- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
Зақымдалу қаныққан қызыл түсті, тегіс беті бар сопақ немесе дұрыс емес пішінді эрозия түрінде көрсетіледі. Эрозия жұқарған эпителиймен, кейде қабықшалармен жабылуы мүмкін, оларды алған соң шамалы қанағыштық пайда болады.
Көптеген жағдайларда жеке эрозия болады, сирек жағдайда еріннің бүйірлік бөлігінде орналасатын екі немесе үш эрозия бір мезгілде болады. Эрозияның және оның негізінің айналасындағы шырышты қабық тығызданбаған.
Манганотти хейлиті кезіндегі фондық қабыну тұрақсыз.
Эрозиялар саусақпен басқанда ауырмайды, ұзақ уақыт болады, қиын емделеді, көбінесе спонтанды жазылады, сонан соң сол немесе басқа орында жылдам қайталанады.
Осы аурудың пайда болуында еріннің шырышты қабығы тіндерінің жас ерекшелігіне байланысты өзгеруі, метеорологиялық факторлар, инсоляция, асқазан-ішек жолының аурулары және т.б. үлкен роль атқарады.
Манганотти хейлитінің қатерленуі көптеген жағдайларда ауру басталған соң 1,5 жылдан кейін болады.
10-10-сурет. Абразивті преканцерозды
Манганотти хейлиті
АБРАЗИВТІ ПРЕКАНЦЕРОЗДЫ МАНГАНОТТИ ХЕЙЛИТІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру тәртібі |
Айқындалған симптомдар |
Симптомдардың патогенетикалық негізі |
Сұрау шағымдар |
Еріндегі ұзақ уақыт жазыл-майтын жара
Ерінде кезеңді жазылатын және қайта пайда болатын жара (көбінесе бір орында) |
Ерін стромасындағы және эпите-лийіндегі деструкциялық, баяу жүретін алмасу процестері эпителий-дің нашар регенерациясы үшін жағдайлар тудырады |
Анамнез жынысы, жасы
бастан кешірген және ілеспелі аурулар
зиянды әдеттер
кәсіптік зияндылықтар |
Көбінесе еркектерде болады Егде жастағы тұлғалар (50 жастан асқан)
Асқазан-ішек жолының аурулары
Шылым шегу
Ашық ауада жұмыс істеу
|
Егде жастағы тұлғаларда тіндердегі витаминдердің (А, С витаминдері) құрамы азаяды, бұл баяу регенерация-ға әкеліп соғады
Витаминдерді, атап айтқанда эпите-лийді қалпына келтіру үшін қажетті А витаминін және коллагенді талшықтар синтезіне қатысатын С витаминін толық сіңіру қиынға соғады
Ерінге зиянды әсерлер кешенін қамта-масыз етеді – созылмалы механикалық жарақат (түтік, мүштік), созылмалы химиялық жарақат (темекінің жана-тын өнімдері), созылмалы физикалық жарақат (жоғары температуралар әсері)
Ультракүлгін сәулелер терінің, еріннің ашық бөліктеріне (әсіресе төменгі ерінге) канцерогенді әсер етеді Метеорологиялық фактор – жел, тем-ператураның құбылуы еріннің желге тотығуына, құрғауына, микросызат-тардың пайда болуына мүмкіндік туғызады |
Осы аурудың пайда болуы аурудың бұрын-нан бар болуы
аурудың мүмкін себептері
қайталану жиілігі
аурудың маусымдылығы
бұрын жүргізіл-ген емдеудің тиімділігі |
3 айдан 10 жылға дейін және одан артық
Көрінерлік себептерсіз
Механикалық жарақат
Еріннің сол бір орнында созылмалы герпестің жиі қайталануы
Уақытша жазылатын және ерін эрозиясы бар аурудың толқын тәрізді ағымы болуы мүмкін Ауру көктемде және күзде жиі асқынады
Емдеу бұрын жүргізілмеген Емдеу жүргізілген, бірақ нәтижесіз немесе қысқа мерзімді нәтижемен |
Консервативті емдеудің табыстылы-ғына және аурудың болжамына әсер етеді
Себебі науқасқа белгісіз болуы мүмкін (көбінесе инсоляция)
Еріннің механикалық жарақаты эпите-лий тұтастығының бұзылуына әкеледі. Нашар регенерация болғанда зақымдалу элементі созылмалы болады
Вирус эпителий жасушаларында дегенерациялық өзгерістер және оның тұтастығының бұзылуын тудырады. Тіндердің нашар регенерациясы процестің созылмалы ағымына мүмкіндік туғызады
Аурудың жазылуына немесе пайда болуына мүмкіндік туғызатын фактор-ларды нақтылауға мүмкіндік береді Көктемде күн радиациясы күшейеді, тіндердегі С гиповитаминозы күшейеді, күзде метеорологиялық фактордың әсері күшейеді |
Қарау сыртқы қарау
жергілікті лимфа түйіндері |
Төменгі еріннің өзгермеген қызыл жиегінде қызыл түсті, кейде қабыршақтар-мен жабылған, тегіс жыл-тыр беті бар, сопақ немесе дұрыс емес пішінді эрозия. Эрозияның айналасында қабыну жоқ. Саусақпен басқанда ауырмайды
Өзгермеген |
Эпителий ақауы. Негізінде лимфоцит-тердің, плазма жасушаларының, гис-тоциттердің диффузды инфильтраты. Эпителийде акантоз және жұқару бөліклері алмасады
Тек қатерлену немесе екіншілік инфекция қосылу жағдайында ғана зақымдалу жағынан үлкеюі мүмкін |
Ауыз қуысын қарау ауыздың шырыш-ты қабатын қарау
тіс қатарларын қарау |
Төменгі еріннің шырышты қабыққа сілекей тамшы-лары бар сілекей бездерінің (қызыл нүктелер түрінде) кеңейтілген сағалары анықталуы мүмкін
Төменгі еріндегі зақымдалу элементіне проекциясымен тістердің үшкір шеттерін айқындауға мүмкіндік береді |
Гландулярлы хейлит төменгі еріннің үнемі ылғалдануына және оның кебуіне мүмкіндік туғызады, бұл қызыл жиектің қабыршақтануына, микросызаттар, эрозиялар пайда болуына әкеліп соғады
Еріннің үнемі жарақаттануы патоло-гиялық процесті ұстап тұрады |
Қосымша зерттеу әдістері цитологиялық зерттеу
бактериоскопия-лық зерттеу |
Эрозиядан алынған қырын-дыда әр түрлі қабатты, дис-кариоз ерекшеліктерімен жеке (полиморфизм, ядро-лар гиперхромиясы, ядро-лар саны мен көлемінің ұл-ғаюы) эпителий жасуша-лары
Ауыз қуысының кәдімгі флорасы |
Эпителийдегі созылмалы деструкция-лық өзгерістер атипия ерекшелік-терімен жеке жасушалардың пайда болуына әкеліп соғады
Екіншілік инфекция өте сирек байқалады |
АБРАЗИВТІ ПРЕКАНЦЕРОЗДЫ МАНГАНОТТИ ХЕЙЛИТІНІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру |
Жалпы клиникалық белгілері |
Ерекше белгілері |
Еріннің қызыл жиегіндегі лейко-плакияның эрозиялық түрі |
Еріннің қызыл жиегіндегі эрозия
|
Эрозия гиперкератоз ошағының ортасында орналасады |
Жалпақ теміреткінің эрозиялық түрі |
Тура сол |
Еріндегі эрозияның айналасында жеке мүйізгектенетін немесе сурет-ке тоғысатын папулалар. Жақтың, тілдің шырышты қабыққа жалпақ теміреткінің типті суреті болуы мүмкін. Көбінесе әйелдер ауырады |
Қызыл жегінің эрозиялық түрі |
Тура сол |
Айқын іркілген гиперемия, гипер-кератоз және тыртықты атрофия фонындағы эрозия. Бетте қызыл жегінің типті көріністері болуы мүмкін |
Вульгарлы күлдіреуік |
Тура сол |
Никольский симптомы анықтала-ды. Эрозиядан алынған қырындыда акантолиздік жасушалар |
Герпесті эрозия |
Тура сол |
Көпіршіктердің жарылған тобына байланысты эрозияның полицикл-дік кескіндері бар. Төңірегінде гиперемия және ісік. 7-10 күн ішінде жазылады. Қырындыдан герпестің алып жасушаларын байқауға болады |
Актиниялық хейлит |
Тура сол |
Көктемгі-жазғы кезеңде іркілген, қызарған, ісінген еріндегі және іргелес терідегі эрозиялар, үлбір-шектер. Қыста толық сауығу мүмкін болады |
Манганотти хейлитінің қатерленуі |
Тура сол |
Эрозияның негізіндегі және айнала-сындағы тығыздану, шамалы жара-қат алғанда қанағыштық, эрозия бетіндегі бүртікті өсінділер, зақым-дану төңірегіндегі гиперкератоз. Цитологиялық зерттеу кезінде – атипті жасушалар конгломераттары |
АБРАЗИВТІ ПРЕКАНЦЕРОЗДЫ МАНГАНОТТИ ХЕЙЛИТІН ЕМДЕУ
Емдеу кезеңдері |
Емдеу құралдары |
Қолдану тәсілі |
Пайдалану мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Жергілікті емдеу |
|
|
|
|
тістерді емдеу |
Карборундты бастиектер, полирлер. Пломбалау материалдары |
Тістердің, протез-дердің үшкір шетте-рін ажарлау. Тіс жегілі қуыстарды пломбалау |
Жарақаттаушы факторларды болдырмау |
Зақымдану оша-ғының қосымша тітіркенуін алады |
шылым шегуді қою |
Никотинге қарсы дәрілік заттар |
|
Темекінің тітір-кендіруші канце-рогенді әсерін болдырмау |
Темекінің жана-тын өнімдері қа-терлену тудыруы мүмкін. Шылым шегуді қою сауы-ғуға мүмкіндік туғызады |
жазылуға ықпал ететін және қуаттандыратын құралдарды қолдану
|
А витаминінің майлы ерітіндісі. Бүрген майы, итмұрын майы. Аевит, Тыквеол |
Аппликация |
Алмасу процес-терін қалыптан-дыру |
А витамині жазы-луды күшейтеді, эпителийдегі ке-ратинизация про-цестерін қалып-тандырады. Е ви-тамині А витами-нінің тиімділігін арттырады, себебі А витаминінің және каротиннің тотығуын тежейді |
Метилурацил жақпасы |
Тура сол |
Жазылуды жеделдету |
Алмасу процес-терін жақсартады, жасушалық регенерацияны жеделдетеді |
|
Солкосерил жақпасы, желе |
Тура сол |
|
|
|
Жалпы емдеу |
|
|
|
|
Витаминді терапия |
|
|
|
|
А витамині |
А витаминінің кон-центраты немесе А витаминінің туынды-лары – ретиноидтар (этретинат, тигазон капсулада 10 мг-нан) |
1-1,5 ай бойы сұлба бойынша, тәулігіне 30-40 мг бастап, сонан соң 20 мг-нан күніне 3 рет тамақ ішкен кезде 10 тамшыдан |
Алмасу процестерін қалыптандыру |
Эпителий керати-низациясын және пролиферациясын қалыптандырады, эрозиялардың, жаралардың жа-зылуына мүмкін-дік туғызады |
С витамині |
С витаминінің таблеткалары Аскорутин |
Күніне 2 рет тамақ-тан кейін 0,5 г-нан Күніне 3 рет тамақ-тан кейін 2 таблет-кадан |
Тіндердегі С витаминінің оңтайлы мөлшерін қамтамасыз ету |
Фибриллогенезді реттейді, байла-ныстырушы-тін-дік қабықшаның коллагенді тал-шықтарының син-тезіне қатысады |
Терапиялық доза-лардағы В тобы-ның (В1, В2, В6, Р) витаминдері
|
Кешенді ұнтақтар немесе поливитамин-дер (мысалы, тәулік-тік дозасы реттелген тетравит)
|
1-1,5 ай бойы ішке қабылдау |
Тіндердегі алма-су процестерін белсенділендіру үшін жағдайлар жасау |
В тобының вита-миндері тіндер кератинизациясы процесіне қатыса-ды. В2 витамині тотығу-тотықсыз-дану процестерін реттейтін фер-менттер құрамына кіреді (0,05 г/тәул дейін); В1 вита-мині қабыну реак-циясын төменде-теді, тотығу про-цестерін қуаттан-дырады, симпати-калық нерв жүйе-сінің тонусын қалыптандырады (0,05 г/тәул дейін); РР витами-ні тіндердегі тотығу-тотықсыз-дану процестеріне қатысады. Негізгі алмасуды жақсар-тады, фотосенси-билизацияны азайтатын, тамыр-ды кеңейтетін (0,05 г/тәул дейін) әсер; В6 витамині тотығу-тотықсыз-дану процесте-ріне, амин қыш-қылдық алмасуға қатысады (0,05 г/тәул дейін) |
Хирургиялық емдеу |
|
Сау тіндер шегінде зақымдалу ошағын кесіп алып тастау |
Терапиялық ем-деуге берілмей-тін, ұзақ уақыт жазылмайтын эрозияны жою |
Қатерленудің мүмкін болуын ескерту. Міндетті гистологиялық бақылау |
Криодеструкция |
Сұйық азот |
Міндетті биопсия-дан кейін хирургия-лық кесіп алып тастау мүмкін бол-маған жағдайларда қолданады |
|
Зақымдалу оша-ғын сұйық азот-пен тоңазытады. Әрі қарай бұл бөлік некрозда-лады және тыртық болып жазылады |
Гастроэнтерологта емделу |
|
Көрсеткіштер бойынша |
Асқазан-ішек жолының жұмысын қалыптандыру |
Витаминдердің толық сіңірілуін қамтамасыз ету |
Рак алды ауруының облигатты түрлерінің болжамы қолайсыз, олар жиі қатерленеді.
РАК АЛДЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Еріннің қызыл жиегінде немесе ауыз қуысының шырышты қабыққа қандай да бір өзгерістер болғанда дер кезінде дәрігерге бару. Еріннің және жақтардың шырышты қабығының бұзылған тістердің, пломбалардың, протездердің шеттерімен жарақаттануын ескерту. Зиянды әдеттерден құтылу.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Төменгі еріндегі сәл ауыратын «жарашық» 65 жастағы науқастің мазасын алады, ол оқтын-оқтын жазылады, сонан соң көрінерлік себепсіз қайтадан пайда болады. Ауру 8 жылға жалғасып келеді. Әр түрлі жақпалармен емдеу тиімсіз болды.
Ілеспелі аурулар: атеросклероз, 35 жыл бойы шылым шегеді.
Қарау кезінде жергілікті лимфа түйіндері өзгерістерсіз болды. Науқас толық алмалы-салмалы пластиналы протездерді пайдаланады. Төменгі еріннің қызыл жиегінде оң жақта беті «жылтыратылған», қызыл түсті, өңезсіз, 0,5х1 см сопақ пішінді эрозия бар. Эрозия негізінде тығыздану жоқ.
Диагноз қойыңыз, дифференциалдық диагностика жүргізіңіз.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
58 жастағы науқас стоматологиялық клиникаға төменгі еріннің эстетикалық ақауына шағыммен келді. Науқастың айтуы бойынша, 3 ай бұрын төменгі ерінде ауырмайтын кішкентай «сүйел» пайда болды, ол біртіндеп үлкейді.
Анамнезде созылмалы гастрит, созылмалы қайталамалы герпес, 18 жастан бастап шылым шегеді.
Төменгі еріннің қызыл жиегінде ортасынан оң жақта қоршаған тіндерден 0,5 см-ге шығып тұратын, көлемі 0,8х0,9 см жартылай ша р пішінді шектелген түйін бар. Оның беті қырғанда алынбайтын, тығыз отырған мүйізді қабыршақтармен тығыз жабылған. Ошақтың түсі сәл көгерген, саусақпен басқанда негіз тығызданбаған, ауырмайды.
Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын белгілеңіз.
ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Еріннің қызыл жиегінің облигатты рак алды ауруы болып табылады:
1) лейкоплакия және кератоакантома;
2) кератоакантома және тері мүйізі;
3) сүйелдік рак алды ауруы және абразивті преканцерозды Манганотти хейлиті.
Цитологиялық зерттеу кезінде қатерленуін растайтын жасушалар :
Лангханс;
атипті;
акантолиздік.
3. Манганотти хейлитіне күдіктенгенде жүргізеді:
1) гистологиялық зерттеу арқылы биопсия;
2) гистологиялық зерттеу арқылы толық кесіп алып тастау;
3) криодеструкция.
4. Сүйелдік рак алды ауруын анықтайды:
1) ауыз қуысында;
2) еріннің қызыл жиегінде.
5. Манганотти хейлитін рак алды ауруына жатқызады:
1) облигатты;
2) факультативті.
6. Манганотти хейлитінің дифференциалдық диагностикасын жүргізеді:
1) актиниялық хейлитпен;
2) герпестік эрозиялармен;
3) лейкоплакияның эрозиялық түрімен;
4) жалпақ теміреткінің типті түрімен.
7. Манганотти хейлитін өршітеді:
1) жүйке күйзелісі;
2) инсоляция;
3) зиянды әдеттер;
4) бактериялық инфекция;
5) созылмалы механикалық жарақат.
8. Манганотти хейлитін жалпы және жергілікті емдеу заттары:
1) антибиотиктер;
2) А витаминінің майлы ерітінділері;
3) транквилизаторлар;
4) кортикостероидты жақпалар;
5) никотинамид;
6) гистаминге қарсы препараттар.
9. Манганотти хейлитін консервативті емдеу мерзімі:
1) 2 апта;
2) 1 ай;
3) 6 ай.
10. Сүйелдік рак алды ауруын саралайды:
1) папилломамен;
2) коп формалы экссудативті эритемамен;
3) вирустық сүйелмен;
4) кератоакантомамен.
11. Облигатты рак алды ауруының қатерлену мүмкіндігін көрсетеді:
1) еріннің қабынуы;
2) ошақтың мүйізгектенуінің күшеюі;
3) зақымдалу ошағының негізінде және айналасында тығызданудың пайда болуы;
4) фибринозды өңездің пайда болуы.
12. Гиперкератоз - бұл:
1) тікенекті қабат жасушаларының мүйізгектенуі;
2) тікенекті қабат жасушалары арасында сұйықтық жиналуы;
3) бүртікті қабат өсіндісі.
13. Облигатты рак алды ауруын емдегенде басымдылық беріледі:
1) инерефлексті терапияға;
2) лазерлік терапияға;
3) зақымдалу ошағын хирургиялық жоюға;
4) консервативті терапияға.
14. Дәрігерге дер кезінде барғандағы болжам:
1) жағымды;
2) жағымсыз.
ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ
1 - 3. 2 – 2. 3 – 2. 4 – 2. 5 – 1. 6 – 1, 2, 3. 7 – 2, 3, 5.
8 – 2, 4, 5. 9 – 2. 10 – 1, 3, 4. 11 – 2, 3. 12 – 1. 13 – 3. 14 – 1.
