Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.

Вена қантамырлары (лат. vena - қантамыр, сіңір) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қандыжүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұксас веналардың да кабырғасы 3 кабаттантұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықетқабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Вена қантамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көктүсті тамырлар жайкөзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қанкозғалысы баяу.Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырлары мен канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны, алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.Вена тамырларының ерекшелігі - ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.

26.Нефронның құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.

Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасы мен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен қүралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн.Олардың орналасуна байланысты келесі түрлерін ажыратады:

1)капсулаасты нефрондар (1%);

2)қабықтық нефрондар (85%);

3) юкстамедуллярлық нефрондар (14%);

Олардың әрқайсының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер алғашқы иірім каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне айналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, е к і н ш і д е ң г е й лі и і р і м каналға айналып несеп ж и н а ғ ы ш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.Нефронның алғашқы иірім каналының ұзын дығы 12-24 мм, ал екінші деңгейлі иірім каналдардың ұзындығы 5-8 мм.Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру үшін де бүйректің маңызы зор.Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Оның Бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап өткізу қасиетімен байланысты орындалады.Бүйрек ұлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алгашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның Сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде а л ғ а ш қ ы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. Организмге қажетті заттар қайтадан қанға керісіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генлеиінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несепағар арқылы қуыққа барады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]