Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері

ГЛОССАЛГИЯ. СТОМАЛГИЯ

Глоссалгия – тілдің парестезиялары (тілдің ашуы, қыруы, шаншуы, шымшылауы, жансыздануы, жидуі, бұрыштың дәмін сезіну), сирек жағдайда көрінерлік жергілікті өзгерістерсіз ауыру. Ауыратын және жағымсыз сезімдер көбінесе – тілдің ұшында (алдыңғы үштен бір бөлігі) және бүйірлік бетінде, сирек жағдайда тілдің арқасы мен түбірінде (артқы үштен бір бөлігі) шоғырланған. Кейде парестезиялар ерінге, таңдайға, аран аймағына, тілдің түбіріне, жұтқыншаққа таралады. Бұл жағдайда ауруды стомалгия деп атайды.

Әдетте, барлық жағымсыз сезімдер тамақ ішкен кезде жоғалады.

Тілдегі парестезиялар ұзақ сөйлеген соң, жүйке күйзелісінен кейін, кешке қарай күшейеді. Ауыздағы құрғақтықты сезіну – глоссалгияның жиі симптомы. Глоссалгия кезінде тілдің объективті өзгерістері болмайды немесе елеусіз емес болады (ісінгендік, тіл бүртіктерінің елеусіз атрофиясы).

Глоссалгияның этиологиясы мен патогенезі түпкілікті айқындалмаған, асқазан-ішек жолының созылмалы аурулары, В12 витаминінің тапшылығы, эндокринді бұзылу (климактериялық кезеңде парестезияның айқындалуы) ролін болжайды. Глоссалгиядан зардап шегетін адамдарда айқын нерв-психикалық бұзылу байқалады: депрессиялық реакцияларға бейімді тұрақсыз психоэмоциялық күй, үрейлі секемшілдік, жаман түс. Жергілікті тітіркендіргіштердің белгілі мәні бар: бүлінген тістердің үш кір шеттері, гальваноз құбылыстары, беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуі.

Глоссалгия ерлерге қарағанда, 40-тан асқан әйелдерде 3-3,5 есе жиі кездеседі. Науқастардың көпшілігі канцерофобиядан зардап шегеді және тілдерін айнадан ұзақ қарайды.

Глоссалгия мен стомалгияның дифференциалдық диагностикасын органикалық тіл ауруларымен, созылмалы тіл жарақатымен, үштік нервтің екінші тармағының невралгия-сымен, тіл нервінің невритімен, десквамативті глосситпен, кандидозбен, акрилді пластмассаға аллергиямен жүргізеді.

ГЛОССАЛГИЯНЫҢ, СТОМАЛГИЯНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Айқындалған симптомдар

Симптомдардың патогенетикалық негізі

Шағымдар

Тілдің ашуы, қыруы, шаншуы, жансыздануы, епсіздігі, ісінуі, ауырлығы, сөйлеген соң және күннің аяғында күшейеді, тілде бұрыштың дәмін сезіну,жидігендік.Аурудың кейін-гі сатыларында тілдің ауы-руы қосылады. Көбінесе ауру дәмнің бұзылуымен және ауыз қуысының құрғақтығымен жалғасады. Ашу және басқа жағымсыз сезімдер еріннің шырышты қабатына, қызыл иекке, қатты таңдайға, аранға, өңешке, бет терісіне жиі таралады.

Әдетте тамақ ішкенде барлық жағымсыз сезінулер жоғалады

Канцерофобия, сифилофо-бия

Симпатикалық бөлігі тонусының (құрғақтық) басым болуымен вегета-тивті нерв жүйесінің бұзылуы, тілдің және ауыз қуысы шырышты қабығы-ның иннервациясына қатысатын (сен-сорлық бұзылу) сезгіш өткізгіштердің тұрақты қозуы

Тілдегі ауыру доминантасын аса күшті тағамдық доминантамен (И.П. Павлов бойынша) басу, сондай-ақ парестезия-ның айқындалғандығын төмендететін жақсы эмоциялық фонның әсері

Невроз салдарынан жабысқақтық күй, қорқыныш, үрейлілік

Анамнез

бастан кешірген және ілеспелі

аурулар

аурудың дамуы

Нерв-психикалық өзгеріс-тері: қозғыштығы жоғары, ұйқысы нашар, үрейлі се-кемшілдігі, елеусіз сезім-дерге берілуге бейімділігі, жылауықтығы, ауруға ша-мадан тыс шомуы айқын-далған, 45 жастан асқан ер-лер мен әйелдер зардап ше-геді. Әйелдер климактерия-лық кезеңде жиі ауырады

Невроздар, асқазан-ішек жолының аурулары, эндо-кринді патология, жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары

Ауру әдетте тілді тістің, протездің үшкір шетімен жарақаттаған, ыстық тамақ ішкен, тісті жұлған, ЛОР-органдарға араласқан соң, жедел инфекциялық ауру-дан кейін, дәрілерді ұзақ не-месе қарқынды қабылдаған соң нервтік қажу немесе жүйке күйзелісі фонында басталады

Көбінесе науқастар ауру-дың басталуын протездеу-мен байланыстырады

Ауру жылдарға созылады, асқыну болуы мүмкін. Ауру неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым клиникалық кар-тина ауырлау және емдеу қиынырақ

Кейде симптомдар өз еркі-мен біраз уақытқа жоғалып кетеді

Емдеу әдетте қысқа мерзім-ді нәтиже береді немесе толығымен тиімсіз

Вегетативті-эндокринді және эмоция-лық дисфункциялар, депрессия жетек-ші роль атқарады

Кезбе және тіл нервтерінің ядролары арасында гастролингвальды рефлекс-тің пайда болуы

Жергілікті жарақат вегетопатия фонында аурудың іске қосатын механизмі болады

Ауыз қуысына әр текті металдарды енгізу (гальваноз), тістемнің төмен-деуі, протезге қиын бейімделу

Тұрақты патологиялық рефлекторлық тізбекті құру: ашу – патологиялық белгілеу – ашудың күшеюі

Әдетте демалыста жақсы психоэмо-циялық факторлардың әсер етуі салдарынан

Емдеу патогенездің жеке буындарына бағытталған

Қарау

сыртқы қарау

ауыз қуысының шырышты қабығын қарау

тіс қатарларын

қарау

сілекей бездерін

қарау

Беттің күштенген-үрейлі қалпы

Беттің төменгі бөлігінің биіктігі көбінесе төмендетілген

Жергілікті лимфа түйін-дері саусақпен басқанда білінбейді

Әдетте көп шағымдар мен объективті картина арасын-да корреляция жоқ. шы-рышты қабатта өзгерістер болмауы мүмкін. Аздаған атрофия, сирек жағдайда тіл бүртіктерінің гипертрофия-сы болуы мүмкін

Ауыздың шырышты қабығының құрғақтығы жиі айқындалады

Гигиеналық жағдайы қана-ғаттанарлықсыз, тіс шөгін-ділері, тістердің үшкір шет-тері, тістердің артық қажа-луы және тістемнің төмен-деуі. Әр текті металдардан ортопедиялық конструк-циялар жиі болады

Паренхиманың органика-лық өзгерістері жоқ. Сіле-кей бездерін саусақпен бас-қанда ауырмайды. Шыға-тын өзектер патологиялық өзгерістерсіз, секрет таза, бірақ жеткіліксіз мөлшерде бөлінеді

Невроз, депрессия күйі

Жоғары қажалу, тістердің жартылай немесе толығымен жоғалуы

Тілдің қабынуы жоқ

Нейротрофиялық бұзылу түріндегі вегетативті бұзылулар

Вегетативті нерв жүйесінің симпа-тикалық бөлігінің қозуы басым

Науқастар шырышты қабықты сақтап, тістерін нашар тазалайды. Тіл жарақаты, chorda tympani жаншылуы. Гальваноз және шырышты қабығының созылмалы жарақаты

Ауыз қуысындағы құрғақтық сілекей бездері паренхимасының зақымда-луымен емес, вегетативті нерв жүйе-сінің симпатикалық бөлігінің тұрақты қозуының басым болуымен байла-нысты

Қосымша зерттеу әдістері

тілдің сезгіштігін зерттеу

сілекей секрециясы жылдамдығын зерттеу

капилляроскопия

дәм сезу рецептор-ларының қызмет-тік мобильділігін зерттеу

Көптеген жағдайларда әсі-ресе зақымдалу жағында ауыруды және температура-ны сезгіштік төмендейді

Науқастардың 60%-да сек-реция елеулі баяулаған

Капиллярлық қан ағымы-ның тіпті толық тоқтағанға дейін баяулауы

Науқастардың 70%-да – дәм сезгіштік төмендетілген, 14%-да бұрмаланған

Перифериялық тип бойынша сезгіш-тіктің бұзылуы

Сілекей бездерінің, асқазан-ішек жолы бездерінің секрециясын тежейтін симпатикалық нерв жүйесі қозуының басым болуымен вегетативті дисфунк-цияның айқындалуы

Парестезия талмасы кезінде күшейетін және осы бөліктердің трофикасын нашарлататын капиллярлардың қысы-луы, ауыздың шырышты қабығының ауыруы

Перифериялық тип бойынша сезгіш-тіктің бұзылуы

ГЛОССАЛГИЯ МЕН СТОМАЛГИЯНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауру

Жалпы клиникалық белгілері

Ерекше белгілері

Тілдің және ауыз-дың шырышты қабығының басқа бөліктерінің же-дел немесе созыл-малы жарақаты

Тіл нервінің

невралгиясы

Тіл нервінің

невриті

Пластмассаға аллергия

Десквамативті глоссит

Кандидоз

В12-фолий тапшы-лықты анемия витамині фонындағы глоссит

Ауыру және ашу

Тілдің ауыруы

Тілдің ауыруы

Тілдің, қызыл иектің, еріннің, таңдайдың шырышты қабығының, протез орнының ашуы

Тілдің ашуы және ауыруы

Тілдің және ауыз қуысының шырышты қабығының басқа бөліктерінің ашуы, ауыздың құрғақтығы

Тілдің ашуы және ауыруы

Тұрақты, орын алған ауыру, тамақ ішкенде, сөйлегенде күшейеді. Қа-рау кезінде жарақаттаушы фактор (тістің, протездің үшкір шеті), гипе-ремия, зақымдалуға сәйкес шы-рышты қабаттағы эрозия немесе жара айқындалады. Жарақаттаушы фактордың жойылуымен ауыру жоғалады

Тілдің бір жағында талма тәрізді күшті ауыру тамақ ішкенде, сөйле-генде кенеттен пайда болады, нерв жүрісі бойынша таралады. Үштік нервтің үшінші тармағының нев-ралгиясымен жиі үйлеседі. Анам-незде қатты тоңазу жиі болады

Басым көпшілігінде мандибулярлы анестезия жүргізу, төменгі ақыл тіс-ті жарақатты жұлу кезіндегі жара-қаттың салдары ретінде, жедел ин-фекциялық аурудың асқынуы, қат-ты тоңазу ретінде тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі зақымдалады. Тұрақты, қарқынды ауыру, тамақ ішкенде, сөйлегенде күшейеді. Әдетте ауыру парестезиялармен, тілдің сәйкес жартысына ауыруды, тактильді жә-не температураны сезгіштіктің тү-суімен, дәмді сезудің төмендеуімен және бұрмалануымен жалғасады

Ашу акрилді пластмассадан жасал-ған алмалы-салмалы протездерді пайдалануды бастаған соң пайда болады. Ауыздың шырышты қабығының ісігі және гиперемиясы протез шекараларына сәйкес келеді. Протездерді пайдалануды тоқтат-қан соң бірнеше күннен кейін ша-ғымдар және гиперемия жоғалады. Пластмассаға аллергиялық сынама-лар жақсы

Тілдің ауыруы тітіркендіруші тамақ ішкенде пайда болады және күшейеді. Үнемі орын ауыстыру бағыты бар қызылдау түсті дақтар түріндегі тілдің жіп тәрізді бүртік-терінің десквамациясына тән ошақ-тар. Кейде десквамативті глоссит симптомсыз болып қалады

Жасы мен жынысына байланысты емес. Анамнезде антибиотиктер, глюкокортикостероидтар қабылдау, қант диабеті. Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарған, тіл арқасында және қатпарларында ақ түсті өңез. Бактериоскопия Candida саңырауқұлағымен көп ұрықтану-ды, мицелийлерді, бластоспоралар-ды айқындайды

Ахилиялық гастрит фонында пайда болады. Тітіркендіруші тамақ іш-кенде қатты ауыруға шағымдар. Таңқурай түсті «жылтыратылған» тіл, жақтың шырышты қабығындағы таңқурай түсті ашық жолақтар мен дақтар. В12 витаминін парентеральды енгізудің жылдам нәтижесі

Тілдің бұлшық еттеріндегі көлемді процесс (ісік, абсцесс)

Тілдің ауыруы

Сөзі анық емес (науқас тілін сақ-тайды). Қозғалушылық аз болған-дықтан тілді қалың өңез басқан. Саусақпен басқанда қалыңдауы, тығыздығы және ауыршаңдығы анықталады

ГЛОССАЛГИЯ МЕН СТОМАЛГИЯНЫ ЕМДЕУ

Емдеу кезеңдері

Емдеу құралдары

Қолдану тәсілі

Пайдалану мақсаты

Әсер ету механизмі

Ауыз қуысының ұтымды гигиенасына үйрету

Тіс өңезінің индика-торлары, тіс щеткасы, тіс сықпасы

Гигиеналық жағ-дайын анықтау үшін тістерді бояу. Науқасті тістерді тазалау кезіндегі дұрыс қозғалуға үйрету, тазалау уақытын бақылау

Тілді тітіркен-діргіш ретінде инфекцияланған тіс өңезін жою және ауыз қуы-сының жалпы инфекциялануын төмендету

Жақсы гигиена ауыз қуысында жайлы жағдай тудырады, шағымдарды азайтады және емдеу тиімділігін арттырады

Тіс шөгінділерін

жұлу

Ультрадыбыстық ап-парат, ілмектер, экс-каваторлар, ағаш бас-тиектер, резеңке тостағандар, щетка-лар, жылтырату сықпалары

Қызыл иек үсті жә-не асты тіс шөгінді-лерін жүйелі жою, тістердің тілдік бетін мұқият жыл-тырату

Тіл үшін жара-қаттаушы факторды жою

Тістердің тегіс беті тілді тыныш-тандырады, себебі глоссалгияда ол кедір-бұдырды шамадан сезгіш болады

Тіс жегілік

тістерді емдеу

Пломбалау материалдары

Қуыстарды жасау және тістердің ана-томиялық пішінін қалпына келтіру

Тітіркендіруші факторлар мен инфекция ошақтарын жою

Жергілікті іске қосу механизмде-рін жою

Протездердің үшкір шеттерін, төмпелерін ажар-лау, түзету, бүлін-ген тістерді жұлу

Карборундты тастар, бастиектер, резеңке дискілер, минерал-сыздандыратын ерітінділер, фторлы лактар, хирургиялық қысқыштар

Супербайланыстар-ды ажарлаған соң флюоризация қажет

Тіл үшін тітір-кендіргіштерді жою

Жергілікті іске қосу механизмде-рін жою, самай-төменгі жақ буы-нының буындық басының орнын қалыптандыру

Ортопедиялық емдеу

Протездердің ұтымды конструкцияларын жасау, әр текті метал-дардан жасалған протезді айырбастау

Стоматоневролог пен стоматолог-терапевттің кеңесі-нен кейін ортопе-диялық емдеу

Тіс қатарлары-ның, гальваноз-дың ақауларын жою, тістем биіктігін қалыптандыру

Тілдің және ауыз қуысының басқа бөліктерінің меха-никалық және фи-зикалық жарақаты факторлары жоқ, беттің төменгі бө-лігінің биіктігі қа-лыптандырылады

Анестетиктер, антисептиктер

Анестезиннің глице-риндегі немесе өсім-дік майындағы 10% өлшендісі; тілге пансорал, холисал дентальды жансыздандыру гельдерін жағу

2-5% лидокаин ері-тіндісі, цитральдың шабдалы майындағы 1% ерітіндісі

Тілге және ауыз қуысы шырышты қабығының басқа бөліктеріне 10 мин ішінде аппликация-лар; ауызды шаю. Тамақ ішкен соң гельдің шамалы мөлшерін тілдің ауыратын бөлікле-ріне саусақпен сіңі-ру. 2 сағат шаймау және тамақ ішпеу керек

Ауызды шаю. Ем-деудің ұзақтығы субъективті шағым-дардың сақталуына байланысты

Сенсорлық шағымдарды уақытша жою

Ауыз қуысы шы-рышты қабатын-дағы сезгіш нерв талшықтарының блокадасы, ашу – патологиялық фиксациялау – ашудың күшеюі патологиялық рефлекторлық тізбегін үзу

Тіл нервісінің

блокадасы

1% лидокаин ерітінді-сімен бірге 6% В1 витаминінің ерітіндісі

Лингвальды анесте-зия типі бойынша инъекциялар, екі жақты зақымдалу болғанда – кезекпен екі жаққа: 1 курсқа әр жаққа 6-дан 10 инъекцияға дейін

Тілдегі жағым-сыз сезінуді уақытша жою, патологиялық импульсацияны алу, нейродис-трофияны жою

В1 витамині аце-тилхолин синтезі-не әсер етеді, оның жетіспеуші-лігі парестезия-ларға әкеліп соға-ды

Физиотерапия

1% РР витаминінің ерітіндісі, 2-5% натрий хлоридінің ерітіндісі

Электрофорез: курс 12-16 процедура. Тілге натрий ионда-рын енгізу. Активті электродты тілге салады

Тіл трофикасын жақсарту

Капиллярлық желіні кеңейту жолымен тілдегі микроциркуля-цияны ынталан-дырады

Сілекей бөлінуді стимуляциялау

3% калий йодидінің

ерітіндісі

1% пилокарпин

ерітіндісі

А витаминінің

майлы ерітіндісі

Күніне 3 рет тамақ-тан кейін 1 ас қасықтан;

курс 3-4 апта

Күніне 3 рет тамақ-қа дейін 5-6 тамшы-дан; курс 3-4 апта

Күніне 3 рет 5-6 тамшыдан; курс 3-4 апта

Ауыз қуысындағы құрғақтықты жою

Йод бездік эпите-лийге тітіркенді-руші әсер етіп, жартылай сілекей бездерімен бөлі-неді

Сілекей бездерін-дегі М-холиноре-цепторларды қоз-дырады, парасим-патикалық тонус-ты жақсартады.

Бездік эпителийді қалыптандырады

Поливитаминдер

Компливит

Центрум, витрум және т.б.

Күніне 1 рет тамақ-тан кейін 1 драже

Күніне 1 рет тамақ-тан кейін 1 капсула

Витаминдер тап-шылығын жою және микроэле-менттік баланс-ты қалыптанды-ру

Алмасу процесте-рін жақсарту, нерв жасушаларында нерв қозуының берілу жылдамды-ғын қалыптанды-ру

Психотерапиялық әңгімелесу

Дәрігер-стоматолог

Науқасты ты-ныштандыру, оның сырқаты-ның сипатын түсіндіру

Үрейлі күйден бо-сату, қорқыныш, қалыптасқандық және ауруға берілу

Психотропты препараттармен емдеу

Эглонил 0,002 г

Амтриптилин

0,025 г

Апофлуоксетин 20 мг

Күніне 2 рет тамақ-тан кейін 0,0005 г-нан бастап, күніне 0,004-0,006 г дейін жеткізу (жағдайы-ның ауырлығына байланысты); емдеу курсы 3-4 ай

Күніне 2 рет тамақ-тан кейін 0,012 г-нан бастап, күніне 0,05-0,075 г дейін толық антидепрес-сиялық әсерге дейін жеткізу

Стоматоневролог күніне таңертең

1 капсуладан

тағайындайды

Астеноневроз-дық күйді,

депрессияны, психозды жояды

Жағымсыз пси-хоэмоциялық фонды азайтады, жансызданды-рушы әсер етеді

Патологиялық әлсіреген көңіл-күйді теңестіреді

Тыныштандыра-тын емдеу

Элениум 0,005 г,

седуксен 0,005 г,

эуноктин 0,005 г,

тазепам 0,01 г,

триоксазин 0,3 г

Күніне 2-3 рет 1 таблеткадан;

курс 3-4 апта

Қабыршақ астын-дағы лимбикалық жүйеге әсер ету нәтижесінде ты-ныштандырушы әсер

Гирудотерапия

Медициналық сүліктер

Тілге салады

Ашуды және па-рестезияны жою

Қан микроцирку-ляциясының жо-ғарылауы нәтиже-сінде трофиканың жақсаруы, гиру-диннің антикоагу-лянтты әсері, реф-лексті терапия, тілдегі іркілген құбылыстарды жою, сүліктің сор-ғыш ретінде әсері

Сендіру терапиясы және

психотерапия

Инерефлексо-терапия

Мойын аймағының массажы

Психотерапевт

Рефлексотерапевт

Массажист

Психотерапия сеанстары

Инерефлексотера-пия курсы

Курс 8-12

процедура

Күш түскеннен, қорқыныштан, ауруға берілуден босату Парестетикалық және ауыру се-зімдерін жою, психоэмоциялық және жалпы күй-ді коррекциялау

Парестезияны жою, психоэмо-циялық және жалпы күйді жақсарту

Психоэмоциялық бұзылуды жою

ПеИФРериялық нүктелерден веге-тативті нерв жүйесінің ортала-рына рефлектор-лық әсер ету

Омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозын жою

Айқындалған ілеспелі аурулар-ды емдеу

Дәрігер-маман

Ілеспелі ауру-лардың негізгі симптомдарын жою

Патогенездің жеке буындарына әсер ету

Өмір үшін болжам – қолайлы, ауру үшін созылмалы ағым. Кешенді және білікті емдеусіз сауығу сирек байқалады. Кейде демалғанда парестезияның және тілдің ауыруының уақытша өзінен-өзі жоғалуы болады.

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

58 жастағы науқас ұзақ сөйлеген соң және күннің аяғына қарай тілдің ашуына, епсіздігіне, ауырлығына шағымданып келді. Алғаш рет тілдің ашуы 3 жыл бұрын жүйке күйзелісінен кейін пайда болды. Уақыт өткен соң тілдің жағымсыз сезінуі артып, таңдайдың ашуы пайда болды. Тамақ ішкен кезде барлық айтылған құбылыстар жоғалады.

Анамнезде асқазан-ішек патологиясы, астениялық синдром.

Науқас дәрігермен сөйлескенде үрейлі, секемшіл, өзінің сезімдеріне көңіл қойған; айтқандары канцерофобия туралы куәландырады.

Бет әлпеті өзгерген. Беттің төменгі бөлігіні биіктігі төмендеген. Мұрын-ерін қатпарлары айқындалған. Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басқанда білінбейді. Еріннің қызыл жиегі құрғақтау. Ауыз қуысының Шырышты қабығы бозғылт, жеткіліксіз ылғалданған. Тілдің бүртіктері аздап семген, ұшы және оң жақтағы бүйірлік беті қызарған. 12, 24, 27, 47-тістерде тіс жегілік қуыстар бар. Тістердің қатты тіндерінің қажалуы жоғары, шеттері үшкір. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз. 31, 32, 33, 41, 42, 43-тістерде тіс тасы бар. Созылмалы жайылған катаральды гингивит құбылыстары.

Тұрғылықты жеріндегі емханада емдеу жүргізілген: күніне 3 рет 30 тамшыдан валериан тұнбасы, новокаинмен ауызды шаю, тілге бүрген майын жағу. Әсері байқалмаған.

Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын белгілеңіз.

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

52 жастағы науқас клиникаға тілдің және еріннің ашуына, шаншуына және жидіп қалғандығы сезіміне шағымданып келді. Уақыт өткен соң ауыз қуысында құрғақтық пайда болады. Сезімдер күннің аяғына қарай күшейеді, тамақ ішкен кезде жоғалады. Алғаш рет тілдің және еріннің ашуы бір жылға жуық уақыт бұрын курорттан келген соң пайда болды, мұнда науқас шала таныс әйелдің бетінен сүйген. Соңғы уақытта ұйқысы, тәбеті нашарлаған, науқас жүдеген, ернін үнемі қалтасынан тастамайтын айнадан қарайды. Дәрігермен сөйлескенде үрейлі, секемшіл, өзінің сезімдеріне көңіл қойған; айтқандары сифилофобия туралы куәландырады.

Анамнезде гипертония ауруы, асқазан-ішек патологиясы.

Бет әлпеті үрейлі, өзгерген. Беттің төменгі бөлігіні биіктігі төмендеген. Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басқанда білінбейді, еріннің қызыл жиегі патологиясыз. Ауыз қуысы кіре берісінің Шырышты қабығы бозғылт, жеткіліксіз ылғалданған, тілдің бүртіктері аздап семген. Тілдің бүйірлік беттерінде тістердің іздері бар. 25, 27, 46-тістерде тіс жегілік қуыстар бар. Әр текті металдан жасалған көпір тәрізді конструкциялар. Тістердің қатты тіндерінің патологиялық қажалғандығы. Көп тістердің шеттері үшкір, ауыз қуысының гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Жайылған катаральды гингивит құбылыстары.

Тері-венерологиялық диспансерде тексерілген. Жыныстық жолмен берілетін ауруларға барлық реакциялар теріс. Тұрғылықты жеріндегі емханада емдеу жүргізілген: валериан тұнбасын ішу, новокаинмен ауызды шаю. Әсері байқалмаған.

Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын белгілеңіз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

  1. Тілдің қабынуының аталуы:

  1. глоссит;

  2. глоссалгия.

2. Тілдің бүртіктері:

1) жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді;

2) жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақ тәрізді;

3) жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақ тәрізді, науашық тәрізді;

4) жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақ тәрізді, науашық тәрізді, алмұрт тәрізді.

3. Сәйкестікті анықтаңыз:

Тілдің аурулары:

  1. десквамативті глоссит;

  2. қара «түкті» тіл;

  3. ромб тәрізді глоссит;

  4. қатпарлы тіл;

  5. Меллер-Гунтер глосситі;

  6. глоссалгия.

Клиникалық көрінісі:

а) өзгерістер жоқ;

б) «жылтыратылған» тіл;

в) десквамация ошақтары;

г) терең жүлгелер;

д) бүртіктер гипертрофиясы;

е) тілдің түбіріне жақынырақ тартылған бөлік

4.

Десквамативті глосситтің синонимдері:

1) ромб тәрізді глоссит;

2) «географиялық» тіл;

3) түкті тіл.

5. Десквамативті глоссит болғанда десквамация ошақтары:

1) тұрақты орналасады;

2) орын ауыстырады.

6. Десквамация ошақтарының түрі:

1) өзгереді;

2) өзгермейді.

7. Десквамативті глоссит болғанда тітіркендіруші тамақ ішу тілдің ауыруын :

1) жояды;

2) азайтады;

3) күшейтеді.

8. Тілдің бүртіктері қалыпты жағдайдада мүйізгектенеді:

1) ромб тәрізді;

2) жапырақ тәрізді;

3) жіп тәрізді;

4) саңырауқұлақ тәрізді.

9. Темір тапшылықты анемияға күмәнданғанда қанды зерттеу қажет:

1) лейкоциттер мөлшерін;

2) эритроциттер мөлшерін;

3) гемоглобин деңгейін;

4) қан кету уақытын;

5) ЭТЖ;

6) түс көрсеткішін.

10. Ашық қызыл түсті ауыршаң «жылтыратылған» тіл симптомы тән :

1) созылмалы қайталамалы афтозды стоматитке;

2) көптүрлі экссудативті эритемаға;

3) В12 витамині тапшылықты анемияға;

4) лейкозға;

5) герпеске.

11. Қандағы гемоглобинінің көрсеткіштері өзгереді:

1) лейкоплакияда;

2) лейкозда;

3) темір тапшылықты анемияда;

4) созылмалы қайталамалы афтозды стоматитте;

5) кандидозда.

12. Гипохромды анемия болғанда түс көрсеткіші:

1) 0,8-1,1;

2) 0,5-0,6;

3) 1,2-1,5.

13. Тамақ ішкенде тілдің ауыруы тән:

1) глоссалгияға;

2) үштік нерв невралгиясына;

3) катаральды глосситке;

4) десквамативті глосситке;

5) ромб тәрізді глосситке.

14. Тамақ ішкенде жоғалатын ашуды, шаншуды, жидіп қалуды сезімін тудырады:

1) глоссалгия;

2) ИТВ-инфекция;

3) стомалгия;

4) сифилис.

15. Глоссалгия жататын ауру:

1) инфекциялық;

2) аллергиялық;

3) психогенді;

4) тұқым қуалаушы.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ

1 – 1. 2 – 3. 3 – 1-в; 2-д; 3-е; 4-г; 5-б; 6-а. 4 – 2. 5 – 2. 6 – 1. 7 – 3. 8 – 3. 9 – 2, 3, 6. 10 – 3. 11 – 3. 12 – 2. 13 – 1. 14 – 1. 15 – 2. 16 – 3.

7-бөлім

ДЕРМАТОЗДАР КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕРІСІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]