Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

8. .Жұлынның ішкі құрылысының сызбасын сызып,түсіндіріңіз.

Жұлын (medulla spіnalіs) – адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Ересек адамда Жұлынның ұзындығы 41 – 45 см-дей, салмағы 26 – 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста Жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы “Н” әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлынның ішкі құрылысы. Жұлын сұр мен ақ заттардан глиоциттерден, дәнекер ткандерден түзілген қабатшалардан тұрады. Сұр зат жұлынның ішінде орналасады, ақ зат оны жан-жағынан қоршайды. Жұлын бойында 1 вентральды саңылау және 1 дорсальды мен 2 дорсолатеральды, 2 вентролатеральды жүйелер бар; олар арқылы жұлын екі симметриялы жартығы бөлінеді. Сұр заттың ұзынынан жоғарыдан төмен қарай тебетін 2 дорсальды, 2 вентральды және белгілі аймақтарда бағандарын ажыратады. Жұлынды көлденең кесіп зерттесек, оның сұр заты мүйіз тәрізді болып кееді, оны үш түрге бөледі: дорсальды (артқы) мүйіз;вентральды (алдыңғы) мүйіз;латеральды (бүйір) мүйіз (тек қана жұлынның төменгі мойы, барлық көкірек және жоғарғы бел сегменттерінде болады). Сұр заттың екі жартыы бір-бірімен көлденең орналасқан жалғама арқылы байланасады, оның ішінде сұйықтыққа толы аймағы кеңейген жұлын орталық өзегі – канал орналасады. Каналдан каудальдік – шеткі қарынша болып саналады. Жұлынның сұр заты нейрондардың денесі мен дендриттерден түзіледі; сол нейрондар тор пішінді – «ретикулярдік формация» деген құрылым және нейрондардың топтасқан пішінді – «ядролық орталығы» (ядро) деген құрылым ретінде болады. Сұр заттың ядролары бірнеше: мысалы, артқы мүйізде орналасқан:а) меншікті ядро;б) көкірек ядросы; алдыңғы мүйізегі:а) медиальды және латеральды қозғалыс ядролары;б) бүйір мүйіздің құрамындағы вегетативты ядролар.Жұлының ақ заты нерв талшықтардан түзіледі; ақ заттың бөлшектерін 3 түрге бөледі:дорсальді (артқы) арқанша;вентральды (алдыңғы) арқанша;бүйір арқанша.Бұл арқаншалардің құрамында 3 түрлі талшықтар орналасады:меншікті шоғырлар (қысқа талшықтар);ми бөліктерінің үстіне қарай бағытталған шоғырлар (ұзын талшықтар);ми жақтан төмен жұлынға бағытталған шоғырлар (ұзын талшықтар).2 және 3 ми бөліктерімен танысқаннан кейін білесіздер.Жұлын филогенездік ескілеу құрылыс ерешелігін, яғни сегменттілікті сақтайды. Жұлында 31 сегмент бар; оларды 8 мойын, 12 көкірек, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 құйымшақ сегменті деп бөледі. Әрбір сегменттен 1 жұп нервтер шығады. Сегменттік аппаратты сыртқы және ішкі тітіркендірулерге жауап реакцияларды, басқаша айтқанда, туа пайда болған реакцияларды іске асырады. Осы реакция рефлекс доғалары арқылы өтеді.Қызметі: 1) Рефлекторлық функция. Ж.. – қарапайым рефлекстік реакциялардың орталығы, оның нейрондарында олардың рефлекс доғасы тұйықталады.Кеңістіктегі дене қалпын сақтауға бағытталған рефлекстер, зәр шығару рефлексі, жыныс рефлекстерінің доғасы жұлынның қызметімен байланысты.2) Өткізгіштік функция. Адам жұлынының қызметі ОНЖ-нің жоғарыда жатқан бөлімдерінің ықпалына тәуелді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]