- •1.Омыртқа жотасын түзіп тұрған омыртқаларға салыстырмалы түрде түсіндіріңіз.
- •2.Төменгі жақ сүйегінің құрылысын жоғары жақ сүйекпен салыстырыңыз
- •3. Мойын омыртқаларының құрылысын бел омыртқаларымен салыстыру
- •4.Синхондрозды байланысқан сүйектерге мысал келтір
- •5)Омыртқа жотасының қандай иілімдерін білесіз, және бұл иілімдер қандай жаста пайда болады
- •6 Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
- •8. .Жұлынның ішкі құрылысының сызбасын сызып,түсіндіріңіз.
- •10.Бауыр мен қарын асты бездерінің құрылысына байланысты өтетін ас қорыту және зат алмасу процестеріне тигізетін әсерлерге мысал келтіріп,түсіндіріңіз.
- •13.Үлкен қан айналым шеңберінің артериялық тамырларын талдаңыз.
- •12.Барлық қол және аяқ сүйектері өзінің даму барысында шеміршек кезеңінен өтеді ме?Түсіндіріңіз.
- •14.Эндокринді бездердің гипо- және гиперфункциялық жағдайына байланысты пайда болатын ауытқушылықтарға мысал келтіріңіз.
- •15.I,II және VII мойын омыртқалары берілген.Осы мойын омыртқалары қандай жеке ерекшеліктері арқылы ажырататындығын түсіндіріңіз.
- •16.Жастың ұлғаюына байланысты буындардың қимыл қозғалысының төмендеу себептеріне синтез жасаңыз
- •17.Рефлекс доғасының сызбасын сызып,бағалаңыз.
- •18.Үлкен қан айналу шеңберінің веналарына толық түсінік беріңіз және синтез жасаңыз.
- •19.Қол басы және аяқ басы құрылысына салыстырмалы түрде синтез жасаңыз.
- •20.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының(гормондардың) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне синтез жасаңыз
- •21.Есту мүшелерінің құрылысын бағалап,синтез жасаңыз.
- •22.Бүйректің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •23.Нерв жүйесінің дамуы және маңызын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •24.Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •26.Нефронның құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •27.Эндокринді бездерді бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •28.Иіс анализаторлары туралы синтез жасаңыз.
- •29.Арқа бұлшықеттеріне жалпы синтез жасаңыз
- •34)Ымдау және шайнау бұлшықеттері
- •45.Гипофиздің құрылысын,қызметін талдаңыз.-
- •46.Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімін талдаңыз.
- •47.Ортаңғы ми бөлімін талдап,сараптама жазаңыз.
- •48.Жүйке жүйесінің шеткі бөлімін талдап,сараптама жазыңыз.
- •49.Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама беріңіз
- •50.Қақпа венасының маңызы және осы жүйені түзетін веналарға сараптама беріңіз.
- •51.Артқы ми бөлімі туралы түсінік беріп,сараптама жасаңыз.
- •52.Вегетативті жүйке жүйесі,қызметі туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •53.Тепе-теңдікті реттейтін мүшеге толық сараптама жазыңыз.
- •54.Орталық жүйке жүйесіне жалпы сараптама жазыңыз.
- •55.Бас ми жүйкелері,олардың табиғаты,тармақтары,иннервация аймағы туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •56.Дәм сезу анализаторларына түсінік беріп,сараптама жасаңыз
- •57.Өкпенің құрылысына сараптама жасаңыз
- •58.Қан айналым шеңберлеріне сараптама жасаңыз
- •59.Мишық.Құрылысы мен қызметіне сараптама жасаңыз
- •60.Сопақша мидың құрылысы мен қызметін талдап,сараптама жасаңыз
54.Орталық жүйке жүйесіне жалпы сараптама жазыңыз.
Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.
Жұлын (medulla spіnalіs) – адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Ересек адамда Жұлынның ұзындығы 41 – 45 см-дей, салмағы 26 – 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста Жұлын сұйығы бар.
