- •1.Омыртқа жотасын түзіп тұрған омыртқаларға салыстырмалы түрде түсіндіріңіз.
- •2.Төменгі жақ сүйегінің құрылысын жоғары жақ сүйекпен салыстырыңыз
- •3. Мойын омыртқаларының құрылысын бел омыртқаларымен салыстыру
- •4.Синхондрозды байланысқан сүйектерге мысал келтір
- •5)Омыртқа жотасының қандай иілімдерін білесіз, және бұл иілімдер қандай жаста пайда болады
- •6 Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
- •8. .Жұлынның ішкі құрылысының сызбасын сызып,түсіндіріңіз.
- •10.Бауыр мен қарын асты бездерінің құрылысына байланысты өтетін ас қорыту және зат алмасу процестеріне тигізетін әсерлерге мысал келтіріп,түсіндіріңіз.
- •13.Үлкен қан айналым шеңберінің артериялық тамырларын талдаңыз.
- •12.Барлық қол және аяқ сүйектері өзінің даму барысында шеміршек кезеңінен өтеді ме?Түсіндіріңіз.
- •14.Эндокринді бездердің гипо- және гиперфункциялық жағдайына байланысты пайда болатын ауытқушылықтарға мысал келтіріңіз.
- •15.I,II және VII мойын омыртқалары берілген.Осы мойын омыртқалары қандай жеке ерекшеліктері арқылы ажырататындығын түсіндіріңіз.
- •16.Жастың ұлғаюына байланысты буындардың қимыл қозғалысының төмендеу себептеріне синтез жасаңыз
- •17.Рефлекс доғасының сызбасын сызып,бағалаңыз.
- •18.Үлкен қан айналу шеңберінің веналарына толық түсінік беріңіз және синтез жасаңыз.
- •19.Қол басы және аяқ басы құрылысына салыстырмалы түрде синтез жасаңыз.
- •20.Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының(гормондардың) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тигізетін әсерлеріне синтез жасаңыз
- •21.Есту мүшелерінің құрылысын бағалап,синтез жасаңыз.
- •22.Бүйректің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •23.Нерв жүйесінің дамуы және маңызын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •24.Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •25.Вена қан тамырларының құрылысына,ерекшеліктеріне синтез жасаңыз.
- •26.Нефронның құрылысын бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •27.Эндокринді бездерді бағалаңыз және синтез жасаңыз.
- •28.Иіс анализаторлары туралы синтез жасаңыз.
- •29.Арқа бұлшықеттеріне жалпы синтез жасаңыз
- •34)Ымдау және шайнау бұлшықеттері
- •45.Гипофиздің құрылысын,қызметін талдаңыз.-
- •46.Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімін талдаңыз.
- •47.Ортаңғы ми бөлімін талдап,сараптама жазаңыз.
- •48.Жүйке жүйесінің шеткі бөлімін талдап,сараптама жазыңыз.
- •49.Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама беріңіз
- •50.Қақпа венасының маңызы және осы жүйені түзетін веналарға сараптама беріңіз.
- •51.Артқы ми бөлімі туралы түсінік беріп,сараптама жасаңыз.
- •52.Вегетативті жүйке жүйесі,қызметі туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •53.Тепе-теңдікті реттейтін мүшеге толық сараптама жазыңыз.
- •54.Орталық жүйке жүйесіне жалпы сараптама жазыңыз.
- •55.Бас ми жүйкелері,олардың табиғаты,тармақтары,иннервация аймағы туралы жалпы сараптама жасаңыз.
- •56.Дәм сезу анализаторларына түсінік беріп,сараптама жасаңыз
- •57.Өкпенің құрылысына сараптама жасаңыз
- •58.Қан айналым шеңберлеріне сараптама жасаңыз
- •59.Мишық.Құрылысы мен қызметіне сараптама жасаңыз
- •60.Сопақша мидың құрылысы мен қызметін талдап,сараптама жасаңыз
57.Өкпенің құрылысына сараптама жасаңыз
Өкпе (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) – адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршік сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, белок, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады.[1] Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т.б. Өкпе омыртқалылардың эволюциялық даму барысында девон кезеңінде тіршілік еткен сауытты және саусаққанатты балықтарда, ал палеозойда – қостынысты балықтарда пайда болды. Кейбір құйрықты қосмекенділерде (мысалы, өкпесіз саламандрда) өкпе болмайды. Қазіргі кезде тіршілік ететін қостыныстыларда,қосмекенділерде, кейбір бауырымен жорғалаушыларда (гаттерия, жармасқы) газ алмасу жүретін бір бөлікті өкпенің үстіңгі беті дәнекерұлпалы-бұлшықетті перде бөлетін ұяшықтар немесе көпіршік түзілістер есебінен ұлғаяды. Кесірткелер мен жыландардаперделер күрделіленіп ұзарады. Тасбақа, келестерде, негізінен қолтырауындарда күрделіленген перделер көп бөлікті өкпе түзеді. Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтары жүйесі толтырады. Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті, майысқақ, сондықтан оның көлемінің ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа мен тегіс бұлшық еттің дамуына байланысты.
58.Қан айналым шеңберлеріне сараптама жасаңыз
Кіші қанайналым шеңбері
Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады), өкпе, өкпе веналары (бұлармен артерия қаны ағады) арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқьш газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттекпен қанығып, артерия қанына айналады.
Үлкен қанайналым шеңбері
Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында үздіксіз жүріп отырады.
Адам мен жануарлар ұрығының эмбриондық дамуы кезеңінде іштегі нәресте мен жануарлар іштөлі организмдері қан тамырлар жүйесінде бірін-бірі ауыстырып отырып жетілетін екі: сарыуыздық және ұрықжолдастық (плаценталық) қанайналым шеңберлері болады.
Сарыуыздық қанайналым шеңбері
Сарыуыздық қанайналым шеңбері - ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде пайда болып, плацентарлық қанайналым шеңберіне ауысады. Сарыуыздық қан айналым шеңбері негізінен жұп жүрек түтікшелерінің алдыңғы ұшында жетіліп, дорсальдық қолқадан басталады. Одан сарыуыз - шажырқайлық артерия бөлініп, сарыуыз қапшығында капиллярлар торына тармақталады. Бұл тордан вена қанын жинайтын сарыуыз-шажырқайлық вена жүрек түтікшелерінің артқы ұшына ашылады.
Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері
Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері іштөлінің (іштегі нәрестенің жолдасы — ұрықжолдас пайда болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бұл кезенде жүрек түтікшелері төрт бөлімді (камералы) жүрекке айналады. Ұрық организмінде артерия және вена қан тамырлары қалыптаса бастайды. Қан іштегі нәресте (іштөлі) организмінен жұп кіндік артериялары арқылы ұрықжолдасқа жеткізіліп, оның капиллярларында оттегі пен қоректік заттарға қанығып, артерия қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрық денесіне (бауырға) әкелінеді. Бауырдан ағып шыққан артерия қаны артқы дене бөлігінен каудальды (адамда — төменгі) қуыс вена арқылы ағып келген вена қанымен араласып, аралас қанға айналады да, жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Оң жүрекшеден жүрекшеаралық пердедегі сопақша тесік (foramen ovale) арқылы сол жүрекшеге, одан әрі жүрекше-қарын- шалық тесікпен сол қарыншаға, содан соң қолқа арқылы ұрықтың денесіне тарайды. Ұрық организмі бас бөлімінен жиналған вена қаны краниальды (адамда — алдыңғы) қуыс венамен оң жүрекшеге құйылып, одан оң қарыншаға өтеді де, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Ұрық организміндегі өкпелік қан- айналымның қызметке қосылмауына байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға барып құйылады. Туғаннан кейін, нәрестенің (іштөлінің) бірінші рет тыныс алуына байланысты (өкпенің қызметі қалыптасады) плаценталық қанайналымның орнында үлкен және кіші қанайналым шеңберлері қалыптасады.
