- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
Ауыз қуысы шырышты қабық ауруларын диагностикалау үшін патологияның әр түріне тән морфологиялық элементтер маңызды орын алады. Біріншілік және екіншілік зақымдау элементтерін дұрыс нақтылау, олардың гистологиялық маңызын түсіну клиницистке диагноз қоюға көмектеседі.
2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
Зақымдау элементтері |
Клиникалық белгілері |
Ауыз қуысы шырышты қабығындағы патологиялық процесстер. Элементер пайда болуының патогенетикалық механизмі |
Клиникалық мысалдар |
Біріншілік патоморфология-лық элементтер
Дақ (1-2сур.) (пятно)
қабынулы
пигментті
геморрагиялық
Түйінше (2-2 сур.) (узелок)
|
Түстің шектеліп өзгеруі, шырышты қабық бетіне шықпайды.
Ашық-қызыл немесе көгілдір түсті дақ, басқанда жоғалады. Көлемі 1-ден 10-мм-ге дейін (розеола) немесе одан көп (энантема, эритема)
Шырышты қабық бөлігі қара қоңыр түске анық боялған (гиперпигментті дақ)
Шырышты қабық бөлігі қара көк түсті. Дақ қызыл иекке, ұртқа, ерінге, таңдайға таралған.
Шырышты қабықтағы дақ көкшіл қызыл түсті. Нүктелі дақ (петехия), диаметрі 1 см-ге дейінгі дақ (пурпура)
Жайылып қан құйылу (экхимозы)
Ақшыл немесе жылтырлаған шырышты қабық үстіне көтерілмейтін (1мм- ге дейінгі) түзіліс, шұқып қырғанда алынбайды, папулалардың қосылуының нәтижесінде ірі жалпақ білем пайда болады.
Көлемі 5 мм-ге дейінгі шырышты қабығының іркіліп гиперемияланған бөлігінің негізінде ауырмайтын, шекарасы анық, үлкен емес инфильтрат бар. Қабынудың дамуына қарай ақшыл сұр түске енеді. Тығыз, тар гиперемияланған тәжбен қоршалған, қырғанда үстіңгі қабаты алынады да, қызыл етті эрозия пайда болады.
|
Жедел қабыну- ауыз қуысы шырышты қабығында микроциркуляторлық арна тамырларының кеңеюі
Эпителийдің базальды қабат жасушаларында меланиннің көп түзілуі
Шырышты қабықтың меншікті табақшасында,коллаген талшықтарында, қан тамыр айналасында ауыр металл тұздарының қара түйіршіктері түзіледі.
Қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі жоғарылау нәтижесінде, қан ұю жүйесі өзгеріп шырышты қабықтың меншікті табақшасына қанның форменді элементтерінің шығуы
Шырыш асты қабатта, шырышты қабықтың меншікті табақшасында тамырлардың жарылуы, қан элементтерінің тінге шығуы
Шырышты қабықтың меншікті табақшасының жоғарғы бөлігіндегі созылмалы қабыну процесі эпителиальды қабаттың қалыңдауымен (акантоз), мүйізденудің күшеюімен (гиперкератоз) жүреді.
Шырышты қабықтың меншікті табақшасының жоғарғы бөлігінде орналасқан арнайы қабыну инфильтраты. Жиналған экссудат жамылғы эпителийге сіңеді де, соның әсерінен папула беті ақшыл сұр түске еніп, некроздалады.
|
Шырышты қабықты бұзбайтын жарақат, ауыз қуысы шырышты қабығының жедел қабынулы аурулары (көп түрлі экссудативті эритема, аллергиялық стоматит)
Туа пайда болған дақ.. Қара торы және қара терілі адамдардың қызыл иегінде және шырышты қабығының басқа да бөліктеріндегі табиғи боялу.
Қорғасынмен, висмутпен, сынаппен улану
Қан арулары (жедел лейкоз, тромбоцитопения және басқалары)
Жедел жарақат
Жалпақ теміреткі, лейкоплакия
Екіншілік мерез
|
2-1сурет 2-2сурет
Төмпешік (2-3 сур.) (бугорок)
Түйін (2-4сур.) (узел)
|
Шырышты қабықтың үстіне көтерілетін тығыз, анық бөлінген түзіліс, қызыл сары (туберкулезді жегі) немес қызыл сұр (төмпешікті сифилид) түсті, көлемі 5 мм-ге дейінгі
Ірі тығыз түзіліс, шырыш асты қабығында орналасқанда шырышты қабығының үстіне көтеріліп шығады. Шырышты қабығының түсі өзгермеуі мүмкін немесе іркілген қызыл түсті болады. |
Қабынудың шектелген өнімді ошағы (инфекциялы гранулема). Инфильтрат шырышты қабығының барлық қабатын қамтып, тез арада ыдырайды да, соңынан тыртық пайда болады.
Шырышасты қабығында арнайы қабыну инфильтраты. Некрозға ұшырап, соңы тыртықталады.
|
Туберкулезді жегі, төмпешікті сифилид
Сифилистік гумма
|
2-3 сурет 2-4 сурет
Күлдіреуік (2-5сур.) (волдырь)
|
Теріден көтерілетін қызыл түсті, ортасында ақ қышитын түзілісі бар. Азғана уақыт тұрады, шырышты қабықта көпіршікке айналады |
Терінің бүртікті қабатының жедел шектелген ісінуі (немес шырышты қабығының меншікті табақшасының) |
Аллергиялық аурулар (есекжем)
|
2-5- Сурет 2-6-Сурет
Көпіршік (2-6сур.) (пузырек)
Эпителий асты үлкен көпіршігі (2-7-сур.)
Үлкен көпіршік (2-8 сур.) (пузырь)
|
Терінің бетіне сәл көтерілетін түзіліс. Сірлі немесе геморрагиялық сұйықтығы бар, тез жарылады. Шырышты қабықта тез бұзылады және үнемі дөңгелек пішінді ұсақ эрозия тәрізді болады.
Шырышты қабығының үстіне көтеріледі, беті тығыз, сірлі немесе геморрагиялық сұйықтығы болуы мүмкін
Ауыз қуысында тез жарылады, үлкен көпіршік бетінің қырлары үзілген эрозия түрінде көрінеді. Эрозия шетіндегі көзге көрінбейтін сау шырыш қабықты тартқанда шырыш қабық беті алынады, бұл - Никольский симптомы. |
Эпителийдің тікенекті қабаты жасушаларының арасында экссудаттың жиналуы (спонгиоз), жасушалар арасындағы байланыстың бұзылып, эпителий ішінде қуыстың пайда болуы. Бір мезгілде сұйықтық базальды және тікенекті қабаттар жасушаларының ішінде жиналады (вакуольды дистрофия), жасушалар бұзылады, олардың ядролары гигантты жасушада бірігеді, түрі шар немесе баллон тәрізді болады (баллон тәрізді дегенерация)
Спонгиоз, вакуольды дистрофия эпителий астына сұйықтық жинап, базальды мембрана талшықтарының бұзылуына мүмкіндік жасайды.
Иммунды механизм бұзылуы тікенекті жасушалардың жасуша аралық байланысының жойылуына әкеледі (акантолиз). Эпителийдің тікенекті қабатының ішінде қуыс пайда болады.
|
Қарапайым ұшық, белдемелі теміреткі, аусыл, желшешек
Көптүрлі экссудативті эритема, аконтолитикалық емес күлдіреуік-ше (пузырчатка) күлдір қантамырлы синдром
Вульгарлы күлдіреуікше |
2-7- сурет 2-8-сурет
2-9-сурет 2-10-сурет
Іріңдік (2-9 сур.) (гнойничок)
Ұра (2-10 сур.) (киста)
Абсцесс (2-11сур.)
|
Терінің бетіне сәл көтеріліп шығатын, іріңді сұйықтығы бар көпіршік
Ауыздың шырышты қабығының бетіне көтеріліп шығады, мөлдір сұйықтығы бар
Сілекей асты қабығында орналасқанда шырышты қабық үстіне көтеріледі. Шырышты қабық өзгеруі мүмкін. Шекарасы айқын анықталады. |
Спонгиоз, вакуольды дистрофия, баллонды дегенерация одан кейін лейкоциттер мен макрофагтардың миграциясымен жүретін экссудаттың іріңді флорамен (стафилакокк немесе стрептококк) инфекциялануы
Сұйықтықтың жиналуына әкеліп соғатын ұсақ сілекей бездерінің шығару түтіктерінің бітелуі. Ішінде эпителийлі төселім бар дөңгелек пішінді түзіліс пайда болады.
Қуыс пайда бола жүретін тіндердің іріңді қабынуы |
Тері мен еріннің қызыл жиегінде желшешек пен созылмалы қайталанбалы ұшық кезінде пайда болады.
Ұсақ сілекей бездерінің ретенциялы ұрасы
Пародонтальды абсцесс
|
Екіншілік патоморфологиялық элементтер
Эрозия( 2-12сур.)
|
Эпителийдің беткейлік ақауы
|
Жарақат кезіндегі (экскориация, сызат) көпіршіктің, үлкен көпіршіктің жамылғысы жарылғанда пайда болады
|
Ұшық тәрізді стоматит, көптүрлі экссудативті эритема, аллергиялық стоматит, жалпақ теміреткі, жарақат |
2-11- сурет 2-12-сурет
2-13-сурет 2-14- сурет
Афта (2-13 сур.)
Ойық жара (2-14сур.)
Сызат (2-15сур.) (трещина)
Қабық (2-16сур.) (корка )
|
Ауыздың шырышты қабығының беткейлік ақауы, контуры анық, дөңгеленген, жиегі ашық қызыл түсті, көлемі 7мм- ге дейінгі, фиброзды қақпен жабылған
Ауыздың шырышты қабығының терең ақауы
Ауыз қуысы шырышты қабығының сызықты ақауы
Тері мен ерін қызыл жиегінің ашық жерінде пайда болады, сары, сұрғылт түсті |
Беткейлік эпителий бұзылысы мен ауыз қуысы шырышты қабығының меншікті табақшасының қабынулы инфильтрациясымен жүретін жедел альтеративті қабыну
Эпителийдің және одан төмен жатқан тіндердің (көбінесе меншікті шырышты, шырыш асты қабаттардың) бұзылуы, қабыну инфильтрациясы.Ісіктердің немесе арнайы гранулеманың ыдырауы
Тіндер инфильтрациясы. Эластикалығы мен серпінділігін жоғалтады. Тіндерді созғанда эпителий барлық тереңдігінде және одан төмен жатқан шырышты қабығының қабаттары (меншікті, шырышасты) бұзылады
Кепкен көпіршік экссудаты немесе кепкен эрозия мен ойық жарадан бөлінген сұйықтығы. Түсі экссудаттың сипатына (қанды қабыршақ) немесе микробпен инфекциялануына (стафилакоккты инфекция кезіндегі «бал» түсті қабыршақ) байланысты. |
Созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит
Жарақат, рак, туберкулез, мерез
Еріннің созылмалы сызаттары
Ерінде көп түрлі экссудативті эритема кезінде, еріннің созылмалы сызатында, вирусты зақымдануларда және басқаларында
|
2-15-сурет 2-16-сурет
2-17-сурет
Қақ (2-17сур.)
Тыртық (2-18, 2-19 суреттер)
|
Шырышты қабығының бетінде ақшыл түстен қара қоңыр түске дейін қабаттану. Қырғанда алынады.
Эрозия, афта беттеріндегі фиброзды қақ
Оыйқ жара бетіндегі некроздалған қақ
Шырышты қабығының үстіне көтеріліп шығатын (келоидты немесе гипертрофиялық тыртық) (2-18суретті қара) немесе терең ақаудың жазылған орнына түсіп кететін (атрофиялық тыртық) (2-19сретті қара) түзіліс |
Микроорганизмдердің, шырыштың, эпителийдің түлеген жасушаларының жиынтығы. Қақтың түсі пигмент түзетін микроорганизмдердің қатысуына, тамақ өнімдерінің бояуына ,дәрілік заттарға байланысты
Фибринге айналатын фибриногенге бай экссудат түзе жүретін альтеративті қабыну. Фибрин репаративті тін түзетін негіз болып табылады.
Тіндердің ыдырауы, әсіресе жиі анаэробты флорамен инфекцияланғанда.
Меншікті табақшаға, шырышасты, бұлшықетті қабаттарға енетін терең ақаулардың орнын дөрекі фиброзды тін басады. Тыртықты жабатын эпителий жұқарады. |
Кандидоз, өңез басқан тіл
Көптүрлі экссудативті эритема, созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит, аллергиялық стоматит
Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
Ауыз қуысы шырышты қабығының терең ойық жарасының жазылуы, Сеттон афтасы
|
2-18-сурет 2-19-сурет
2-20-сурет 2-21-сурет
Қабыршық (2-20сур.) (чешуйка)
Вегетация (2-21сур) |
Шырышты қабығының немесе еріннің қызыл жиегінің қабыршақталған беті
Төмпешікті жұмсақ өсінді, олардың беті қызыл түсті, эрозияланған, сірлі немесе іріңді экссудаты бар
|
Эпителиальды жасушалардың толық емес мүйізденуі(паракератоз). Жасушалар жұқа табақша тәрізді тез алынады да еріннің бетіне жиналады.
Бір мезгілде тері бүртіктерінің өсуі мен эпителийдің тікенекті қабатының қалыңдауы |
Эксфолиативті хейлит (құрғақ) түрі), метерологиялық хейлит
Мерез кезіндегі эрозиялар, папулалар
|
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Профилактикалық қарау кезінде Кениядан келген студенттің жоғарғы және төменгі жақтарының альвеолярлы қызыл жиегінде көкшіл қоңыр түсті түзіліс анықталған. Зақымдау элементтері шырышты қабығының бетінен көтерілмейді, пальпацияда ауырмайды.
Қандай зақымдау элементі, неден пайда болған?
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
55 жастағы науқас әйел 2 күн бұрын пайда болған жұмсақ таңдайдағы ауыратын түзіліске шағымданады. Ауыз қуысындағы өзгерісті жалпы нашар көңіл күйімен,бас ауыруымен, артериальды қысымның көтерілуімен байланыстырады. Жұмасақ таңдайдың шырышты қабығында эпителий шетінің үзігі бар дөңгелек пішінді эрозия анықталған.
Эрозия пайда болуын қандай біріншілік морфологиялық элемент тудырады және оның пайда болу механизмі қандай?
ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Түйінше зақымданудың біріншілік морфологиялық элементі:
жалпақ теміреткіде;
қарапайым ұшықта;
көптүрлі экссудативті эритемада;
созылмалы қайталанбалы афтозды стоматитте.
2. Диаметрі 1см жуық, ақшыл түсті, ауырмайды, шырышты қабығының бетіне көтеріліп шығатын, негізінде тығыз инфильтрат бар папула тән:
жалпақ теміреткіге;
лейкоплакияға;
мерезге;
көптүрлі экссудативті эритемаға;
3. Дақ афтаға айналады:
көптүрлі экссудативті эритемада;
жалпақ теміреткіде;
қарапайым ұшықта;
созылмалы қайталанбалы афтозды стоматитте.
5. Мүйізгектенетін зақымдау элементтері тән:
күлдіреуікше мен қарапайым ұшыққа;
созылмалы афтозды стоматит пен созылмалы қайталанбалы ұшыққа;
лейкоплакия мен жалпақ теміреткіге.
6. Жасуша аралық байланыстың жойылуымен жүретін эпителийдің тікенекті қабаты жасушаларының дегенеративті өзгерісінің аталуы:
спонгиоз;
акантоз;
акантолиз;
паракератоз.
7. Ауыз қуысы шырышты қабығының сызықты ақауы бұл:
афта;
ойық жара;
эрозия;
сызат.
8. Петехия мен экхимоздың пайда болуы:
қан құйылудан;
пигментациядан;
мүйізденуден.
9. Жедел псевдомембранозды кандидозда дамиды:
қақ;
қабыршық;
қабық.
10. Зақымданудың біріншілік элементтері:
эрозия, ойық жара, экхимоз, сызат;
төмпешік, түйінше, көпіршік, пустула;
тыртық, қабыршық, қабық, абсцесс.
11. Ауыз қуысы шырышты қабығындағы папулалар қосылып сурет түзеді:
лейкоплакияда;
ұшықта;
қызыл жегіде;
жалпақ теміреткіде.
Дұрыс жауаптары:
1-1. 2-3. 3-4. 4-3. 5-3. 6-4. 7-1. 8-1. 9-2. 10-4.
3- БӨЛІМ
АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ЖАРАҚАТТЫ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ
Ауыз қуысы шырышты қабығына үнемі әртүрлі зақымдайтын факторлар әсер етеді. Шырышты қабықта күшті тітіркендіргіштердің әсерінен әртүрлі өзгерістер пайда болады. Механикалық, химиялық, физикалық, аралас жарақаттар деп бөледі. Жарақатты зақымданулардың клтникалық белгілері зақымдаушы агенттің күшіне, әсер ету ұзақтығына, жергілікті жағдайға, микробиоциноз жағдайына, организмнің жалпы реактивтілігіне байланысты
