Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_MEK_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

65. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.

Елбасының еңбектеріне тоқталсақ көпшілікке таныс «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Қазақстанның болашағы қоғамның идеологиялық бірлігінде», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан — 2030», «Қалың елім қазағым», «Қазақстан – Ресей қатынастары», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» т.б. Бұл еңбектер жанры жағынан заманхат, естелік, ойтолғау, сұхбат, теориялық негіздеме, аналитикалық талдау, теориялық болжам, тарихи талдау болып келеді . Елбасы еңбектерінде қазақтың этногенезі жөнінде қазақ халқының түп төркіні шамамен төрт-бес мың жыл бұрынғы сақ тайпаларынан бастау алып, біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдан біздің заманымыздың V ғасырына дейін өмір сүрген үйсін, ғұн, қаңлы тайпалық бірлестіктері қазақ ұлтының арғы тегін қалыптастырды деген көзқарасын айтады. Біз Елбасының бұл көзқарастарын «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі Қазақстан тарихын кезеңдерге бөліп қарастыруынан көреміз. Онда Елбасы тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан тарихын 12 кезеңге бөліп қарастырады. Алғашқы үш кезеңінде: «Қазақстанның бүкіл аумағын мал баққан ежелгі арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі… бұдан шамамен төрт-бес мың жыл бұрын арийлер тарихы мен рухының орталығы біртіндеп солтүстіктен оңтүстікке, Оңтүстік Оралдан Үнді өзенінің аңғарына қарай ауыса бастайды. Ал бұрынғы мекендерінде қалған халықтардың рухани өмірі біртіндеп әлсірей бастаған. Бүгінгі Қазақстан жерінде сол заманнан қалған жалғыз белгі Таңбалы қонысы болса керек. Бұдан үш-төрт мың жыл бұрынғы заман. Шығыста, Гоби далаларында арғы ғұн тайпаларының қалың толқыны туа бастайды. Бұдан 2,5-2 мың жылдар бұрын сол толқын біздің жерлерге жетеді. Ежелгі Ведалық қабаттарды жас жаңа толқын басады. Ол – Тәңірге табынған ғұндардың үштік үрдісі: Тәңірі – Аспан, Жер – Су, Ұмай – Мәңгілік ана

Төртінші кезеңнен бастап сегізінші кезеңге дейін Қазақстан аумағын мекендеген түркі халықтары жайында айта келіп, олардың Қазақстан өңірінде ерте қалыптасқан үйсін, қаңлы, ғұн тайпалары сияқты тайпалық бірлестіктерді әрбір дәуірде жалғастырушы болғандығын, орта ғасырлардағы осы аталған тарихи процесстер қазақ халқының жеке ұлт болып қалыптасу процессін бастады деген ұстанымды айтады.

Бұдан әрі ХІІ-XIV ғасырларға тоқталады. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталды. Бұл жойқын күші бар сойқанды толқын еді. Қазақ халқын алғаш рет боданға айналдырған бұл толқын оның тарихи тұлғасын мылжалап, рухын бұзып, бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына көп-көп кедергі келтірді. Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңыз бойынша ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы болды.

Елбасы арнайы он бірінші кезең ретінде  ХХ ғасырды жеке қарастырады. «XVIII-XIX ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арынды рухы бұлақ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос тұрған орындарына ешкім отырған жоқ. Бесінші империя – Ресей патшалығы да құлағалы тұрды. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна тастайды. Бұл идеяның бастауында Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов және басқалар болды»

Соңғы кезең ретінде 1980 жылдардың ортасынан бастап қарастырады. Онда Кеңес Одағының ыдырауын айта келіп, «Бірақ құрметті орын бос тұрмайды. Біз келесі жетінші империяның құзырында боламыз ба, әлде дербес даму жолын жалғастырып, алыста қалған бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырамыз ба?»– деп оқырман қауымға үлкен ой тастайды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінің негізгі идеясы Қазақстан территориясында өмір сүрген ежелгі ру-тайпалардың өзара тоғысуы мен бір-біріне тұтастануынан, бытыраңқылықтан біртіндеп бір өңірге – Қазақстан аумағына келіп қосылып, шоғырлану барысынан қарастыру арқылы, қазақ ұлтының жеке халық болып қалыптасуының ұзақ тарихи эволюциялық даму процессін бастан кешті деген ұстанымын айқындайды. Сонымен қатар ол, Қазақстандағы мемлекеттіліктің басталуын да Қазақстан жерінде ең ерте ел болып құрылған үйсін, ғұн қаңлы мемлекеттерінен бастап, оның тарихи жалғасын түркі қағандықтары арқылы сабақтап, монғолдар жорығынан кейінгі ұлттық мемлекеттің – Қазақ хандығының құрылуына ұластырады

66.Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің,шежіренің,жазбаша тарихнаманың Мұхаммед Хайдар Дулатидің,Қадырғали Қасымұлы Жалайыридың аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы

Дулатидің толық аты Мырза Мұхаммед Хайдар бон Мұхаммед Құсайын Дуғлат Көреген. Дулати 1499 жылы Ташкентте туған. Қазақ халқының көрнекті ұлы қазақтың ежелгі Дулат тайпасының өкілі болып табылады. Өз заманының тамаша тарихшысы және саяси қайраткері болды. Жоғары білім мен Евразия халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы ұланғайыр білімінің куәсі оның атақты және керемет еңбегі «Тарихи-и Рашиди» болып табылады.

Бұл еңбегінде ол ұрпақтары үшін – XIV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан мен Қашқар тарихын сипаттайтын баға жетпес мәліметтер қалдырды. Осы еңбегін XVI-XX ғасырдағы авторлар түрік және оған көрші халықтар орналасқан кең аймақтың тарихының алғашқы деректері ретінде кеңінен пайдаланды. Ол өзектілігін біздің заманымызда да жоғалтқан жоқ. Дулатидың осы басты еңбегі көптеген тілдерге аударылды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы көрнекті қайраткерлердің арасынан құрметті орын алды. 1999 жылы ЮНЕСКО эгидосымен оның 500 жылдығына арналған арнайы конференция өткізілді.

1541-1546 жж. Кашмирде ол «Тарих-и Рашидиді» жазады, онда ол моғол хандарының сарайларында сақталған ұрпақтан-ұрпаққа таралып келе жатқан дулаттардың өткен өмірі туралы әңгімелерге, моғолдардың аңыздарына, құпия құжаттарға және көргендердің куәлігі мен өзінің бақылауларына сүйенеді.

Автор өткендегі - Жувейни, Жамал Карши, Рашид ад-Дин Али Йазди, Әбдіразақ Самақанди сияқты белгілі ғалымдардың тарихи шығармаларын пайдаланады. Осының бәрі берілген шығарманы мұрағаттық деректерге негізделген тарихи анықтама ретінде сипаттауға мүмкіндік береді .

«Тарих-и Рашидида» Қазақ хандығының қалыптасуы, Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақтағы ізінше болған оқиғалар, Моғолстанның шабуылдары, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы күресте қазақтар, қырғыздар мен өзбектер арасындағы достық одағын нығайту туралы көп мәліметтер бар.

Еңбекте Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның XV-XVI ғғ. әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қалалық және егін шаруашылығы мәдениеті, Жетісудың тарихи географиясы, Орта ғасырлық Қазақстан туралы көптеген құнды деректер бар.

«Тарих-и Рашидида» Қазақстанның: Сайрам, Түркістан, Йанги (Тараз), Баласағұн, Шу, Сырдария, Іле, Ертіс, Көкше теңіз (Балқаш), Қаратал және т.б. сияқты қалалары мен өзендерінің атаулары мен кейбір сипаттамалары ғана беріліп қойған жоқ, сондай-ақ осы өлкелерде туған ғалымдар мен белгілі тұлғалардың есімдері де аталады

«Тарих-и Рашидидің» ерекше белгісі – шыншылдық болып табылады.

Автор өзінің алдына - өздері көрген шындықты, ол өзі қатысқан оқиғаларды немесе өткеннен орын алған ақиқатқа жүгінетін тарихи фактілерді бейнелеу мақсатын қойған. Мұхаммед Хайдар Дулати сандаған түркі тілдес этностар өз бетінше: қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ ұлттары болып рәсімделе бастаған кезеңде өмір сүрген. Сондықтан сарай шиеленістері, өзара қақтығыстық қайшылықтар мен соғыстар, билік пен жер үшін күрес, Дешті Қыпшақтармен қарым-қатынас туралы толық түрде әңгімелейді, ол «өзбектер» мен «қазақтар» этносының пайда болуы сияқты тақырыпқа да жүгінеді.

Мұхаммед Хайдар Дулатиге 1529-30 ж. Бадахшанда болған кездерінде түрік тілінде жазылған «Джахан-наме» өлеңдік трактаты жатады. Оған поэзия да бөтен емес болатын: түрік және парсы тілдерінде бірдей еркін жазды, поэтикалық псемдонимі «Айяз» болды.

Мұхаммед Хайдар Дулати 1551ж. жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Оның моласы Сринагарда Мазар-и салатинде тұр.

XVI-XVII ғғ. өзінде классика болып саналған «Тарих-и Рашиди» кеңінен таралды, көп рет қайта жазылып, қайта оқылды, бұл бес ғасыр бойы оған деген өшпес қызығушылықтың куәсі. Осы данышпандық туындының баға жетпес көшірмелері Англия, Франция, Германия, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Шығыс Түркістанның жылнама сақтағыштарында жатыр. Орта ғасырлық зерттеушілер өздерінің еңбектерінде, Шығыстың жұмбақ елдері: Кашмир, Шығыс Түркістан, тибет туралы әңгіме болғанда «Тарих-и Рашидиға» сілтеме жасайды.

XIX ғасырдағы ғалымдардың ішінен бірінші болып Ш. Уәлиханов осы еңбекке жүгінді. Ғылым Академиясы мұрағатында «Тарих-и Рашиди» жылнамасымен танысқан соң, осы туындының үзіндісіне шағын аударма жасады. Ағылшын шығыс танушысы Денисон Росс «Тарих-и Рашидиді» ағылшын тіліне аударып, Лондонда басып шығарды. Бірінші басылым 1895 жылға жатады, ал екіншісі – 1898 ж. Батыс еуропа ғалымдары - Х.Беверидж, В. Беллью, Дж. Бриггс, Дж. Даусон, Х. Джеррит, Е.Д. Росс, Ф.Х. Скрайн, Р. Шоу, Э. Эллиот, В. Эрскайн және басқалары Үнді тарихын зерделеп, Еуропада кеңінен таралған жоғарыда аталған еңбекке бірнеше рет жүгінді.

1996 жылы «Тарих-и Рашиди» В.М. Такстонның парсы мәтінімен АҚШ-та басылып шықты. «Тарих-и Рашиди» толық түрде орыс тіліне аударылып, 1996 жылы Ташкентте басылып шықты, ал 1999 жылы қазақстандық «Санат» баспасы оны бес рет қайта басып шығарды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Тараз университеті осы көрнекті ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше халықаралық конференцияларөткізді.Кейінірек Тараз мемлекеттік университетіне онығ аты берілді.Қазақстанда Әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойынан кейін атап өтілген маңызды мерекелердің бірі 1999 жылы Дулатидің 500 жылдығы болды

Осы көрнекті қолбасшының, мемлекет қайраткерінің, орта ғасырлық талантты тарихшының өмірі мен қызметі аз зерделенген және өзінің зерттеушілерін күтуде. Хайдар мырза туралы шығыс тілдерінде көптеген мәліметтер бар, олардың көпшілігі әлі күнге дейін жарияланбаған. Хайдар мырзаның шығармашылық мұрасы бүкіл әлемдік мойындауға және жоғары бағаға ие болды. Оның Орта Азия елдерінің ғылымын, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға қосқан үлесін қайта бағалау күрделі. Әлемнің көптеген елдерінің ғалымдарына, қазақтың тарихи ғылымының бастауын М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты классикалық еңбегісіз көз алдына елестету қиын.

Қадырғали Жалайыр (1530-1605/1607) – алғашқы қазақ жазушысы және ғалымы. Қазақтың Орта жүзінің «жалайыр» руынан шыққан. Қадырғали Жалайырдың ата-бабасы Қарахандықтар мемлекеті кезінен бастап үздіксіз хан нояндары (князь), уәзірлері (кеңесшілері) немесе батырлары болған. Өзінің қарқынды өмір жолдарының ішінде ол жоғары текті ұрпақтарды (хан балаларын) тәрбиелеуден бастап, билік сарайындағы хан кеңесшісіне дейінгі түрлі лауазымдарды атқарады. Білімді, өзіне лайық ұстамдылықтағы адам кез келген қоғам мен кез келген елде құрмет пен сыйды жеңіп алады. Осы ақиқатты өзінің жеке басының үлгісі ретінде қазақтың ұлы ғалымы, әрі саяси қайраткері Қадырғали Жалайыр дәлелдеді.Қадырғали бек соңғы жылдарын кітаппен өткізеді. Оның жеке шығармалары, ережеге сай , ол «Барс хан» 37 деп атайтын Борис Годуновты қолдау сөздерінен басталады. Қадырғали еңбектері үш жүз жылдан астам уақыт мұрағаттарда жатты да, мамандардың тек таңдаулы топтарына ғана қол жеткізерлік болды. Қараша – Қадырғали Жалайыр 1607 жылы жеке иелігінде Рязанщинада қайтыс болады». Қадырғали Жалайыр бөтен елде жүріп түгелдей ғылыми еңбектермен айналысқан. Қасым хандығы сарайында 1600 ж. жаза бастаған өзінің атақты жылнама кітабы «Жами ат-тауарихты» (Жылнамалар жинағы) Қадырғали Жалайыр екі жылдан кейін 1602 жылы аяқтайды. Жылнамада 157 бет бар және ол қытай қағазында ерекше ұқыптылықпен жазылған. Шығыс ойшылдарының орныққан дәстүрлерін сақтай отырып, ғалым өзінің еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа арнайды. Алғашқы екі тарауында ол Бориа Годуновты Ресей мемлекетінің басшысы ретінде оған оң көзқараспен мінездеме береді де, оның басқаруын сипаттайды. Автор өзінің жылнамаларында, қазақ даласынан орын тепкен шығыс елдері мен қалаларына көз жүгірте отырып, түрік рулары мен тайпаларына тарихи анықтамалар мен түсініктемелер береді. Қарахандықтар дәуіріне тоқтала келе, автор сондай-ақ Қазақстан аймағын IX-XI ғғ. мекендеген Оғыздар туралы өз пікірін айтады. Рашид-ад-Диннің парсы тілінде жазылған «Жами ат-тауарих» жылнамалық кітабына сүйене отырып, ғалым Шыңғыс әулеті мен оның өзі туралы көптеген тарихи фактілер келтіреді. Еңбекте қазақ хандарының өмір тіршілігі, қазақ даласы, қалалары және т.б. туралы құнды материалдар бар, құнды деп қазақ халқының тұрмысы мен шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді атайды. Кітаптың XIII-ХVI ғғ. қазақ жерінде болған тарихи оқиғаларға арналған, Шыңғысханның жаулап алу жорықтары туралы тарауы ерекше қызығушылық тудырады. Сондай-ақ бұл тарау XVI ғ. бастап қазақ хандықтарының ішкі және сыртқы жағдайы, қазақ тайпаларының білім алуы, қазақ хандығында халықаралық және қоғамдық-саяси жағдайлар, патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастардың қалыптасуы, сұлтандар, тектер, хафиздер және басқа әлеуметтік топтар туралы құнды материалдармен толықтырылған. Жылнамада Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихы жөнінде көптеген құнды мәліметтер бар. Автор ежелгі қазақ тілін жеткілікті түрде білген. Қадырғали Жалайырдың жылнамасы - ежелгі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи туынды. Ғалымдар Қадырғали Жалайыр еңбегінің ғылыми құндылығын бағалай отырып, оны Орта Азия мен Монғолияның көптеген көрнекті тарихшыларымен бір қатарға қояды. Қадырғали Жалайырдың ғылыми еңбегін Қазан университетіндегі орыстың даңқты шығыстанушы ғалымдары мен профессорлары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, академик В.В.Вельяминов- Зернов жоғары бағалады. Көрнекті қазақ ағартушысы Ш.Уәлиханов Қадырғали Жалайыр еңбектерімен таныс болды және өз еңбектерінде олар қалдырған мәліметтерді пайдаланды. Нақ Ш.Уәлиханов Қадырғали Жалайырды қазақтың тұңғыш жазушысы деп атады. Қадырғали Жалайырдың «Жами ат – тауарих» кітабы халық арасында қазіргі кезге дейін белгілі және қолданылып келе жатқан халық мақалдары мен мәтелдерін қолдана отырып, қазақ-шағатай аралас тілде жазылған. 1992 ж. 38 алғаш рет, Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің бірінші жылын тойлаған кезде Қадырғали Жалайырдың «Жами ат–тауарих» кітабы филология ғылымдарының докторы Р.Сыздықова мен тарих ғылымдарының докторы М.Қойгелдиевтің редакциялауымен қазақ тілінде басылып шығарылды. Ал 1998 жылы «Шежірелер жинағы» кітабы толық көлемде Мұхтар Мағауиннің редакциялауымен жарық көрді. Жалайырдың «Жылнамалар жинағы» кітабы бойынша ғылыми монография жазған академик Рабиға Сыздықова оны қазақ жазба әдебиеті сөзінің негізін қалаушы деп санайды. Көрнекті қазақ ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Қаныш Сәтпаев оның есімін Орта Азия мен Монғолияның белгілі тарихшыларының есімімен бір қатарға қойды және оның ғылымға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ұлы қазақ ғалымы Қадырғали Жалайырдың есімі қазақ халқының тарихы мен әдебиетінде мәңгі қалады. Талдықорған қаласында ұлы ғалымға оның сіңірген еңбегінің құрметі ретінде ғаламат ескерткіш орнатылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]