Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары

Еріннің бұл ауруы (9-8-сурет) жиі кездеседі, қайталанатын төзімді ағымы бар, 3%-дан артық жағдайларда қатерленеді. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттарының себебі аяғына дейін анықталмаған, бірақ патология негізінде тамыр-тінді және нейрогенді механизмдер, көп жағдайда психоэмоциялық сфераның бұзылуы да жатады деп есептейді. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары кейде асқазан-ішек жолының, нейроэндокринді жүйенің, қан жасайтын жүйенің ауруларына жалғасады.

9-8-сурет. Төменгі еріннің созылмалы сызаты

Сызаттардың пайда болуына жергілікті себептер: еріннің архитектоникасы, тістермен созылмалы жарақаттау, зиянды әдеттер, беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуі мүмкіндік туғызады. Қолайсыз метеорологиялық факторлар қызыл жиектің құрғақтығын, серпімділікті жоғалтуын және сызаттың дамуын тудыруы мүмкін (9-9-сурет).

Еріннің осы ауруына отбасылық бейімделгендік жағдайларының еріннің анатомиялық құрылысының, ерін тіндерін тамырлық және нейротрофиялық қамтамасыз ету ерекшеліктерімен байланысты болуы ықтимал.

9-9-сурет. Эксфолиативті хейлит

фонындағы төменгі еріннің созылмалы сызаты

ЕРІННІҢ СОЗЫЛМАЛЫ СЫЗАТТАРЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Айқындалған симптомдар

Симптомдардың патогенетикалық негізі

Сұрау

шағымдар

Еріннің құрғақтығы, сөй-леуді, күлуді, тамақ ішуді, ауызды кең ашуды қиында-татын аурушаңдығы. Эсте-тикалық кемшілік. Канцерофобия

Симпатикалық бөлім тонусы басым болатын вегетативті нерв жүйесінің патологиясы (құрғақтық). Еріннің қызыл жиегі тұтастығының бұзылуы. Тұрақты невротизация

Анамнез

жасы, жынысы

бастан кешірген және ілеспелі аурулар

зиянды әдеттер (ерінді жалау, шылым шегу)

Әр жастағы еркектер мен әйелдер, көбінесе 16-дан 46 жасқа дейінгі еркектер зардап шегеді.

Невроздар, қант диабеті, асқазан-ішек жолының, анемия аурулары, беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуі, организмнің сенсибилизациясы

Психоэмоциялық бұзылыстар, сондай-ақ вегетативті нерв жүйесінің патоло-гиясы жетекші роль атқарады. Әйелдер еріннің қызыл жиегін қорғайтын ерін далабын пайдаланады; сонымен қоса, еркектер еріннің сыртқы түрі жайында аз уайымдайды

Ерін тіндерінің нерв-трофикалық қамтамасыз етілуі бұзылуының жетекші ролі

Ерінді жиі жалау және тістеу қызыл жиектің серпімділігіне, құрғақтығына әкеліп соғады

Аурудың дамуы

Ауру әдетте балалық немесе бозбалалық жаста басталады

Сызаттар жазда жазылады, ал жылдың суық мезгілінде көптеген жылдар бойы қайталанады. Жағдайлар-дың 3%-да қатерлену байқалады

Еріннің сызаттары жедел инфекциялық ауру фонында пайда болуы мүмкін

Кейде науқастар ерін сыза-тының пайда болуын про-тездеумен байланыстырады

Өздігінен жазылу өте сирек және уақытша болады. Дәстүрлі емдеу әдетте қысқа мерзімді нәтиже береді, сол бір орында қайталанулар пайда болады

Балалар мен бозбалалар зиянды әдеттерге жиі ұшырайды

Жылдың суық мезгілі, ашық ауада жұмыс істеу, сілекеймен мацерация еріннің қызыл жиегінің құрғап қалуына әкеліп соғады

Ерін дененің температурасы көтеріл-ген кезде құрғақ болады

Беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуі, еріннің архитектоникасы-ның өзгеруі – ауыз бұрыштарындағы терең қатпарлар. Тістердің жоқтығы немесе рационалды емес протездеу

Дәстүрлі емдеу (жағу) аурудың негізгі себебін – нейродистрофияны жоймайды. Жергілікті нейродистрофия салдарынан ерінде қабыну жоқ

Қарау

Беттің төменгі бөлігінің биіктігі көбінесе төменде-ген. Төменгі еріннің орта-лық тартқышы болуы мүм-кін. Еріннің қызыл жиегінде қанды қабықшамен жабыл-ған бір немесе бірнеше сызат; саусақпен басқанда сызаттар жұмсақ, аздап ауырады. Кейде сызаттың айналасында ескі тыртық-тар немесе гиперкератоз білінеді. Алдыңғы тістердің үшкір шеттері қызыл жиекті жарақаттайды

Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басылмайды

Төменгі еріннің орталық тартылуы – бұл байланыстырушы-тін жігі, онда қорек азайған. Тұтастықтың бұзылуы ерінді қозғалтқанда сызаттардың қанауына әкеліп соғады. Аурудың ұзақтығы шамалы болғанда сызаттың шеттері өзгермеген. Сызат 5 жыл және одан артық болғанда жиі жазылуға және қайталануға байланысты тыртықтар мен гиперкератоз пайда болады

Қабыну процесінің жоқтығы

Қосымша зерттеу әдістері

бактериоскопиялық зерттеу

лазерлік допплер-лік флуометрия

беттің төменгі бөлігінің биіктігін зерттеу

Әдетте ескірген кокк микрофлорасын айқындай-ды. К

омиссуральды сызат-тар кезінде көбінесе Candida саңырауқұлағы айқындалады

Еріндегі микроциркуляция-ның елеулі бұзылыстарын көрсетеді, аса айқын өзге-рістер еріннің ортасында және ауыз бұрыштарында байқалады

Самай-төменгі жақ буын-дарының рентгенограмма-сы

Қант диабеті кезінде, сондай-ақ пластмасса тілімшелі протездерді пайдаланғанда рН тіндері төмендей-ді, бұл Candida саңырауқұлағының пайда болуы үшін жағдайлар тудырады

Еріннің созылмалы сызаттарының аса жиі орналасқан орындары

Беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуі самай-төменгі жақ буы-нында қайта құрылуға әкеліп соғады. Ауыз бұрыштарында дымқылдана-тын сызаттардың пайда болуы

ЕРІННІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ҚАЙТАЛАНАТЫН СЫЗАТТАРЫНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауру

Жалпы клиникалық белгілері

Ерекше белгілері

Жай герпес

В12 витамині-фо-лий тапшылық-ты анемиясы

Еріннің жедел не-месе созылмалы жарақаты

Еріннің созылма-лы қайталанатын сызатының қатерленуі

Еріннің қызыл жиегінің қайта-ланушы зақымдалуы

Басым көпшілігінде ауыз бұрыштарында қанап тұрған сызаттар

Еріннің сөйлеуді, күлуді, тамақ ішуді қиындатып ауыруы

Еріннің созылмалы сызаты

Көпіршіктер мен эрозиялар түрін-дегі бөртпелер периоралды теріге таралады. Вирустық этиология. Еріндегі герпестің ұзақтығы орта есеппен 7 күн. Еріннің созылмалы қайталанушы сызаттары көбінесе жылдар және онжылдықтар бойы сақталады және қайталанады

Қанның түстік көрсеткіші бірден төмен. Терапевттің В12 витамині-тапшылықты анемиясы диагнозын растауы. Еріннің сызаттары қайта-ланбайды. В12 витамині-тапшылық-ты, темір тапшылықты, фолий тапшылықты анемия болғандағы Гунтер глосситі, жақтар мен еріннің шырышты қабығындағы қызыл дақтар. В12 витаминін ас қорыту өзегінен тыс еккенде оң сипатты жылдам нәтиже болады

Жарақаттаушы агентке сәйкесінше еріннің қызыл жиегінде гиперемия, эрозия, ойық жара, жара. Осы фактордың жойылуымен ауыру және клиникалық көріністер жоға-лады. Жедел жарақат болғанда анамнез деректерін есепке алады

Ағымының ұзақтығы, ауырудың жоғалуы, консервативті емдеудің тиімділігі. Сызат шеттерінің және негізінің тығыздығы. Жергілікті лимфа түйіндері үлкейген, тығыз, біріккен, аздап ауырады

ЕРІННІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ҚАЙТАЛАНАТЫН СЫЗАТТАРЫН ЕМДЕУ

Емдеу кезеңдері

Емдеу құралдары

Қолдану тәсілі

Пайдалану мақсаты

Әсер ету механизмі

Ауыз қуысының рационалды гигиенасына үйрету

Тіс өңезінің индика-торлары, тіс щеткасы, сықпасы

Гигиеналық жағ-дайын анықтау үшін тістерді бояу. Науқасты тісті тазалау кезіндегі дұрыс қимылдарға үйрету, тазалау уақытын бақылау

Инфекцияланған тіс өңезін жою және ауыз қуы-сының инфек-циялануын азайту

Жақсы гигиена ауыз қуысында қолайлы жағдай тудырады, ша-ғымдарды азайта-ды және емдеу тиімділігін артты-рады

Тіс шөгінділерін жою

Ульрадыбыстық аппа-рат, ілмектер, экска-ваторлар, ағаш бас-тиектер, резеңке тос-тағандар, щеткалар, жылтырату сықпалары

Қызыл иек үсті және асты тіс шөгінділерін жүйелі жою, тістерді мұқият жылтырату

Еріннің шырыш-ты қабаты үшін жарақаттаушы факторды болдырмау

Тістердің тегіс беті механикалық жарақат фактор-ларын болдыр-майды

Тіс жегілі тістерді емдеу

Пломбалау материалдары, стоматологиялық құрал-саймандар

Қуыстардың қалып-тасуы және тістер-дің анатомиялық пішінін қалпына келтіру

Тітіркендіруші факторларды және инфекция ошақтарын жою

Жергілікті іске қосу механизмде-рін жою

Протездердің үшкір шеттерін, төмпешіктерін ажарлау, түзету, бүлінген тістерді жұлу

Карборундты тастар, бастиектер, резеңке дискілер, ажарлау сықпалары, реминера-лизациялау ерітінді-лері, фторлы лактар, хирургиялық қысқыштар

Супертүйіспелерді ажарлаған соң флюоризация қажет

Еріннің шырыш-ты қабаты және қызыл жиегі үшін тітіркендір-гіштерді жою

Жергілікті іске қосу механизмде-рін жою, самай-төменгі жақ буы-нының буындық басының орнын қалыптандыру

Ортопедиялық емдеу

Рационалды конструкциялы протездер жасау, әр текті металдан жасалған протездерді ауыстыру

Стоматолог-тера-певтің кеңесінен кейін ортопедиялық емдеу

Тіс қатарлары-ның ерінді жара-қаттайтын ақау-ларын, гальва-нозды болдыр-мау, тістем биік-тігін қалыптан-дыру

Еріннің және ауыз қуысы шырышты қабығының басқа бөліктерінің меха-никалық және физикалық жара-қаты факторлары жойылады

Жергілікті емдеу

протеолитикалық ферменттер

антисептиктер

күрделі жақпа

0,1% трипсин, химо-трипсин, химопсин ерітіндісі

Сутегі тотығының 1% жылы ерітіндісі

Rp.: Sol. Retinoli ace-tatis oleosae – 1,0

Sol. Tokopheroli

oleosae – 1,0

Thiamini bromidi - 0,2

Insulini acropidi – 3,0

Ung. Celestodermi – 30,0

Ung. Solcoseryli – 20,0

M.f. unguentum

Еріннің сызатына және бүкіл қызыл жиегіне жұқа полимер пленканың астына 10 минут бойы аппликация

Сутегі тотығы ері-тіндісіне батырыл-ған тампонмен сызаттың және қы-зыл жиектің бетін тазалайды

Еріннің сызатына және бүкіл қызыл жиегіне жұқа полимер пленканың астына 10 минут бойы аппликация

Қабыршақтарды және қабықша-ларды жарақат-тамай жою

Дәрілік заттар-дың тін тереңіне өтуін тежейтін қабықшалар мен қабыршақтарды жою

Тіндер регенера-циясын стимуля-циялау және эпи-телий жамылғы-ларын қалыптан-дыру. Қышу мен ашуды болдыр-майды, қабыну-ды азайтады

Тіршілікке қабі-летсіз тіндердің жұмсаруы, олар-дың оңай жойы-луы. Препараттар сау тіндердің жасушалық мембраналарын жұмсартады және кейіннен пайдала-нылатын дәрілік заттардың аса те-рең өтуіне мүм-кіндік туғызады

Сутегі тотығының молекуласы ыды-рағанда атомдық оттегі босатыла-ды, ол үстіңгі бет-тің тазаруына мүмкіндік туғыза-ды және антисеп-тикалық әсер етеді

Тіндердегі тоты-ғу-тотықсыздану процестерін қалыптандыру. Эпителийдегі және ерін строма-сындағы нерв тал-шықтарының күйін жергілікті жақсарту. В1 вита-мині ацетилхолин синтезіне әсер етеді, оның жетіс-пеуі қоректің бұзылуына әкеліп соғады. Капилляр-лар өтімділігін азайтады; ісікті азайтады, прост- агландиндер син-тезін тежейді; қабынуға қарсы әсер етеді

Аппликациялық жансыздандыру

10% лидокаин ерітін-дісі,

5% «Эмла» кремі

Ине салған орынды

5 минут бойы

өңдеу

Жергілікті жансыздандыру

Еріннің шырыш-ты қабығындағы сезімтал нерв тал-шықтарының блокадасы

Премедикация

Аподиазепам 50 кг дене массасына 5 мг

Тіл астына

Блокада алдын-дағы ішкі күйзе-лісті, қорқыныш-ты болдырмау

Серотонинді кері қамтитын селективті ингибитор

Ерін блокадасы

1% жылы лидокаин ерітіндісі, инесі жіңішке екі грамдық шприц (инсулиндік)

Сызаттың түбінің және қоршаған тіндердің инфильтрациясы

Сызаттардың жазылуы және қайталануларды ескерту

Лидокаин арте-риолалардың тегіс бұлшық ет эле-менттеріне тіке-лей әсер ету, С тобына жататын симпатикалық талшықтар бойы-мен түсетін тамыр тарылтқыш нерв импульстерін бөгеттеу есебінен еккен орында ай-қын тамыр кеңейткіш әсер береді. С тобының безмиелинді нерв талшықтарына анестетик жылдам өтеді және еккен орында емдік әсер береді. Төмен концентрациясы нәтижесінде лидо-каинның уытты-лығы барынша азайтылады

Поливитаминдер

Компливит

Центрум, витрум,

мультибсклассик және т.б.

Күніне 3 рет

1 драже

Күніне 1 рет тамақ-тан кейін 1 капсула

Организмнің витаминдермен және микроэле-менттермен қанығуы

Алмасу процес-терін жақсарту, нерв жасушала-рындағы нерв қозуының берілу жылдамдығын қалыптандыру. Жамылғы тіндерінің күйін жақсарту

Психотроптық емдеу

Эглонил тәулігіне 0,002 г

Флуоксетин 20 мг

Күніне 2 рет 0,001 г (сұлба бойынша)

3-4 ай бойы күніне 1 рет 1 капсуладан

Астеноневроз-дық күйді, депрессияны болдырмайды

Зиянды әдеттер-ден (ерінді жалау, тістеу) құтылуды жеңілдетеді. Патологиялық жабырқаңқы көңіл-күйді түзетеді

Айқындалған ілеспелі аурулар-ды емдеу

Дәрілік препараттар-ды және әдістемелер-ді дәрігер-маман тағайындайды

Ілеспелі ауру-дың негізгі симптомдарын болдырмау және жергілікті емдеу тиімділігін арттыру

Патогенездің жеке буындарына әсер ету

Қатерлену болмағанда өмір үшін болжам қолайлы, ауру үшін – қайталанатын созылмалы ағым. Кешенді және білікті емдеусіз сауығу өте сирек байқалады.

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

36 жастағы науқас тамақ ішуді, ауызды кеңінен ашуды қиындататын жоғарғы еріннің ауыруына шағыммен келді. Ауру 10 жыл бұрын пайда болған. Әр түрлі жақпаларды қолданып, өз бетімен емделген. Жазда ерні жазылатын, бірақ суық кезең басталысымен жыл сайын қайталанатын.

Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басылмайды, еріннің қызыл жиегі құрғақ, кедір-бұдырлы. Жоғарғы еріннің қызыл жиегінде ортаңғы сызықтың оң жағында қанды қабықшамен жабылған, ұзындығы 15 мм тіннің көлденең сызықтық ақауы бар. Ақаудың айналасында қызыл жиектің қарауытуы және мүйізгектену бар. Ақаудың негізінде қабыну инфильтраты анықталады.

Саусақпен басқанда аздап ауыратын, жұмсақ эластикалық консистенциялы түзілім болады.

Ауыз қуысының гигиенасы қанағаттанарлықсыз, тіс шөгінділері және шылым шегушінің өңезі бар.

Зиянды әдеттері: шылым шегеді, ернін жалайды және тістейді.

Диагноз қойыңыз, дифференциалдық диагностика жүргізіңіз, емдеу жоспарын белгілеңіз.

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

24 жастағы науқас еріннің құрғақтығына, ауызды кеңінен ашуды қиындататын төменгі еріннің ауыруына шағыммен келді. Еріндегі өзгерістер көп уақыт бұрын, өзінің айтуы бойынша, «есін білгеннен» пайда болған. Еріндегі осындай өзгерістер оның анасы мен әжесінде болған. Ауру жылдың суыз мезгілінде қайталанады, жазда барлық құбылыстар жоғалып кетеді.

Нервісінің жылдам қозатынын айтты. Зиянды әдеттері: шылым шегеді, ернін жалайды және тістейді.

Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басылмайды. Еріннің қызыл жиегі құрғақ, теріге ауыспайтын көптеген қабыршақтар бар.

Төменгі еріннің ортаңғы сызығы бойында қанды қабықшамен жабылған тіннің сызықтық ақауы бар. Саусақпен басқанда шамалы ісінген және ауырады.

Ауыз қуысы сауықтандырылмаған, гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз.

Диагноз қойыңыз, дифференциалдық диагностика жүргізіңіз, емдеу жоспарын белгілеңіз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

  1. Ерін сызаттарының пайда болуына мүмкіндік туғызады:

1) вирус;

2) зиянды әдеттер;

3) еріннің құрғақтығы;

4) төмен саливация;

5) ерін архитектоникасының туа біткен ерекшеліктері;

6) гиповитаминоздар;

7) микробтық аллергия.

  1. Созылмалы сызаттардан көбінесе зардап шегеді:

  1. әйелдер;

  2. балалар;

  3. еркектер.

3. Аурудың морфологиялық элементтері:

1) жара;

2) афта;

3) сызат;

4) қабыршақ;

5) қанды қабықша.

4. Сызаттармен аса жиі зақымдалады:

1) комиссура;

2) жоғарғы ерін;

3) төменгі ерін.

5. Аурудың қайталануы көбінесе пайда болады:

1) жазда;

2) қыста.

6. Аурудың қайталану себептері:

1) тіндік вирус тасығыштық;

2) қолайсыз климаттық жағдайлар;

3) созылмалы сиалоаденит;

4) тұрақты зиянды әдеттер;

5) жергілікті нерв-трофиялық бұзылыстар.

7. Еріннің созылмалы сызаты рак алды ауруы ауруы болып табылады:

1) облигатты;

2) факультативті.

8. Әдетте ремиссия болады:

1) қыста;

2) жазда;

3) көктемде;

4) күзде.

9. Сызат аймағындағы патологиялық процестер:

1) акантоз;

2) паракератоз;

3) қабыну инфильтрациясы;

4) баллондайтын дегенерация;

5) жергілікті трофиканың бұзылуы.

10. Емдеу әдістері:

1) хирургиялық;

2) консервативті;

3) күйдіретін заттарды пайдалану.

11. Емдеудің консервативті әдістері:

1) блокадалар;

2) лазерлік терапия;

3) дарсонвализация;

4) протеолитикалық ферменттер аппликациялары;

5) жақпа аппликациялары.

12. Протеолитикалық ферменттер:

1) тіршілікке қабілетсіз тіндерді жұмсартады;

2) жараның тазаруына мүмкіндік туғызады;

3) күйдіреді;

4) жасуша мембраналарын жұмсартады.

13. Кератопластикалық әсер етеді:

1) А витамині;

2) В1 витамині;

3) Е витамині;

4) резорцин;

5) солкосерил.

14. Жергілікті емдеу кезінде пайдаланылатын препараттар:

1) стероидты жақпалар;

2) трипсин, химопсин;

3) кристалл резорцин;

4) күміс нитратының 30% ерітіндісі;

5) 1% лидокаин ерітіндісі;

6) А және Е витаминдерінің майлы ерітінділері;

7) холисал гелі.

15. Сызаттарды хирургиялық кесіп алып тастау көрсеткіштері:

1) ескі тыртықтар;

2) қанды қабықшалар;

3) қабыну инфильтраты;

4) күрт айқындалған гиперкератоз;

5) консервативті емдеудің тиімсіздігі.

16. Қатерлену белгілері:

1) тыртықтың түзілуі;

2) аурушаңдықтың жоғалуы;

3) шеттері мен негізінің тығыздануы;

4) 3 апта емдеу ішінде жазылудың болмауы.

17. Созылмалы сызатты емдеудің жүйелілігі:

1) қабықшаларды жою;

2) лидокаин блокадасы;

3) жақпа аппликациясы;

4) ауыз қуысы гигиенасына үйрету;

5) аппликациялық жансыздандыру;

6) протеолитикалық ферменттер аппликациясы.

18. 1% лидокаин гидрохлоридінің ерітіндісі:

1) тамырларды кеңейтеді және аз уытты;

2) тамырларды кеңейтеді, бірақ уытты;

3) тамырларды тарылтады, бірақ аз уытты;

4) тамырларды тарылтады және уытты.

19. Еріннің созылмалы сызатының қатерленуіне күдік болғанда керек:

1) гистологиялық зерттеуде биопсияны;

2) гистологиялық зерттеу арқылы толық кесіп алып тастауды;

3) криодеструкцияны.

20. Еріннің созылмалы сызаттарының алдын алуға кіретіндер:

1) зиянды әдеттерден бас тарту;

2) вакцинация;

3) созылмалы жарақатты жою;

4) гистаминге қарсы препараттар қабылдау;

5) қорғаныш гельдерін пайдалану;

6) поливитаминдер қабылдау;

7) еріннің құрғақтығын ескерту.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ

1 – 2, 3, 5, 6. 2 – 3. 3 – 3, 5. 4 – 3. 5 – 2. 6 – 2, 4, 5. 7 – 2. 8 – 2. 9 – 2, 3, 5. 10 – 1, 2. 11 – 1, 2, 4, 5. 12 – 1, 2, 4. 13 – 1, 3, 5. 14 – 1, 2, 5, 6, 7. 15 – 1, 4, 5. 16 – 2, 3, 4.

17 – 4, 6, 1, 3, 5, 2. 18 – 1. 19 – 2. 20 - 1, 3, 5, 6, 7.

10-бөлім

ЕРІННІҢ ҚЫЗЫЛ ЖИЕГІНІҢ ЖӘНЕ АУЫЗДЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ РАК АЛДЫ АУРУЫ АУРУЛАРЫ

«Рак алды ауруы» терминін 1896 жылы дерматолог Дюбрейль ұсынды. Белгілі жағдайларда олардың фонында рак дамуы мүмкін болатын, барлық қатерсіз жаңа түзілімдерді, созылмалы қабыну процестерін және дисгормондық күйлерді рак алды ауруы деп түсінеді (10.1-10.6-суреттер).

Созылмалы жарақат, қолайсыз метеорологиялық факторлар (суық, күн, жел), тітіркендіруші, ыстық, ащы тағам, алкоголь, шылым шегу, жаман әдеттер (ерінді тістеу және т.б.), кәсіптік зияндылықтар ауыз қуысында және еріннің қызыл жиегінде рак алды ауруы ауруының пайда болуына мүмкіндік туғызады.

10-1-сурет. Төменгі еріннің қатерлі ісігі

10-3-сурет. Жақтың шырышты қабығының

қатерлі ісігі

Рак алды ауруы ауруы іргелес тіндерге инвазиясыз гиперкератоз және дискератоз типі бойынша ауыз қуысы шырышты қабығының эпителийіндегі кератинизация процесінің бұзылуымен сипатталады. Рак алды ауруын дер кезінде айқындау және емдеу қатерлі ісікке айналу қаупін болдырмайды, ол әдетте ерте сатыларда симптомсыз болады, бұл ерте диагностиканы қиындатады.

Қатерлену жиілігі жоғары (облигатты) және аз (факультативті) рак алды ауруы ауруларын ажыратады.

10-2-сурет. Тілдің қатерлі ісігі

10-4-сурет. Лейкоплакия фонындағы ауыз

қуысы түбінің қатерлі ісігі

10-5-сурет. Тілдің бүйірлік бетінің қатерлі ісігі

10-6-сурет. Жақтың шырышты қабығының

қатерлі ісігі

10-7-сурет. Боуэн ауруы

ЕРІННІҢ ҚЫЗЫЛ ЖИЕГІНІҢ ЖӘНЕ АУЫЗДЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ РАК АЛДЫ АУРУЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ (МАШКИЛЛЕЙСОН А.Л., 1970)

І. Облигатты рак алды ауруы аурулары:

1) Боуэн ауруы және Кейр эритроплазиясы.

2) Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік және түйінді рак алды ауруы.

3) Абразивті преканцерозды Манганотти хейлиті.

4) Қызыл жиектің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы.

ІІ. Үлкен әлеуетті қатерлілігі бар факультативті рак алды ауруы аурулары:

1) Эрозиялық және веррукозды лейкоплакия.

2) Таңдай папилломасы және папилломатозы.

3) Тері мүйізі.

4) Кератоакантома.

ІІІ. Аз әлеуетті қатерлілігі бар факультативті рак алды аурулары:

1) Жалпақ лейкоплакия.

2) Ауыздың шырышты қабығының созылмалы жаралары.

3) Қызыл жегінің және еріннің қызыл жиегінің қызыл жалпақ теміреткісінің эрозиялық және гиперкератоздық түрлері.

4) Еріннің созылмалы сызаттары.

5) Пострентгендік хейлит және стоматит.

6) Метеорологиялық және актиниялық хейлиттер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]