Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_MEK_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

6.Хх ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруның алғышарттарын атаңыз

Отарлаудың сорақылықтарын біле-көре тұра туған елінің өсіп-өнуін империя тағдырынан тыс көз алдына елестетпеген, Ресей құрамында қала беріп, өркениетке жетуді мүмкін санаған тұлғалардың, әлеуметтік қауымның әр кезеңдегі – XVIII, ХІХ ғасырлардағы, ХХ ғасыр басындағы дүниетанымы арнайы зерттеуді талап етеді. Өлке болашағын Ресеймен байланыстыра қарастырғандар маңызды мәселе ретінде бірде саяси тәуелсіздікті, ұлттық қауіпсіздікті, әлеуметтік-экономикалық дамудың, индустриялы жолға түсудің мүмкіндіктері мен нұсқаларын сөз қылса, екіншіде ағартушылыққа, оқу-білімге үлкен үмітпен қарады.

Патшалық билік тұсында мемлекеттілігінен айырылған Қазақстан бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бағыныштылық пен талапайға ұшырады. Бұған ақпараттық тұтас кеңiстiгiнен айрылу, демографиялық, діни жаңа үрдістер қосылған соң, жалпыұлттық идея өзiнiң міндеті мен көздегені жағынан әр аймақта әр түрлi болғанына методологиялық мән берген абзал. Айталық, отарлық қанаудың күшеюiмен Бөкей Ордасында 1836-1838 жылдары Исатай-Махамбет көтерiлiсi жүрiп жатқанда, оңтүстiк аймақта патшалықтың өктемдiгi әлi орныға да қойған жоқ болатын. Мұнда дәуренi өткен, ертең өзi де отарға айналатын ортаазиялық билеушiлер Ұлы жүз қазақтарын зар илетіп, мықтымсынып жүрген едi. Осылайша, қазақ даласының әр аймағында қалыптасқан нақты-тарихи ахуалға қарай мұраты бір, мiндетi әр алуан қазақ идеясы дүниеге келдi. Тек ХХ ғасыр басында ғана, яғни отар өлкеге айналу аяқталғаннан жарты ғасырдай уақыт өткенде, бүкiл өлкенiң азаттығын, қазақ мемлекетін құруды, оянуды ту еткен жалпықазақ идеясы Қазақстанның түкпiр-түкпiрiн аралап кеттi. Ал, оның бастау бұлағында бұрындары, кеңес заманында айтқандай пролетарлық революцияны дайындаған большевиктер емес, аз таралыммен-ақ қазақтың тілі, құлағы, көзі бола алған – «Қазақ», «Айқап» сынды газет-журналдар, алаш автономиясы идеясын ұсынған А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов басқарған либералды-демократиялық зиялылар тұрды.

Әдетте, ұлттық идея мен мемлекеттік билік талабына жауап берген ұлт-азаттық қозғалысының тізгінін Абай айтқан елбасы, топбасы мәртебесі бар тұлғалар ұстады. Тап осындай мәнді белгілерге ие ұлт-азаттық қозғалысы Отан тарихында терең із қалдырғаны және рас. Большевиктер үстем тап өкілдері деп жақтырмайтын ақсүйектердің, батырлардың, хандардың қозғалыс жетекшісі ролін атқаруы қазақ қоғамындағы таптық қанау мен жіктелістің Ресейдегіден, Еуропадағыдан мүлде өзгешелігін айғақтайды.

Үлкенді-кішілі ұлт-азаттық қозғалыстарының барысында жұрт мойындаған басшыны хан сайлау дәстүрінің табиғатына тереңірек үңілуіміз керек. Бұл әлемдік тарихи үрдісте ежелден желісі үзілмей келе жатқан құбылыс екенін ескерсек, Отан тарихының жалпыадамзаттық заңдылықтар аясында өрбігенін методологиялық тұрғыдан бекемдей аламыз. Айталық, жаңаша жыл санауымызға дейінгі Спартак та, ХVІІІ ғасырдағы Е. Пугачев та өздерін патшамын деп жариялаған болатын. Біздің ойымызша, ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың хан сайлап алуы отарлаушы жартыпатша жандаралдан қайырымдырақ билеушіні табу ниетін емес, қоғамдық санада ұлттық мемлекет құндылықтарының айрықша қастерленіп отырғанын, қазақ хандығын қайта түлетуді азаттыққа қол жеткізудің басты шарты ретінде қабылдағанын көрсетеді.

Қазақстанға социалистік идеяның орнығуы Қызыл әскер түсінігі арқылы жүзеге асырылды. 1918 жылдың мамыр айында басталған кеңестік Ресейге қарсы шетел интервенциясы мен азамат соғысы Қазақстанды қамтымай қалмағаны белгілі. Большевиктермен соғысқан Колчак, Дутов, Толстов армияларына қарсы тұрған Арал, Ақтөбе, Жетісу майдандарының Қызыл әскерлері Кеңес өкіметін қалпына келтіру барысында Қазақстанға социалистік идеяны да бекемдеді. Азамат соғысының аласапыранында өлке тұрғындары ақтардан да, қызылдардан да зор жапа шекті. Дегенмен, жеңіс большевиктер жағында қалғандықтан социалистік қоғамды құру жалғаса берді. Қазақ зиялы қауымы бұл саясатты сын көзбен қабылдап, сенімсіздік танытқан кез мол болды. Бірақ, ұлт теңдігі, автономия алу, еркіндік идеялары халықты баурап алды

ХХ ғасыр басындағы Қазақстанда мемлекеттік идеология мен мәдениет құрылысына үлкен мән берілді. Сауатсыздықты жою, мектептер мен арнайы орта оқу орындарын ашу, газет- журнал шығару, кітап басуды ұйымдастыру халықтың санасына маркстік-лениндік идеологияны сіңірумен ұштастырыла қолға алынып, мәдениетке таптық, партиялық көзқарас ұлықталды. Социалистік құрылыстың идеясы мен практикасын қабылдамайтындарды қуғындау мемлекеттік саясаттың мәнді белгісіне айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]