- •1.Омыртқа жотасын түзіп тұрған омыртқаларға салыстырмалы түрде түсіндіріңіз.
- •2.Төменгі жақ сүйегінің құрылысын жоғары жақ сүйекпен салыстырыңыз
- •3. Мойын омыртқаларының құрылысын бел омыртқаларымен салыстыру
- •4.Синхондрозды байланысқан сүйектерге мысал келтір
- •5)Омыртқа жотасының қандай иілімдерін білесіз, және бұл иілімдер қандай жаста пайда болады
- •6 Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
- •8. .Жұлынның ішкі құрылысының сызбасын сызып,түсіндіріңіз.
- •10.Бауыр мен қарын асты бездерінің құрылысына байланысты өтетін ас қорыту және зат алмасу процестеріне тигізетін әсерлерге мысал келтіріп,түсіндіріңіз.
- •13.Үлкен қан айналым шеңберінің артериялық тамырларын талдаңыз.
- •12.Барлық қол және аяқ сүйектері өзінің даму барысында шеміршек кезеңінен өтеді ме?Түсіндіріңіз.
- •14.Эндокринді бездердің гипо- және гиперфункциялық жағдайына байланысты пайда болатын ауытқушылықтарға мысал келтіріңіз.
- •15.I,II және VII мойын омыртқалары берілген.Осы мойын омыртқалары қандай жеке ерекшеліктері арқылы ажырататындығын түсіндіріңіз.
- •16.Жастың ұлғаюына байланысты буындардың қимыл қозғалысының төмендеу себептеріне синтез жасаңыз
- •17.Рефлекс доғасының сызбасын сызып,бағалаңыз.
- •18.Үлкен қан айналу шеңберінің веналарына толық түсінік беріңіз және синтез жасаңыз.
- •19.Қол басы және аяқ басы құрылысына салыстырмалы түрде синтез жасаңыз.
- •20.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының(гормондардың) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне синтез жасаңыз
- •21.Есту мүшелерінің құрылысын бағалап,синтез жасаңыз.
- •22.Бүйректің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •23.Нерв жүйесінің дамуы және маңызын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •24.Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •26.Нефронның құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •27.Эндокринді бездерді бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •28.Иіс анализаторлары туралы синтез жасаңыз.
- •29.Арқа бұлшықеттеріне жалпы синтез жасаңыз
- •34)Ымдау және шайнау бұлшықеттері
- •45.Гипофиздің құрылысын,қызметін талдаңыз.-
- •46.Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімін талдаңыз.
- •47.Ортаңғы ми бөлімін талдап,сараптама жазаңыз.
- •48.Жүйке жүйесінің шеткі бөлімін талдап,сараптама жазыңыз.
- •49.Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама беріңіз
- •50.Қақпа венасының маңызы және осы жүйені түзетін веналарға сараптама беріңіз.
- •51.Артқы ми бөлімі туралы түсінік беріп,сараптама жасаңыз.
- •52.Вегетативті жүйке жүйесі,қызметі туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •53.Тепе-теңдікті реттейтін мүшеге толық сараптама жазыңыз.
- •54.Орталық жүйке жүйесіне жалпы сараптама жазыңыз.
- •55.Бас ми жүйкелері,олардың табиғаты,тармақтары,иннервация аймағы туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •56.Дәм сезу анализаторларына түсінік беріп,сараптама жасаңыз
- •57.Өкпенің құрылысына сараптама жасаңыз
- •58.Қан айналым шеңберлеріне сараптама жасаңыз
- •59.Мишық.Құрылысы мен қызметіне сараптама жасаңыз
- •60.Сопақша мидың құрылысы мен қызметін талдап,сараптама жасаңыз
18.Үлкен қан айналу шеңберінің веналарына толық түсінік беріңіз және синтез жасаңыз.
Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында үздіксіз жүріп отырады.
Адам мен жануарлар ұрығының эмбриондық дамуы кезеңінде іштегі нәресте мен жануарлар іштөлі организмдері қан тамырлар жүйесінде бірін-бірі ауыстырып отырып жетілетін екі: сарыуыздық және ұрықжолдастық (плаценталық) қанайналым шеңберлері болады.
19.Қол басы және аяқ басы құрылысына салыстырмалы түрде синтез жасаңыз.
Қол басы (manus -кись ).Әр алуан еңбек процестерін атқаруға байланысты пайда болған қол басының құрылыс ерекшеліктері эволюция процесі кезінде пайда болған.Саусақтардың қозғалғыштығына байланысты , олардың фалангалары аяқ басыныңкіне қарағанда ұзын және жеңіл.Бас бармақтың қоспа – алақан буынының аймағында оның бүгуін және қалған саусақтарға қарама-қарсы орналасуын қамтамасыз ететін ер тәрізді буын пайда болған.Осы ерекшеліктерінің бәрінің әр алуан еңбек процестерінің атқарудағы маңызы зор.Қол басы 3 бөлімнен тұрады: қоспадан , алақаннан және саусақтардың фалангаларынан.Қол басының скилеті 27 сүйектен тұрады.Олардың 40 бұлшық ет қимылға келтіреді.
Қолдың қоспасы (carpus,запятье ).Қоспа сүйектерінің саны 8, өзара байлаушы сіңірлер жүйесімен бекіген 2 қатардан тұрады.Үстіңгі қатарда қайық тәрізді, жарты ай тәрізді, 3 қырлы және бұршақ тәрізді сүйектер орналасқан.Дистальдік қатарды үлкен көп бұрышты, кіші көп бұрышты , басты және қармақ тәрізді сүйектер құрайды.Проксимальдық қатардың 1 ші 3 сүйектері қоспа – кәрі жіліктің буынының құрамына кіреді, ал бұршақ тәрізді сүйек бұған қатыспайды.Адам эволюциясы процесінде оның еңбек әрекетіне байланысты қоспа сүйектері прогрессивті дамыған.Қазіргі кездегі адамда қоспаның сүйектері байланыстырушы сіңірлер мен берік бекіген , осының нәтижесінде олардың қозғалғыштығы кеңіген, бірақ оның есесіне беріктігі артқан.Қоспа сүйектерінің біріне тиген соққы қалған сүйектеріне бірдей таралып , қарқыны кемиді, сондықтан қоспа сүйектерінің сынуы сирек кездеседі.
Алақан(metacarpus, пясть ). 5 қысқа сүйектен тұрады.Бұлардың әрқайсысының денесін және 2 ұшын ажыратады.Алақан сүйектерінің бәрі , бас бармақтыкінен басқалары , бір жазықтықта орналасқан.Бірінші алақан сүйектің негізінде ер тәрізді буын беті болады.Бас бармақтың негізіндегі ер тәрізді буын оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді.
Саусақтардың сүйектері.Саусақтардың скилеті фалангалардан тұрады.Бас бармақ 2 фалангадан , ал қалған саусақтар 3 фалангадан.Әрбір фаланганың негізін, денесін және басын ажыратады.
Аяқ басының сүйектері.Аяқ басы тілерсектен , табан сүйектерінен және башпайлардан тұрады. Аяқ басы тірек және кеңістікте қозғалу қызметін атқаратын болғандықтан қол басына қарағанда оның қимылы кем және мықтылығы жоғары.Тілерсек 2 қатар болып орналасқан 7 қысқа сүйектерден тұрады.Проксимальдық қатарда асық сүйек пен өкше сүйек , дистальдық қатарда куб тәрізді , қайық тәрізді және 3 сына тәрізді сүйектер орналасқан. Асық сүйек сирақтың сүйектерімен бірігіп сирақ аяқ басы буынын құрайды.Асық сүйектің астында тілерсектің ең үлкен сүйегі – өкше сүйек орналасқан.Өкше сүйектің алдыңғы жағында куб тәрізді сүйек жатады.Тілерсек сүйектерінің дистальдық бөлігі табан сүйектерімен буындасқан.Аяқ басының табан бөлігі 5 сүйектен тұрады. Табан сүйектерінің әрқайсының негізін , денесін және басын ажыратуға болады. Өздерінің негізі арқылы тілерсек сүйектерімен , ал бастары арқылы башпайлардың негізгі фалангаларымен буындасады.Аяқтың башпайлары қолдың саусақтары сияқты 3 фалангадан бақайшақтан , үлкен башпай 2 фалангадан тұрады.Адам аяғының үлкен башпайы тік жүруге байланысты қалған башпайларға қарама- қарсы орналасу қабілетінен айырылған және жетілген жамбас белдеуі сияқты аяқ басының құрылысы күмбез тәрізді.Күмбездің нәтижесінде аяқ басының тірек нүкиесі өкше сүйегі мен табан сүйектерінің бастары болып есептелінеді.
