Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

59.Мишық.Құрылысы мен қызметіне сараптама жасаңыз

Мишық (мозжечок); (лат. cerebellum) - дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын үйлестіретін, орталық жүйке жүйесінің мүшесі — мидың бір бөлігі. Мишық — сыртқы қатпарлы сұрзаттық мишық қыртысынан және ішкі ақзаттан тұрады. Мишық қыртысы үш қабаттан: сыртқы — молекулалы, ортаңғы — ганглионды жөне ішкі — дәнше қабаттардан тұрады. Мишықтың сүрзаты: жұлдызша, себетше, алмұрт тәрізді және дәнді нейроцит терден құралған. Мишықтың ақзаты — мишықты мидың басқа бөліктерімен байланыстыратын өткізгіш жолдарды құрайтын миелинді жүйке талшықтарынан тұрады.

Мишық қыртысы (кора мозжечка); (cortex cerebelli, лат. cortex —қыртыс, cerebellum — мишық) — мишықтың сыртқы бетіндегі қатпарлы сұр заты. Мишық қыртысы үш қабаттан: молекулалы, ганглионды және дәнше қабаттардан қүралған. Сыртқы — молекулалы қабатты мидың басқа бөлімдерінен келетін жүйке толқынын (импульс) тежейтін, жұлдызша және себетше нейроциттер, олардың өсінділері мен ганглионды нейроциттердің тарамдалған дендриттері құрайды. Ортаңғы—ганглионды қабат мишықтың негізгі қызметін атқаратын алмұртша нейроциттерден тұрады. ішкі — дәнше қабат майда нейроциттерден және импульстерді тежеуші ірі жұлдызша нейроциттерден құралған. Орталыққа тепкіш (афферентті) жүйке толқындары мидың төменгі бөліктерінен мишық қыртысына мүк тәрізді және өрмелегіш жүйке талшықтары арқылы келеді. Мүк тәрізді жүйке талшықтары жүйке толқынын алмұртша нейроциттерге дәнше нейроциттер арқылы, ал өрмелегіш жүйке талшықтары жүйке импульстерін оларға тікелей жеткізеді. Мишық қыртысының қалыңдығы әртүрлі жануарларда түрліше. Орта есеппен молекулалы қабаттың үлесі 55%, ганглионды қабаттың — 5%, дәнше қабаттың — 40% болады. Мишық қыртысы адам мен жануарлар организмдерінде дене тепе-тендігін реттеу және қимыл-қозғалыстарды үйлестіру қызметтерін атқарады

60.Сопақша мидың құрылысы мен қызметін талдап,сараптама жасаңыз

Сопақша ми (продолговатый мозг); (лат. medulla oblongata; medulla — ми, oblongata — сопақша) — мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі бетінде вентральды орталық саңылау (лат. fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі латеральды вентральды сайлар (лат. sulcus lateralis ventralis) арқылы бөлінген: оң және сол сопақша ми пирамидалары (лат. piramis medullae oblongatae) білеуленіп көрініп тұрады.

Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның қозғалтқыш орталықтарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған. ( Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке тал тары будаларынан құралған өткізгіш жолдары - жұлынның бүйір арқаншаларына өтер алдында, оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, пирамидалар айқасын (лат. decussacio pyramidum) жасайды.

Сопақша мидың құрылысы біршама жүлынның құрылысына ұқсас, яғни сыртқы жағында — ақ зат, ішкі жағында — сұр зат орналасады. Ол ақ заттық аралықтар арқылы көптеген сұр заттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сұр заттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді.

Бұлар организмнің тіршілігіне тым қажет вегетативтік орталықтар құрайтын нейроцитгер ядролары. Аталган вегетативтік ядроларга:

  • жүрек соғу

  • тыныс алу

  • тер бөлу

  • сілекей бөлу

  • шайнау

  • жұту, сору

  • көз жасын бөлу

  • ас қорыту сөлдерін бөлу

  • құсу,

  • кекіру

  • күйіс қайтару

  • тұшкіру

  • жөтелу

көз жыпылықтау орталықтары жатады.

Сопақша мидың сұр заты — вегетативтік ядролардан басқа, қызметіне сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан (нейроциттер денелерінен) құралған ми жүйкелерінің сезімтал және қозғалтқыш сүрзаттық ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-бірімен жалгасып жатқан пішіні әр түрлі нейроциттерден және олардың жүйке талшықтарынан құралған торлы құрылым (лат. formatio reticularis) болады. Бұл құрьшым сопақша мидан ортаңғы миға, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады. Торлы құрылым — аталған ми бөлімдері орталықта- рын өзара байланыстырып, үйлестіру қызметін атқарады. Бұған коса, ол тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталығы қызметін де атқарады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]