- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
7.1. Жалпақ теміреткі
Жалпақ теміреткі – шырышты қабықтарда және теріде папулалар бөртіп шығатын созылмалы полиэтиологиялық ауру (7-1-7-3-суреттер), барлық жастағы топтарда кездеседі, бірақ 40-тан 60 жасқа дейінгі әйелдер жиірек ауырады.
Ауыздың және еріннің шырышты қабығының жалпақ теміреткісінің 6 клиникалық түрі бар: типті, экссудативті-гиперемиялық, эрозия-жаралық, буллезді, гиперкератотика-лық және атипті.
Типті түрі (7-4-сурет) өзгермеген шырышты қабықты сұршыл түсті ұсақ папулалармен көрінеді, олар өз арасында сурет, сызық, тор болып тоғысады. Науқастар ауыз қуысы шырышты қабығының кедір-бұдырлығына, тұтасқандығына шағым білдіреді. Көбінесе шағымдар болмайды.
Экссудативті-гиперемиялық түрі (7-5-сурет) – ауыруды сезінуі айқындалған, ісінген, қызарған Шырышты қабығындағы жеке және сурет болып тоғысатын папулалар.
7-1-сурет – Жалпақ теміреткі кезінде төменгі еріннің қызыл жиегінің зақымдалуы
7-3-сурет – Жалпақ теміреткі кезінде жақтың шырышты қабығының зақымдалуы
7-2-сурет – Жалпақ теміреткі. Қызыл иектің зақымдалуы
7-4-сурет – Жалпақ теміреткінің типті түрі. Төменгі еріннің шырышты қабығындағы папулалар
7-5-сурет – Жалпақ теміреткінің экссудативті-гиперемиялық түрі
7-7-сурет – Жалпақ теміреткі. Тілдің бүйірлік бетіндегі эрозия-жаралық түрі
7-6-сурет – Жақтың шырышты қабығындағы жалпақ теміреткінің эрозия-жаралық түрі
7-8-сурет – Жалпақ теміреткінің буллезді түрі
7-9-сурет – Жалпақ теміреткі. Гиперкератотикалық түрі
Эрозия-жаралық түрі (7-6-7-7-суреттер) – ауыздың қызарған, ісінген шырышты қабыққа, ерінде, тілде жалпақ теміреткінің элементтерімен қатар сирек ауыратын эрозиялар немесе жаралар пайда болады, олардың кескіндері дұрыс емес және фибринозды өңезбен жабылған болады.
Жалпақ теміреткінің эрозия-жаралық түрінің қант диабетімен және гипертония ауруымен үйлесуі Гриншпан синдромы деп аталады.
Буллезді түрі (7-8-сурет) жамылғысы тығыз әр түрлі мөлшерлі субэпителийлі үлкен көпіршіктермен айқындалады. Жарылған үлкен көпіршіктің орнында жылдам жазылатын эрозия қалады, бұл буллезді түрін эрозия-жаралық түрінен ажыратады.
Гиперкератотикалық түрі (7-9-сурет) – типті папулезді бөртпелермен қатар өткір шекаралары бар мүйізгектену ошақтары.
Атипті түрі қызыл иекте жоғарғы еріннің шырышты қабығына өтіп, жоғарғы жақтың алдыңғы тістері аймағындағы қызыл иекте байқалады және анық шекаралары бар іркілістік гиперемиямен айқындалады.
Жалпақ теміреткінің элементтері болар-болмас байқалады, оларды жоюға тырысқанда қанағыштық пайда болады.
Жалпақ теміреткінің клиникалық түрлері бір-біріне ауысуы мүмкін.
ЖАЛПАҚ ТЕМІРЕТКІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру тәртібі |
Айқындалған симптомдар |
Симптомдардың патогенетикалық негізі |
Типті түрі |
||
Сұрау шағымдар
Анамнез бастан кешірген және ілеспелі аурулар
Қарау сыртқы қарау
төменгі жақ ас-ты және иек ас-ты лимфа түйін-дері
еріннің қызыл жиегі
тері жамылғылары
ауыздың шырышты қабығын қарау |
Шағымдар жоқ. Науқас өзі-нің ауруы туралы білмейді. Ауыз қуысының тартылған-дығын сезінуге, ауыз қуы-сындағы ақшыл түзілістерге шағымдар болуы мүмкін
Невроздар, гастриттер, колиттер, бауыр, ұйқы безі аурулары, жүрек-қан тамы-ры және эндокринді жүйе-лер аурулары, дәрілік және химиялық заттарға сезім-талдықтың артуы
Өзгермеген
Өзгерістерсіз, бірақ жеке немесе тоғысқан папулалар болуы мүмкін
Өзгермеген немесе білектің бүгілетін бетінде, кәрі жілік-білезік буындарында, санның ішкі бетінде, сирақ-тың жазылатын бетінде диаметрі 2-3 мм, полиго-нальды пішінді, қызғылт-күлгін түсті, беті жылтыр және ортасында түсетін па-пулалар бар. Папулалар бе-тінде торлы сурет – Уикхем торы болуы мүмкін.
Мөлшері 2 мм дейінгі сұр-шыл-ақ папулалар шілтер, тор, папоротник жапырақ-тары түріндегі таң қаларлық суретке тоғысады және жақтың, еріннің бозғылт-қызғылт шырышты қаба-тында, тілдің ретромоляр аймағында, бүйірлік бетте-рінде орналасады |
Жалпақ теміреткінің пайда болуына бейімдейді. Бүкіл организмнің де, ауыздың Шырышты қабығының да әр түрлі тітіркендіргіштерге төзімділігі төмендейді
Лимфоидты жасушалардың антигенді стимуляциясы жоқ
Эпидермистің бүкіл қабаттарының қалыңдауы, акантоз, аздағангиперке-ратоз және паракератоз. Түйіршікті қабаттың бірқалыпсыз қалыңдауы (гипергранулез). Дерманың жоғарғы бөлігінде папилломатоз, басым көп-шілігінде лимфоциттерден тұратын қабыну инфильтраты. Кейде эпидер-мис пен дерма инфильраты арасында эпидермистің түйіршікті қабатының бірқалыпсыз қалыңдауынан сірнесі бар саңылау тәрізді кеңістіктер орналасады
Эпителий қабығында акантоз, параке-ратоз,гиперкератоз бар. Бүртікті қабатта диффуздық қабыну инфиль-траты, лимфоциттер басым болады |
Экссудативті-гиперемиялық түрі |
||
Сұрау шағымдар
Анамнез
аурудың бұрын-нан бар болуы
Қарау сыртқы қарау: тері жамылғы-лары, жергілікті лимфа түйіндері, еріннің қызыл жиегі
ауыздың шырышты қабығын қарау
|
Ауыздың шырышты қабығының қыруы, қышуы, ашуы, әр түрлі сыртқы тітіркендіргіштер (ащы, ті-тіркендіруші тамақ, дәрілер қабылдау, протездеу және т.б.) әсер еткенде ауыру
Ауыздың шырышты қабығының кедір-бұдырлығы Типті түрінің экссудативті-гиперемиялық түріне ауы-суына мүмкіндік туғыза-тын, кейбір ілеспелі ауру-лардың асқынуы мүмкін
Бірнеше апта, ай
Типті түріндегідей. Еріннің қызыл жиегі зақымдалуы мүмкін.
Жақтың, еріннің, ауыз қуы-сы түбінің қызарған шы-рышты қабығында, тілдің бүйірлік беттерінде мөлше-рі 2 мм дейінгі сұршыл-ақ көптеген папулалар. Папу-лалар жеке болуы мүмкін немесе шілтерді, торды, папоротник жапырақтарын еске салатын таң қаларлық суреттерге тоғысады |
Созылмалы ауру организмнің қорға-ныш қасиеттерін және ауыздың шырышты қабығының төзімділігін төмендетеді. Ауыздың функционал-дық сапасы кем шырышты қабығы антигенді (химиялық, дәрілік, микроб-тық) сорады және сезімталдығы артады. Оның жарақаттарға тұрақты-лығы төмендейді
Мүйізгектенуші папулалар
Науқас субъективті сезімдерді басшы-лыққа алады
Ауыздың шырышты қабығының бай-ланыстырушы-тіндік қабаты ісінген, типті түріне қарағанда қабыну ин-фильтраты айқынырақ. Эпителийдің бүртік аралық өсінділері едәуір ұзар-ған
|
Эрозия-жаралық түрі |
||
Сұрау шағымдар
Анамнез аурудың бұрын-нан бар болуы
бейімдеуші факторлар
эрозиялардың қайталану мерзімділігі
жүргізілетін емдеудің тиімділігі
Қарау сыртқы қарау
төменгі жақ асты және иек асты лимфа түйіндері
тері жамылғы-лары
ауыздың шырышты қабатын қарау
|
Ауыздың шырышты қабығындағы күрт ауыратын бөртпелер (эрозиялар). Ауыздың шырышты қабығының үнемі ауыруы және ашуы сөйлеуді, тамақ ішуді қиындатады
Ауыз қуысында ауыру пайда болған сәттен бастап бірнеше күннен бастап бірнеше жылға дейін
Жүйке күйзелісі жағдайлар, фондық аурулардың асқынуы, дәрі-лер қабылдау, ауыздың шырышты қабығының жарақаттары, протездеу
Анықталмаған, бірнеше ап-тадан бастап бірнеше жылға дейін
Емдеуге қиынға соғады. Нәтижеге бірнеше апта ке-шенді емдеуден кейін бір-тіндеп қол жеткізіледі: ауыздың шырышты қабығының гиперемиясы жоғалады, эрозиялар жазылады (типті түріне ауысу)
Жұмсақ, қозғалмалы, бір-шама үлкейген болуы мүмкін
Терінің өзгерістері жоғары-да сипатталған
Ауыздың шырышты қаба-тында дұрыс емес пішінді қызарған фонда күрт ауыра-тын әр түрлі мөлшерлі эро-зиялар, жалпақ теміреткіге тән папулезді сурет (шілтер, тор және т.б.) фонында фибринозды өңезбен жа-былған нүктелік эрозиядан ауқымды эрозияға дейін |
Эпителий тұтастығы бұзылған. Шырышты қабығының өзінде қабыну экссудаты; қабыну медиаторлары, токсиндер, химиялық факторлар ауыздың шырышты қабығының нерв талшықтарын тітіркендіреді
Ұзақ жүреді, типті, экссудативті-гиперемиялық және басқа түрлердің асқынуы ретінде үдейді, кейде қатерлі іскке айналады
Организмнің қорғаныш қасиеттері нашарлайды, ауыздың шырышты қабығының жарақаттарға төзімділігі және оның регенеративті қабілеттері төмендейді
Организмнің жалпы жағдайына, ілес-пелі аурулардың емделуіне, итерме-леуші факторлардың әсеріне, жүргізі-летін емдеуге байланысты
Патогенетикалық терапияның, ілеспе-лі ауруларды емдеудің әдістері мен құралдарын дұрыс таңдағанда емдеу тиімді болады
Лимфа түйінінің парақыртысты немесе қыртысты аймағы елеулі үлкейген
Қабыну экссудатында фибрин, лимфо-циттер, плазмоциттер басым. Эпите-лийдің базальды қабатының вакуоль-ды дистрофиясы. Эпителий қабығында акантолиз, гиперкератоз, гранулез. Эпителий жамылғысы тұтастығының бұзылуы. Шырышты қабығының байла-ныстырушы-тіндік қабаты ісінген, ка-пиллярлары кеңейген, қабыну инфиль-траты күрт айқындалған, эпителийдің бүртік аралық өсінділері ұзарған |
Буллезді түрі |
||
Сұрау шағымдар
Анамнез
сыртқы қарау
ауыздың шырышты қабатын қарау
|
Үлкен көпіршіктер түзілуі. Шырышты қабықтың тамақ ішкенде күшейетін ауыр-сынғыштығы
Аурудың басқа түрлеріне ұқсас
Терінің жоғарыда сипаттал-ған көріністері болуы мүмкін
Түсі өзгермеген немесе шырышты қабығы қызарған. Ішінде бұлдыр немесе ге-моррагиялық сұйықтық бар, диаметрі 5 мм-ден 20 мм-ге дейінгі үлкен көпіршіктер. Көпте-ген папулалар өзіне тән суретті (шілтер, папоротник жапырағы және т.б.) түзеді |
Үлкен көпіршік жамылғысының үзілуі салда-рынан эпителий тұтастығының бұзы-луы. Қабыну экссудаты, механикалық және химиялық факторлар ауыздың шырышты қабығының нерв талшықтарын тітіркендіреді
Экссудат (үлкен көпіршіктің ішіндегісі) эпи-телий ішінде орналасады. Шырышты қабығының өзінде дөңгелек жасушалы инфильтрация айқындалған. Капиллярлар кеңейген. Эритроциттер диапедезі үлкен көпіршіктің ішіндегісін қанды етеді. Эпителийде бірқалыпсыз акантоз, паракератоз, эпителийдің базальды қабатының вакуольды дистрофиясы. Базальды мембрана инфильтратпен бұзылуы мүмкін |
Гиперкератотикалық түрі |
||
Сұрау шағымдар
Анамнез
аурудың бұрын-нан бар болуы
бейімдеуші факторлар
Қарау сыртқы қарау және тері жа-мылғыларының күйі
ауыздың шырышты қабатын қарау
|
Ауыздың шырышты қабығының кедір-бұдырлығы, ерекше түрі
Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдікті көп қолда-ну) және ауыздың шырыш-ты қабатының созылмалы жарақаттары
Бірнеше ай, жыл
Жүйке күйзелісі, созылмалы механи-калық жарақат, протездеу, зиянды әдеттер, шылым шегу, алкоголь
Типті тері көріністері болуы мүмкін
Өзіне тән папулезді эле-менттер (шілтерлер, папо-ротник жапырағы түрінде) фонында пішіні мен нақты шекаралары бар кескіндері әр түрлі гиперкератоздың жеке бөліктері |
Зақымдалу элементтері – түйіншелер шырышты қабық деңгейінің үстіне шыққан. Гиперкератоз күрт айқындал-ған. Стромада лимфоциттермен және гистиоциттермен инфильтрацияланған диффуздық созылмалы қабыну анық-талады, түйіршікті қабатта акантоз пайда болады
Жалпақ теміреткінің типті және экссу-дативті-гиперемиялық түрлерінің асқынуы ретінде пайда болады
Созылмалы жарақат гиперкератоздың үдеуіне мүмкіндік туғызады
Шырышты қабығының өзінде қабыну инфильтраты, эпителий аралық бүр-тіктер ұзарған. Эпителий қабығында акантоз, паракератоз, айқындалған гиперкератоз, гранулез |
Атипті түрі |
||
Сұрау шағымдар
Анамнез аурудың бұрын-нан бар болуы
бейімдеуші факторлар
Жүргізілетін ем-деудің тиімділігі
Қарау сыртқы қарау
ауыз қуысының шырышты қабатын қарау
Жалпақ темірет-кінің барлық түр-лері үшін қосым-ша зерттеулер цитологиялық зерттеу
бактериоско-пиялық зерттеу
люминесценттік диагностика
микротоктарды анықтау
қанды биохимия-лық зерттеу
аллергологиялық зерттеу
Мамандардың кеңесі
|
Жоғарғы жақ тістерінің алдыңғы тобы аймағында, әсіресе тістерді тазалағанда қыл иектің ашуы, аурушаң-дығы, қанағыштығы
Бірнеше аптадан бастап бірнеше жылға дейін
Басқа түрлерге ұқсас
Әдетте емдеу гингивит не-месе пародонтит (қате диаг-ностика) бойынша жүргізі-леді, сондықтан да тиімсіз
Өзгерістерсіз
Жоғарғы жақ тістерінің ал-дыңғы тобы және жоғарғы ерін аймағындағы қызыл иектің альвеолярлы бөлігі-нің шырышты қабығы қы-зарған, ісінген, эпителийі жұқарған. Эрозиялар сирек болады.Папулалар сұршыл- ақ түсті, әрең ажыратыла-ды. Жоғарғы еріннің шы-рышты қабығындағы ұсақ сілекей бездерінің сағалары кеңейген
Ұзақ уақыт жазылмайтын эрозиялардан және гипер-кератотикалық түйіншелер-ден алынған қырынды
Ауыздың шырышты қабығының зақымдалу элементтерінен алынған қырынды
Жалпақ теміреткі папула-лары еріннің қызыл жиегін-де көгілдір түсті және ауыз қуысының шырышты қаба-тында ақшыл-көгілдір түсті сәуле таратады Гальваноз
Қанттың сандық құрамы, бауыр сынамалары, про-тромбин индексі және т.б.
Тері сынамалары, зертхана-лық тестілер (ИФТ, РТМЛ, БТР, ТДТК, БТ және т.б.)
Терапевт, невропатолог, эндокринолог, аллерголог |
Шырышты қабығының өзіндегі қабыну экссудаты нерв талшықтарын қысады, қабыну медиаторлары оларды тітір-кендіреді
Жалпақ теміреткінің экссудативті-гиперемиялық және эрозия-жаралық түрлеріне ұқсас
Атипті жасушалардың айқындалуы
Патогенді бактерия және саңырау-құлақ флорасының айқындалуы
Лейкоплакиямен және қызыл жегімен дифференциалдық диагностика мақса-тында, бұл кезде гиперкератоз ошақ-тарының басқа сәуле тарату реңктері болады
Сілекей ферменттерінің әсерін тежей-ді, фагоцитозды бұзады, жалпақ темі-реткінің пайда болуына итермелеп, шырышты қабық сезімталдығының артуына мүмкіндік туғызады
Жалпақ теміреткінің қант диабетіне және гипертония ауруына (Гриншпан синдромы), бауыр ауруларына патоге-нетикалық тәуелділігі туралы дерек-тер бар
Дәрілік, химиялық заттарға, тіс проте-зі материалдарына, тағам өнімдеріне, бактериялық антигендерге дененің түршігуін айқындау үшін
Асқазан-ішек жолының, эндокринді және нерв жүйесінің ілеспелі аурула-рын, дәрілік, химиялық заттарға, та-ғамдарға дененің түршігуін айқындау және емдеу |
|
|
|
ЖАЛПАҚ ТЕМІРЕТКІНІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру |
Жалпы клиникалық белгілері |
Ерекше белгілері |
Типті түрі |
||
Жалпақ лейкоплакия |
Шағымдар жоқ. Ауыздың түсі өзгермеген шырышты қаба-тында мүйізгектену элемент-тері бар. Гистологиялық зерт-теу кезінде паракератозды, гиперкератозды, меншікті қабығында созылмалы қабыну процесін айқындайды. |
40 жастан асқан ерлерде жиі кездеседі. Зақымдалу элементі – гиперкератотикалық дақ, әдетте бірлі-жарым болады. Жарақатқа сәйкес орналасады (протездің үшкір шеттері, сауыттар). Папула-лардың жоқтығы. Гистологиялық түрде гиперкератоз басым, акантоз жоқ. Жақтың алдыңғы бөліктерінің және ауыздың бұрыштарының шырышты қабығы жиі зақымда-лады. Тері зақымдалмайды |
Экссудативті-гиперемиялық түрі |
||
Ауыздың Шырышты қабығының кандидозы
|
Тамақ ішкенде күшейетін ауыздың шырышты қабығын аурушаңдыққа шағымдар. Ауыздың қызарған шырышты қабығына көптеген ақшыл түзілімдер
|
Анамнезде антибиотиктерді, глю-кокортикостероидтарды, цитоста-тиктерді ұзақ қабылдау. Сондай-ақ антибиотиктермен үнемі қатынаста болатын фармацевттерде пайда бо-лады. Ақшыл түзілімдер ашытқы мицелийінің колонияларын білдіре-ді, олар процесс ұзақ болғанда қо-сылады, фибринді сіңіреді де, тұр-пайы ақшыл-сұр пленкалар түзеді. Қырғанда қызарған немесе эрозия-лы бетті жалаңаштап, өңез алына-ды. Шырышты қабықта папулалар-дан құралған селдір сурет жоқ. Шырышты қабықтан алынған қы-рындыны микроскопиялық зерттеу кезінде Candida саңырауқұлағы-ның немесе мицелий жібінің спора түзетін жасушаларын көп мөлшер-де байқайды |
Эрозиялы-ойық жаралы түрі |
||
Аллергиялық стоматит
|
Ауыздың ауыруы. Шырышты қабықтың гиперемиясы және ісінгендігі. Өңезбен жабылған эрозиялар немесе жаралар өңезді алғанда тез қанайды |
Басталуы жедел. Дімкәстік, дене температурасының көтерілуі дәрі ішумен байланысты. Шырышты қабықтың ісінгендігі күрт айқындал-ған. Эрозиялар жылдам жазылады (4-10 күн). Папулалар жоқ. Егер аллергенмен қатынас болмаса, қай-таланбайды. Аллергенмен тері сы-намалары және аллергодиагностика тестілері жақсы. Гистологиялық түрде зақымдалу ошағында лимфо-циттер, плазмоциттер, эозинофил-дер, нейтрофилдер, мес жасушалар |
Қатерсіз күлдіреуік |
Шырышты қабығының тамақ ішуді қиындататын аурушаң-дығына шағымдар. Қызарған шырышты қабықта өңезбен жабылған, ауыратын, дұрыс емес пішінді эрозиялар, қырғанда тез қанайды |
Аса жиі орналасу – альвеолярлы қызыл иек, өтпелі қатпар. Шырышты қабығының үйкелуі сәйкес бөлікде геморрагиялық немесе сірнелі үлкен көпіршік түзілуін тудырады. Папулезді элементтер жоқ |
Қызыл жегі |
Ауыздың тітіркендіргіштер әсер еткенде күшейетін үнемі ауыруына шағымдар. Қызар-ған шырышты қабықта эпите-лийдің мүйізгектену бөлікле-рі, тығыз фибринозды өңезбен жабылған, әр түрлі көлемді және пішінді эрозиялар немесе жаралар. Өңезді жойғанда қанағыштық пайда болады. Эрозиялар немесе жаралар ұзақ уақыт сақталады. Терінің зақымдалуы мүмкін |
Әдетте ауыздың шырышты қабығының зақымдалуы алдында теріде (көбінесе беттің, еріннің қызыл жиегінің) эритемаға тән дақтар болады. Оған итермелейтін фактор күн жарығы болады, себебі науқас-тарда терінің күн жарығын сезгіш-тік күрт жоғарылайды. Эритема фонында эрозия маңайында ошақ ортасынан радиалды ажырайтын ақ түсті жолақ тәрізді жіңішке сызыл-ғандық (әсіресе мүйізгектену) бар болады. Шет жағында сәл көтеріл-ген жиек түзіп, мүйізгектену құбы-лыстары күшейеді. Эрозиялар жа-зылған соң атрофиялық тыртықтар қалады. Ауыздың шырышты қаба-тында қызыл жегі болғанда мүйіз-гектену ошақтары Вуд сәулелерінде қарлы-көгілдір немесе қарлы-ақ түспен жарқырайды. ИФР әдісімен базальды мембранадағы ДНҚ шөгінділерін айқындайды. Гистоло-гиялық зерттеу кезінде паракера-тозды, гиперкератозды, базальды қабат жасушыларының вакуольды дегенерациясын, коллагенді тал-шықтар дегенерациясын, лимфо-циттерден тұратын периваскулярлы инфильтратты, тамырлар пролифе-рациясын айқындайды |
Буллезді түрі |
||
Қан тамыры- үлкен көпіршік синдромы |
Ауыздың шырышты қабығының жеңіл аурушаңдығына шағымдар. Эпителий асты үлкен көпіршіктер ауыздың өзгермеген немесе сәл қызарған шырышты қабығында пайда болады, бірнеше сағаттан бастап бірнеше күнге дейін болады |
Үлкен көпіршіктер шырышты қабықтың протезбен, тағам кесегімен және т.б. жарақаттануы салдарынан түзіледі. Үлкен көпіршіктердің ішіндегісі геморрагиялық. Анамнезде жүрек-қан тамыры аурулары, гипертония ауруы. Әдетте жастан асқан адам-дарда кездеседі. Цитологиялық түрде эпителийдің әр түрлі қабат-тарының қалыпты жасушаларының және нейтрофилдердің шоғырла-нуы анықталады. Гистологиялық түрде ұсақ қан тамырлары қабырға-ларының өтімділігі (сынғыштығы), базальды мембрана деструкциясы жоғары, бұл эпителий мен ауыздың Шырышты қабығының байланыстырушы-тіндік қабаты арасындағы байланысты нашарлатады |
Гиперкератотикалық түрі |
||
Лейкоплакияның веррукозды түрі |
Ауыздың шырышты қабығының кедір-бұдырлығына, ерекше түріне шағымдар. Нақты шекаралары бар әр түрлі пішінді және кескінді түйіншелер түсі өзгермеген қоршаған шырышты қабығының үстінде көтеріліп тұрады |
Гиперкератоз ошағы (түйінше) көбінесе жеке болады, оның орна-ласуы жарақаттаушы фактордың (тістің үшкір шетінің, протездің, сигарета түтінінің) әсеріне сәйкес келеді. Түйіншелердің аса жиі орналасатын жерлері – ауыздың бұрыштарының, таңдайдың, тіл арқасының шырышты қабығы, еріннің қызыл жиегі. Папулезді элементтер жоқ. Гистологиялық зерттеу кезінде гиперкератоз басым болады, акантоз болмайды |
ЖАЛПАҚ ТЕМІРЕТКІНІ ЕМДЕУ
Емдеу- кезеңдері |
Емдеу құралдары |
Қолдану тәсілі |
Пайдалану мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Жергілікті емдеу
Жалпы емдеу Транквилизатор-лар
|
Ауыз қуысы гигие-насын түзету, ауыз қуысын сауықтанды-ру, гальванозды, ме-ханикалық жарақат-таушы факторларды жою, протездеу
Ретинол ацетатының 3,4% майлы ерітіндісі
Феназепам 0,0005 г, сибазон 2 мг, рела-ниум 2 мг, седуксен 2 мг және т.б. |
Зақымдалған жерге күніне 2-3 рет 15-20 минуттан аппликациялар
Жатар алдында ми-нимум дозадан ½ таблеткадан бастап ішке қабылдау |
Аурудың асқы-нуын, үдеуін ескерту
Эпителий жасу-шалары функ-циясын тұрақты ету, гиперкера-тоз құбылыста-рының үдеуін болдырмау
Невроздық бұ-зылу, жүйке күйзелісі жағдайлары кезін-дегі қобалжу, үрейлену сезімін жою |
Эпителий жасу-шаларының регенерациясын стимуляциялайды
Эмоциялық реак-циялар үшін жауапты қабыр-шақ асты аймақ-тардың (лимбия-лық жүйенің, та-ламустың, гипо-таламустың) қоз-ғыштығын тежей-ді. Бас миы қыр-тысымен өзара әрекетті тежейді. Амин майы қыш-қылының рецеп-торларымен (ГАМК) құры-лымдық байла-нысқан бензодиа-золин рецептор-ларымен өзара әрекеттесіп, транквилизатор-лар онда нейро-медиатор ГАМК болып табылатын ми жүйелерінде тежеу процестерін күшейтеді |
Тыныштандыра-тын құралдар
Витаминді терапия
Иммунды-модульдейтін терапия
Мамандардың кеңестері |
Бромидтер, новопас-сит, тау жалбызы, шүйіншөп тұнбасы, пион тамыры және т.б.
Нервохель
Валерианахель
Пангексавит
Витрум, ундевит және т.б.
Ликопид
Имудон
Невропатолог, гастроэнтеролог, кардиолог |
Күніне 3 рет 5-10 мл, емдеу курсы 1 ай, барлығы 2-3 курс
Күніне 3 рет 1 таблеткадан
Күніне 3 рет 15 тамшыдан
2-3 ай бойы күніне 3 рет 1 драже
2-3 ай бойы күніне 1 таблеткадан
14 күн бойы күніне 1 рет тамақ ішуден 30 мин бұрын 1 мг
Күніне 6-8 таблетка, тіл астына, курс 20 күн
|
Невроздық күйлерді емдеу
Алмасу процес-терін жақсарту, организмнің қарсыластығын арттыру
Ауыз қуысы шы-рышты қабаты-ның төзімділігін арттыру
Ілеспелі ауру-ларды айқындау |
Бас миы қырты-сындағы тежелу процестерін күшейтеді және шоғырлайды, қозу және тежелу про-цестері арасын-дағы балансты те-ңестіреді. Нәтиже нерв қызметінің типіне, невроздың ауырлығына бай-ланысты болады
Тыныштандыру-шы әсер етеді, тітіркендіргіштік-ті азайтады, бірақ транквилизатор-лардан ерекшелі-гінде қорқыныш сезімін жоймайды
Аралас қолдан-ғанда витаминдер әр түрлі биохи-миялық процес-терге қатысып, аса күшті және жан-жақты биоло-гиялық әсер етеді.
Фагоциттердің, Т- және В-лейкоцит-тердің белсенділі-гін жақсартып, иммунды-модуль-дейтін қасиеттерді иеленеді, бұл рет-те фагоциттердің бактерицидтік және цитотоксин-дік белсенділігі артады, ерекше антиденелер мен цитокиндердің синтезі стимуля-цияланады
Асқазан-ішек жолы, жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының, невроздардың алдын алу және емдеу |
Экссудативті-гиперемиялық түрі |
||||
Жергілікті емдеу Жансыздандыру
Ауыз қуысын сауықтандыру
Қабынуға қарсы жергілікті терапия антисептиктер
Витаминді терапия
Микроциркуля-цияны түзету
Антигистаминді терапия
Иммунды-модуль-дейтін терапия
Мамандарда жалпы ауруларды емдеу |
3-5% тримекаин ері-тіндісі, 2 % лидокаин ерітіндісі, 2% пироме-каин ерітіндісі, 5% анестезиннің майдағы (зәйтүн, шабдалы), глицериндегі өлшендісі
Ауыз қуысы гигиена-сын түзету. Тіс жегі-сін, пародонт тіндері ауруларын емдеу, гальванозды, механи-калық жарақаттаушы факторларды жою, протездеу
Гексорал 0,2% ерітін-дісі, корсадил 0,2% ерітіндісі, хлоргекси-дин 0,05% ерітіндісі, оралекс 0,12% ерітін-дісі
Мильгамма
Компламин (ксантинол никотинаты) 500 мг
Никотин қышқылы 1% ерітіндісі
Никотинамид 0,5 г
Трентал 400 мг
Аскорутин
Диазолин 0,1 г; фенкарол 0,5 г; тавегил 0,001 г
Кларитин 10 мг
Телфаст 180 мг
Зиртек 10 мг
Флаконда 10 мл
Ликопид
Имудон
Энгистол |
3-5 минут ауызды шаю, аппликация-лар
Ауызды шаю
1 ай бойы күніне 3 рет 1 дражеден, 1 ай үзіліс. Емдеу курсы 6 ай
Күніне 3 рет тамақ-тан кейін 2 таблет-кадан, жақсаруына қарай дозаны күніне 3 рет 1 таблеткаға дейін азайтады. Емдеу курсы 6 ай
Зақымдалу элемент-теріне инъекциялар (0,5-1,0 мл, курсқа 10 инъекция)
Күніне 3 рет 1 таблеткадан. Курс 1,5 ай
Күніне 3 рет 1 таблеткадан. Курс 1 ай
Күніне 3 рет 2 таблеткадан. Курс 1 ай, барлығы 2-3 курс
Күніне 3 рет 1 таблеткадан. Курс 14 күн
Күніне 1 рет 1 таблеткадан. Курс 14 күн
Күніне 1 рет 1 таблеткадан
Күніне 1 рет 1 таблеткадан
Күніне 1 рет 20 тамшыдан
14 күн бойы күніне 3 рет 1 мг-нан
Күніне 6-8 таблетка, тіл астына, курс 20 күн
Күніне 3 рет тамақ-тан 30 минут бұрын тіл астына 1 таблеткадан |
Ауыру сезімдерін жою
Аурудың асқы-нуы мен үдеуін ескерту
Екіншілік мик-рофлораның ауыздың зақым-далған шырыш-ты қабатына әсе-рін жою немесе бәсеңдету
Ауырусызданды-рушы, аллергия-ға қарсы әсер, қанмен қамтама-сыз етудің кү-шеюі, нерв тіні регенерациясы-ның үдеуі
Капиллярларда-ғы қан ағымын күшейтеді, тін-дердегі жасуша-лы метаболизмді жақсартады, жа-нама қан айна-лымына мүмкін-дік туғызады
Тура сол
Спазмолитика-лық белсенділігі бар, тамырлар-дың кеңеюін ту-дырады, микро-циркуляцияны жақсартады
Экссудацияны азайтады, организмнің қарсыластығын арттырады
Сенсибилиза-цияны азайтатын және қабынуға қарсы әсер
Ауыз қуысының төзімділігін арттыру
Тамырларға жә-не симпатикалық нервтерге әсер етеді, бұзылған ферменттік функцияларды қоршаудан боса-тады және дез-интоксикация-ның қорғаныш механизмдерін белсенді етеді
Аурудың қайта-лануын ескерту |
Сезгіш нерв тал-шықтарының қоз-ғыштығын азай-тады немесе толы-ғымен басады жә-не нерв талшық-тары бойымен қозуды тежейді
Ауыз қуысы мик-рофлорасының құрамын, сілекей-дің ферментативті белсенділігін қа-лыпқа келтіреді
Бактериостатика-лық, бактерицид-тік, қабынуға қар-сы әсер етеді, фагоцитозды сти-муляциялайды
Жансыздандыру-шы және аллер-гияға қарсы әсер-лер В1 және В12 витаминдерімен қамтамасыз етіл-ген. Тиамин бе-локтың қантта-нуынакедергі келтіреді, антиок-сидантты белсен-ділігі бар, қозу-дың берілуіне әсер етіп,нерв им-пульсінің жүруін реттейді. В12 вита-мині органдардың қанмен қамтама-сыз етілуіне мүм-кіндік туғызады, белок, көмірсу және май алма-суын реттейді
Тотығу-тотықсыз-дану процестеріне қатысады, көмір-су, белок, май алмасуына және су-тұз балансына әсер етеді, бауыр-дың гликоген тү-зуші және дезин-токсикациялық функциясын, эритропоэзды, фибринолизді белсенділендіреді, тамырларды кеңейтеді
Тура сол
Фосфодиэстеразаны тежейді, қан-ның пішінді эле-менттерінде, та-мырлардың тегіс мускулатурасы жасушаларында цАМФ шоғырла-нуына мүмкіндік туғызады
Тамырлар қабыр-ғаларының өтімді-лігін реттейді, бүйрек үсті қыр-тысы гормонда-рының синтезіне, тотығу-тотықсыз-дану процестеріне қатысады, орга-низмнің жалпы қарсыластығын арттырады, кате-холаминдердің мөлшерін тұрақ-тандырады, скле-розға қарсы әсер етеді
Тіндердің Н-ре-цепторларын қоршайды, мұны-мен олардың гис-таминмен өзара әрекеттесуіне ке-дергі келтіреді, гистаминмен ке-ңейтілген капил-лярлар мен вена-лар тарылады, тін-дердің ісінгендігі азаяды
Фагоциттердің, Т- және В-лейкоцит-тердің белсенділі-гін арттырып, иммунды-модуль-дейтін қасиеттерді иеленеді, бұл рет-те фагоциттердің бактерицидтік және цитотоксин-дік белсенділігі артады, ерекше антиденелер мен цитокиндердің синтезі стимуля-цияланады
Аурудың патоге-незіне әсер ету
|
Эрозиялы ойық-жаралы және буллезді түрлері |
||||
Жергілікті емдеу ауыз қуысын сауықтандыру
ауыздың шырыш-ты қабатын жансыздандыру
антисептикалық өңдеу
Ферменттер
Кортикостероид-ты терапия
Жазылуға ықпал ететін терапия
Жалпы емдеу Тыныштандыра-тын терапия
Витаминді терапия
Қабынуға қарсы терапия
Антигистаминді терапия
Сенсибилизация-ны азайтатын терапия
Тін алмасуды стимуляциялау
Антигомотоксинді терапия
Иммунды-модуль-дейтін терапия
Бауыр қорғайтын зат
Мамандардың кеңестері
Физиоемдеу
Криодеструкция |
Ауыз қуысы гигиена-сын түзету, тіс жегі-сін, пародонт тіндері ауруларын емдеу, гальванозды, механи-калық жарақаттаушы факторларды жою, протездеу
3-5% тримекаин, ли-докаин ерітіндісі, 2% пиромекаин ерітінді-сі, 5% анестезиннің глицериндегі, майда-ғы (зәйтүн, шабдалы) өлшендісі
Сутегі тотығының 0,5-1% ерітіндісі, гек-сорал 0,2% ерітіндісі, корсадил 0,2% ерітін-дісі, хлоргексидин 0,06% ерітіндісі, ора-лекс 0,12% ерітіндісі
Лизоцим 0,05 г
0,5% преднизолон майы, локоид
А витаминінің майлы ерітіндісі (ретинол ацетаты) 3,4 %
Каротолин
Солкосерил (желе, май), денталды солко-серил
Аэрозоль препарат-тары: олазоль, пропо-сол, левовинизоль
Ируксол майы
Феназепам 0,0005 г, сибазон 2 мг, реланиум 2 мг, рудотель 5 мг және т.б.
Новопассит
Нервохель
Валерианахель
Аскорбин қышқылы
Глюкокортикосте-роидтар (преднизо-лон, гидрокортизон, дексаметазон, триам-цинолон және т.б.)
Дипроспан 1 мл
Берликорт 4 мг
Делагил (хингамин) 0,25 г
Амоксиклав 625 мг
Диазолин 0,1 г; фенкарол 0,5 г; тавегил 0,001 г
Кларитин 10 мг
Телфаст 180 мг
Зиртек 10 мг
Флаконда 10 мл
Гистаглобулин (құрамында гистамин және адам глобулині бар)
Солкосерил 2,0 мл
Мукоза композитум ампулада 2,2 мл
Коэнзим композитум 2,2, мл
Убихинон компози-тум ампулада 2,2 мл
Ликопид 1 мг
Имудон
Урсосан 250 мг
Хепель
Невропатологтың, гастроэнтерелогтың, кардиологтың, эндокринологтың кеңестері
Элементтерге гелий-неон лазерімен әсер ету
Ұзақ уақыт жазыл-майтын эрозияға сұйық азотпен әсер етеді |
3-5 минуттан ауыз-ды шаю, апплика-циялар
Ауызды шаю
5 минуттан аппли-кациялар, үш мәрте қолдану
15-20 минуттан ап-пликациялар
15-20 минуттан ап-пликациялар
15-20 минуттан ап-пликациялар
15-20 минуттан ап-пликациялар
15-20 минуттан ап-пликациялар
15-20 минуттан ап-пликациялар
Ішке қабылдау; Жатар алдында ми-нимум дозадан ½ таблеткадан бастап
Күніне 3 рет 5 мл-ден ішке қабылдау
Күніне 3 рет 1 таблеткадан
Күніне 3 рет 15 тамшыдан
Тәулігіне 1 г
Ішке қабылдау; сұл-ба бойынша емдеу курсы 1-2 ай
2-3 аптада 1 рет инъекция
Ішке қабылдау; сұлба бойынша емдеу курсы 2-4 ай
Күніне 2 рет 1 таб-леткадан, курс 10 күн, сонан соң за-қымдалу элементте-рінің (эрозиялар-дың) астына 0,5 мл 1% тримекаин ері-тіндісімен 1,5 мл-ден делагил инъек-цияларына ауысады
Тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан. Емдеу курсы 5 күн
Күніне 2 рет 1 таб-леткадан, емдеу курсы 10-14 күн
Күніне 1 рет 1 таб-леткадан
Күніне 1 рет 1 таблеткадан
Күніне 1 рет 1 таблеткадан
Күніне 1 рет 20 тамшы
3 күн сайын тері астына 2-3 мл-ден. Курс 8-10 инъекция
Күн сайын бұлшық ет ішіне 2 мл-ден, курс 10-15 инъекция
Зақымдалу эле-менттерінің астына, курс 10-15 инъекция
Зақымдалу эле-менттерінің астына, курс 5 инъекция
Зақымдалу эле-менттерінің астына, курс 5-10 инъекция
14 күн бойы күніне 2 рет 10 мг-нан
20 күн бойы күніне 6-8 таблетка тіл астына
Тамақ ішкенде 2 рет 1 капсуладан, курс 14 күннен бастап 2 жылға дейін
3 рет 1 таблеткадан тіл астына
Зақымдалу ошағын жою |
Аурудың асқынуы мен үдеуін ескерту
Ауыру сезімдерін жою
Екіншілік мик-рофлораның ауыздың зақым-далған шырыш-ты қабатына әсе-рін жою немесе бәсеңдету
Екіншілік мик-рофлораның ауыздың зақым-далған шырыш-ты қабығына әсерін жою немесе бәсеңдету
Ауыздың шы-рышты қабығы-ның қабынуын және ісінгендігін азайту
Эрозиялардың жазылуын жеделдету
Эрозиялар мен ойық жаралардың жазылуын жеделдету
Тура сол
Жазылуды же-делдету, жараны өңезден тазарту. Атап айтқанда ауыздың шы-рышты қабатын-дағы алмасу процестерін қалыпқа келтіру
Невроздық бұ-зылу, жүйке күйзелісі жағдайлар кезін-дегі қобалжу, үрейлену сезімін жою
Экссудацияны азайту, организмнің қарсыластығын арттыру
Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер ету
Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер ету, лимфоциттер мен макрофаг-тардан, қабыну медиаторлары-нан 1 және 2 интерлейкинде-рінің, гамма-интерферонның босатылуын тежеу
Қабынуға қарсы әсер ету
Антибактерия-лық әсер ету
Ерекше емес де-сенсибилизация-лаушы және қабынуға қарсы әсер ету
Ерекше емес де-сенсибилизация-лайтын әсер ету. Қанда гистамин мөлшері жоғары болғанда тағайындалады
Тін алмасуын жақсарту, ауыз-дың шырышты қабығының эрозиялары мен жараларының жазылуын жеделдету
Иммунитетті стимуляциялау, шырышты қабықтың жазылуын жақсарту үшін
Детоксикация-лық, зат алмасу-лық, антиокси-дантты әсер ету
Биостимуляция-лайтын, антиок-сидантты, им-мунды-стимуля-циялайтын, де-токсикациялық әсер ету
Ауыз қуысының төзімділігін арттыру
Бауыр қорғай-тын әсер ету
Бауыр қорғай-тын, қабынуға қарсы әсер ету
Аурудың ауыр-лығын азайту, қайталануын ескерту
Жазылуды же-делдету, екінші-лік микрофлора-ның зақымдал-ған Шырышты қабыққа әсерін бәсеңдету |
Одонтогенді ин-фекция ошақта-рын сауықтанды-ру микробтық сенсибилизация-ны азайтады, ауыздың микро-флорасын қалып-қа келтіреді. Галь-ванизмді жою сі-лекейдің фермен-тативті белсенді-лігін қалыпқа кел-тіреді. Протездеу шайнау функция-сын қалпына келтіреді
Сезгіш нерв тал-шықтарының қоз-ғыштығын азай-тады немесе толы-ғымен басады жә-не нерв талшық-тары бойымен қозуды тежейді
Пероксидаз тінде-рімен жанасқанда атомды оттегін түзіп ыдырайды, ол күшті тотық-тырғыш болып табылады және антисептикалық, қабынуға қарсы әсер етеді
Бактериолитика-лық және қабыну-ға қарсы әсер етеді, фагоцитоз-ды стимуляция-лайды
Капиллярлардың өтімділігін төмен-детеді, ісікті азай-тады. Простаглан-диндер синтезін тежейді, альтера-ция фазасын жеңілдетеді
Молекуласындағы қанықпаған бай-ланыстардың көп-тігінен тотығу-то-тықсыздану про-цестеріне белсен-ді қатысады, эпи-телий регенера-циясын стимуля-циялайды, гипер-кератоз құбылыс-тарын болдыр-майды, Шырышты қабығының инфекцияларға төзімділігін арттырады
Каротолин – ит-мұрын жемістері жұмсағының май-лы жақпасы – құрамында токо-феролдар, қанық-паған май қыш-қылдары, каро-тин, фловонидтер, пектин және т.б. бар, эрозиялар мен жаралардың жазылуына мүм-кіндік туғызады
Эрозиялар, жара-лар болғанда ал-масу процестерін жақсартады, тін-дер регенерация-сын жеделдетеді
Жансыздандыру
Құрамында про-теолитикалық фермент клостри-дилпентидаза бар, жараларды тазар-тады, жазылуға мүмкіндік туғыза-ды. Тотығу-тоты-сыздану процесте-ріне қатысады, кө-мірсу, белок, май алмасуына және су-тұз балансына әсер етеді, бауыр-дың гликоген тү-зуші және дезин-токсикациялық функциясын бел-сенділендіреді, капиллярлардағы қан ағымын күшейтеді
Эмоциялық реак-циялар үшін жауапты қабыр-шақ асты аймақ-тардың (лимбия-лық жүйенің, та-ламустың, гипо-таламустың) қоз-ғыштығын тежей-ді. Амин майы қышқылының ре-цепторларымен (ГАМК) құры-лымдық байла-нысқан бензодиа-золин рецептор-ларымен өзара әрекеттесіп, тран-квилизаторлар он-да нейромедиатор ГАМК болып та-былатын ми жүйе-лерінде тежеу процестерін күшейтеді
Тамырлар қабыр-ғаларының өтімді-лігін реттейді, бүйрек үсті қыр-тысы гормонда-рының синтезіне, тотығу-тотықсыз-дану процестеріне қатысады, кате-холаминдердің мөлшерін стиму-ляциялайды, склерозға қарсы әсер етеді, орга-низмнің жалпы қарсыластығын арттырады
Қабынуға қарсы айқын әсер етеді. Барлық қабыну фазаларына әсер етеді: капилляр-лар мен жасуша-лардың өтімділі-гін төмендетеді, ісікті, қабыну ошағынан улы заттардың соры-луын азайтады, айқын антигиста-минді әсер етеді, гиалуронидаза-ның белсенділігін тежейді, простаг-ландиндер синте-зін тежейді, лизо-сомалар мембра-насын тұрақтан-дырады, альтера-ция фазасын азай-тады, лимфопоэз-ды басады. Аз до-заларда эритропо-эзды стимуляция-лайды, нейтро-филдер мен тром-боциттердің түзі-луін ұлғайтады
Малярияға қарсы әсерден басқа, делагил нуклеин қышқылдарының синтезін, кейбір ферменттердің белсенділігін, им-мундық процес-терді тежейді
Микробтық жасу-шалар қабаты пептидогликаны-ның және беталак-томазаның синте-зін қоршайды
Н1-гистаминді ре-цепторларын қоршайды. Капил-лярлардың өтімді-лігі төмендейді, гистаминмен ке-ңейтілген капил-лярлар мен вена-лар тарылады, тін-дердің ісінгендігі азаяды
Препаратты ен-діргенде антигис-таминді антидене-лер құралады және сарысудың бос гистаминді инактивациялау қабілеті артады
Ірі қара мал қаны-ның жақпасы; оттегі мен қорек-тік заттардың фи-зиологиялық та-сымалын стиму-ляциялайды, жа-суша ішіндегі ты-ныс алу процесте-рінің негізгі эн-зимдерінің бел-сенділігін артты-рады, жасуша ішіндегі энергети-калық зат алмасу-ды және жасуша регенерациясын стимуляциялайды, тіндердің қалпына келуін жеделдете-ді
Коэнзим ретінде заттар алмасуына қатысады
Фагоциттердің, Т- және В-лейкоцит-тердің белсенділі-гін арттырып, иммунды-модуль-дейтін қасиеттерді иеленеді, бұл рет-те фагоциттердің бактерицидтік және цитотоксин-дік белсенділігі артады, ерекше антиденелер мен цитокиндердің синтезі стимуля-цияланады
Жасуша мембра-наларының (асқа-зан-ішек жолы-ның гепатоцитте-рі, холангиоцит-тері, эпителиоцит-тері) құрамына кіруге, оларды тұрақтандыруға қабілетті қосарлы молекулалар түзеді Иммунды-мо-дульдейтін әсер гепатоциттер мем-браналарында НLA-1 және холангиоциттерде HLA-2 антигенде-рінің экспрессия-сын тежеуге негізделген
Бауырдың дезин-токсикациялық функцияларын белсенділендіреді
Патогенді ауру-ларға әсер ету |
Гиперкератотикалық түрі |
||||
Хирургиялық емдеу
Криодеструкция
Жалпы емдеу |
Жалпақ теміреткінің басқа түрлерімен үйлесімде жүргізіледі
Түйіншелерге сұйық азотпен әсер етеді
Гиперкератотикалық түрі үйлесетін түрлер-ді емдеу жүргізіледі |
|
Малигнизация-ның алдын алу мақсатында гиперкератоз ошағын жою |
Хирургиялық ке-сіп алып тастау – лазерлік скаль-пельді пайдала-нып жою көрсе-тілген
Сұйық азоттың әсерінен криодес-трукция болады және кейіннен түйінше кері қайтады |
ЖАЛПАҚ ТЕМІРЕТКІНІҢ АЛДЫН АЛУ
Бірінші кезекте – қышқыл, ыстық, ащы тағам қосылмаған диета, сондай-ақ шылым мен алькогольден бас тарту. Қайталанудың және ремиссия кезеңінде организмнің қорғаныш қасиеттерін арттыру үшін компламинмен емдеу курсы ұсынылады, ол капиллярлардағы қан ағымын күшейтеді, тіндердегі жасушалық зат алмасуды жақсартады, жанама қан айналымының дамуына мүмкіндік туғызады. Компламин инъекциялары курстарын поливитаминдер қабылдаумен үйлесімде жылына 2 рет қайталайды. Әдетте тамақтанудағы қателіктер, жүйке күйзелісі аурудың ағымын асқындырады. Эрозия жазылған соң бірден (эрозия-жаралық түрі) дәрігердің емдеуді тоқтатуы немесе науқастің емделуді тоқтатуы аурудың асқынуына жиі әкеліп соғады. Антигомотоксиндік терапия жақсы нәтижелер береді: инъекциялардағы мукоза композитум және коэнзим композитум препараттары курстар бойынша. Мукоза композитум препаратын сүйемелдеуші терапия үшін пайдалануға болады.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
52 жастағы науқас ауыздың шырышты қабығының ашуына шағым білдіреді. Аурудың басталуын жүйке күйзелісімен байланыстырады. Емханада ауыз қуысын глицериндегі бура ерітіндісімен өңдеу жүргізілген; нәтижесі жоқ. Ауру оқтын-оқтын асқынады.
Анамнезде гиперацидті гастрит, холецистит, артериялық гипертензия.
Жергілікті лимфа түйіндері қозғалмалы, біршама үлкейген, ауырмайды. Еріннің қызыл жиегінің седепті реңкі бар. Тіс үсті шөгінділері, барлық тістер аймағында тереңдігі 3-4 мм пародонт қалталары, шайнайтын тістердің үшкір шеттері бар. Тілдің арқасында көптеген мүйізгектенген нүктелер. Жақтардың шырышты қабығында ортаңғы және артқы бөліктерінде қырғанда алынбайтын тор, шілтер түріндегі ақ түсті өзгермеген эпителий бөліклері бар. 45-тіс аймағында өтпелі қатпар бойында фибринозды өңезбен жабылған, ауыратын эрозия бар. Науқас 15 жыл бойы шылым шегеді.
Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын құрастырыңыз.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
38 жастағы науқас тітіркендіруші және қатты тамақ ішкенде жақтың оң жағындағы және тілдің шырышты қабығының ауыратындығына шағым білдіреді.
Ауру көбінесе нерв қозғанда, қатты қажу кезінде пайда болады. Оң жақтағы жақтың жағымсыз сезімдер 2 жыл бұрын жүйке күйзелісі фонында пайда болды, антисептиктермен шайғанда және кератопластикалық заттармен емделгенде болды. Сол жақтағы жақтың шырышты қабығының ретромоляр аймағында селдір суретті түзетін папулалар түріндегі қатты мүйізгектенген бөлік. Оң жақтағы жақтың шырышты қабығыныңа артқы бөлігінде саусақпен басқанда ауыратын, шет жағында жеке және суретке топталған папулалар бар, ашық қызыл түсті бөлік анықталады. Папулалар қырғанда алынбайды, тілдің бүйірлік беттерінде қызарған фонда фибринозды өңезбен жабылған, диаметрі 2 см дейінгі эрозиялар бар. Тілдің бүйірлік бетінде оң және сол жақта өз араларында сызықпен қосылған папулалар байқалады. Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын құрастырыңыз.
ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Жалпақ теміреткі болғанда біріншілік морфологиялық элемент:
1) папула;
2) дақ;
3) үлкен көпіршік.
Жалпақ теміреткі ... жиі кездеседі:
әйелдерде;
ерлерде.
Жалпақ теміреткі болғанда эрозиядан алынған қырындыны цитологиялық зерттеу кезінде анықталатын жасушалар:
1) спецификалық ;
2) спецификалық емес.
4. Жалпақ теміреткі түрлері:
1) типті;
2) атипті;
3) жалпақ;
4) эрозия-жаралық;
5) буллезді;
6) гиперкератотикалық;
7) экссудативті-гиперемиялық.
5. Жалпақ теміреткіге итермелейді:
1) қатты тоңазу;
2) жүйке күйзелісі;
3) тағам өнімдеріне аллергиялық реакция;
4) тітіркендіруші тағам.
6. Жалпақ теміреткі контагиозды ауру:
1) болып табылады;
2) болып табылмайды.
7. Факультативті рак алды ауруына жалпақ теміреткінің жататын түрлері:
1) типті;
2) атипті;
3) эрозия-жаралық;
4) буллезді;
5) гиперкератотикалық;
6) экссудативті-гиперемиялық.
8. Жалпақ теміреткінің элементтері кездеседі:
1) ауыздың шырышты қабығында;
2) тері жамылғыларында және шырышты қабықтарда;
3) тері жамылғыларында.
9. Жалпақ теміреткінің атипті түрі кездесетін шырышты қабық:
1) жақтардың;
2) еріннің;
3) альвеолярлы өсіндінің және қызыл иектің;
4) тілдің.
10. Жалпақ теміреткі мүйізгектенумен :
1) жалғасады;
2) жалғаспайды.
ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ
1 – 1. 2 – 1. 3 – 2. 4 – 1, 2, 3, 4, 5, 7. 5 – 2, 4.
6 – 2. 7 – 3, 5. 8 – 3. 9 – 2, 3. 10 – 1.
