- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
3.4. Лейкоплакия
(3-17-3-21 суреттер)
Лейкоплакия ( грек тілінен leucos –ақ, plax- табақша) – эпителийдің патологиялық мүйізденуімен жүретін еріннің қызыл жиегі мен ауыз қуысы шырышты қабығының созылмалы аурулары, олар тәртіп бойынша созылмалы экзогенді тітркенуге жауап ретінде дамиды. Жиі жасы 40-тан асқан ер адамдар ауырады.Лейкоплакия түрлері: жалпақ, веррукозды, эрозивті,темекі шегетін адамдарда болатын Таппейнер лейкоплакиясы. Аурудың дамуында ең маңызды орында жарақаттаушы және басқа да жағымсыз факторлар: кариесті тістердің өткір қырлары, пломбаның ілінген қырлары, патологиялық тістем, сапасыз протездер, гальваноз, ащыны, тәттіні, алкогольді,темекіні шамадан тыс қолдану; кәсіптік зияндылықтар (анилинді бояудың, лактың, мұнай айдау өнімдері және т.б. әсері); жағымсыз метеорологиялық факторлар (гастрит, колит, қант диабеті және басқалары) ауыз қуысы шырышты қабығының лейкоплакиялық реакциясының пайда болуына ықпал етеді. Лейкоплакияның дамуына тұқымқуалаушылықтың да әсері бар.
Лейкоплакия кезінде шеттері анық гиперкератотикалық дақ пайда болады, ол қоршаған тіндер деңгейіне шықпайды, қырғанда алынбайды. Кератоздың өршуі кезінде күңгірттенуі пайда болып, зақымдану ошағының арнайы маржандай жарқылы жоғалып, гиперкератоз күшейеді. Лейкоплакия ұрт шырышты қабығының тістер қабысатын сызықта, ауыз бұрышында, тіл арқасында, қатты таңдайда, кейде альвеолярлы өсіндіде кездеседі.
Гистологиялық гиперкератоз, паракератоз, созылмалы қабыну процессі белгілері анықталады.
Веррукозды және эрозивті түрлері қатерленуі мүмкін. Оларды факультативті рак алды ауруы ауруына жатқызады. Қатерлену мүмкіндігі 20-30% құрайды. Лейкоплакиямен сырқат науқастардың алдын-алу, уақытында диагностикалау, нәтижелі емдеу онкологиялық аурулардың алдын алу аспектісіндегі дәрігер- стоматологтың мәселесі болып табылады.
3-17-сурет. Тілдің вентральды беті мен
ауыз қуысы шырышты қабығының
лейкоплакиясы
3-18-сурет.Тілдің бүйір бетінің веррукозды
жалпақ лейкоплакиясы
3-19-сурет.Жоғарғы жақ қызыл иегінің
веррукозды лейкоплакиясы
3-20-сурет.Тілдің бүйір бетінің эрозивті
лейкоплакиясы
3-21-сурет. Тілдің бүйір бетінің эрозивті
лейкоплакиясы
ЛЕЙКОПЛАКИЯНЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ
Тексеру тәртібі
|
Анықталған симптомдары |
Симптомдарды патогенетикалық негіздеу |
Сұрау шағымы
жалпақ түрі
веррукозды түрі
эрозивті түрі
Таппейнер лейкоплакиясы |
Болмайды
Шырышты қабығының ерекше түрі, ауыз қуысы шырышты қабығындағы, еріндегі ақ дақ
Ауыз қуысы шырышты қабығының, еріннің кедір-бұдырлығы, тартылу сезімдері
Дәмнің бұзылуы (тілдегі көлемді зақымдануларды)
Тағам қабылдағанда, сөйлегендее күшейетін ауру сезімі
Болмайды |
Эпителийдің мүйізді қабатының аздап қалыңдауы. Зақымданған ошақтың шырышты қабығының бүтіндігі бұзылмаған
Ауыз қуысы шырышты қабығы мүйізденуінің жоғарылауы (гиперкератоз және паракератоз құбылысы). Зақымдану ошағындағы эпителийдің мүйізді және түйіршікті қабаттарының қалыңдауы
Зақымдану ошағындағы эпителийдің мүйізді және түйіршікті қабаттарының едәуір қалыңдауы
Дәм сезу буылтығының гиперкератозы
Тамақ ішкенде ауыз қуысы шырышты қабығындағы нерв ұштарының тітіркенуі
Эпителийдің мүйізді қабатының аздап қалыңдауы, шырышты қабық бүтіндігі бұзылмаған |
Анамнез жынысы
жасы
басынан өткерген және қосарласқан аурулары
кәсіптік зияндылықтар
зиянды әдеттері
жағымсыз метеорологиялық факторлар
физикалық факторлардың әсері |
Ер адамдарда жиі кездеседі
40 жастан асқандарда
Асқазан-ішек жолы аурулары, қант диабеті, түқым қуалаған және туа біткен дискератоздар және басқалары
Басқа мүшелердің шырышты қабығының лейкоплакиясы (өңеш, жатыр мойыны және басқалары)
Анилинді бояулардың, лактардың, көмір өндіру өнімдері,таскөмір шайырлары, бензин булары, бензол, қорғасын шаңы, коксохимиялық, темір рудасынан және басқа да өндірістердің зиянды факторларының әсері
Темекі тарту
Алкогольді, ащы тағамды шамадан тыс көп пайдалану
Суық, инсоляция, жел және басқалары
Гальван тогы |
Жиі темекі тартатындар ер адамдар
Сыртқы факторларға шырышты қабығының төзімділігін төмендетеді. Эптелийдің қалыпты регенерациясын қамтамасыз ететін дәрумендердің, оның ішінде А дәруменінің сіңуі бұзылады
Шырышты қабыққа әсер еткенде мүйізденуді бұзатын созылмалы қабынуды тудырады
Бірнеше жарақаттаушы факторлардың (жоғары температура, шайыр, эфир майы) еріннің қызыл жиегіне және ауыз қуысы шырышты қабығына қосарласқан әсері
Әр түрлі әсерлерге ауыз қуысы шырышты қабығы резистенттілігінің төмендеуі
Ерінге тітіркендіргіш әсер етеді де, мүйізденуді бұза жүретін ауыз қуысы шырышты қабығындағы созылмалы қабынудың дамуына мүмкіндік жасайды
20 мкА асатын ток күші кейін мүйізденетін созылмалы қабынуды тудыруы мүмкін |
Осы аурудың дамуы
ауру ұзақтығы
жүргізілген емнің нәтижесі
жүргізілген емнің нәтижесі |
Науқас ауру туралы білмейді
Емдеу жүргізілмеген
Емдеу жүргізілген, бірақ нәтижесі шамалы |
Субъективті симптоматикасы жоқ
Науқас дәрігерге қаралмаған
Лейкоплакия диагностикасындағы қателік. Лейкоплакияны толық емдемеу (аурудың этиологиялық факторлары жойылмаған; ұзақ консервативті емдеуді мына жағдайда жүргізеді, егер зақымдалу ошағын алып тасату керек болса) |
Қарау сыртқы қарау
лимфа түйіндерін пальпациялау
ауыз қуысын қарау |
Ерекшелігі жоқ. Еріннің қызыл жиегінің лейкоплакиясы
Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияда ауырмайды
Кариес бар тістердің өткір қырлары, пломбаның ілінген қырлары, шылымшы қағы, тіс шөгінділері, сапасыз протездер, әр түрлі металлдан жасалған протездер |
Механикалық, физикалық жарақат созылмалы қабынудың тууына мүмкіндік жасап, еріннің қызыл жиегі эпителийінің мүйізденуін бұзады
Жарақаттаушы факторлар ауыз қуысы шырышты қабығының созылмалы қабынуының мүйіздену процессін бұза отырып тудырады |
Жалпақ лейкоплакия |
Шеттері анық, ақшыл – сұр түсті гиперкератотикалық дақ, қырғанда алынбайды, шырышты қабықпен қоршаған бөліктер деңгейіне көтеріліп шықпайды. Бір немесе бірнеше дақ көзге өзгермеген шырышты қабықта орналасады. Лейкоплакия орналасқан жер желімделген папирос қағазы сияқты. Зақымдалған ошақ қатпарға алынып, пальпацияда ауырмайды. Ұрт аймағындағы зақымдану ошағы негізі ауыз бұрышына қараған үшбұрыш пішінді |
Ауыз қуысы шырышты қабығындағы шектелген бөлімнің диффузды созылмалы қабынуы паракератоз және гиперкератоз құбылысымен зақымдалған бөліктің дәнекер тінді қабығында – лимфоциттерден және плазматикалық жасушалардан тұратын қабыну инфильтраты |
Таппейнер лейкоплакиясы (никотинді стоматит) |
Жұмсақ таңдай мен қатты таңдай шырышты қабығының күңгірттенуі. Осы сәтте қатты таңдайдың артқы бөлігінде ортасында шығару түтіктерінің нүктелері бар ұсақ қызғылт түйіндер көрінеді |
Мүйізденетін жасуша қабатының саны артады. Шырышты қабығының меншікті табақшасында – созылмалы қабыну элементтері. Таңдайдың ұсақ сілекей бездері ұра тәрізді қалыңдаған |
Веррукозды лейкоплакия
білемді түрі
сүйелді түрі |
Зақымдану ошағы сау шырышты қабық деңгейінен көтеріліп шығады, білемді, сүйелді түрге енеді, жанындағы тіндерден түсі арқылы күрт айрықшыланады. Пальпацияда беткейлік тығыздалу анықталады. Қатты көрінетін кератоз орыны тістің өткір қырына, ілінген пломбаға, протез кламмеріне жақын орналасады
Лейкоплакия ошағы шектелген білем тәрізді, қоршаған шырышты қабық үстіне көтеріледі, пішіні дұрыс емес, беті кедір-бұдырлы, шекарасы анық
Зақымдану ошағы тығыз төмпешікті түзіліс тәрізді, қалыпты шырышты қабық деңгейінен қатты көтерілген, кедір-бұдырлы, астындағы шырышты қабықпен бірікпеген |
Мүйізді және түйіршікті қабаттардың өсуіне қарай эпителийдің қалыңдауы, түйіршікті қабат жасушасының цитоплазмасында - кератогиалин санының көбеюі. Зақымдалған жердің дәнекер тінді стромасында – диффузды созылмалы қабыну лимфоциттер мен плазматикалық жасушалар инфильтрациясымен
Эпителийдің мүйізді және түйіршікті қабаттары жасушаларының санының көбеюі
Гиперкератоз және акантоз әсерінен эпителийдің қатты қалыңдауы. Эпителий жіпшелері астындағы жатқан дәнекер тініне енеді
|
Эрозивті түрі
|
Жазылуға бейімделмеген, эрозиясы, сызаты бар шырышты қабығының бөлігі
|
Гиперкератоз және паракератоз ошағында – ауыз қуысы шырышты қабық бүтіндігінің бұзылуы |
Қосымша тексеру әдістері люминисцентті диагностика
цитологиялық зерттеу |
Шырышты қабығының зақымдалған бөлігінің сұр- сары жарықтануы
Жалпақ лейкоплакия: ядросыз немесе оның көлеңкесі сақталған мүйізгектенген жасушаларды анықтау. Веррукозды лейкоплакия: мүйізгектенген, парабазальды және базальды жасушаларды анықтау. Эрозивті – ойық жаралы лейкоплакия: дискератоз құбылысы бар парабазальды және базальды жасушаларды, ыдыраудың әр дәрежесіндегі нейтрофильді лейкоциттер, эритроциттерді анықтайды |
Паракератоз, гиперкератоз |
Басқа мамандардың кеңесі терапевт
хирург-стоматолог
ортопед-стоматолог |
Асқазан-ішек жолы және басқа да аурулардың қосарласқан паталогиясын анықтау
Зақымдану ошағының қатерленуін ерте диагностикалау
Сапасыз дайындалған протезді, әр түрлі металдан жасалған протездерді анықтау |
Лейкоплакия дамуының организм жүйесі мен ішкі мүше ауруларымен патогенетикалық байланысы
Ауру өршігенде хирургиялық емді таңдау мақсатында
Созылмалы жарақат мүйіздену процессін бұза отырып, шырышты қабығының қабынуына әкеледі |
ЛЕЙКОПЛАКИЯНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛЬДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру
|
Бірдей клиникалық белгілері |
Айыратын белгілері |
Жалпақ лейкоплакия |
||
Жалпақ теміреткі (типтік түрі)
Жұмсақ лейкоплакия
Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы (гиперпластикалық түрі)
Мерез(мерездік папула)
Шырышты қабығының лихеноидты реакциясы (белсенді эпителизация процесінде эрозияның, ойық-жараның айналасындағы эпителий күңгірттенеді) |
Шағымы жоқ. Мүйізденген жер ақшыл-сұр түсті, қоршаған шырышты қабық үстіне көтеріліп шықпайды, пальпацияда ауырмайды, гистологиялық паракератоз, гиперкератоз, шырышты қабығының меншікті табақшасында, созылмалы қабыну процессі анықталады
Зақымдалған жер сұр-ақ түсті, қабыну белгілерінсіз ұрттың тістер қабысатын сызығы бойында, ауыз бұрышы аймағында орналасады
Шырышты қабығының зақымдалған бөлігі сұр-ақ түсті
Шағымы жоқ.Шырышты қабығының зақымданған жері ақшыл түсті
Ақшыл түсті гиперкератоз бөлігі шырышты қабығының жиі жарақаттанатын жерінде орналасады, қырғанда алынбайды |
Көбінесе әйел адамдарда кездеседі. Зақымдау элементі- папула. Ұрттың шырышты қабығындағы (ортаңғы және артқа бөліктері, ретромолярлы аймақ), өтпелі қатпардағы және ауыз қуысы шырышты қабығының басқа бөліктеріндегі сұр-ақ түсті ұсақ папулалар қосылып торлы сурет түзеді. Изоморфты реакция оң. Папулезді элементтер Вуд сәулесінде ақшыл түрде жарықтанады. Теріде типтік бөрткендер, нерв жүйесінің өзгерістері (анамнезінде -психоэмоциональды жүйке күйзелісі)
30 жасқа дейінгі адамдарда жиі кездеседі. Еріннің, ұрттың шырышты қабығын тістейтін зиянды әдеті бар. Зақымдану ошағы жұмсақ, борпылдақ, шекарасы анық емес, эпителийдің беткейлік қабатын шпательмен қыруға болады
Қақты қырғанда толығымен немесе жартылай алынады. Қақты алғаннан кейін гиперемияланған немесе эрозивті бет ашылады. Анамнезінде ұзақ уақыт антибиотиктерді, глюкокортикоидтарды, цитостатиктерді қабылдаған. Ауыз қуысының шырышты қабығы ауырғыш келеді. Қырындыны бактериоскопиялық зерттегенде Candida саңырақұлағының бластоспорасы, мицелия жіпшесі табылады. Саңырауқұлақтарға қарсы ем нәтиже береді
Тығыздалған,дөңгеленген,ауырмайтын түзіліс,тар гиперемияланған анық сызылған инфильтративті жиекпен қоршалған,бадамшада,тілде,жұмсақ таңдайда орналасады.Папула бетіндегі ақшыл қақ қырғанда алынады да,ашық-қызыл эрозивті бет ашылады.Қырындыны бактериоскопиялық зерттегенде бозғылт трепонема анықталады.Қанның серологиялық реакциясы(Вассерман реакциясы,ИФР,БТИР )оң.Полиаденит,теріде розеола бөртпелері болуы мүмкін Эпителийдің күңгірттенуі эрозия мен ойық жараның толық эпителизациясынан кейін тез жойылады |
Веррукозды лейкоплакия
Жалпақ теміреткі (гиперкератотикалық түрі)
Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы (гиперпластикалық түрі)
Ауыз қуысы шырышты қабығының рак ауруы |
Ауыз қуысы шырышты қабығының кедір-бұдырлығы, ерекше түрі. Білемдер әр түрлі пішінді және көріністі, шекарасы анық, ақшыл-қызғылт түсті, қоршаған шырышты қабық үстіне көтеріледі
Ақшыл түсті зақымдану ошағы ұрттың шырышты қабығында, ауыз бұрышында, тіл арқасында орналасады
Шырышты қабық деңгейінен көтерілетін тығыздалғын төмпешікті түзіліс немесе сүйелді өсінді |
Мүйіздену ошағы тор, шілтер тәрізді суретке қосылатын папулезді элементтермен. Ұрттың шырышты қабығында орналасқанда оның ортаңғы және артқы бөліктері зақымданады. Теріні зақымдауы мүмкін
Қарағанда қақ жартылай алынады. Бактериоскопиялық зерттегенде бластоспорлар мен Сandida саңырауқұлағының мицелия жіпшелері анықталады
Регионарлы лимфа түйіндері тығыз, қоршаған тіндерімен біріккен, ауырмайды. Биоптатты зерттегенде зақымданған ошақтан атипиялық эпителиальды жасушаларды анықтайды |
Эрозивті лейкоплакия
Ауыз қуысы шырышты қабығының рак ауруы
Боуэн ауруы
Жалпақ теміреткі (эрозивті-ойық жаралы түрі) |
Зақымдану ошағындағы эрозия немесе ойық жара
Ауыз қуысы шырышты қабығының гиперкератоз ошағы
Ауыз қуысындағы ауыру сезімі. Шырышты қабығының гиперемиясы, ісінуі. Эрозия немесе ойық жара қақпен жабылған, тез қанайды. Шырышты қабығының мүйізденген бөлігі сұр-ақ түсті |
Эрозияның, ойық-жараның негізіндегі тығыздану, бүртікті өсінділер, жарақатты алғанда қанағыштығы, пальпацияда ауырмауы. Регионарлы лимфа түйіндері тығыз, ауырмайды. Цитологиялық зерттеуде атипиялық жасушалар анықталады
Дақты-түйіншелі, ауызы үңірейген зақымдану. Зақымдану ошағы біркелкі емес зақымданады. Сұр-ақ түсті қақтың айналасында қатты шектелген қабыну реакциясы. Кей жағдайда қақты алуға болады, сонда қызыл түсті беті ашылады. Ошақ үнемі біреу. Гистологиялық көрінісі эпителий ішілік спиноцеллюлярлы ракқа сәйкес келеді. Онда базальды мембрана бүтіндігі сақталады
Ұрттың ортаңғы және артқы бөліктерінің шырышты қабығы, ретромолярлы аймақ, тілдің өтпелі қатпары зақымданады. Көбінесе эрозия бірнешеу. Тері жамылғысының өзгерістері болуы мүмкін (көкшіл-қызғылт папулалар). Изоморфты реакция оң. Вуд сәулесінде папулалар ақшыл жарық береді |
ЛЕЙКОПЛАКИЯНЫ ЕМДЕУ
Емдеу сатылары |
Емдеу шаралары |
Қолдану мақсаты |
Әсер ету механизімі |
Жалпақ лейкоплакия |
|||
Темекі тартуды доғару
Ауыз қуысын сауықтыру. Ауыз қуысының гигиенасын коррекциялау, кариесті, пародонт ауруларын емдеу, гальваноз, механикалық жарақаттаушы факторларды жою, протездеу.
Жергілікті терапия
Жалпы емдеу
Диета
Басқа мамандардан кеңес алып, емделу (гастроэнтеролог, эндокринолог) |
Әңгімелесу
Стоматологиялық аспаптар мен материалдыр жиынтығы
3,44% ретинол ацетатының майлы ертіндісі, зақымданған ошаққа аппликация
30% токоферол ертіндісі, зақымдану ошағына аппликация
3,44% ретинол ацетатының майлы ертіндісінің 6-8 тамшысын бір түйір қантқа тамызып, ішке күніне 2 рет қабылдайды. Емдеу курсы 1 ай
30% токоферол ертіндісін 3-5 тамшыдан күніне 3 рет
0,02 пиридоксольфосфатты тамақтан кейін күніне 3 рет
Ащы және тітіркендіретін тағамды қабылдамау |
Тітіркендіретін факторларды жою
Тітіркендіретін факторларды жою
Гиперкератоз ошағын азайту, жұқарту. А дәруменімен организм қажеттілігін қанағаттандыру
Гиперкератоз ошағын азайту, жұқарту
А дәруменімен организм қажеттілігін қанағаттандыру
Е дәруменімен организмнің қажеттілігін қанағаттандыру
В6 дәруменімен организмнің қажеттілігін қанағаттандыру
Ауыз қуысы шырышты қабығына тітіркендіретін әсерін жою
Ішкі мүшелердің патологиясын анықтап, емдеу |
Ауыз қуысы шырышты қабық эпителиіне химиялық және физикалық әсерін тоқтату (табак жанғанда пайда болатын никотин, шайыр, эфир майы)
Ауыз қуысы шырышты қабық эпителиіне химиялық және физикалық әсерін тоқтату
Ретинол алмасу процесін, жасушалық мембрана қызметін қалпына келтіреді
Е дәрумені тіндік демалуға және басқа да жасушалық метаболизм процесстеріне қатысады
А дәруменінің жетіспеушілігі мүйіздену процессінің бұзылуына әкеледі
Асқазан-ішек жолы патологиясында В тобы дәрумендері жоғалады. Пиридоксиннің пиридоксольфосфат-ферментті түрі шырышты қабық метаболизімінің шынықтырушысы болып табылып, аминқышқылының декарбоксилденуіне белсенді түрде қатысады
Эпителийдің регенерация процесіне мүмкіндік жасайды.
Жалпы аурулар ауыз қуысы шырышты қабығының сыртқы факторлар әсеріне төзімділігін төмендетеді. Дәрумендердің, оның ішінде эпителийдің қалыпты регенерациясын қамтамасыз ететін А дәруменінің сіңуі бұзылады |
Веррукозды лейкоплакия
Шылым шегуді доғару
Ауыз қуысын сауықтыру. Ауыз қуысының гигиенасын коррекциялау, кариесті, пародонт ауруларын емдеу, гальваноз, механикалық жарақаттаушы факторларды жою, протездеу
Хирургиялық емдеу (криодеструкция, лазерлі скальпельмен әсер ету, хирургиялық жолмен кесіп алып тастау) |
Әңгімелесу
Стоматологиялық аспаптар мен метриалдыр жиынтығы
Сұйық азот, лазерлі скальпель, хирургиялық скальпель |
Тітіркендіретін факторды жою
Тітіркендіретін факторларды жою
Зақымданған ошақты алып тастау. Қатерленуді тоқтату |
Ауыз қуысы шырышты қабық эпителиіне химиялық және физикалық факторлар әсерін тоқтату (табак жанғанда пайда болатын никотин, шайыр, эфир майлары)
Ауыз қуысы шырышты қабық эпителийіне химиялық және физикалық әсерін тоқтату
Некроз, патологиялық ошақтың ажыратылуы, одан әрі дәнекер тінмен алмасып, эпителизациялануы |
Эрозивті лейкоплакия
Темекі тартуды доғару
Жергілікті емдеу
аурусыздандыру
антисептикалық өңдеу
эпителизацияны ширату
Ауыз қуысын сауықтыру. Ауыз қуысының гигиенасын коррекциялау, кариесті, пародонт ауруларын емдеу, гальваноз, механикалық жарақаттаушы факторларды жою, протездеу.
Жалпы емдеу
Хирургиялық емдеу (консервативті ем нәтижесіз болғанда) |
Әңгімелесу, мақсатпен бағытталған емдеу
3% тримекаин, 2 % пиромекаин ертінділері, 5 % анестезиннің майдағы жүзгіні (зәйтүн, өрік), мундизал-гель, холисал
0,5% -1 % сутегі асқын тотығы, 0,06% хлоргекседин, 0,25% хлорамин, 0,05%-0,25% лизоцим ертінділері
Ретинол ацетаты, каротолин, итмұрын майы, шырғанақ майы, солкосерил (желе, жақпа)
Стоматологиялық аспаптар мен материалдыр жиынтығы
Ащы және тітіркендіретін тағамды қабылдамау
Криодеструкция, лазерлі скальпельмен әсер ету |
Тітіркендіретін факторларды жою
Ауру сезімін жою
Екіншілік микрофлора әсерін азайту немесе жою
Эрозияның, ойық жараның эпителизациясын тездетеді
Тітіркендіретін факторларды жою
Ауыз қуысы шырышты қабығына тітіркендіретін әсерін жою
Зақымданған ошақты алып тастау. Қатерленуді тоқтату |
Ауыз қуысы шырышты қабық эпителиіне химиялық және физикалық әсерін тоқтату (табак жанғанда пайда болатын никотин, шайыр, эфир майы)
Сезімтал нерв ұштарының қозуын төмендетеді немесе толық жояды, нерв талшықтарымен жүретін қозуды тежейді
Микрофлораға бактерицидтті әсері, бактериальды жасуша белогының денатурациясы, дезодарациялау
Регенерация процесін ширатады, шырышты қабығындағы алмасу процесстерін жақсартқанда жазылу тездейді
Ауыз қуысы шырышты қабық эпителийіне химиялық және физикалық әсерін тоқтату
|
Таппейнер лейкоплакиясы
Темекі тартуды доғару
Ауыз қуысын сауықтыру. Ауыз қуысының гигиенасын коррекциялау, кариесті, пародонт ауруларын емдеу, гальваноз, механикалық жарақаттаушы факторларды жою, протездеу
Хирургиялық емдеу (криодеструкция, лазерлі скальпельмен әсер ету, хирургиялық жолмен кесіп алып тастау) |
Әңгімелесу
Стоматологиялық аспаптар мен метриалдар жиынтығы
Сұйық азот, лазерлі скальпель, хирургиялық скальпель |
Тітіркендіретін факторды жою
Тітіркендіретін факторларды жою
Зақымданған ошақты алып тастау. Қатерленуді тоқтату |
Ауыз қуысы шырышты қабық эпителиіне химиялық және физикалық факторлар әсерін тоқтату (табак жанғанда пайда болатын никотин, шайыр, эфир майлары)
Ауыз қуысы шырышты қабық эпителийіне химиялық және физикалық әсерін тоқтату
Некроз, патологиялық ошақтың ажыратылуы, одан әрі дәнекер тінмен алмасып, эпителизациялануы |
Профилактика: тітіркендіретін факторларды жою (ауыз қуысын сауықтыру, темекі тартуды, алкоголь қабылдауды тоқтату және т.с.с.); кәсіптік зияндылықтарды жою (химиялық, физикалық факторлар); қосалқы ауруларды емдеу.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
36 жастағы науқас стоматологқа профилактикалық байқаудан өту үшін келген. Гастроэнтерологта ойық жаралы ауру бойынша диспансерлік есепте тұрады. 16 жастан темекі тартады. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияда ауырмайды. Екіншілік жартылай адентия, төменгі жақтың алдыңғы тістерінің қозғалғыштығы 2 дәрежеде. Оң жақ ұрттың ауыз бұрышы аймағындағы шырышты қабықта контуры анық, көлемі 2х1,5 см. эпителийдің күңгірттенген бөлігі көрінеді. Ошақ қоршаған шырышты қабық үстіне көтерілмейді.
Диагноз қойып, тексеру мен емдеу жоспарларын құрыңыз.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
45 жастағы науқас ауыз қуысы шырышты қабығының ерекше түріне шағымданып келген. Анамнезінде созылмалы гастрит, созылмалы колит. Тіл асты аймағында шырышты қабық деңгейінен көтерілетін ақ түсті шектелген түзіліс анықталады. Зақымданған ошақ пальпация кезінде тығыз, ауырмайды. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияда ауырмайды.
Диагноз қойыңыз, тексеру мен емдеу жоспарларын құрыңыз.
ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Лейкоплакиядағы біріншілік морфологиялық элемент:
қақ;
папула;
гиперкератотикалық дақ;
эритема;
білем;
қабыршақ.
Шырышты қабығының рельефі мен тургоры лейкоплакияның сыртқы түріне
әсер етеді;
әсер етпейді.
Лейкоплакия түрлері:
жалпақ;
веррукозды;
таппейнер;
атипиялық;
типтік;
гиперкератотикалық;
эрозивті.
Лейкоплакия себептері:
жүйке күйзелісі;
шылым шегу;
микротоктар;
суыққа ұрыну;
тістің өткір қырларымен жарақаттау;
ащы және ыстық тағамдарды қабылдау;
шырышты қабық бөліктерін тістеу.
Лейкоплакия ошағындағы эпителийдің патологиялық өзгерістері:
паракератоз;
спонгиоз;
гиперкератоз;
акантолиз.
Лейкоплакияның салыстырмалы диагностикасын жүргізеді:
гальванозбен;
кандидозбен;
боуэн ауруымен;
жұмсақ лейкоплакиямен;
көп түрлі экссудативті эритемамен;
жалпақ теміреткімен;
регенерация процессі кезінде эпителийдің күңгірттенуі.
Ауру элементтерінің орналасуы:
тері;
ауыз қуысы шырышты қабығы;
тері мен ауыз қуысы шырышты қабығы.
Лейкоплакия ағымы:
жедел;
созылмалы.
Лейкоплакия ошағының қатерленуінің клиникалық белгілері:
зақымданған ошақ негізінің тығыздалуы;
мүйіздену процессінің күшеюі;
зақымданған ошақ көлемінің тез үлкеюі;
фибринозды қақтың пайда болуы.
Лейкоплакия ошағының қатерлену мүмкіндігі:
аз;
көп.
Лейкоплакиямен сырқат науқастарға дәрілік терапиядан басқа тағайындылатыны:
физиотерапия;
радиотерапия;
криодеструкция;
химотерапия;
диспансерлік байқау.
Эпителийдегі алмасу процесстерін қалпына келтіруде нәтижесі жақсы препарат:
аскорутин;
пипольфен;
рибофлавин;
А дәруменінің майлы ертіндісі.
Жалпақ лейкоплакияны жергілікті емдеу:
ретинол ацетат ертіндісімен;
шылым шегуден бас тарту;
күйдіретін дәрілер;
ауыз қуысын сауықтыру.
ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ:
1-3. 2-1. 3-1,2,3,7. 4-2,3,5,6,7. 5-1,3.
6-1,2,3,4,6,7. 7-2. 8-2. 9-1,2,3. 10-1. 11-3,5.
12-4. 13-1,2,4.
4-Бөлім
АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫ АУРУЛАРЫ
