- •1.Омыртқа жотасын түзіп тұрған омыртқаларға салыстырмалы түрде түсіндіріңіз.
- •2.Төменгі жақ сүйегінің құрылысын жоғары жақ сүйекпен салыстырыңыз
- •3. Мойын омыртқаларының құрылысын бел омыртқаларымен салыстыру
- •4.Синхондрозды байланысқан сүйектерге мысал келтір
- •5)Омыртқа жотасының қандай иілімдерін білесіз, және бұл иілімдер қандай жаста пайда болады
- •6 Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
- •8. .Жұлынның ішкі құрылысының сызбасын сызып,түсіндіріңіз.
- •10.Бауыр мен қарын асты бездерінің құрылысына байланысты өтетін ас қорыту және зат алмасу процестеріне тигізетін әсерлерге мысал келтіріп,түсіндіріңіз.
- •13.Үлкен қан айналым шеңберінің артериялық тамырларын талдаңыз.
- •12.Барлық қол және аяқ сүйектері өзінің даму барысында шеміршек кезеңінен өтеді ме?Түсіндіріңіз.
- •14.Эндокринді бездердің гипо- және гиперфункциялық жағдайына байланысты пайда болатын ауытқушылықтарға мысал келтіріңіз.
- •15.I,II және VII мойын омыртқалары берілген.Осы мойын омыртқалары қандай жеке ерекшеліктері арқылы ажырататындығын түсіндіріңіз.
- •16.Жастың ұлғаюына байланысты буындардың қимыл қозғалысының төмендеу себептеріне синтез жасаңыз
- •17.Рефлекс доғасының сызбасын сызып,бағалаңыз.
- •18.Үлкен қан айналу шеңберінің веналарына толық түсінік беріңіз және синтез жасаңыз.
- •19.Қол басы және аяқ басы құрылысына салыстырмалы түрде синтез жасаңыз.
- •20.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының(гормондардың) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне синтез жасаңыз
- •21.Есту мүшелерінің құрылысын бағалап,синтез жасаңыз.
- •22.Бүйректің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •23.Нерв жүйесінің дамуы және маңызын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •24.Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •26.Нефронның құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •27.Эндокринді бездерді бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •28.Иіс анализаторлары туралы синтез жасаңыз.
- •29.Арқа бұлшықеттеріне жалпы синтез жасаңыз
- •34)Ымдау және шайнау бұлшықеттері
- •45.Гипофиздің құрылысын,қызметін талдаңыз.-
- •46.Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімін талдаңыз.
- •47.Ортаңғы ми бөлімін талдап,сараптама жазаңыз.
- •48.Жүйке жүйесінің шеткі бөлімін талдап,сараптама жазыңыз.
- •49.Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама беріңіз
- •50.Қақпа венасының маңызы және осы жүйені түзетін веналарға сараптама беріңіз.
- •51.Артқы ми бөлімі туралы түсінік беріп,сараптама жасаңыз.
- •52.Вегетативті жүйке жүйесі,қызметі туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •53.Тепе-теңдікті реттейтін мүшеге толық сараптама жазыңыз.
- •54.Орталық жүйке жүйесіне жалпы сараптама жазыңыз.
- •55.Бас ми жүйкелері,олардың табиғаты,тармақтары,иннервация аймағы туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •56.Дәм сезу анализаторларына түсінік беріп,сараптама жасаңыз
- •57.Өкпенің құрылысына сараптама жасаңыз
- •58.Қан айналым шеңберлеріне сараптама жасаңыз
- •59.Мишық.Құрылысы мен қызметіне сараптама жасаңыз
- •60.Сопақша мидың құрылысы мен қызметін талдап,сараптама жасаңыз
52.Вегетативті жүйке жүйесі,қызметі туралы жалпы сараптама жасаңыз.
Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система); (systema nervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.
Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері), постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды.
Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі - оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары — қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді).
Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны ерте кезде автономды (грекше - өз алдына заң) жүйке жүйесі деп те атаған. «Вегетативті» деген сөз латынша - өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды.Сондықтан қазақша «өсімді» деген термин қалыптасқан. Өсімді жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бірімен-бірінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше - сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше - жанында, қасында).
Өсімді жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.
Өсімді жүйке жүйесі: а) парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі (парасимпатическая нервная система); (parasympathica systematis nervosi, лат. para - маңы, systema — жүйе, nervus — жүйке) — қызметі автономды түрде іс жүзіне асатын жүйке жүйесінің бөлігі. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің жүйке орталықтары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның құйымшақ (сегізкөз) бөлімінде орналасады. Орталық жүйке орталықтарынан шыққан миелинді түйіналды (преганглионды) жүйке талшықтары жүйке ганглийлеріндегі мультиполярлы нейроциттерде аяқталып, жүйке толқындарын жеткізеді. Парасимпатикалық жүйкелену тері тамырларында, тер бездерінде, түк бұлшықеттерінде, бүйрекүсті безінде, көкбауырда, бұлшықеттерде болмайды
Симпатикалық жүйке жүйесі (грекше sympathes — сезімтал, әсерді қабылдағыш) — адам мен омыртқалы жануарлардың вегетативтік жүйке жүйесінің бір бөлігі; омыртқаны бойлай орналасқан оң және сол шекаралық симпатикалық бағандардан, ганглийлерден (жүйке түйіндері), ганглийлерді өзара және жұлын эффекторларымен байланыстыратын жүйке талшықтарынан құралған. Симпатикалық жүйке жүйесі талшықтарының регенерациялық қабілеттері жоғары болады. Оның қозуы нәтижесінде организм стресс жағдайынан шығады, жүрек жұмысының ырғағы жиілеп, артериялық қысым жоғарылайды. Бұлшық еттің қанмен жабдықталуы жақсарып, қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі, ал асқазан жүйесінің қызметі баяулайды. Осы әсерлер организмнің күшін жинақтап, оның стрестен шығуына мүмкіндік туғызады.
