- •1.«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
- •2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.
- •3. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы
- •5.Хх ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
- •6.Хх ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруның алғышарттарын атаңыз
- •7.Қазақстанның қазрігі заманғы тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастырыңыз
- •9. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз
- •10. Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
- •11. Әлихан Бөкейхан- хх ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі
- •Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
- •12. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •13. Түркістан автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметі
- •14.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
- •15. .Хх ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
- •16. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •18. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
- •19. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы
- •20. Кеңес үкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері
- •21. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш” қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
- •22. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызы
- •23. Қырғыз (Қазақ) акср – нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз
- •24.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
- •26.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.
- •27.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.
- •28.Кеңес үкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.
- •29.Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз.
- •30.Соғысқа дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
- •31.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
- •32.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
- •33. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
- •34. Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •35. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз.
- •36.Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
- •37. Хрущевтың жылымығы жылдарындағы Қазақстан
- •38.Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз
- •39. 1955,1962 Жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарас
- •40.Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсздіктерін ашып көрсетінің.
- •41.Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз:
- •42.Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
- •45. Кеңестер одағының ыдырауы және тмд-ның құрылуы
- •46.Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын талдаңыз
- •47.Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты
- •48.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойлары
- •49.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз
- •50.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •51.Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз
- •52.Эспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
- •53. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер мен халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
- •54.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор
- •55. 2009 Жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз.
- •56. Үкіметтік емес ұйымдардың , кәсіподақтардың азаматтық қоғам институттарының дамуы
- •57 .Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық моделінің ерекшеліктері
- •59. Қауіпсіздік мәселелері контекстіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясатының бағытын талдаңыз
- •61. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру
- •65. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.
- •67,71(Екі сұраққа бір жауап).''Мәңгілік ел'' ұлттық идеясының мәні мен маңызын талдаңыз
- •68.Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •69.Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз
- •70.Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларын талдаңыз
- •72.Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
- •73. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этосаяси урдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері
- •74.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз
- •75. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
3. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы
Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
Қазақстан үлесі
Тараздағы опат болғандарға ескерткіш
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.
4.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын Ұлы Дала тарихымен сабақтастығын баяндаңыз.
Қазақстанның сан ғасырлы тарихын түсінудің негізгі екі қыры (аспект) бар. Бір жағынан, Қазақстан ел ретінде, түрлі тарихи үлгідегі (формада) өңір ретінде, Шығыс пен Батыс халықтарында Ұлы дала түсінігі пайда болғаннан бері, адамдар Еуразия орталығындағы жерлерді игергеннен бастап өмір сүруде деген сенімділікпен тұжырымдауға болады. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда Қазақстан – ежелден келе жатқан мемлекет, дәлірек айтқанда жерімізде өмір сүріп, ғасырлар қойнауына кеткен ежелгі мемлекеттердің ізбасары.
Екінші жағынан, Қазақстан Республикасы – бұл қазіргі әлемде 1991 жылы тәуелсіздігін алған жас, жаңа мемлекет екендігі де белгілі. Қазақстанның тарихи жүріп өткен ізін ұғыну үшін жоғарыда айтылған екі көзқарасты ескеру аса маңызды. Сондықтан оларды қарама-қарсылықта емес, керісінше өзара байланыста қарастырған жөн.
Қазіргі Қазақстан өзінің тарихи жерінде жаңа үлгідегі қазақ мемлекеттілігін жаңғыртып, жаһандық әлемде толыққанды мемлекет ретінде өмір сүруге қажетті барлық құрылымдар мен мүмкіндіктерді иеленген, сапалы жас мемлекетін қалыптастырды. Осы себептен аз ғана жылдар ішінде толағай табыстарға жетіп, төрткүл дүниеге танымал болған еліміздің тарихын тереңнен зерделеу қажеттігі де артып тұр.
Тәуелсіз Қазақстан тарихы - әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі әрі бұрын-соңды терең зерттелмеген тың тарих. Жиырма жылдай уақыт ішінде біздің мемлекетімізде күрделі өзгерістер болды. Кеңестік тоталитарлық жүйенің бұғауында жүрген ел қайта түлеп ұлттық сана мен ұлттық рухтың биік баспалдағына қадам басты. Қазақ мемлекеті жүздеген жылдарға созылған отаршылдық құрсауынан арылып, тәуелсіздіктің арқасында қайта жаңғырды. Жаңа құндылықтар жүйесіне көштік. Қазақстан Республикасының тәуелсіз даму кезеңі қазақстандық қоғамның тағдырын анықтады деп те айтуымызға болады.
Қазақстан шекаралас елдер секілді егемендік пен тәуелсіздік жолында кеңес қоғамының, экономиканың жүйелі дағдарысын басынан өткерді.
Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан бері ірі ауқымдағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңартулар жүргізілді. Өтпелі кезеңдерде қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1990 жылдардағы қарама-қайшылықты үдерістер 15 мемлекетті жаңа тарихи уақытқа қадам бастырды. ХХ ғасырда «КСРО» деп аталған бұрынғы саяси жүйе ыдырап, оның құрамындағы елдер өз мемлекеттілігін дамытудың қамына кірісті. 1990 жылдардың басындағы ішкі және сыртқы, аймақтық және ғаламдық, объективті және субъективті факторлар жасанды саяси жүйенің өмірін тоқтатты. Ең бастысы, КСРО-ның ыдырауы маркстік-ленинидік идеологияға негізделген мемлекеттердің ішкі әлсіздігі мен бәсекеге қабілетсіздігін көрсетті. Тарихтың «кеңестік» парақтары түбегейлі өзгеріп, қайта жазылды. Ұлттық және әлемдік тарих бір циклді аяқтап, жаңа дамуға қадам басты.
