Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы

Жергілікті жарақаттаушы факторды жою («жарақатты эритема» бөлімін қара)

Ауыз қуысының гигиенасына үйрету және оның сақталуын қадағалау

Қабынуға қарсы ем, антисептика-лық өңдеу

Қалтаны кюретаждап, гиперинфекцияланған қалтаны кесіп алып тастау

Тіс-қызыл иек байланысы анықталғанда, анестезия көмегімен тек қызыл иекті кесіп алып тастау

Жасанды сауыт, протездерді алып тастау

Тіс щеткасы, сықпа, жіп және т.с.с

0,06% хлоргексидин ерітіндісі және басқалары. Метронидозол (хлоргексидин ерітіндісіндегі жүзінді)

Ультракаин,

скандикаин,

септонест,

септокаин,

лидокаин,

кюретажға арналған аспаптар жиынтығы

Пародонтологиялық жиынтық(ілмектер,экскаваторлар,

қайшы, скальпель және басқалары)

Ортопедиялық ем

Науқасты гигиеналық заттарды дұрыс қолдануға үйрету

Мақта тығынымен өңдеу, қысым арқылы жуу.

Аппликация жасау, пародонтальды қалталарға енгізу

Өткізгіштік немесе инфильтрация-

лы анестезия, кюреткалар, скальпель

Қалта ішін қыру, гипертрофияланған қызыл иекті кесіп алып тастау

Процесстің әрі қарай өршуін тоқтату

Микробты қақты, білемді жою

Қабынған қызыл иекке екіншілік инфекция әсерін әлсірету

Гипертрофия-ланған қызыл иекті алып тастау

Қалтаны жиып, гипертрофия-

ланған қызыл иекті алып тастау

Созылмалы пролиферативті қабыну ошағын жою

Қызыл иек микроорганиз-

мі механикалық жарақат тудырған қабынуды қалайды

Анық антимикробты әсері, оның ішінде анаэробтарға, микроорганизмдердің жасуша белогының денатурациясы, бұзылысы

Қалтадағы созылмалы пролиферативті қабыну ошағын жояды

Екіншілік жазылуға жағдай жасау, пролиферативті қабыну ошағын жою

Бөлікшелі фиброма

Протез қырымен шырышты қабықты жарақаттауды жою

Бөлікшелі фиброманы алып тастау

Жаңа протезді дайындау

Протезді қолданбау

Хирургиялық бөлім

Ортопедиялық бөлім

Түзіліске жарақаттаушы әсер етуді азайту

Сапасыз протез шырышты қабығының бүтіндігін бұзуға мүмкіндік жасайды, кейін тіндер пролиферация-сы пайда болады

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

68 жастағы науқас клиникаға сол жақтағы альвеолярлы қырқаның артқы бөлігіндегі тұрақты ауыру сезіміне шағымданып келді. Ауыру тамақ ішкенде, сөйлегенде күшейеді, бір ай бойы мазалаған. Науқас осы ауыру сезімінің пайда болуын аз уақыт бұрын төменгі жақ сүйегіне толық алмалы-салмалы протез салумен байланыстырады. Анамнезінде – II дәрежедегі гипертониялық ауру. Толық екіншілік адентия. Сол жақтағы ретромолярлы аймақта шырышты қабық деңгейіндегі ақау көрінеді, пальпацияда қатты ауырады, қырлары мен түбі біркелкі емес, некроздалған қақпен жабылған.Сол жақтағы төменгі жақ сүйегі асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады, қозғалмалы.

Диагноз қойып, емдеу жоспарын құрыңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

  1. Созылмалы жарақат – бұл жарақаттаушы агенттің әсері:

  1. бір реттік;

  2. бірнеше реттік.

  1. Созылмалы механикалық жарақаттаушы факторлар:

  1. ұзақ уақыт шылым шегу;

  2. сапасыз протездер;

  3. байқаусыз тістеп алу;

  4. өткір затпен жарақаттау;

  5. тістердің өткір қырларын ұзақ уақыт тітіркендіру.

  1. Жарақаттық эрозияның (ойық жара) цитологиялық зерттеуінен табылады:

  1. Лангханс жасушасы;

  2. қабыну элементтері;

  3. аконтолитикалық жасушалар;

  4. эпителийдің атипиялық жасушалары.

  1. Жарақатты ойық жараның қатерлену белгілері:

  1. эозонофилия;

  2. қырларының мүйізденуі;

  3. қыры мен негізінің тығыздалуы;

  4. тығыз, біріккен, ауырмайтын регионарлы лимфа түйіндері;

  5. пальпацияда ауырмауы.

  1. Жарақатты ойық жараны рак алды ауруы ауруына жатқызады:

  1. облигатты;

  2. факультативті.

  1. Жарақатты ойық жараны салыстырады:

  1. рак ойық жарасымен;

  2. трофикалық ойық жарамен;

  3. туберкулезді ойық жарамен;

  4. мерезбен (қатты шанкр);

  5. көп түрлі экссудативті эритемамен;

  6. созылмалы қайталанбалы ұшықпен;

  7. жалпақ теміреткімен (эрозивті-ойық жаралы түрі).

  1. Жарақаттаушы факторларды жойғаннан соң, тез жазылуға бейім ойық жара:

  1. ракты;

  2. сәулелі;

  3. туберкулезді;

  4. жарақатты.

  1. Жарақатты эрозияны, ойық жараны дәрімен емдеуде қолданады:

  1. антибиотиктерді;

  2. ферменттерді;

  3. антисепетиктерді;

  4. күйдіретін дәрілерді;

  5. кератопластиктерді;

  6. вирусқа қарсы препараттар.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ

1-2. 2-2,5. 3-2. 4-2,3,4,5. 5-2. 6-1,2,3,4,6,7. 7-4. 8-2,3,4.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]