Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

29.Арқа бұлшықеттеріне жалпы синтез жасаңыз

Арқа бұлшықеттері көп: олардың басты бөлігін тұлға миотомдарыныңдорсалды бөлімдерінен пайда құрайды, оған бастан және қолдан арқаға ауысқан бұлшықеттер қабаттасады, соның себебінен олар екі беткей және терең-қабат болып орналасады.Қабырғаларға бекитін бұлшықетте бұлардың екеуі де тұлғаның кейін қарай ығысқан вентралдыбұлшықеттерінің туындылары. Олар бас сүйек нервтерінің алдыңғы тармақтарынан нервтендіріледі.Арқаның беткей бұлшықеттері: Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер екі қабат болып орналасады, олардың ең беткісі екі жалпақ бұлшықеттен тұрады:

Трапеция тәрізді бұлшықет

Арқаның аса жалпақ бұлшықеті

Ромбтәріздібұлшықет

Жауырынды көтеретін бұлшықет

Артқы жоғары тісті бұлшықет

Артқы төменгі тісті бұлшықет.

Арқа бұлшықеттері:трапеция пішінді бұлшықеттер - жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді. Бұлшықеттердің жоғарғы ұшы жиырылғанда жауырын көтеріледі, төменгі ұшы жиырылғанда жауырын қайта қалпына келеді.ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының қанаттарына бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.Арқаның бұлшықеттері бірнеше қабат болып орналасады. Терінің астына жақын орналасқан бұлшықеттер қолды қозғалысқа келтіреді. Тереңірек орналасқан бұлшықеттер омыртқа жотасын артқа, алға, оң жаққа, сол жаққа иілтеді.Бұлшықеттер пішініне, денеде орналасуына, талшытқарының бағытына, атқаратын кызметіне, буынға бекінуіне қарай топтастырылады (жіктеледі): Орналасуына қарай бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырайды. Осыған байланысты бірбасты, екібасты, үшбасты, төрт-бастыбұлшықеттер деп атайды. Кейбір бұлшықеттердің талшықтары шеңберлене орналасады, мысалы, ауыз қуысының, артқы тесіктің бұлшықеттері. Пішіндеріне қарай бұлшықеттер ромбы, трапеция, алмұрт т.б. деп бөлінеді. Мөлшеріне қарай - ұзын, қысқа, жалпақ үлкен, кіші делінеді. Талшықтар будаларының бағытына қарай қиғаш, көлденең бұлшықеттер деп те аталады. Бұлшықеттердің атқаратын қызметі: бұғу, жазу, айналдыру, бұру, көтеру т.б. Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер бір буынды, екі буынды, көп буынды болады

30)Көзалмасының қабақтарын атап,синтез жасаңыз- Көз - оптикалық жүйе.  Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз. Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоапаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм.Көз үш қабықшадан тұрады;фиброзалық, тамырлы және торлы қабықтармен қоршалған ішкі ядродан тұрады. Сыртқы фиброзалық қабық, екі бөлікке бөлінеді- алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді,артқы бөлігін склера, немесе ақ қабық, ал алдыңғы бөлігін мүйіз қабық деп атайды.Склера(гректің склерос- қатты деген сөзі)көзге өзіне тән пішін беретін және көз ішіндегі сұйықтық қысымын тоқтататын қатты дөңес дәнекерұлпалық капсула болып есептелінеді.Склера көздің алдыңғы бетінде біркелкі жұқа мөлдіп мүйіз қабыққа айналады.Мүйіз қабықтың мөлдірлігі көзге жарықтың өтуін, ал оның дөңестігі жарық сәулелерінің сынуын қамтамасыз етеді. Мүйіз қабық эктодермадан пайда болатын сыртқы эпителийлік қабатта және эпителий астында жайғасқан, стромадан тұрады, қан тамырлары болмайды, сезімтал нерв ұштарына бай келеді.Зақымдалған кезде регенерация арқылы қалпына келеді.Склераның астында мезодермалық тамырлы қабық болады.Тамырлы қабық үш бөліктен тұрады;меншікті тамырлы қабықшадан, кірпікше денеден және нұрлы қабықшадан тұрады.Меншікті тамырлы қабықша пигменттің көп болуына байланысты қара қоңыр түсті келген жұқа қабықша болып саналады, торлы қабықты қоректендіретін қан тамырлары көп болады.Тамырлы қабық алдыңғы жағынан қалыңдап кірпікті дене мен нұрлы қабыққа айналады.Кірпікті дене көздің аккомодациясы кезінде үлкен рөл атқарады.Нұрлы қабық көзге түсетін жарықтың мөлшерін реттейтін сақиналы бұлшық еттік диафрагма болып есептеленетін көздің алдыңғы бөлігі.Нұрлы қабықта көзге түс беретін пигменттік клеткалар мен көз қарашағын тарылтып немесе кеңейтіп тұратын бұлшықет талшықтары болады.Торлы қабықтың астында көздің негізгі бөлігі жұқа жарық сезгіш қабық-торлы қабық орналасқан.Торлы қабықтың құрлысы күрделі,10 қабаттан тұрады.торлы қабық аралық мидың шетке шыққан бөлігі болып саналады.Торлы қабық екі қабаттан-сыртқы, пигменттік және құрамында жарық сезгіш клеткалар бар ішкі қаббаттан тұрады.Торлы қабықтың маңызды мамандалған жарықсезгіш клеткалары ерекше фоторецепторлық нейрондардың бір түрі болып келетін таяқшалар мен жұмыр клеткалар.Көзде 125 млн шамасындай таяқша мен 6,5 млн жұмыр клеткалар болады.Торлы қабықта орталық артерия мен венаның тарамдарынан түзілген, көзге көру нервісімен бірге енетін дербес тамырлар жүйесі бар.Бірақ көру рецепторлары қоректі тамырлы қабықшасынан алады.

31)Ауа өткізгіш жолдарға сипаттама беріңіз-

Ауа өткізетін немесе тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек пен бронх бұтақтары жатады. Тыныс жолдарында ауа жылынып, ылғалданып және микроорганизмдерден тазартады. Тыныс жолдарында иіс жолдарында иіс сезім органдары мен дыбыс аппараты да орналасқан. Мұрын қуысы: тыныс алу жолдары мұрын қуысынан басталады. Мұрын қуысында ауаны жылытатын, ылғайтатын, сүзіп тазартатын түтіктер болады. Иіс сезуші орган жайғасқан. Мұрынның негізін мұрын сүйектері мен шеміршектер құрайды. Мұрынның үстіңгі төменгі және екі бүйір қабырғаларын ажыратады. Мұрынның қуысын қоршаушы қатты бөліктердің негізгі қызметі оның ашық тұруын қамтамасыз ету. Мұрын қуысы танау сүйектен, торлы сүйектің перпендикуляр пластинкасынан түзіледі. Мұрын қуысының бүйір қабырғаларында үш-үштен кеңсірік қауашалары орналасқан. Мұрын қуысы хоана арқылы мұрынжұтқыншақпен, жас-мұрын каналы арқылы көз шарасымен, ал арнаулы тесіктер арқылы жоғарғы жақтың қуысымен немесе Гаймор қуысымен маңдай сына тәрізді және торлы сүйектердің қуыстармен жалғасып тұрады. Мұрын қуысының кіреберісі құрамында қылдар май және тері бездері бар көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Иіс сезуші рецепторлық клеткалар өзгерген биполярлы нейрондар. Иіс сезуші клеткалардың саны организмнің сезу қабілетіне байланысты. Ауа мұрын қуысынан жұтқыншаққа барады , ауыз қуысы да осы жұтқыншақпен жалғасып жатады. Ауыз бен мұрын қуыстары бас ішегі бастамасының туындылары болғанмен жіктелу процесі кезінде қызметтерінің түрліше болуына байланысты түрлі құрылысқа ие болған. Ауыз қуысы тыныс алу қызметіне бейімделген. Көмекей: 4-6 мойын омыртқаларының шамасында мойынының алдыңғы жағында орналасқан. Жұтқыншақ аша сүйекпен жалғаушы сіңір арқылы байланысқан. Көмекейдің қаңқасы қалқанша жүзік тәрізді екә мүйіз тәрізді және екі сына тәрізді шемәршектерден тұрады. Алдыңғы жағынан және екі жанынан оны қалқанша шеміршек жауып тұрады. Көмекейдің оң және сол жағынан күре тамыр артериясы өтеді. Көмекей үш бөлімге бөлінеді:жоғарғы бөлігі-көмекейдің кіреберісі, төменгі бөлігі – кеңірдек бөлігі, жіңішкерген ортаңғы бөлігі – дыбыс аппараты. Дыбыс бөлімі төменгі жоғарғы бөлімдерден тұрады. Дыбыс шығарушы ерін, тіл, жұмсақ таңдай және осы құрылымдармен байланысты түрлі қуыстарда қатысады. Кеңірдек пен бронхтар: ұзындығы 12 см түтік. Кеңірдектің қабырғасы бір-бірімен эластикалық ұлпамен байланысқан 15-20 жартылай шеміршек сақиналардан тұрады. Кеңірдектің эпителийлікастары бокал тәрізді клеткалары бар көп қатпарлы кірпікшелі эптелийден түзілген. Еңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр (гр. bronchus — тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауатамырлық тармақшалар (бронхиола) (гр. bronchioli - кішірею) деп аталады. Ауатамыр тармақшаларының ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршік-терімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (лат. alveolus - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады. Қылтамырлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан оттекі қанға өтеді. Қылтамырлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газ өкпе көпіршігіне өтеді. Бронхтардың қызметі құрылысы кеңірдекке ұқсас. Оң жақ негізгі бронх сол жақ бронхқа қарағанда кең және қысқа біршама тіктеу орналасқан. Бронхтардың ішкі беті көп қатпарлы призмалық кірпікшелі эпителиймен жабылған кілегейлі қабықшамен астарланған. Бронхиолдардың эпителийлерінде клеткалардың екі типі – кірпікшелі және кірпікшесіз клеткалар болады.

32)Несеп шығару жолдары мүшелерінің құрылысына сипаттама бер-

Зәр шығару органдары бүйректенжәне зәр шығару жолдарынан,несеп ағарлардан, қуықтан және зәр шығару каналынан тұрады.

Адамның бүйрегі сыртқы қабырғасы дөңес, ішкі қабырғасы ойыс лобия пішінді қызыл қоңыр түсті жұп тығыз орган.Бүйректер құрсақ қуысының артқы қабырғасында омыртқа жотасының екі жанында жайғасқан.Бүйректер паралель орналаспаған жоғарғы ұштары бірбіріне жақынырақ орналасқан.12 ші қабырға шамамен бүйректердің ортасы арқылы өтеді.Бүйректің орналасуы организмнің жасына,жынысына және ерекшелігіне байланысты.Бүйректердің бекуін бүйрек капсулалары, бүйрек тамырлы мен құрсақ қабырғасының сезорлық қабаты және құрсақіші қысым қамтамасыз етеді.Бүйректің ішкі ойыс бетінде қан тамырлары мен нерв топтары кіретін, сонымен бірге несеп жолдарының шығатын бүйрек қақпасы деп аталатын орын болады.Ересек адамынң бүйрекгінің ұзындығы 10-12см жуық, ені 5-6 см, ал қалыңдығы 4см.Салмағы 120дан 200г дейінболады.Бүйректі ұзынан жарған кездеоның сыртқы немесе қабық және ішкі немесе жұмсақ заттан тұратынын байқауға болады.Қабық заты капиллярлардың шумағынан, шумақтың қабынан және ирек каналшықтардан құралған бүйрек денешіктерден тұрады.Бүйректің жұмсақ ішкі заты каналшықтардан, жинаушы түтіктерден және қан тамырларынан түзілген, жиылып бүйрек немесе Мальпигий пирамидалары деп аиалған пирамидаға ұқсас конус пішінді бірнеше бөліктерден тұрады.Емізікшесі деп аталатын пирамиданың ұшы бүйрек түбегіне ашылады.Қабық зат пирамидалардың арасына өтіп бүйрек бағаналарын құрайды.Бағаналар арқылы дәнекер ұлпасымен бірге ірі қан тамырлары өтеді.Бүйректін құрлымдық бірлігі нефрон.Адамынң екі бүйрегі шамамен 2млн, ал кейбір мәліметтер бойынша 4млн нефрондар болады.

Әрбір нефрон құрлысы мен қызметі жағынан ажырайтын бөлімдерден тұрады.Атап айтқанда, Шумлянский-Боумен капсуласы мен тамырлар шумағынан, проксималтдық ирек каналшықтан, Генле тұзағынан, дистальдық ирек каналшықтан тұрады.Бүйрек каналшығынң проксимальдық және дистальдық бөліктері Генле тұзағымен жалғасқан.Шуммлянский-Боумен капсуласы қос қабатты тостаған пішінді несеп каналының кеңейген тұйық ұшы болып саналады.Ішкі қабырғасын висцеральдық қабат, ал сыртқысын париеталдық қабат деп атайды.Ішкі қабат подоциттер деп аталатын жалпақ эпителийлік клеткалардың бір қабатынан тұрады.Нефрондардың екі түрі болады-қабықтық және юкстамедуллярлық.Қабықтық нефрон бүйректің қабығында орналасқан.Юкстамедуллярлық нефрондарда бүйрек денешіктері қабық және жұмсақ заттардың шекарасының маңында орналасқан.Зәр жинаушы түтікшелерден зәр бүйрек түбегіне жиналады.Каналшықтардың түбекпен қосылған жерін кіші бүйрек тостағаншасы деп атайды.Бүйректердегі зәрдің түзілуі мен оның несеп жолдардан шығарылуы өте күрделі нервтер жүйесінің әсерімен реттеледі.

Несепағар зәрді бүйрек түбегінен қуыққа өткізетін ұзындығы 30см қуықпен жалғасатын жұп өсек.

Қуық шат сүйектердің симфизінің артқы жағында жамбастың кіші қуысында орналасқан орган.Қуықтың жоғарғы бөлігін, денесі мен түбін ажыратуға болады.Несепағардың қуықпен жалғасар жерінде оның кілегейлі қабаты зәрдің кері қайтуынакедергі болатын қақпашық рөлін атқаратын қатпар құрайды.Зәр шығару каналының тесігін сақиналы бұлшықет талшықтарынан тұратын ішкі сфинктер қоршап тұрады.Қуықтың сыйымдылығы 350-ден 750 куб смге дейін.

Зәр шығарушы канал.Зәр қуықтан сыртқа зәр шығарушы канал арқылы шығарылады.Каналдың үш бөлімі бар предстаттық,жарғақтық және кеуек бөлімдері.Зәр шығарушы каналдың сыртқы тесігінде көлденең талшықты бұлшықет талшықтарынан тұратын сыртқы сфинктер болады.Зәр шығарушы канал кіреберіске ашылады

33) Жұлынның ішкі құрылысы

Жұлын (medulla spіnalіs) – адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Ересек адамда Жұлынның ұзындығы 41 – 45 см-дей, салмағы 26 – 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста Жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы “Н” әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлынның ішкі құрылысы. Жұлын сұр мен ақ заттардан глиоциттерден, дәнекер ткандерден түзілген қабатшалардан тұрады. Сұр зат жұлынның ішінде орналасады, ақ зат оны жан-жағынан қоршайды. Жұлын бойында 1 вентральды саңылау және 1 дорсальды мен 2 дорсолатеральды, 2 вентролатеральды жүйелер бар; олар арқылы жұлын екі симметриялы жартығы бөлінеді. Сұр заттың ұзынынан жоғарыдан төмен қарай тебетін 2 дорсальды, 2 вентральды және белгілі аймақтарда бағандарын ажыратады. Жұлынды көлденең кесіп зерттесек, оның сұр заты мүйіз тәрізді болып кееді, оны үш түрге бөледі: дорсальды (артқы) мүйіз;вентральды (алдыңғы) мүйіз;латеральды (бүйір) мүйіз (тек қана жұлынның төменгі мойы, барлық көкірек және жоғарғы бел сегменттерінде болады). Сұр заттың екі жартыы бір-бірімен көлденең орналасқан жалғама арқылы байланасады, оның ішінде сұйықтыққа толы аймағы кеңейген жұлын орталық өзегі – канал орналасады. Каналдан каудальдік – шеткі қарынша болып саналады. Жұлынның сұр заты нейрондардың денесі мен дендриттерден түзіледі; сол нейрондар тор пішінді – «ретикулярдік формация» деген құрылым және нейрондардың топтасқан пішінді – «ядролық орталығы» (ядро) деген құрылым ретінде болады. Сұр заттың ядролары бірнеше: мысалы, артқы мүйізде орналасқан:а) меншікті ядро;б) көкірек ядросы; алдыңғы мүйізегі:а) медиальды және латеральды қозғалыс ядролары;б) бүйір мүйіздің құрамындағы вегетативты ядролар.Жұлының ақ заты нерв талшықтардан түзіледі; ақ заттың бөлшектерін 3 түрге бөледі:дорсальді (артқы) арқанша;вентральды (алдыңғы) арқанша;бүйір арқанша.Бұл арқаншалардің құрамында 3 түрлі талшықтар орналасады:меншікті шоғырлар (қысқа талшықтар);ми бөліктерінің үстіне қарай бағытталған шоғырлар (ұзын талшықтар);ми жақтан төмен жұлынға бағытталған шоғырлар (ұзын талшықтар).2 және 3 ми бөліктерімен танысқаннан кейін білесіздер.Жұлын филогенездік ескілеу құрылыс ерешелігін, яғни сегменттілікті сақтайды. Жұлында 31 сегмент бар; оларды 8 мойын, 12 көкірек, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 құйымшақ сегменті деп бөледі. Әрбір сегменттен 1 жұп нервтер шығады. Сегменттік аппаратты сыртқы және ішкі тітіркендірулерге жауап реакцияларды, басқаша айтқанда, туа пайда болған реакцияларды іске асырады. Осы реакция рефлекс доғалары арқылы өтеді.Қызметі: 1) Рефлекторлық функция. Ж.. – қарапайым рефлекстік реакциялардың орталығы, оның нейрондарында олардың рефлекс доғасы тұйықталады.Кеңістіктегі дене қалпын сақтауға бағытталған рефлекстер, зәр шығару рефлексі, жыныс рефлекстерінің доғасы жұлынның қызметімен байланысты.2) Өткізгіштік функция. Адам жұлынының қызметі ОНЖ-нің жоғарыда жатқан бөлімдерінің ықпалына тәуелді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]