Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_sessia_udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

27.Эндокринді бездерді бағалаңыз және синтез жасаңыз.

Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді:

1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), эпифиз және тимус жатады.

2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады.

1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.

2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады.

3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады.

4— топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады.

5— топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.

Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән. Олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

28.Иіс анализаторлары туралы синтез жасаңыз.

Анализатор – сыртқы және ішкі ортадан туған тітіркендіргіштерді қабылдап, оған талдау жасайтын күрделі жүйке механизмі.Иіс сезу жолдары құрылысы күрделі болып келеді және мидың көптеген құрылымдарымен байланысты болады. Бұл бас миының эволюциясының ерекшеліктеріне байланысты, алдыңғы ми бастапқы кезде иіс сезу қызметін атқарған. Кейін ақырғы мидың түзуіне қыртыстың дамуына және ақырғы мидың жоғарғы (орталық) және айналуына байланысты ол өзінің орнын ақырғы мидың орталықтарына береді. Иіс сезу - заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткіқысқаөсінділер (15-20 мкм) мен ұзынорталықөсінділердентұрады. Жасушаныңденесісілемейліқабықшағатереңірекеніпжатады. Иіссезужасушаларының шеткіөсінділерініңұшыкеңейіп, жуандап, онда 10-12 үшкіртүктерорналасады. Бұл түктер иістізаттардыңмолекулаларыменөзараәрекеттеседі. Иістізаттардыңмолекулаларымұрынқуысыныңсілемейліқабығыныңбеткіжағындаболады. Бұлмолекулалармұрынныңсілемейліқабығындағыбездерденбөлінетінсұйықтықтаериді. Ерігензаттариіссезутүктері мен оныңжуанұшынтітіркендіреді. Қозуиіссезужүйкесіарқылы ми қыртысыныңмаңдайбөлігіндеболатыниіссезуорталығынаөтеді. Осы орталықтазаттыңиісінсезуталданады. Иіссезумүшесініңрецепторлары тек газ тәріздізаттарғағанатітіркенеді.Иіссезу анализаторы иіссезурецепторларыныңжиынтығынан, иіссезужүйкесінен және иіссезуорталығынан құралады. Тағамныңсапасынайыру, ауадағызияндыгаздардансақтануүшіниіссезудіңмаңызызор.Адамныңиіс анализаторы басқажануарғақарағанданашардамыған.Иіс сезімнің жетілу дәрежесіне сәйкес сүтқоректілер макросматиктер(кемірушілер,жыртқыштар,тұяқтылар),микросматиктер (маймыл,адам),аносматиктер (киттер,құстар) болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]