Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

12.Барлық қол және аяқ сүйектері өзінің даму барысында шеміршек кезеңінен өтеді ме?Түсіндіріңіз.

Сүйектердің шеміршектік ткандар арқылы байланыстары, articulationes cartilagineae seu synchondroses, ол өсіресе балалар мен жас өспірімдердің қаңқаларында кең көлемде кездеседі. Мысалы: түтіктәрізді сүйектің денесі мен эпифиз аралығында, омыртқа денелері мен сегізкөз омыртқаларының аралығында, сүйектердің буын беттерінде т.б. жерлерде орналас­қан. Сүйек аралық мұндай байланыстар өзінің беріктілігімен, аз қозғалғыштығымен және терең қабатында орналасқан эластикалық ткандардың әсерінен серпімділігімен сипатталынады. Сонымен қатар, буында байқалатын қозғалыстың көлемі, буын аралығында орналасқан шемір-шектік тканның тығыздығына және қүрылымы-на байланысты. Сүйек аралық шеміршектің жас ерекшеліктеріне байланысты, тұрақты және тұрақсыз болып екі топқа бөлінеді. Егер сүйек аралық шеміршек өмір бойы сақталып келсе, мұндай шеміршекті байланыстарды тұрақты шеміршекті байланыс деп атайды. Мысалға: шеміршекті буын беттері кейбір мойын, кеуде, беломыртқа-ларының денелері мен төс сүйегі және төс бөліктері аралығындағы шеміршектік байланыстары,т.б.Егер сүйек аралық шеміршектік байланыстар, белгілі уақытқа дейін сақталып келсе, мұндай шеміршектік байланыстар тұрақсыз шеміршекті байланыстар деп аталады.Мысалға: сегізкөз омыртқаларының аралық дискілерінің сүйектік тканға айналып, дара сегізкөз сүйегін құрауы және жамбас сүйектерінің аралық ше-міршектерін мысалға келтіруге болады.

13.Үлкен қан айналым шеңберінің артериялық тамырларын талдаңыз.

Үлкен қан айналым шеңберінің артериялық тамырларын талдаңыз Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқаратын жүрек пен қан тамырлары — артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар) және капиллярлар (қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды — веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады.Барлық омырқалыларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Ол үлкен (жүйелік) және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен түрады.Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңберідеп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырларға — артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні Ұлпалар береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір қышқылгазды сіңіріп, вена қанына айналады.Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Қанның қантамырлармен қозғалуы. Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі.

Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия ұантамырларына жеткізіледі. Қан қсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады.Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.

Үлкен қанайналым шеңбері —> жүректің сол жақ қарыншасынан басталып —> дене жасушаларына қан таратады —> жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен қанайналу шеңбері деп аталу себебі - қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]