- •1.Омыртқа жотасын түзіп тұрған омыртқаларға салыстырмалы түрде түсіндіріңіз.
- •2.Төменгі жақ сүйегінің құрылысын жоғары жақ сүйекпен салыстырыңыз
- •3. Мойын омыртқаларының құрылысын бел омыртқаларымен салыстыру
- •4.Синхондрозды байланысқан сүйектерге мысал келтір
- •5)Омыртқа жотасының қандай иілімдерін білесіз, және бұл иілімдер қандай жаста пайда болады
- •6 Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
- •8. .Жұлынның ішкі құрылысының сызбасын сызып,түсіндіріңіз.
- •10.Бауыр мен қарын асты бездерінің құрылысына байланысты өтетін ас қорыту және зат алмасу процестеріне тигізетін әсерлерге мысал келтіріп,түсіндіріңіз.
- •13.Үлкен қан айналым шеңберінің артериялық тамырларын талдаңыз.
- •12.Барлық қол және аяқ сүйектері өзінің даму барысында шеміршек кезеңінен өтеді ме?Түсіндіріңіз.
- •14.Эндокринді бездердің гипо- және гиперфункциялық жағдайына байланысты пайда болатын ауытқушылықтарға мысал келтіріңіз.
- •15.I,II және VII мойын омыртқалары берілген.Осы мойын омыртқалары қандай жеке ерекшеліктері арқылы ажырататындығын түсіндіріңіз.
- •16.Жастың ұлғаюына байланысты буындардың қимыл қозғалысының төмендеу себептеріне синтез жасаңыз
- •17.Рефлекс доғасының сызбасын сызып,бағалаңыз.
- •18.Үлкен қан айналу шеңберінің веналарына толық түсінік беріңіз және синтез жасаңыз.
- •19.Қол басы және аяқ басы құрылысына салыстырмалы түрде синтез жасаңыз.
- •20.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының(гормондардың) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне синтез жасаңыз
- •21.Есту мүшелерінің құрылысын бағалап,синтез жасаңыз.
- •22.Бүйректің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •23.Нерв жүйесінің дамуы және маңызын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •24.Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •26.Нефронның құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •27.Эндокринді бездерді бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •28.Иіс анализаторлары туралы синтез жасаңыз.
- •29.Арқа бұлшықеттеріне жалпы синтез жасаңыз
- •34)Ымдау және шайнау бұлшықеттері
- •45.Гипофиздің құрылысын,қызметін талдаңыз.-
- •46.Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімін талдаңыз.
- •47.Ортаңғы ми бөлімін талдап,сараптама жазаңыз.
- •48.Жүйке жүйесінің шеткі бөлімін талдап,сараптама жазыңыз.
- •49.Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама беріңіз
- •50.Қақпа венасының маңызы және осы жүйені түзетін веналарға сараптама беріңіз.
- •51.Артқы ми бөлімі туралы түсінік беріп,сараптама жасаңыз.
- •52.Вегетативті жүйке жүйесі,қызметі туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •53.Тепе-теңдікті реттейтін мүшеге толық сараптама жазыңыз.
- •54.Орталық жүйке жүйесіне жалпы сараптама жазыңыз.
- •55.Бас ми жүйкелері,олардың табиғаты,тармақтары,иннервация аймағы туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •56.Дәм сезу анализаторларына түсінік беріп,сараптама жасаңыз
- •57.Өкпенің құрылысына сараптама жасаңыз
- •58.Қан айналым шеңберлеріне сараптама жасаңыз
- •59.Мишық.Құрылысы мен қызметіне сараптама жасаңыз
- •60.Сопақша мидың құрылысы мен қызметін талдап,сараптама жасаңыз
45.Гипофиздің құрылысын,қызметін талдаңыз.-
Гипофиз барлық омыртқалыларда болатын маңызды инкреттік орган. Мидың негізінде бас қаңқасының сына тәрізді сүйегінің түрік ершігінде жайғасқан. Гипофиз ми мен воронка арқылы жалғасып тұрады. Эмбриондық даму процесінде гипофиз шығу тектері әртүрлі екі бастамадан пайда болған. Оның артқы бөлігі- нейрогипофиз- аралық мидың түбінің өсіндісі ретінде пайда болады. Гиофиздің алдыңғы бөлігі – аденогипофиз – ауыз қуысының эктодермалық қақпашығының қалта тәрізді өсіндісінен дамиды. Аденогипофиз нейрогипофизге қарағанда ірі болады және күшті жетілген капиооярлар торымен жабдықталған. Капиллялардың эндотелийлық клеткалары көбінесе ретикула- эндотелиальдық жүйеге жатады. Аденогипофиздің 3 бөлімі бар: біршама ірі келетін алдыңғы бөлігі, нейрогипофизбен шектесіп жататын аралық бөлігі мен төмпешікті бөлік. Аденогипофиз бездік эпителийден тұрады. Оның клеткалары аденоциттер хромофильді және хромофобты болып бөлінеді. Хромофильді аденоциттер ацидофильді және базофильді болып бөлінеді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше маңызды гормондары бөледі. Мысалы, дененің өсуі мен лактация процесін реттейтін гормондарды, сол сияқты қалқанша бездің , бүйрекүсті бездердің қабық бөлігінің және жыныс бездерінің жұмыстарын реттеуші тораптық гормондарды бөледі.
Нейрогипофиз ешбір гормонды құрамайды; құрамында өзгерген глиалық клеткалар- питуициттер, бар нейроглиядан тұрады. Сонымен қатар мұнда жинаушы нейросекреторлық денешіктер , сол сияқты гипоталамустың паравентрикулярлық ядросы мен супраоптикалық клеткалардың өсінділері болады. Супраоптикалық ядроның клеткалары окситокцин немесе итоцинді бөледі. Окситокцин қан қысымын көтереді және бүйректегі судың реабсорбциясына әсер етеді, ал питуицит жатырдың мускулатурасының жиырылуын туғызады.Ядролардың нейросекреті гипоталамус – гипофиздік жолдың аксондарымен артқы бөлекке келеді, осы жерде жинаушы нейросекреторлық денешіктерді құрап жиналады да питуициттердің көмегімен нерв ұштарынан артқы бөліке болатын капиллярлардың қанына өтеді.Гипофиз қан тамырларына бай келеді.АЛдыңғы және артқы бөліктерінің арасында аралық бөлік болады. Адамда бұл бөлік редукцияға ұшыраған,жіңішке жолақ күйнде боладЫ
46.Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімін талдаңыз.
Бұл нерв бөлігі симпатикалық нерв бөлігіне ұқсас, орталық және шеткі бөлімдерден түзілген. Оның орталық бөліміне парасимпатикалық нерв клеткаларының шоғырланған жерлері – ортаңғы ми, көпір және сопақша ми бөліктері мен сегізкөз сегменттері жатады. Осыған байланысты, парасимпатикалық нерв жүйесінің орталығын ми және жұлын бөліктеріне бөлеміз.
Парасимпатикалық нерв жүйесінің шеткі бөлігіне осы айтқан орталықтардан шыққан нервтер мен түйңндер кіреді. Нерв талшықтары «түйінге дейінгі» және «түйіннен кейінгі» жолдар түзеді. «Түйінге дейінгі» нерв талшықтары парасимпатикалық орталықтардан басталса, «түйіннен кейінгі» нерв талшықтары парасимпатикалық түйіндерден басталып, нервтендіретін органдарына дейін жетеді. Түйіндердің кейбіреулері органдардың қабырғасында орналасса, кейбіреулері органдардың қасында орналасады.
Ортаңғы ми, көпір және сопақша ми бөліктерінен шыққан парасимпатикалық нерв талшықтары ми нервтерінің құрамымен нервтендіретін органдарға жетеді. Оларға көз-қимыл, бет, тіл-жұтқыншақ және кезеген нервтер жатады. Осы ми нервтерінің құрамындағы парасимпатикалық талшықтар түйіндерге келіп аяқталады. Сол себептен оларды «түйінге дейінгі» талшықтар деп атайды. Осы талшықтардың аяқталған түйіндерінен екінші нейрондар басталып, олардың талшықтары «түйіннен кейінгі» жол түзіп, нервтендіретін органдарына жетеді.
Парасимпатикалық түйіндерге – кірпікті, қанаттаңдай, құлақ, жақасты түйіндері мен көкірек және құрсақ қуысындағы органдар түйіндері жатады. Осы түйіндерден шыққан парасимпатикалық талшықтар өздеріне тән органдарын нервтендіреді.
Ортаңғы ми бөлігінен шыққан көз-қимыл (III) нервісінің құрамындағы парасимпатикалық талшықтар көз алмасының нұрлы қабықшасының ет талшықтарын нервтендіреді. Егер бұл нерв талшықтарын тітіркендірсе, көз қарашығы кеңейеді.
Бет (VII) нервісінің құрамындағы парасимпатикалық талшықтар тіласты және жақасты сілекей бездерін, көздің жас бездері мен мұрын қуысының кілегей бездерін нервтендіреді. Тіл жұтқыншақ нерв (IX) құрамындағы парасимпатикалық талшықтар шықшыт безін нервтендіреді.
Парасимпатикалық нервтер ішіндегі ең ірісі кезеген нерв (X). Бөл нерв сопақша мидың ромба ойысындағы ядролардан басталып, «түйінге дейінгі» жол түзіп, көкірек қуысы мен құрсақ қуысындағы органдардағы түйіндерге келіп жалғасады. Осы талшықтар келіп аяқталған парасимпатикалық түйіндерден кезекті нейрондар талшықтары шығып, «түйіннен кейінгі» жолдар түзіп, ішкі органдарды нервтендіреді.
Жұлынның сегізкөз сегменттеріндегі парасимпатикалық орталықтан шыққан нерв талшықтары, «түйінге дейінгі» жолдар түзіп, алдыңғы түбіршік құрамында, одан кейін жамбас нервісімен жүріп отырып, түйіндерге дейін жетеді. «Түйіннен кейінгі» жолға кіші жамбас ішіндегі органдарға баратын парасимпатикалық талшықтар жатады. Олар құрсақасты өрім құрауға қатысады. Одан тараған нервтер зәр шығару және жыныс органдарын нервтендіреді.
Қорытып айтқанда, вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық нерв талшықтарымен барлық ішкі органдар нервтендіріледі. Осының нәтижесінде, бездердің сөл бөліп шығаруы, біріңғай салалы ет ткандерінің жиырылуы, қан тамырларының кеңейіп тарылуы, жүрек қызметі мен зат алмасу тағы басқа физиологиялық процестер реттеліп отырылады.
