- •1.«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
- •2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.
- •3. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы
- •5.Хх ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
- •6.Хх ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруның алғышарттарын атаңыз
- •7.Қазақстанның қазрігі заманғы тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастырыңыз
- •9. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз
- •10. Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
- •11. Әлихан Бөкейхан- хх ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі
- •Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
- •12. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •13. Түркістан автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметі
- •14.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
- •15. .Хх ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
- •16. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •18. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
- •19. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы
- •20. Кеңес үкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері
- •21. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш” қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
- •22. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызы
- •23. Қырғыз (Қазақ) акср – нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз
- •24.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
- •26.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.
- •27.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.
- •28.Кеңес үкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.
- •29.Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз.
- •30.Соғысқа дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
- •31.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
- •32.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
- •33. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
- •34. Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •35. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз.
- •36.Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
- •37. Хрущевтың жылымығы жылдарындағы Қазақстан
- •38.Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз
- •39. 1955,1962 Жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарас
- •40.Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсздіктерін ашып көрсетінің.
- •41.Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз:
- •42.Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
- •45. Кеңестер одағының ыдырауы және тмд-ның құрылуы
- •46.Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын талдаңыз
- •47.Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты
- •48.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойлары
- •49.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз
- •50.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •51.Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз
- •52.Эспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
- •53. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер мен халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
- •54.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор
- •55. 2009 Жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз.
- •56. Үкіметтік емес ұйымдардың , кәсіподақтардың азаматтық қоғам институттарының дамуы
- •57 .Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық моделінің ерекшеліктері
- •59. Қауіпсіздік мәселелері контекстіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясатының бағытын талдаңыз
- •61. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру
- •65. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.
- •67,71(Екі сұраққа бір жауап).''Мәңгілік ел'' ұлттық идеясының мәні мен маңызын талдаңыз
- •68.Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •69.Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз
- •70.Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларын талдаңыз
- •72.Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
- •73. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этосаяси урдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері
- •74.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз
- •75. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
54.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор
Елбасымыз «Тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі керек»-деген болатын. Ол үшін біз қазақстандық жоғары оқу орны берген дипломының шетелде де жарамдылығын қамтамасыз етуіміз керек. Біздің дипломды шет елде мойындауы үшін біз халықаралық стандарттарға сай білім беріп, шетелдіктердің қазақстандық мамандарға деген сұранысын тудыруымыз қажет. Егер біз өз сорпамызда қайнай берсек, әлемдік білім кеңстігіне енуге ұмтылыс жасамасақ біз даярлаған мамандар бір шеңберде қалып қоятыны анық. Сондықтан қазіргі таңда қазақстандық жоғары оқу орындары еуропалық білім кеңістігіне қосылуда. Еліміз бойынша 145 жоғары оқу орны бар. ( 9-ы ұлттық, 1-і халықаралық, 13-і азаматтық емес, 90-ы жекеменшік, 32-і мемлекеттік). Осы жоғары оқу орындарының 30-ы Болон процесіне мүше болып Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
Болон процесінің негізгі мақсаты - білім жүйесінің барлық салаларының басын қосып, бір бүтінге айналдыру болып табылады. Болон процесінің тарихына аз-кем тоқтала кетейін.
Декларацияның түпкі тарихы 1988 жылы Еуропаның ең ежелгі білім ордасы болып саналатын Болонья (Италия) университетінің 900 жылдығына арналған ректорлар форумынан бастау алған. Сорбонна (Франция) университетінің мерейтойына қатысуға келген Албания, Италия, Франция және Ұлыбритания білім министрлері қолдап, болашақта заңдары, стандарттары және ережелері бар жалпыеуропалық білім кеңістігін қалыптастыру туралы коммюнике жасаған болатын. Бір-бірінен мәдениеті, тілі, ділі және салт-дәстүрлері бойынша алшақ жатқан елдердің білім саласында мұндай ынтымақтастықты орнатуына әлем күмәндана қараған еді. Дегенмен, бір жылдан соң, атап айтсақ 1999 жылдың 19 маусымында Болонья қаласында арнайы декларация қабылданып, бұл үрдіске тағы да 27 ел қосылды. Кейіннен ортақ білім кеңістігін құру мәселелерін араға екі жыл салып, министрлер Прага, Берлин, Берген (Норвегия) және Лондон қалаларында талқылады. Қазіргі кезде Болонья декларациясына Еуропа және Орталық Азияның 50-ден астам мемлекеттері қол қойды. Біздің ел халықаралық білім кеңістігінің толыққанды мүшелігіне 2010 жылдың наурыз айында өтті.
Болон процесі бірнеше негізгі қағидалардан тұрады. Бұл қағидалардан басқа болония декларациясы қарайтын өзге де талаптары бар.
Оның біріншісі салыстырмалы деңгейлі және жеңіл қабылданатын жүйені қабылдау. Дипломы бар жұмыссыз адам даярлаудан квалификациялық біліктілігі жоғары білімді кадр даярлап, академиялық дәреже беруге біртіндеп ауысу. Екіншісі, көп деңгейлі білім беруге негізделген жүйеге көшу. Бакалавр-магистр-доктор (PhD). (оқу мерзімі бакалавриатта 4 жыл, магистратурада 1-2 жыл, докторонтурада ең кемі 3 жыл). Бұл структура ҚР 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес енгізілген. 2007 жылғы ҚР «Білім туралы» жаңа заңында бекітілген. Маман даярлау мамандық классификаторына сәйкес, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру халықаралық стандарттық классификацияға сәйкес жасалған. Үшіншіден, кредиттік оқыту жүйесін құру. Кредит жүйесіне көшу біздің елде 2002 жылдан бері бакалавриат бағдарламасында экономика мамандығы бойынша жүзеге асырыла бастады. 2006 жылдан кредиттік оқыту жүйесі жоғары білімнің барлық мамандықтарына енгізілді. 2008 жылдан бастап барлық жоғары оқу орындары оқытудың кредиттік жүйесіне ауысты. 2009 жылдан ESTC типі бойынша сынақтан қайта өту, сынақ баллдарының қазақстандық жүйесін құру (жасау) басталды. Төртіншіден, білімгерлердің, оқытушылардың, қызметкерлердің ұтқырлығын ұштау. ҚР «Білім туралы» заңы университеттерге шетелдік университеттермен бірлесе қосдипломды білім бағдарламасын жүзеге асырып, және жоғары оқу орнын бітірушілерге шетелдік үлгіге сай дипломның қосымшасын беруге, халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес олардың жұмысқа қабылдануына кепілдік жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта Германия, Австрия, Қытай, Түркия, Италия, Польша, Монғолия, Ресей т.б. елдермен халықаралық келісім негізінде дайындық бөлімдерінде бағдарламаларды тегін енгізу шаралары жүргізілді. Бесіншіден, сапалы білім жүйесінде еуропалық ынтымақтастықты жандандыру. 2005 жылы Ұлттық аккредитациялық орталық құрылды. Бұл күнде сапалы жоғары білімді қамтамасыз ететін ENQA Еуропалық желінің мүшесі. Институталды және мамандандырылған аккредитация өткізіп, университет бағаларының жалпы критерилерін анықтайды. Алтыншы, жоғары білімде еуропалық бағытты жылжыту. Шетелдік беделді жоғары оқу орындарынан профессорлар шақырту. Жетінші, Өмір бойы білім алу. Қосымша білім алу жүйесі құрылып енгізілуде. Сегізінші, жоғары білімді ұйымдастыруда жаңа бағыт құру және студенттердің ролін арттыру. 2003 жылдан бері Қазақстанда Қазақстан студенттер Альянсы жұмыс істейді. Бұл мекеме университеттің барлық жұмысына белсене араласып, Еуропалық студенттер Одағымен байланыс орнатады. Студенттер ғылыми кеңес өкілдері арқылы басқаруға тартылады. Директорлар кеңесі, қамқоршылар кеңесі т.б.с.с. басқарудың корпоративті жүйесі енгізілген.
Болон процесіне қосылғанға дейін еліміздің білім беру саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Білім құрылымы мен мазмұны жан-жақты қаралып, декларацияның принциптеріне сәйкестендірілді. Мамандарды дайындаудың үш сатысы, (бакалавр – магистр –докторантура PhD) бірте-бірте орнықты. Білім беру процесі субъектілерінің академиялық еркіндік шекаралары кеңейтілді
Заман талабы отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім үрдісіне интеграциялануын талап етеді. Мұның өзі тек біздің қалауымыз емес, ол бүгінгі күннің шындығы.
“Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасының” мазмұны білім беру жүйесінің ырғақты дамуын және әлемдегі жаһандану мен ақпараттану үрдісінің ерекшелігіне қабілетті болуы керек деген түсінік бар екенін көрсетті.
Әлемдік білім жүйесіне интеграциялау қажеттілігін жоғары мектептің қазіргі деңгей құрылымдары мен біліктілікті түпкілікті қайта қарастырмайынша тиімді іске асыра алмаймыз. Осыған байланысты еліміздің жоғары білім беру жүйесіне мамандарды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу аса маңызды да өзекті мәселе.
Білім беру жүйесіндегі жасалған реформалаудың алғашқы қадамдары жаңа өзгерістердің пайда болуына алып келді.
Білім беруді жетілдірудің негізгі мақсаты – біздің мамандардың әлемдік талапқа, бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады. Сондықтан, дүние жүзіндегі жоғары білім жүйесінің даму тәжірибесін зерттеу және ұлттық білім беру жүйесін халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестендіру бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр.
Жоғарыда айтқан білімді дамыту тұжырымдамасына сәйкес өндіріс пен нарықтың өзгеріп тұратын жағдайында қалыптасқан, жоғары білімді мамандардың жаңа моделін дайындау – бакалаврлық, магистрлік және докторлық оқу бағдарламалары арқылы іске асырылады. Ол осы үш деңгейлі білім тиімді жұмыс істегенде ғана қамтамасыз етіледі. Осы бағытты іске асыру үшін мемлекеттік университеттердің ғалымдары Ph.D докторларын дайындайтын мемлекеттік білім стандарттарын әзірлеуге қатысты.
Университеттің алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен іскерлік және шығармашылық байланыс орнатуы, оған аймақтағы білім, ғылым және мәдени саясатты іске асыратын үлгілі орталық болуға мүмкіндік береді.
Бакалавриат-магистратура-докторантура (Ph.D) арқылы кәсіптік мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесінің жұмыс істеуі – оған жоғары білім сатыларын стандарттауға негіз болатын, білім кредиттері жүйесіне негізделген жаңа технологияны енгізуді талап етеді.
Аталған кредиттік жүйе бойынша көптеген еуропалық және америкалық жоғары оқу орындары жұмыс істейтіні белгілі. Алдыңғы қатарлы білім ордаларының мамандар дайындаудағы көпжылдық тәжірибесі білім үрдісінің жаңа сапасын жүйелі түрде қалыптастыруға өте қажетті құрал болып табылады. Біздің университет, білім беру үрдісі сапасының қажетті деңгейін іс жүзінде қамтамасыз ететін, оқу үрдісіне кредиттік жүйені енгізуге арналған ғылыми экспериментке белсенді түрде қатысуда. Оқу-әдістемелік және нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындаудағы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің тәжірибесі мен жетістіктері Білім және ғылым министрлігінде жоғары бағаланып, университетте кредиттік оқыту жүйесінің басқа оқу орындарына оқу-әдістемелік көмек көрсететін республикалық консалтингтік орталығы ашылды.
Кредиттік жүйе білім беру үрдісінің демократиялығымен сипатталады, ол әрбір білімгердің өсуіне, ерекшелігі мен қабілеттерін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа жүйенің негізгі артықшылықтарының бірі таңдау еркіндігі – білімгерлер, білім стандарттарының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес келетін, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай қалыптастыра алады. Осы жүйенің дамуы жалпы мемлекеттің дамуы мен аймақтық ерекшелікті ескеру арқылы, ғылыми білімнің өзгеруіне байланысты жаңа пәндер енгізіліп, білімгерлердің өзі таңдайтын пәндер санының көбеюімен байланысты екені белгілі.
Көріп отырғанымыздай, оқытудың кредиттік жүйесі білім беру үрдісіне икемділікпен қарауға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Оның үстіне енгізіліп отырған жүйе Қазақстанның дәстүрлі білім беру жүйесіндегі құндылықтардың сақталуына мүмкіндік жасайтынын атап өткім келеді.
Барлық жаңа тірлік сияқты, оқытудың кредиттік жүйесі дәстүрлі жүйенің қалыптасқан түсініктерінің өзгеруін талап ететіні белгілі. Оқу үрдісіндегі білімгер мен оқытушының өзара қатынасы мүлдем өзгереді. Білімгердің өзінің жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы, оның жоғары сапалы және алға қойған мақсатқа жетуге деген тұрақты қызығушылығы болуын талап етеді. Осының өзі ағылшын тілінен аударғанда “сенім” дегенді білдіретін “кредит” сөзінен туындап отыр. Сонымен, оқытудың кредиттік жүйесіне өту білімгер мен оқытушының арасында, жаңа білімді игеру барысында, сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқытушы тек ақпарат көзі ғана емес, ол білімгердің ақпаратты іздеп тауып, қайта бағалап, іс жүзінде пайдалануға үйретуі қажет. Сондықтан оқытушылар сабаққа тындырымды дайындалуға көбірек уақыт бөліп, өзінің біліктілігін жоғарылату жолында үздіксіз ізденісте болуы тиіс.
Оқытудың кредиттік жүйесінің тағы да бір айта кететін тиімді ерекшелігі – ол оқыту бағдарламаларын халықаралық талаптарға сай сәйкестендіруге мүмкіндік туғызып, білімгерлердің білімін бақылау мен бағалау үшін нақты көрсеткіштер енгізген. Осыдан барып жас мамандардың халықаралық еңбек нарығына қатысу мүмкіндігі туындайды.
Осы аталған білім саласындағы реформаларды жүргізуге түрткі болған жәйт – ол республикамыздың Болонья декларациясына қосылуы. Осының өзін еліміздің қоғамдық өмірінің барлық саласында жаңа биіктерге көтерілуге берілген тарихи мүмкіндік ретінде қарауға болады деп ойлаймын.
Әлбетте, ұлттық білім жүйесін реформалаудың үрдісі тек қана отандық және шетелдердің білім саласындағы ең үздік жетістіктерін тиімді ұштастыра алғанда ғана нәтижелі болары сөзсіз.
