Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_MEK_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

32.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.

Соғыс Германия мен оның одақтастарының жеңілуімен аяқталды. Басты соғыс қылмыскерлері Халықаралық сотта жазаларын алды. Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің ауқымы мен зардаптары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ауыр әскери қақтығысы болды, 6 жылға созылған бұл соғысқа 1,7 миллиардтан астам халқы бар 60 - тан аса мемлекет қатысты. Соғыс 22 миллион шаршы шақырым жерді қамтыды. Соғысқа қатысушы елдердің қарулы күштерінің қатарына 110 миллион әскер болды, 60 миллионан астам адам қаза тапты. 4 триллион доллар көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Европа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші ролді КСРО құрамындағы халықтар атқарды. Фашистер бұрын - сонды болмаған қатал қырып жою саясатын жүргізді. Фашистік идеология еврей халқына қатысты ерекше қастандық саясат ұстап, 6 миллион еврейді қырып тастады. Соғыстың басты қорытындысы - әлемдік өркениетті құрып кетуден аман алып қалуы, адамзатқа қас нәсілшілдік фашистік идеологияны жою болды. Соғыс миллиондаған адамдардың санасы мен ой- өрісіне ықпал жасады, енді олар соғысты болдырмау, әлемдік өркениетті сақтау, адам құқығын қорғау мәселесіне неғұрлым белсенді түрде араласатын болды. Алайда, Еуропаның және әлемнің болашақтағы даму жолдары туралы мәселе түпкілікті шешілген жоқ. Ірі мемлекеттер фашизмге қарсы бірлесе күресіп, ортақ жеңіске жетсе де, болашақтағы ынтымақтастық мәселесінде бірауызды бола алмады. Соғыстың басты қорытындысы нацизмнің талқандалуы болды. ІІ дүниежүзілік соғысқа 1,7 млрд. Халық тұратын 1 мемлекет қатысты. Соғыс жылдарында майданға 110 млн. Жауынгер шақырылып, соның 50 млн-ы қаза тапты. КСРО әскерлері соғыс жылдарында жаудың 600 дивизиясын талқандады. Жеңістің шығындары да өте ауыр болды. Совет Армиясы 28 млн. жауынгерлерінен айырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал. Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы. Майдан шебіне жақын аудандардан Қазақстанға халықты, өнеркәсіп орындары мен мәдениет ошақтарын көшіріп әкелу. Республика өмірін соғыс қажетіне шұғыл бейімдеу. Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктері. Қазақстандықтар -партизан қозғалысына дем берушілер. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері - ата-баба қаһармандығының дәстүрлі жалғасы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры –қазақстандықтар қасіреті. Ерлігі бағаланбаған қазақстандықтар – кеңестік биліктің әділетсіздігінің айқын көрінісі.Фашистердің «Түркістан» легионын құру әрекеті. М.Шоқай және басқалар туралы бұрмаланған аңыз бен шынайы шындық. Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы. Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігі. Қазақстандықтардың соғыста қираған аудандарды қалпына келтіруге көмегі. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі. Екінші дүниежүзілік соғыс әскери-техникалық ақыл-ойдың қарыштап дамып, қаруланудың жетілдірілуіне және ядролык қарудың жасалуына алып келді. Мұның өзі АҚШ тарапынан «ядролық өктемдік» жүргізуге, КСРО-ның ядролық қару-жарақ саласында Құрама Штаттармен тең түсуге ұмтылушылықты туғызды. Екінші дүҥиежүзілік соғыстың маңызды қорытындысы -КСРО-ның халықаралық беделінің артып, оның АҚШ-тан кейінгі екінші алпауыт державаға айналуы болды.1945 жылғы 25 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы Екінші дүниежүзілік соғыстың басты саяси қорытындыларының бірі болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда БҰҰ бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолындағы күрестің манызды мінберіне айналды. БҰҰ Жарғысының бірінші бабында оның мынадай мақсаттары тұжырымдалды: жалпыға бірдей бейбітшілікті нығайту үшін ұлттар арасында достык қарым-қатынастарды дамыту, экономикалық-әлеуметтік және мәдени салаларда халықаралық қатынастарды жүзеге асырып отыру, нәсілі, жынысы, тілі және дініне қарамастан, адам құқықтарын және негізгі бостандыктарын тұжырымдау. Екінші дүниежүзілік соғыс Шығыс Еуропа елдеріне айтарлықтай экономикалық шығын әкелді. Фашистік Германияның жаулап алуы Шығыс Еуропа елдерінің халқын көп қайғы-қасіретке және адам шығындарына соқтырды. Польша 6 миллион адамынан айрылды.Польша мен Венгрия ұлттық байлықтарының 40 %-ы қирап, бүлінді. Екінші дүниежүзілік соғыс Шығыс Еуропа елдерінің экономикасының дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп, артта қалуына әсер етті.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа елдеріне фашизмнен азат етілгенен кейін, тәуелсіздік алуға жағдай жасалды. Шығыс Еуропа елдерінің шекаралары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Шекара мәселелері халықаралық Қырым (Ялта) конференциясының шешімдеріне сәйкес шешілді. Соғыстан кейінгі Еуропаны қайта құру үшін жеңген елдердің Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Сыртқы істер министрлері кеңесі халықаралық ұйымы құрылды. Оған КСРО, АҚТТТ, Франция және Ұлыбритания елдерінің Сыртқы істер министрлері кірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]