Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

3.2. Химиялық жарақат

(3-7--3-9 суреттер)

Шырышты қабыққа түскен қышқылдың, сілтінің концентрациялы ерітінділері, кейбір дәрілік заттар жедел зақымдану тудырады. Стоматологиялық клиникада бұл – күшәлә сықпасы, фенол, формалин, күміс нитраты, резорцин-формалин қоспасы, пластмассаны полимеризациялау технологиясын бұзып жасаған протездер.

Жедел химиялық жарақаттың клиникалық көрінісі зақымдайтын заттың түрі мен санына, әсер ету уақытына байланысты. Қышқылмен күйгенде коагуляциялы некроз, сілтімен күйгенде колликвационды некроз (зақымдану өте терең, жұмсақ тіндердің барлық қабатын қамтуы мүмкін) дамиды. Бірнеше күннен кейін некроздалған тін ажырап алынады да, қатты ауыратын эрозиялы немесе ойық жаралы беті ашылады. Ойық жара ұзақ уақыт жазылмайды.

Созылмалы химиялық жарақатта созылмалы катаральды қабыну, ойық-жаралы некроздалған гингивостоматит, кератоз,лейкоплакия байқалады.

3-7-сурет.Этил спиртімен күю

3-9-сурет.Резорцин-формалин қоспасымен

3-8-сурет.Сірке эссенциясымен күю күю

ХИМИЯЛЫҚ ЖАРАҚАТТЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Анықталған симптомдары

Симптомдарды патогенетикалық негіздеу

Сұрау

шағымы

Күйдіріп- ашыту, сұққылау, шыдау мүмкін емес әр түрлі ағымдағы ауыру сезімі, үшкіл нерв тармағымен таралатын ауыру сезімі

Ауыз қуысы шырышты қабығының сыртқы түрінің өзгерістері

Қабыну медиаторлары әсерінен, химиялық агенттің зақымдануынан туатын нерв ұштарының тітіркенуі

Химиялық агенттердің әсер ету нәтижесінде катаральды, альтернативті қабынудың әсері

Осы аурудың дамуы

Жеңіл зақымдану: гиперемияланған дақ, сирек жағдайда дақ анықталмаған көлемде және пішінде, негізі ісінген, пальпация кезінде ауырады

Химиялық заттың жасуша белоктарымен өзара әрекеттесуі, олардың құрылымының, қызметінің, зат алмасуының өзгеруі, биологиялық белсенді заттардың шығуы, микроциркуляцияның бұзылуы, капиллярлар өткізгіштігінің артуы, ауыз қуысы шырышты қабығының жедел спецификалық емес қабынуының дамуы

Ауыз қуысы шырышты

қабығына қышқыл (мүсәтір, тұз, күкірт және т.б) спирт, одеколон, күшәлә сықпасы, фенол, формалин, композиттермен пломбалағанда эмальды уландыратын гель немесе сұйықтығы, резорцин-формалин сұйықтығы немесе сықпасы және т.с.с түскенде

Орташа ауырлықтағы зақымдану : гиперемия, ісіну, тіндер некрозы, тығыз некроздалған жұқа қабықтың пайда болуы, шырышты қабық қабаттары деңгейіндегі ойық жара, эрозия, сирек жағдайда алвеолярлы өсінді бөлігінің некрозы (күшәлә қышқылы түскенде)

Химиялық зат жасуша белоктарымен өзара

әрекеттеседі, белоктардың денатурациясы мен коагуляциясын, қиын еритін белокты байланыстың пайда болуын, жасушалардың өмір тіршілігін жоюын шақырады. Коагуляционды некроз – химиялық заттардың терең енуіне бөгет жасайтын тығыз қабықтың пайда болуы

Сілтінің немесе тіндерді зақымдау механизмі бойынша химиялық заттардың әсері

Гиперемия, ісіну, тіндер некрозы, борпылдақ некроздалған заттардың пайда болуы, шырышты қабығының барлық қабатын қамтитын, ал кейде одан да терең жатқан тіндерге таралатын терең ойық жара

Химиялық заттың тіндермен өзара әрекеттесуі, жасушалық құрылымның гидролитикалық балқуы, колликвационды некроз - химиялық заттың терең енуіне бөгет жасай алмайтын борпылдақ заттың пайда болуы

Басынан өткерген және қосарласқан аурулары

Сау

Жүрек-қан тамыры, эндокринді аурулар, асқазан-ішек жолы аурулары, қан аурулары

Шырышты қабығының резистенттілігі бұзылмаған

Шырышты қабығының резистенттілігінің төмендеуі – микроциркуляцияның, зат алмасудың, нерв трофикасының, дәнекер тінінің жасушалық элементтерінің фагоцитралық белсенділігінің бұзылуы нәтижесінде ауыр көрініспен және патологиялық процесстермен жүреді

Науқасты қарау

сыртқы қарау

лимфа түйіндерін пальпациялау

ауыз қуысын қарау

Ешқандай өзгеріссіз

Регионарлы лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырады, қоршаған тіндермен бірікпеген

Пальпацияда ауыратын, ісінген негізде орналасқан пішіні мен көлемі анықталмайтын гиперемияланған дақ

Гиперемияланған негізде орналасқан эрозияның пішіні мен көлемі анықталмаған, пальпацияда ауырады, қоршаған тіндермен біріккен, тығыз, жартылай алынатын некрозды қабықпен жабылған, көбінесе ақшыл - сұр түсті (күкірт қышқылы әсер еткенде сұрғылт түске, азот қышқылы әсер еткенде сары түске боялады)

Ойық жара астындағы тіндермен біріккен, тығыз, қиын алынатын (коагуляционды некроз нәтижесінде) ақшыл-сұр , сұрғылт, сары түсті, некроздалған қабықпен жабылған, дөңгелек немесе сопақша пішінді, жұмсақ, пальпацияда ауырады, жиегі гиперемияланған, ісінген, шырышты қабығының барлық қабатын қамтиды

Сүйек тінінің секвестрациясына дейін баратын альвеолярлы өсінді бөлігінің некрозы

Ойық жара, сұр түсті, борпылдақ некроздалған массаның қалың қабатымен жабылған, дөңгелек немесе сопақ пішінді, жиегі гиперемияланған, ісінген, жұмсақ, пальпацияда қатты ауырады, шырышты қабығының барлық қабатын, кейде одан да терең жатқан тіндер қабатын қамтиды

Екіншілік инфекция қосылғанда ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуға реакциясы

Төменгі концентрациядағы қышқылдың немесе тіндерді зақымдау механизмі бойынша ұқсас заттардың қысқа мерзімді әсері

Жоғары концентрациялы қышқылдың қысқа мерзімді әсері, төменгі концентрациялы қышқылдың немесе тінднрді зақымдау механизмі бойынша ұқсас заттардың ұзақ мерзімді әсері

Қышқылдардың немесе тіндерді зақымдау механизмі бойынша ұқсас заттардың ұзақ мерзімді әсері, жоғары концентрациялы қышқылдардың қысқа мерзімді әсері

Күшәлә қышқылының ұзақ мерзімді әсері

Сілтілердің немесе тіндерді зақымдау механизмі бойынша ұқсас заттардың әсері.

Зақымдайтын агенттің (қышқыл, сілті және т.б) әсеріне шырышты қабығының қабыну реакциясы.

Қосымша тексеру әдістері

цитологиялық зерттеу (күдік тудырған жағдайда, мысалы ракқа)

бактериоскопиялық зерттеу – зақымданған бөлік бетінен қырынды алу (салыстырмалы диагностика жүргізген кезде күдіктенген жағдайда)

Спецификалық емес қабынудың көрінісі

Ауыз қуысының кәдімгі микрофлорасы.

Венсанның ойық-жаралы некроздалған стоматитіне тән микрофлора

Зақымдаушы агенттің (қышқыл, сілті және б.) әсеріне шырышты қабығының қабыну реакциясы

Зақымдалған жер бетіндегі микроорганизмдер қатынасының бұзылмауы. Негізгі аурудың асқынуы, екіншілік инфекцияның қосылуы

ХИМИЯЛЫҚ ЖАРАҚАТТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауру

Жалпы клиникалық белгілері

Айыратын белгілері

Қабынулы дақ (эритема)

Механикалық жарақат

Физикалық жарақат

Аллергиялық дәрі-дәрмекті стоматит

Эндогенді дәрумен жетіспеушілік анемиясы (Аддисон-Бирмердің пернициозды анемиясы)

Күйдіріп-ашыту, әр түрлі ағымды ауыру сезімі. Шырышты қабығының сыртқы түрінің өзгеруі : гиперемияланған дақ, көлемі мен пішіні анықталмаған, негізі ісінген, пальпацияда ауырады

Ауыз қуысы шырышты қабығының күйдіріп ашытуына, ауыруына шағымданады. Гиперемияланған дақтың пайда болу себебін жиналған анамнез көрсетеді

Ауыз қуысындағы дискомфортты сезу

Күйдіріп-ашыту, ауыз қуысындағы ауыру сезімі, әсіресе тамақ ішкен кезде. Ауыз қуысы шырышты қабығының жайылған немесе шектелген гиперемиясы және ісінуі

Шырышты қабығының әр бөлігіндегі гиперемияланған дақ, күйдіру сезімі

Қабыну эритемасының орналасуы жарақаттаушы фактордың орналасуымен сәйкес келеді (тістердің өткір қырлары, сапасыз ортопедиялық, ортодонтиялық конструкциялар, пломбаның ілінген қырлары және т.с.с); жарақаттаушы факторларды жою ауыз қуысы шырышты қабығындағы өзгерістердің жоғалуына әкеледі

Анамнезінде ауыз қуысы шырышты қабығына ыстық судың, будың, оттың(термиялық жарақат), электр тогының әсері айтылады. Катаральды көрініспен қоса көпіршік жарылғаннан кейін пайда болатын эрозиялар мен күлдір бөртпелер болуы мүмкін

Ауыз қуысындағы әр түрлі металлдар (дәнекер, протездер, пломбалар) – гальваноз тудырады. Ауыз қуысы шырышты қабығындағы өзгерістердің пайда болуы протезді немесе металл пломбасын қою уақытымен сәйкес келеді. Ауыз қуысындағы гальван тогы 10 мкА-асады. Амальгама пломбасын пластмассалы, композитті цементті пломбаға айырбастау, металл протездерін алып тастау жазылуға мүмкіндік жасайды

Аллергиялық анамнез: дәрілік заттарды ішке қабылдау немесе ауыз қуысында жергілікті қолдану өзгерістердің пайда болуына әкеледі; десинсибилизациялық препараттар, дәрілерді қабылдамау жазылуды қамтамассыз етеді

Парестезия, тілдің күйдіріп-ашытуы, саңырауқұлақ тәрізді және жіп тәрізді бүртіктердің атрофиясы, ауыз қуысы шырышты қабығының бозғылттануы, гиперемияланған дақ, көбінесе бірнешеу, жалпы дімкәстік, қанда эритроциттер санының азаюы (1 мм куб 1000000 – дейін, одан да төмен), гемоглобиннің азаюы (30-20% - дейін және одан да төмен), түстік көрсеткіш 1-ден жоғары; әйелдер ғана ауырады

Жалпақ теміреткі

(экссудативті гиперемиялық түрі)

Ауыз қуысы шырышты қабығының ауыруы, гиперемиясы, ісінуі

Гиперемияланған дақтың шетінде немесе дақта торлы сурет құрайтын ақшыл папулалар болады. Өзгерістер ұрт шырышты қабығының ортаңғы және артқы бөліктерінде. Көбінесе неврологиялық статус өзгерген

Эрозия

Салыстырмалы қайталанбалы афтозды стоматит

Механикалық жарақат

Жалпақ теміреткі (эрозиялы-ойық жаралы түрі)

Венсанның ойық-жаралы некроздалған стоматиті

Шырышты қабығының тамақ ішкенде және сөйлегенде ауыруы, күйдіріп-ашытуы, эрозия түріндегі эпителий бүтіндігінің бұзылуы

Ауыру сезімі, шырышты қабық бетінің эрозиялануымен жүретін жедел қабыну, кейде қанаған

Ауыз қуысы шырышты қабығындағы ауыру сезімі, қатты дамитын қабыну, эрозия

Шырышты қабығының ауыруы, күйдіріп-ашытуы. Жалпы жағдайының өзгеруі (әлсіздік, дімкәстік). Жұмсақ тіндердің некрозға дейінгі зақымдануы. Ойық жара гиперемияланған, ісінген негізде орналасады, қақпен жабылған

Инфекциялы – аллергиялық табиғатты созылмалы қайталанбалы қабыну ауруы, зақымдану элементі – афта, ол тәртіп бойынша қалыпты жағдайда мүйізденбейтін

шырышты қабығының бөлігінде пайда болады. Макро және микро – жарақаттар жаңа афтаның пайда болуына мүмкіндік жасайды

Эрозияның орналасуы жарақаттаушы факторлардың әсер ететін жерімен сәйкес келеді (жоғары қара); оны жойғаннан кейін эрозия жазылады

Эрозия – гиперемияланған негізде орналасады, шеттерінде сурет түзетін папулалар көрінеді; зақымдану симметриялы жүреді, эрозияның пайда болуына жергілікті жарақаттаушы факторлар, асқазан-ішек аурулары, гипертониялық ауру, нерв жүйесі аурулары және т.б мүмкіндік жасайды

Ауру өз бетінше дамиды немесе ойық жараны басқа этиология(мысалы, жарақат, рак және т.б) асқындырады, жалпы жағдайы өзгеріп дамиды. Дене температурасы көтеріледі. Ойық жара жартылай алынатын сұрғылт түсті , сасық иісті, некрозды қақпен жабылған; ойық жара бетінен алынған қырындыны бактериоскопиялық зерттегенде фузобактерия мен спирохеттер басым

АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЖАРАҚАТЫН ЕМДЕУ

Емдеу сатылары

Қолданылатын дәрілері

Қолдану мақсаты

Әсер ету механизмі

Жергілікті өңдеу

Химиялық агентті алып тастау және бейтараптау (химиялық зат ауыздың шырышты қабығына түскен бетте): жуу, шаю

Сілтімен жарақат алғанда жуу, шаю, ауызды бұлалау, аппликациялау

Қышқылмен ауыз қуысы шырышты қабығы күйгенде

Күшәлә қышқылымен күйгенде

Жергілікті емдеу (зақымдану ошағына дамыған өзгерістер кезеңінде әсер ету)

клиника немесе үй жағдайында аурусыздандыру

некроздалған массаға әсері (10-15 мин аппликация)

антисептикалық өңдеу (жуу, ауызды бұлаулау)

Эпителизацияны ширату

(аппликация)

Су

Қышқылдың әлсіз ерітінділері (1 стакан суға шай қасықтың ¼ ден 0,5% лимон қышқылының ерітіндісін қосады, 1% бор қышқылының ерітіндісі)

Сілтінің әлсіз ерітінділері (сабынды су, 1 стакан суға 1 шай қасық асқа салатын соданы қосады, бір стакан суға 15 тамшы мүсәтір спиртін қосады )

Зақымданған жерді 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен, күйдірілген магнезия ұнтағымен, унитиолмен, 5% йод тұнбасымен, Люголь ерітіндісімен өңдейді. Некроздалған жерді демаркациялы сызық пайда болғаннан кейін алып тастайды

2% лидокаин, 2% тримекаин ерітінділері, пиромекаин гексаметилентетраминмен, 5% пиромекаин жақпасы,

глицериндегі анестезия

Протеолитикалық ферменттер (трипсин,

химотрипсиндерді натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне еріту)

Антисептиктердің әлсіз жылы ерітінділері: 1% сутегінің асқын тотығы ерітіндісі,1:5000 калий перманганаты ерітіндісі, 0,06% хлоргексидин ерітіндісі

А,Е дәруменінің майлы ерітіндісі, итмұрын, шырғанақ майлары, солкосерил (желе, жақпа), актовегин

Химиялық жарақаттың клиникалық көрінісінің пайда болуының алдын-алу немесе оны әлсірету

Ауыз қуысы шырышты қабығына сілтінің әсерін азайту

Ауыз қуысы шырышты қабығына қышқылдың әсерін азайту

Зақымдану ошағындағы күшәлә қышқылының астындағы тіндерге сіңуін шектеу

Сөйлегендегі, тамақ ішкендегі ауыру сезімдерін жою

Некроздалған массаның лизисі, олардың жеңіл алынуы

Екіншілік инфекция қосылуының алдын-алу

Эпителийдің пайда болуын қуаттандыру, эрозияның, ойық жараның эпителизация- сын тездету

Зақымдайтын затты алып тастау, оның концентрациясын төмендету

Сілтіні бейтараптау

Қышқылды бейтараптау

Күшәлә қышқылының антидоттарын қолдану; бейтараптау және ерімейтін байланысқа айналдыру

Нерв ұштарының сезімталдығы төмендейді

Некроздалған тіндердің, фибриноздалған түзілістердің ыдырауы; сау тіндерге қауіпті емес

Ауыз қуысы микрофлорасына бактерицидті, бактериостатикалық әсері, тазартатын, дезодарациялау әсері

Дәруменді препараттар зат алмасуға әсер етеді, тін трофикасын жақсартады, регенераторлы процесстердің белсенділігіне мүмкіндік жасайды, эрозияның, ойық жараның бетіне майлы қабық түзеді

Асқынудың профилактикасы

Фузобактерияға

әсер ету (екіншілік инфекция қосылғанда)

Тыртықтарды кесіп,секвестр-

лерді жұлып алып тастау

Науқасқа ұсыныс

Венсан стоматитін, ойық жаралы-некроздалған гингивитті емдеуге арналған дәрілер

Хирургиялық ем

Ауыз қуысының гигиенасын сақтау, тамақтанудың аяншақ тәртібі, шырышты қабығының қиын жететін жерлерін дәрі –дәрмекті өңдеу үшін ауыз бұлауы, аэрозольдер қолданады

Асқыну – екіншілік инфекция

Ауыз қуысының архитектоника- сын қалпына келтіру

Венсан стоматитін, ойық жаралы некроздалған гингивиттің емдеуін қара

Тыртықтарды кесіп, секвестрлерді жұлып алып тастаған соң, жараның біріншілік керілуімен жазылуы

Жалпы ем

Дәруменді терапия (үлкен зақымданулар

да)

Диета

А, Е дәрумендерінің жиынтығы, В тобы.

Ыстық, ащы тамақтар кірмейтін энергетикалық бағасы жеткілікті рацион

Организмнің спецификалық емес резистенттілі-гін көтереді

Тітіркендіргіш факторларды жою

Ауыз қуысы шырышты қыбығының алмасу процесстерінің белсенділігін арттырады

Регенерацияны ширатады

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

46 жастағы науқас 27 тісте түнде болатын ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданып келді. Диагноз: жедел ошақты пульпит. Күшәлә сықпасы салынды. Келесі күні 27,26 тістер аймағында қатты ауыру сезімі және осы тістерді тістеген кезде ауыру пайда болады. Қараған кезде 26 тіс сау. 27 тістің II класс (Блэк бойынша) қуысында уақытша пломба. 26,27 тістер аймағындағы қызыл иек гиперемияланған, ісінген, пальпация кезінде қатты ауырады. Бұл тістер арасындағы қызыл иек бүртігі некроздалған. 27,26 тістерді перкуссиялағанда ауырады.

Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын құрыңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  1. Күшәлә сықпасы әсері нәтижесінде тіндердің зақымдануы жататын жарақат:

  1. химиялық;

  2. физикалық;

  3. механикалық.

  1. Қызыл иекке күшәлә сықпасының түсу қауіпі мол кариес қуыстары (Блэк бойынша):

  1. I класс;

  2. II класс;

  3. III класс;

  4. IV класс;

  5. V класс.

  1. Күшәлә сықпасының үстіне салатын мақта дөңгелегі:

  1. қуыспен жанасады ;

  2. қуыспен жанаспайды.

  1. II класс қуыстарына (Блэк бойынша) уақытша пломба саларда бөлетін табақшаны:

  1. қолданады;

  2. қолданбайды;

  1. Тіс қуысы түбін немесе қабырғасын тесіп алғанда (перфорация) күшәлә сықпасын салу:

  1. мүмкін;

  2. көрсетілмеген.

  1. Күшәлә антидоты:

  1. унитиол;

  2. иод препараттары;

  3. күйдірілген магнезия;

  4. қышқылдың әлсіз ерітінділері;

  5. натрий бикорбанатының ерітіндісі.

  1. Химиялық жарақаттың салыстырмалы диагностикасы жүргізіледі:

  1. сілтілі некрозбен;

  2. жедел герпетикалық стоматитпен;

  3. Венсанның ойық жаралы - некроздалған гингивитімен;

  4. созылмалы қайталанбалы афтозды стоматитпен.

  1. Пульпит кезінде күшәлә сықпасын салудың альтернативасы:

  1. тісті жұлу;

  2. анестезиямен емдеу;

  3. параформальдегид негізіндегі сықпаны қолдану.

  1. Күшәлі некрозы - бұл

  1. колликвациялы;

  2. коагуляциялы;

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ

1-2. 2-2,5. 3-2. 4-1. 5-2. 6-1,2,3. 7-1,2,3,4. 8 – 2,3. 9 – 2.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]