Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_MEK_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

47.Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты

Елбасының 2010 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауы келесі онжылдықтағы мақсат-міндеттерді, мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдарын белгіледі, еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуын қарастыруымен ерекшеленді. Президент Н. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының алғашқы онжылдығын қорытындылап, 2020 жылға дейінгі даму кезеңін жан-жақты қамтитын стратегиялық жоспар ретінде ұсынылды. Жолдауда экономикалық дамуға үлкен мән берілгендей болуы мүмкін, алайда әрбір мемлекеттің экономикасының дамуы сол елдің азаматтарының өмір сүру сапасының, тұрмысының жақсаруына алып келеді. Бұл жәйт өз кезегінде әлеуметтік және саяси тұрақтылық кепілі бола алады. Қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған қаржы дағдарысына, оның жалпы адамзат дамуына зор ықпал етуіне қарамастан, алдымызға биік мақсаттар қоюмыз ертеңгі күнімізге сеніміміздің мол екендігін, мүмкіндіктеріміз бен әлеуетіміздің бар екендігін айғақтаса керек. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында кешенді дамудың шешуші бағыттары мен мақсаттары көрсетілген: экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу; жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу; адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау; қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету; ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту. Бұл көзделген мақсаттарды жүзеге асырған жағдайда, еліміз толыққанды алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға мүмкіндігі молаяды, яғни бұл жұмыс таяудағы онжылдықта бүкіл еліміздің жалпыұлттық міндетіне және Қазақстан халқын біріктіретін факторлардың бірегейіне айналуы тиіс. Осы орайда ҚР Президенті Н. Назарбаев болашаққа белгіленген орасан зор міндеттерді ұйыстырушы ұлттық стратегиясыз орындау мүмкін еместігін алға тарта отырып, табысқа жеткізетін төрт қағидатты басшылыққа алуды міндеттеді: «Біріншіден, біздің ең басты құндылығымыз – ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан! Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі мүмкін кез келген қадамға бармауы тиіс. Үшіншіден, экономикалық өрлеу - әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл – қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа бастаудың кілті. Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарықпен интеграциялану – дамудың аса маңызды шарты». Ұлттық мүдде жалпы азаматтық тұрғыдан, елде тұрақтылық пен татулық, бірлікті сақтау тұрғысынан қарастырылған. «Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді», - дейді өз сөзінде Н. Назарбаев. Елбасы «тәуелсіздік», «ел», «тәуелсіз Қазақстан» ұғымдарын жиі қайталау арқылы ел бірлігін нығайтуға шақырып отырғандай.

Жоғарыда айтылғандардың ішінде, әсіресе, ішкі саяси тұрақтылықты және қоғамдық келісімді сақтау он жылға жоспарланған міндеттерді жүзеге асырудың алғышарты болып табылады. Тәуелсіздіктің маңызы мен мәніне келетін болсақ, біз – қазақстандықтар, бейбіт жолмен қол жеткізген тәуелсіздігімізді қорғай білуіміз қажет. Өйткені, біз тәуелсіздіктің арқасында дербес ел болып, өркениетке қадам бастық. Соңғы жылдарда экономикамыз өркендеп, халықтың әл-ауқатының артуы, әртүрлі игіліктердің жасалуы – тек тәуелсіздіктің арқасы, әйтсе де тәуелсіздік жолы – жеңіл әрі тегіс болмайтынына біз осы жылдардың ішінде талай рет куә болдық. Дүниеде тәуелсіздік пен бостандықты, теңдікті аңсамайтын бірде-бір адам, бірде-бір халық жоқ. Тәуелсіздікті нығайтудың ең басты кепілі – ішкі ынтымақтастықты нығайту. Ол жоқ жерде тәуелсіздік жай сөз болып қалады. Біз үшін бүгінгі таңда тәуелсіздік қандай қымбат болса, ұлтаралық татулық та сондай қымбат. Осы себепті ынтымақтастық пен ауызбіршілікті тәуелсіздік жағдайында нығайта түсуге барынша күш-жігер жұмсау – әрбір Қазақстан азаматының борышы. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасы қоғамды әрі қарай ұйыстыруға, Қазақстан халқын біріктіруге, оларға ортақ құндылықтар жасауға, барша азаматтарға тең мүмкіндіктер туғызуға қолайлы шарттарды қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ. Ұлт бірлігі доктринасында: «Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады», делінген . Елбасы осы уақытқа дейін қалыптастырып, ұсынған біздің идеологиямыз – ұлттық бірлік, мұның астарында Қазақстанда өмір сүретін этностық, діни, әлеуметтік-мәдени топтардың қауымдастығы жатыр. Бұл, өз кезегінде, Қазақстанның өркениетті дамуына, экономикалық өрлеуіне барлық қоғам мүшелері қатысады дегенді білдіреді. Бұл ұстаным әрбір халықтың өзіндік ерекшелігін сақтауға көмектеседі, сондай-ақ, қазақ халқының тілін, мәдениетін, құндылықтарын дамытудағы мемлекеттік саясатқа зор түсіністікпен қарауға мүмкіндік береді. Осы орайда біз ұлт саясатын жүргізуде әлемдік тәжірибеге, қазақ ұлтының тарихына, диаспоралардың көңіл-күйіне, геосаяси ахуалға терең назар аударғанымыз жөн. Ұлт мәселесіне келгенде екіұшты идеяларды, жасанды ұрандарды басшылыққа алмай, жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатымызға қарсы келмейтіндей, жан-жақты сараланған салиқалы және байыпты саясат ұстануымыз шарт. Бүгінгі тарихи кезең соны талап етеді. Жолдауда қарастырылған биік мақсат-міндеттер барлық қазақстандықтарға ортақ, біз оған тек бірлік болған жағдайда ғана жете аламыз. Этносаралық татулық пен келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының өзегі болды. Қазақстанда ұлттық-мәдени әралуандық пен бірлікті жаңғырту әрі дамытудың мемлекеттік саясаты жүзеге асырылды. Қазақстан дамуының маңызды алғышарты болып табылатын қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі әлем елдері басшыларының, халықаралық деңгейдегі жетекші сарапшылардың лайықты бағасын алған, Қазақстан өзінің әртүрлі бастамалары арқасында халықаралық беделге ие болған. Соның дәлелі ретінде Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіп¬сіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін айтуға болады. Бейбітшілік пен татулық принциптерін ұстанатындығына Елбасымыз Н. Назарбаев өз Жолдауларында әрдайым ерекше көңіл бөледі. Атап айтсақ, Жолдауда: «Бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде мен туған халқымның ынтымақ пен ауыз¬бір¬шілік танытарына сенемін. Сіздер өздеріңіз бас болып өзге отандас ағайындарға ұйытқы болыңыздар. Әрдайым кеңдік пен кемеңгерлік, сабырлылық пен іскерлік көрсетіңіздер» деген болса, биылғы Жолдауда ауызбіршілік, қазақ халқының жауапкершілік міндетін тағы да қадап айтты: «Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. Келер ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз» .

Тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында мемлекетіміздің сындарлы саясаты мен халықтың даналығы, кеңдігі арқасында Қазақстанда этносаралық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілмегендігіне ризашылығымызды білдіреміз. Қоғамды біріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық татулық және этносаралық келісім принциптеріне негізделді. Осы бағытымыз елдің табысты әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына негіз болды. Бүгінде халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен қанағаттанбауының салдары қандай болатындығын көршілес Қырғызстанда орын алған оқиғадан көруге болады. Бұл қайғылы оқиға ел азаматтарының тұрмыс-тіршілігі жақсармаса, қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық мәселелер орынды шешілмесе, ішкі саяси тұрақтылық та, ел болашағы да күмәнді екендігін дәлелдей түсті. Сондықтан Қазақстанда жүргізіліп отырған, азаматтарды біріктіруге бағытталған ел дамуының стратегиялық басымдықтары дұрыс таңдалған деуге барлық негіз бар. Жалпы алғанда, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мақсаттарға жеткен жағдайда біздің ортақ келешегімізді құруға, яғни қуатты мемлекет, дамыған экономика, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім орнатуға мүмкіндігіміз молаяды. Бұл, өз кезегінде, барша Қазақстан халқының күш-жігеріне, патриоттық сана-сезіміне тікелей байланысты.

Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.Халықтар Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]