Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)

Сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы еріннің қызыл жиегінде ғана диаметрі 4 мм-ден 1 см-ге дейінгі жартылай шар түріндегі пішінді элемент түрінде айқындалады. Түйін кәдімгі түсті еріннің қоршаған шырышты қабығынан 3-5 мм-ге шығып тұрады. Түйіннің түсі қалыптыдан көкпеңбек-қызыл түске дейін түрленеді, оның бетінің бір бөлігі тығыз отырған қабыршақтармен жабылған. Сыртынан элемент сүйелді немесе мүйізгектенген папилломаны еске салады, саусақпен басқанда ауырмайды.

Аса жиі жағдайда сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы актиниялық, метеорологиялық немесе гландулярлы хейлитпен үйлеседі. Аурудың ағымы жылдам, ауру басталған соң 1-2 айдан кейін қатерлену болуы мүмкін.

Малигнизация кезінде түйін кенет ұлғаяды, мүйізгектену күшейеді, негізінде тығыздану пайда болады немесе ол алынып тасталады.

Диагностика гистологиялық зерттеу деректеріне негізделеді.

10-8-сурет. Сүйелдік рак алды ауруы

ЕРІННІҢ ҚЫЗЫЛ ЖИЕГІНІҢ СҮЙЕЛДІК НЕМЕСЕ ТҮЙІНДІ РАК АЛДЫ АУРУЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Айқындалған симптомдар

Симптомдардың патогенетикалық негізі

Сұрау

шағымдар

Еріндегі сүйел

Ерін эпителийіндегі пролификация-лық процестер

Анамнез

жынысы, жасы

зиянды әдеттер және кәсіптік зияндылықтар

Еркектерде жиі болады

Орта жастағы тұлғалар

(көбінесе 50 жасқа дейін)

Шылым шегу, ашық ауада жұмыс істеу

Орта жастағы және одан жас тұлға-ларда тітіркендіруші факторлар әсері-не жауап ретінде эпителийдегі проли-ферациялық процестерге бейімділік жоғары

Еріннің темекі жануының канцероген-ді өнімдерімен үнемі байланысуы үшін жағдайлар тудырады. Ерін инсоляцияның (төменгі ерін) және метеорологиялық факторлардың үнемі тітіркендіруші әсерінде болады

Осы аурудың

пайда болуы

аурудың бұрын-нан бар болуы

аурудың мүмкін себебі

1-2 айдан көрінерлік себеп-сіз 3-5 жылға дейін

Механикалық жарақаттан кейін

Созылмалы герпестен кейін

Еріннің үнемі құрғақтығы, қабыршақтануы мен сызат-тары фонында

Процесс қатерленуге ерте бейімділік-пен жылдам дамиды

Процесс жарақат орнында төменгі немесе жоғарғы ерінде басталуы мүмкін (мысалы, қырынғанда ерінді кесіп алған соң)

Герпес вирусының әсерінен соң эпителийде пролиферациялық немесе дегенерациялық өзгерістерді өршіте-тін өзгерістер болуы мүмкін

Метеорологиялық хейлитпен негіздел-ген

Қарау

сыртқы қарау

жергілікті лимфа түйіндері

Ауыз қуысын

қарау

тіс қатарларын қарау

Төменгі еріннің қызыл жие-гінде диаметрі 4 мм-ден 10 мм-ге дейін, төбесінен кең негізді консистенциясы ты-ғыз, қалыпты немесе іркіл-ген-қызыл түсті, қабыршақ-тармен жабылған, үстіңгі беттен шығып тұратын, жартылай шар түріндегі шектелген түзілім

Өзгермеген

Тістердің ерінді жарақат-тайтын үшкір шеттерін айқындайды

Тікенекті жасушаларының кеңеюімен жалпақ эпителийдің күрт шектелген пролиферациясы. Гиперкератоз пара-кератозбен үйлеседі, әрқашан нашар-дан күрт айқындалғанға дейін эпите-лий жасушаларының полиморфизмі, дискератоз болады. Кейде көрініс cancer in situ сәйкес келеді

Қатерлену және метастаз беру кезінде жергілікті лимфа түйіндері үлкеюі мүмкін

Еріннің қосымша жарақаты қатерле-нуді жеделдетуі мүмкін

Қосымша әдістер

эпителий тұтас-тығы бұзылған жағдайда цитоло-гиялық зерттеу

гистологиялық зерттеу

Эрозия түбінен алынған қырынды, түзілім бетіндегі сызаттар

Зақымдалу ошағын толық кесіп алып тастаған соң жүргізеді

Қатерлі ісікке трансформация кезінде-гі атипті жасушалар

Қатерленуді анықтауға мүмкіндік береді

ЕРІННІҢ ҚЫЗЫЛ ЖИЕГІНІҢ СҮЙЕЛДІК НЕМЕСЕ ТҮЙІНДІ РАК АЛДЫ АУРУЫНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауру

Жалпы клиникалық белгілері

Ерекше белгілері

Кәдімгі сүйел

Папиллома

Кератоакантома

Тері мүйізі

Пиогенді гранулема

Сүйелді рак алды ауруының қатерленуі

Еріндегі жартылай шар түріндегі түзілім

Еріннің үстінде шығып тұра-тын дөңгелек түзілім, сұр түске айналып, мүйізгектенуі мүмкін

Еріннің үстінде шығып тұратын дөңгелек түзілім

Диаметрі 1 см дейінгі еріннің қызыл жиегіндегі шектелген, шығып тұратын ошақ. қатерленуі мүмкін

Еріннің қызыл жиегінде шығып тұратын жеке түзілім

Әдетте ерін айналасындағы теріде өзіне тән бүршікті беті бар көптік элементтер, балаларда жиі болады

Көбінесе қозғалмалы, аяғы немесе кең негізі, тегіс несесе әжімді беті бар. Ерінде қызыл жиек пен шырышты қабығының арасында шекаралық орынды алады немесе тек шырышты қабықта орналасқан

Түзілімнің ортасында «тығын» сияқты тығыз мүйізді массалармен толтырылған «кратер». Оны жой-ғанда қызылдау түсті тығыз білік-шесі бар кратер тәрізді қуыс жақсы байқалады. Өздігінен жазылуға бейім

Биіктігі 1 см дейінгі мүйіз түріндегі конус тәрізді пішінді, кірлі-сұр немесе қоңырқай-сұр түсті, тығыз консистенциялы ошақ

Қаныққан қызыл түсті, жұмсақ консистенциялы, аяғы болуы мүмкін. Бетінің тіндері жұмсарады, іріңді қабықшалармен жабылған. Басқанда ірің шығуы мүмкін

Түзілім ұлғаяды, мүйізгектену күшейеді. Үстіңгі бетінде – сызаттар, қанағыштық, негізінде тығыздану пайда болады

ЕРІННІҢ ҚЫЗЫЛ ЖИЕГІНІҢ СҮЙЕЛДІК НЕМЕСЕ ТҮЙІНДІ РАК АЛДЫ АУРУЫН ЕМДЕУ

Емдеу кезеңдері

Емдеу құралдары

Қолдану тәсілі

Пайдалану мақсаты

Әсер ету механизмі

Хирургиялық

Хирургиялық құрал-саймандар

Сау тіндер шегінде кесіп алып тастау

Зақымдалу оша-ғын толық жою

Міндетті гистоло-гиялық бақылау ісіктің қатерлену-ін және инвазив-ті өсуін болдыр-мауға мүмкіндік береді (қатерлен-генде қосымша сәулелі терапия курсын өткізеді)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]