Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

14.Эндокринді бездердің гипо- және гиперфункциялық жағдайына байланысты пайда болатын ауытқушылықтарға мысал келтіріңіз.

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);

Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);

Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.

15.I,II және VII мойын омыртқалары берілген.Осы мойын омыртқалары қандай жеке ерекшеліктері арқылы ажырататындығын түсіндіріңіз.

Омыртқа бағанасы, , құрылысы метамерлі және біріне бірі жалғасып, қысқа кеуекті сүйектерге жататын жеке-жеке сүйекті сегменттерден-омыртқалардан, , тұрады. Омыртқа бағанасы дененің тірегі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады, өзінің өзегіндегі жұлынды қорғайды және дене мен бассүйектің қимыл-қозғалысына қатысады. Омыртқа бағанасының қалпы мен пішіні адамның тік жүруіне байланысты болады.

Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың жекелеген бөліктерінің шамасы мен пішіндері әр түрлі, осыған қарай: мойын омыртқалары, кеуде омыртқалары, бел омыртқалары, сегізкөз омыртқалары және құйымшақ омыртқалары деп ажыратады.

Соның ішінде мойын омыртқалары, . Мойын омыртқаларына түсетін жүктемеге сәйкес, олардың денелері де кіші болып келеді. Көлденең өсінділер көлденең өсінді тесіктерінің, , болуымен сипатталады, олар көлденең өсінділердің қабырға қалдығымен,бітісіп-өсуінен пайда болады. Осы тесіктер жиынтығынан пайда болатын өзектер, олардан өтетін омыртқа артериясы мен венасын қорғайды.

I,II және VII мойын омыртқаларының ерекшеліктеріне келетін болсақ, I және II мойын омыртқаладың пішіндері бассүйекпен буындасуына байланысты ерекше болады.

Iмойын омыртқасы-атлант деп аталады. Сақина пішінді келеді, буын өсінділері мен денесінің көп бөлігі болмайды. Олардың орнында латералдық массаларының жоғары және төменгі беттерінде буын шұңқырлары болады. Үстіңгіліері бас сүйекпен буындасу үшін қажет, ал төменгілері II мойын омыртқасымен буындасады.

II мойын омыртқасы Эпистрофей, басқа омыртқалардың барлығынан ауыз омыртқаның денесіне гомологиялы, тіз тәрізді өсіндінің немесе тістің, , болуымен ерекшеленеді.

VII мойын омыртқасында қылқанды өсіндінің ұшы екіге бөлінбеген. VII омыртқада қылқанды өсінді үлкен сондықтан VII мойын омыртқасы шығыңқы деп аталады, оны тірі адамнан сипап білуге болады, оны диагноз қою мақсатында омыртқаларды санау үшін пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]