Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)

Зақымдалу көлемі 0,2-0,5 мм, сұршыл-ақ түсті, тығыз отырған қабыршақтармен жабылған, еріннің қоршаған қызыл жиегінің үстінде сәл шығып тұратын, полигональды пішінді гиперкератоз ошағын білдіреді. Көптеген жағдайларда зақымдалу ошағының айналасында фондық қабыну айтарлықтай айқындалмаған.

Гиперкератоз ошағы бастапқы түрінде бірнеше жыл болуы мүмкін, бірақ кейде аурудың 1-ші жылы ішінде қатерлену болады.

10-9-сурет. Шектелген рак

алды ауруы гиперкератозы

ЕРІННІҢ ҚЫЗЫЛ ЖИЕГІНІҢ ШЕКТЕЛГЕН РАК АЛДЫ АУРУЫ ГИПЕРКЕРАТОЗЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Айқындалған симптомдар

Симптомдардың патогенетикалық негізі

Сұрау

шағымдар

Ерінде үнемі болатын қабықша

Қызыл жиек эпителийінің гиперкера-тозы еріннің бетінде қабыршақтар түрінде айқындалуы мүмкін

Анамнез

жынысы

жасы

зиянды әдеттер

кәсіптік зияндылықтар

Көбінесе еркектерде болады

Орта жастағы тұлғалар (көбінесе 50 жасқа дейін)

Шылым шегу

Ашық ауада жұмыс істеу

Мұнай өнімдерін қайта өң-деумен байланысты, химия өндірістеріндегі жұмыс

Орта жастағы және одан жас тұлға-ларда эпителийдің созылмалы тітір-кендіргішінің әрекетіне көбінесе пролиферациялық процестермен әсер етеді (гиперкератоз)

Ауыздың шырышты қабығы және еріннің қызыл жиегі үшін тұрақты тітіркендіруші фактор

Ерінге (көбінесе төменгі ерінге) инсо-ляцияның және метеорологиялық фак-торлардың үнемі тітіркендіруші әсері

Еріннің терісінің, шырышты қабығы-ның және қызыл жиегінің химиялық реагенттермен қаныққан ауамен үнемі байланысуы әр түрлі пролиферация-лық өзгерістерді, атап айтқанда гиперкератозды тудырады

Осы аурудың

пайда болуы

аурудың бұрын-нан бар болуы

аурудың мүмкін себептері

1 жылдан 5-7 жылға дейін

Көрінерлік себепсіз. Механикалық жарақаттан кейін

Еріннің үнемі құрғақтығы, қабыршақтануы мен сызат-тары фонында

Метеорологиялық, гландулярлы хейлитпен негізделген

Қарау

сыртқы қарау

жергілікті

лимфа түйіндері

Төменгі еріннің қызыл жиегінде бүйірлік бөліктерінде сұршыл-ақ түсті, тығыз отырған қабыршақтары бар полигональды пішінді күрт шектелген бөлік, жалпақ немесе сәл түсетін беті бар. Төңірегінде қабыну жоқ. Ошақ көлемі 0,2 см-ден 1,5 см-ге дейін

Жергілікті лимфа түйіндері өзгермеген

Бетінде күшті гиперкератозы бар тіндердің тереңіне эпителийдің шектелген пролиферациясы. Cancer in situ болуы мүмкін

Қатерлену және метастаз беру жағдайында лимфа түйіндері зақымда-лу жағынан үлкеюі мүмкін

Ауыз қуысын

қарау

ауыздың шырыш-ты қабатын қарау

тіс қатарларын қарау

Төменгі еріннің шырышты қабыққа сілекей бездері шығатын жолдарының қызыл нүктелері, кейде сілекей тамшыларымен көрінеді

Тістерді ерінді жарақаттай-тын үшкір шеттері

Гландулярлы хейлит қосымша тітір-кендіргіш болып табылады, төменгі ерін тінін үнемі жұмсаруы үшін жағдайлар тудырады, бұл оның құрғақтығы мен қабыршақтануына әкеліп соғады

Созылмалы механикалық жарақат патологиялық процестің дамуын күшейтуі, оның қатерленуін жедел-детуі мүмкін

Қосымша зерттеу әдістері

гистологиялық әдіс

Зақымдалу ошағын толық кесіп алып тастаған соң жүргізеді

Қатерленуді айқындауға мүмкіндік береді

ЕРІННІҢ ҚЫЗЫЛ ЖИЕГІНІҢ ШЕКТЕЛГЕН РАК АЛДЫ АУРУЫ ГИПЕРКЕРАТОЗЫНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауру

Жалпы клиникалық белгілері

Ерекше белгілері

Лейкоплакия

Гиперкератоз ошағы еріннің қызыл жиегінде орналасады

Зақымдалу ошағы – ақ түсті дақ, кейде төмпешікті, бірақ қабыршақ-сыз

Эксфолиативті хейлит

Еріннің қызыл жиегіндегі қабыршақтар

Еріннің бүкіл қызыл жиегі қабыр-шақтармен жабылған. Қабыршақ-тар оңай алынады немесе сәл көтерілген шеттері болады және ортасында тығыз орныққан

Қызыл жегі

Еріннің қызыл жиегіндегі атрофия және гиперкератоз бөлігі

Атрофия және гиперкератоз ошағы аса ауқымды, еріннің қызарған және шектеулі инфильтрациялан-ған қызыл жиегінде орналасады. Бет терісінде типті зақымдалулар болуы мүмкін

Жалпақ теміреткі

Еріннің қызыл жиегіндегі гиперкератоз бөлігі

Гиперкератоз шілтерлі суретке тоғысатын мүйізгектенген папула-лар түрінде айқындалады. Зақымдалу ошағы Клейн аймағын қамту арқылы еріннің қызыл жиегінде орналасады

Шектелген

рак алды ауруы

гиперкератозының қатерленуі

Мүйізгектену процесі күшейеді, эрозия, қанағыштық, негізінде тығыздану пайда болуы мүмкін

ЕРІННІҢ ҚЫЗЫЛ ЖИЕГІНІҢ ШЕКТЕЛГЕН РАК АЛДЫ АУРУЫ ГИПЕРКЕРАТОЗЫН

ЕМДЕУ

Емдеу кезеңдері

Емдеу құралдары

Қолдану тәсілі

Пайдалану мақсаты

Әсер ету механизмі

Хирургиялық

Хирургиялық құрал-саймандар

Зақымдалу ошаған толық кесіп алып тастау

Зақымдалу оша-ғын толығымен алу

Міндетті гистоло-гиялық бақылау қатерленуді бол-дырмауға мүмкін-дік береді (қатер-ленгенде сәулелі терапия курсын тағайындайды)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]