен сертификаттауды қамтамасыз ететін құрылымдар, консалтинг, маркетингтік зерттеу қызметтері жатады. Инновация дамуының басты реттеушісі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, жаңа құқықтық құжаттарды қабылдау болып табылады.

Ұлттық инновциялық қабілет дегеніміз – бұл оның экономикалық өсуі мен отандық тауарлар мен қызмет түрлерінің әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жаңа білім мен технологияларды тез жасап, тарату мен пайдалану. Демек, инновациялық қабілет – бұл жалпы қоғамның тыныс-тіршілігін ұйымдастырудың құрылымдық сипаттамасы.

Олай болса, инновацияның түпкілікті мақсаты болып табылатын білімді экономикаға көшіру мен оны коммерцияландырудың механизмдерін жүзеге асыру шарт. Инновациялық үрдістегі маңызды түйіннің бірі осы мәселе. Себебі, кез келген ұлы мақсат пен ауқымды жоспардың жүзеге асу тетіктері дұрыс жасалмаса, еткен еңбек, төккен тер далаға кетеді [5].

Қорытындылай келе, бұл мақаланың соңында айтатынымыз әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды инновациялық даму арқылы жүзеге асыру ел игілігі үшін аса маңызды мәселе. Ел экономикасының қай саласы болмасын инновациялық жаңғырту, яғни заман талабына сай жаңа технологияларды ойлап тауып, игеру, жарыққа шығару аса қажет екені мәлім болды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]