Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

55.Бас ми жүйкелері,олардың табиғаты,тармақтары,иннервация аймағы туралы жалпы сараптама жасаңыз.

Ми жүйкелері (черепномозговые нервы) — 12 жүп болып мидың төменгі (адамда — алдыңғы) бетінен, бассүйектің тесіктері арқылы ми сауытынан шығады. Олардың 10 жүбы (III-XII жүйкелер) ми діңгегінен бөлінеді. Ми жүйкелері қатарында: 1) организмнің шеткі жағынан басталып, түзілген жүйке тітіркенстерін ми орталықтарына өткізетін таза сезімтал ми жүйкелері (I жүп, иіс жүйкесі - nn. olfactorii — мұрын қуысындағы иіс сезімі мүшесіндегі нейроциттер аксондарынан түзіліп, иіс баданасында аяқталады; II жүп, көру жүйкесі — п. opticus — көздің торлы қабығының ганглионды нейроциттері аксондарынан түзіліп, аралық миға енеді; VIII жүп, тепетеңдік-есту жүйкесі — п. vestibulo-cochlearis — ішкі құлақтан басталады, есту және тепетеңцік түбіршіктердің қосылуынан түзіледі, сопақша ми ядроларында аяқталады), 2) жүйке тітіркеністерін ми орталықтарынан шеттегі бұлшықеттерге жеткізетін таза қозғалтқыш ми жүйкелері (III жүп, көзқимыл жүйкесі — п. oculomotoricus — ортаңғы мидың үлкен ми аяқшасынан шығып, көздің тік және қиғаш бұлшықеттері мен қабақтың бұлшықеттерін жүйкелендіреді; IV жүп, шығырлық жүйке — п. trochlearis — ортаңғы мидың үлкен ми аяқшасы мен ми көпірі аралығынан басталып, көздің жоғарғы қиғаш бұлшықетін жүйкелендіреді; VI жүп, әкеткіш жүйке - п. abducens — сопақша мидан шығып, көздің латеральды тік және көз алмасын тартқыш бұлшыкеттерін жүйкелендіреді; XI жүп, қосымша жүйкеп. accessorius — сопақша мидан шығып, трапеция тәрізді, иық-бас және төс-бас бұлшықеттерін жүйкелендіреді; XII жүп, тіласты жүйкесі - п. hypoglossus — сопақша мидан шығып, тіласты сүйектің бұлшықеттерін жүйкелендіреді) және 3) аралас ми жүйкелері (V жүп, үшкіл жүйке - п. trigeminus — жоғарғы (адамда - артқы) сезімтал және төменгі (адамда — алдыңғы) қозғалтқыш түбіршіктердің қосылуынан түзіледі, өз кезегінде: көздік, жоғарғыжақ және төменгіжақ жүйкелерге бөлінеді; VII жүп, бет жүйкесі - п. facialis — сопақша мидан шығып, қозғалтқыш жүйке талшықтары — бет бұлшықеттерін, сезімтал жүйке талшықтары тілдің үшы мен денесіндегі дәмсезімі емізікшелерін жүйкелендіреді, жүйке қүрамында сілекей бездеріне арналған парасимпатикалық жүйке талшықтары болады; IX жүп, тіл-жұтқыншақ жүйкесі — п. glossopharyngeu — сопақша мидан шығады, қозғалтқыш жүйке талшықтары жұтқыншақ қабырғасындағы бұлшықетті, ал сезімтал жүйке талшықтары тіл түбірі кілегейлі қабығындағы дәмсезімі емізікшелерін, тандай мен жұтқыншақ кілегейлі қабықтарын, жүйке құрамындағы парасимпатикалық жүйке талшық- тары шықшыт және ауыз қуысы қабырғалық сілекей бездерін жүйкелендіреді.

56.Дәм сезу анализаторларына түсінік беріп,сараптама жасаңыз

Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілекейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналаскан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.

Дәм сезу талдағышының қызметі арқылы ауыз қуысына түскен қоректің сапасы, сипаты анықталады. Бұл таддағыштың қабылдаушы бөлігі тіл бүртіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Тіл бүртіктері шатырша, жапырақша және орлы болып болінеді. Осы бүртіктер ішінде эпителиальды құрылым – дәм жуашыгы, орналасады. Дәм жуашығы сопақша пішінді, жуа төрізді болып келеді. Ол бүйірлі, үршық пішіндес дәм жасушаларынан және цилиндр пішінді сүйеніш жасушалардан тұрады да, тілдің көп қабатты эпителийі бойында орналасады. Дәм жасушаларының ұшында майда түктер (кірпікшелер) болады. Дәм жуашығы кілегей қабық беткейінде дәм саңлауы деп аталатын кішкентай тесікпен ашылады.

Дәм сезу мүшесі тамақты оның иісімен бірге қабылдағанда дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді. Тіл ұшы — төтті нөрсеге, орталык-арткы бөлігі — ащы, алдыңғы және бүйір бөліктері тұзды нөрсеге сезімтал. Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді. Тілдің өр түрлі бөліктерінде орналаскан рецепторлардан жүйке талшыктары қозуды мидың белгілі бір бөлігіне өткізеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]