Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)

Жүкті әйелдердің 45-50%-да гингивит байқалады, оның пайда болуын гормондық қайта құрылумен байланыстырады

6-10-сурет – Жүкті әйелдер гингивиті

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР ГИНГИВИТІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Айқындалған симптомдар

Симптомдардың патогенетикалық негізі

Шағымдар

Қызыл иектің қанағышты-ғы, қызыл иек пішінінің өзгеруі, жайсыздық, ауыз-дан жағымсыз иіс шығу

Жүктілік кезінде экстрогендердің артық бөлінуі, прогестеронның әсері

Қарау

ауыз қуысын қарау

Жүктіліктің 4-5-ші айла-рында төменгі жақтың кү-рек түстер, ит тістер және кіші азу тістер аймағында қызыл иектің қанауы және қызыл иек бүртіктерінің де-формациясы пайда болады. Кейін бұл өзгерістер үстіңгі жақта да пайда болады. Қызыл иектің шеті ісініп, қызыл білік түсін иеленеді. Жүктіліктің соңғы мерзім-дерінде қызыл иек бүртік-тері одан да үлкен болады, көкпеңбек, ісінген, күрт қанайтын болады. Босану алдындағы кезеңде терең-дігі 4-5 мм дейін жалған қалталар жиі пайда болады

Эпителий қабатының вакуольды дистрофиясы, тамы лардың кеңеюі және лейкоциттік инфильтрациямен строма талшықтарының ашылуы. Гипертрофиялық гингивит кезінде тамырлардың жаңадан түзілуімен пролиферация құбылыстары басым болады. Эпителийде акантоз және базальды қабат жасушаларының пролиферациясы айқындалған

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауру

Жалпы клиникалық белгілері

Ерекше белгілері

Гипертрофиялық гингивиттің басқа түрлері

Қызыл иек бүртіктерінің қанағыштығы және өсуі

Жүктілік

ЕМДЕУДІ аурудың бірінші белгілері пайда болғанда бастаған мақсатқа сәйкес болады: тіс шөгінділерін жұлу және барлық тітіркендіруші факторларды жою, ауыз қуысының гигиенасын қатаң сақтау.

Алдын алу: ерте мерзімдерде токсикозбен күрес, ауыз қуысын сауықтандыру, жүктілік кезінде бақылап қарау, қызыл иек массажы (ауто және гидромассаж).

Болжам: бала туған соң 1,5-6 айдан кейін гингивит әдетте жоғалып кетеді. Ауыз қуысын дер кезінде сауықтандырмағанда қалдық құбылыстар сақталады.

6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері

6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)

В2 ГИПОВИТАМИНОЗЫ КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Айқындалған симптомдар

Симптомдардың патогенетикалық негізі

Шағымдар

Еріннің құрғауы, қабыр-шақтануы; ауыздың бұрыш-тарындағы ауыратын сызат-тар; тілдің ашуы және ауы-руы, жарықтан қорқу, көз-ден жас ағу, көздің ашуы; арықтау, әлсіздік, тәбеттің жоғалуы

Нерв жүйесінің функционалдық бұзы-луы. Тері жамылғыларының және шырышты қабығының қорғаныш функцияларының төмендеуі

Анамнез

бастан кешірген және ілеспелі аурулар

Көмірсу, май және белок алмасудың бұзылуымен кез келген жастағы тұлғалар зардап шегеді

Қышқыл түзу функциясы төмен гастриттер (әсіресе ахилия); асқазан және он екі елі ішек жарасы ауруы; гельминтоздар; тиімсіз тамақтану

В тобы витаминдерінің күшті бұзы-луы, ішектегі В тобы витаминдерінің сіңірілуі мен синтезінің бұзылуы. Тамақ рационындағы белоктың жет-кіліксіз мөлшері. Витаминдердің қажеттілігі жоғары

6-11-сурет – В2 гиповитаминозы

6-12-сурет – В12 гиповитаминозы

Қарау

сыртқы қарау

ауыз қуысының шырышты қабығын қарау

Еріннің қызыл жиегінің құрғауы, қабыршақтануы, қызаруы; вертикалды және комиссуралды сызаттар. Те-рінің қабыршақтануы, мұ-рын қанатындағы, мұрын-ерін қатпарларындағы себо-реялық қабыршақтар. Көз-дің жасаурауы, васкулярлы кератит, ирит; кейде мөлдір қабықтың қарауытуы

Тіл бүртіктерінің атрофия-сы; гиперемия, афталар

Нерв жүйесінің және заттар алмасу-дың функционалдық күйін реттеудің бұзылуы. В тобының провитаминдері мен витаминдерінің эндогенді синтезінің бұзылуы

Нейродистрофиялық бұзылу

Қосымша зерттеу әдістері

Несеп пен қанды рибофла-винге зерттеу

Қандағы және несептегі рибофлавин-нің деңгейін толығымен жоғалғанға дейін төмендету

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]