Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

3) Дәрілік аллергия;

4) көптүрлі экссудативті эритема;

5) жалпақ теміреткі (буллезді, эрозиялық түрлер);

6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.

4. Күлдіреуік болғандағы морфологиялық элементтер:

1) күлбіреуік;

2) көпіршік;

3) эрозия;

4) үлкен көпіршік;

5) папула;

6) пустула.

5. Біріншілік морфологиялық элемент орналасады:

1) субэпителийлі;

2) эпителий ішінде.

6. Вульгарлы күлдіреуік зақымдайды:

1) теріні;

2) шырышты қабықты;

3) теріні және шырышты қабықты.

7. Күлдіреуікті дерматоздарға:

1) жатқызады;

2) жатқызбайды.

8. Күлдіреуік болғандағы эрозия бетінен алынған қырындыда байқайды:

1) алып көп ядролық жасушаларды;

2) акантолиздік жасушаларды;

3) атипті жасушаларды, жалаңаш ядроларды.

9. Вульгарлы күлдіреуікке оң сипатты симптомы тән:

1) Никольскийдің;

2) субэпителийлі пеИФРокалды сыдырылудың.

10. Күлдіреуіктің этиологиясы :

1) белгілі;

2) белгісіз.

11. Вульгарлы күлдіреуіктің дифференциалдық диагностикасын жүргізеді:

1) кандидозбен;

2) глоссалгиямен;

3) пемфигоидпен;

4) дәрілік аллергиямен;

5) көптүрлі экссудативті эритемамен;

6) герпес түріндегі Дюринг дерматитімен;

7) жалпақ теміреткімен (буллезді, эрозия-жаралық түрлері).

12. Вульгарлы күлдіреуікті жалпы емдеу үшін тағайындайды:

1) антибиотиктерді;

2) поливитаминдері

3) глюкокортикостероидтарды;

4) тыныштандыратын құралдарды;

5) антигистаминді препараттарды.

13. Күлдіреуікті жергілікті емдеу үшін жақпаларды пайдаланады:

1) жазатын;

2) саңырауқұлаққа қарсы;

3) кортикостероидты;

4) қабынуға қарсы.

14. Вульгарлы күлдіреуікке шалдыққан науқастың жалпы жағдайы емдемесе :

1) нашарлайды;

2) нашарламайды.

15. Вульгарлы күлдіреуік болғанда ремиссия болады:

1) кенеттен;

2) емдеудің әсерінен.

16. Вульгарлы күлдіреуікті антибиотиктермен емдеу :

1) тиімді;

2) тиімсіз.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ

1 – 2. 2 – 3. 3 – 2. 4 – 3, 4. 5 – 2. 6 – 3. 7 – 1. 8 – 2. 9 – 1.

10 – 2. 11 – 3, 4, 5, 6, 7. 12 – 3. 13 – 3. 14 – 1. 15 – 2. 16 – 2.

7.3. Қызыл жегі

Қызыл жегіні (7-13-сурет) коллагеноздарға – инфекциялық және басқа агенттерге сенсибилизацияны азайтатын аутоиммунды ауруларға жатқызады. Қызыл жегіге күн жарығына аллергия, инфекциялар, жарақаттар, суық және т.б. итермелейді.

Созылмалы (дискоидты) және жедел (жүйелі) қызыл жегіні ажыратады.

Созылмалы қызыл жегі. Әдетте беттің терісі (көбінесе маңдай, мұрын, жақтар көбелек түрінде), құлақ қалқандары, бастың шашты бөлігі, еріннің қызыл жиегі зақымдалады. Ауыз қуысының шырышты қабығы процеске өте сирек қатыстырылады. Негізгі клиникалық белгілері: эритема, гиперкератоз және атрофия. Еріннің қызыл жиегіндегі және ауыз қуысының шырышты қабығындағы созылмалы қызыл жегінің барлық түрлері әсіресе тамақ ішкенде ашумен және ауырумен жалғасады.

Еріннің қызыл жиегіндегі қызыл жегінің 4 клиникалық түрін ажыратады: типті, клиникалық айқындалған атрофиясыз, эрозия-жаралық, терең.

Типті түрі болғанда еріннің қызыл жиегі күңгірт қызыл түсті, диффузды немесе ошақты инфильтрацияланған болады. Сопақ немесе таспа түріндегі ошақтар гиперкератотикалық тығыз отыратын қабыршықтармен жабылған. Оларды жоюға тырысқанда қанағыштық және ауыру пайда болады. Зақымдалу ортасында атрофия.

Қызыл жиектің клиникалық айқындалған атрофиясыз зақымдалу түрі типті түрінен атрофияның жоқтығымен ерекшеленеді.

Эрозия-жаралық түрі айқын қабынумен, айналасында гиперкератоз көрінетін эрозиялармен, жаралармен, сызаттармен пайда болады.

7-13-сурет. Қызыл жегі

Қызыл жегінің терең түрі болғанда зақымдалу ошағы қызыл жиектің үстінде шығып тұратын түйінді түзілім түрінде көрінеді, оның бетінде эритема және гиперкератоз байқалады.

Жедел қызыл жегі – ауыр жедел жүйелі ауру, температураның көтерілуімен және ішкі органдардың зақымдалуымен жалғасады. Тері көріністерінің дақтар пішінінде қатты емес гиперемия түрі болуы немесе тілмелік қабынуды еске салуы мүмкін. Ауыз қуысында ұқсас өзгерістер – қызарған дақтар, қан құйылу, фибринозды өңезбен жабылған жылдам эрозияларға ауысатын көпіршіктер мен үлкен көпіршіктер байқалады. Диагнозды клиникалық картина негізінде, сондай-ақ перифериялық қанда және сүйек миының пунктаталарында розеткалар мен қызыл жегілік жасушалар феномені байқалғанда анықтайды.

ЕМДЕУДІ мамандар (дерматолог, ревматолог, эндокринолог және т.б.) жүргізеді.

ҚЫЗЫЛ ЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Айқындалған симптомдар

Симптомдардың патогенетикалық негізі

Сұрау

шағымдар

Әсіресе тамақ ішкенде ашу және ауыру

Ауыз қуысы шырышты қабығының нерв талшықтарының қабыну медиа-торларымен, токсиндермен тітіркенуі; нерв талшықтарының экссудатпен жаншылуы

Анамнез

жынысы, жасы

бастан кешірген және ілеспелі аурулар

ауру ағымы

қайталанулар жиілігі

Басым көпшілігінде 20-40 жастағы әйелдер

Асқазан-ішек жолының, бүйректің, буындардың, со-зылмалы қабыну аурулары

Ұзақ

Қатты тоңазумен, жарақат-тармен, күн жарығымен, инфекциялармен өршуі мүмкін

Созылмалы инфекция организмнің аллергендерге сенсибилизацияны азайтатын және төзімділігінің төмендеуіне мүмкіндік туғызады

Иммунды кешендердің, аутоантиген-дердің болуы, тұрақты дене түршігуі

Организмнің төзімділігінің төмендеуі. Күн жарығына аллергия

Қарау

сыртқы қарау

ауыз қуысын

қарау

Қосымша зерттеу әдістері

люминесценттік диагностика

гистологиялық зерттеу

ИФР

Бет терісінде (көбінесе маң-дайда, мұрында және жақ-тарда көбелек түрінде), құлақ қалқандарында, бас-тың шашты бөлігінде эри-тема, гиперкератоз, атрофия

Ауыздың шырышты қабығ-ында эпителийдің лайла-нуы түрінде гиперкератоз-бен бірге іркілген гипере-мияның сәл шығыңқы ошақтары

Вуд сәулелерінде қызыл жегі болғанда еріннің қы-зыл жиегіндегі гиперкера-тоз бөліктері көгілдір қар-лы немесе ақ қарлы сәуле таратады, шырышты қабық-та нүктелер мен жолақтар түрінде ақ немесе күңгірт ақ түсті сәуле тарату

Паракератоз, гиперкератоз, атрофиямен алмасатын акантоз. Коллаген талшық-тарының вакуольды дегенерациясы

Базальды мембранада ДНК шөгінділері айқындалады

Эпителийде паракератоз және гипер-кератоз, атрофиямен алмасатын акан-тоз. Стромада массивті лимфоидты-плазматикалық инфильрат бар

Биологиялық белсенді заттардың бөлінуі жасушаларға зақымдаушы әсер етеді. Капиллярлар өтімділігінің жоғарылауы қабынуға, тін ісігіне, лейкоциттер миграциясына, ауыру синдромына мүмкіндік туғызады

ҚЫЗЫЛ ЖЕГІНІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауру

Жалпы клиникалық белгілері

Ерекше белгілері

Типті түрі

Жалпақ теміреткі

Лейкоплакия

Актинидті хейлит

Абразивті пре-канцерозды Ман-ганотти хейлиті

Ауыз қуысының тітіркендір-гіштер әсер еткенде күшейетін үнемі ауыруы. Қызарған шы-рышты қабықта эпителийдің мүйізгектенген бөліклері, фибринозды өңезбен жабыл-ған, әр түрлі көлемді және пішінді эрозиялар немесе жа-ралар. Өңезді жойғанда қана-ғыштық пайда болады. Ауыз-дың шырышты қабығындағы ақшыл түсті зақымдалу ошақтары

Паракератоз, гиперкератоз гистологиялық түрде анықта-лады

Еріннің қызыл жиегіндегі эро-зия. Еріннің қызыл жиегінің күн жарығын жоғары сезгіш-тігі

Еріннің қызыл жиегіндегі эрозия

Жалпақ теміреткі ауыз қуысының шырышты қабыққа және еріннің қызыл жиегінде жиі кездеседі, шілтер тор суретін құрайды. Вуд сәулелерінде жалпақ теміреткі болғанда гиперкератоз ошағы ақ-шыл-көгілдір түсті сәуле таратады. Жалпақ теміреткі болғанда зақым-далу ошағының ортасында атрофия болмайды

Тек ауыз қуысы ғана зақымдалады. Типті кескіндері бар атрофия және айқын эритема жоқ

Гиперкератоз және тыртықты атрофия жоқ

Іркілген гиперемияның және тыртықты атрофияның жоқтығы. Көбінесе 60 жастағы ерлер зардап шегеді

ҚЫЗЫЛ ЖЕГІНІ ЕМДЕУ

Емдеу- кезеңдері

Емдеу құралдары

Қолдану тәсілі

Пайдалану мақсаты

Әсер ету механизмі

Жансыздандыру

Антисептикалық өңдеу

Глюкокортикосте- роидтар

Витаминді терапия

Глюкокортикосте- роидты заттар

Малярияға қарсы заттар

1-2% лидокаин ерітіндісі

1% сутегі тотығы ерітіндісі, 1:5000 калий перманганаты ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі

0,5% преднизолон сы-ғындысы

Пиридоксальфосфат

1% никотин

қышқылы ерітінідісі

Преднизолон таблеткалары

5 мг-нан

Триамцинолон 4 мг

Дексаметазон 0,5 мг

Делагил (хингамин) 0,25 г

Ауызды шаю,

3-5 минут

аппликациялар

Ауызды шаю

Аппликациялар

Күніне 3 рет

тамақтан кейін

0,02 г

Зақымдалу элементтерінің астына 0,5-1 мл инъекциялар

10-15 мг/тәул

8-12 мг/тәул

1,5-2 мг/тәул

10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан, сонан соң зақым-далу элементтерінің (эрозиялар) астына 1% тримекаин ерітіндісімен бірге 1,5 мл делагилмен инъекцияларға ауысады

Антисептикалық өңдеу кезіндегі, тамақ ішкендегі аурушаң сезімді жою

Екіншілік мик-рофолораның ауыздың зақым-далған шырыш-ты қабығына әсерін жою не-месе бәсеңдету

Ауыздың шырышты қабығының қабынуын азайту

В6 витамині қажеттілігін қамтамасыз ету

Капиллярларда-ғы қан ағымын күшейту, жасу-шалық зат алмасуды жақсарту

Қабыну мен экссудацияны азайту, аллергияға қарсы әсер

Қабынуға қарсы әсер

Нерв талшықта-рының сезгіштігін азайтады

Молекулалық және атомдық оттегі бөлінуі нәтижесінде әлсіз антисептикалық және жағымсыз иісті жоюшы әсер етеді

Капиллярлар өтімділігін азайтады, антигистаминді әсер етеді

Шырышты қабығындағы зат алмасуды қуаттандыру

Тотығу-тотықсыздандыру процестеріне қатысады

Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және сезімтал-дықты азайтатын әсер, қан тамыр-ларының өтімді-лігін азайтады

Нуклеин қышқылдарының синтезін тежейді

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

37 жастағы науқас клиникаға оң жақтың шырышты қабығының әіресе тамақ ішкенде ашуы мен ауыруына, сондай-ақ бет терісінің қызаруына шағымданып келді. Симптомдардың пайда болуын күн көзінде ұзақ болуымен байланыстырады.

Маңдай, мұрын және жақ терісінде көбелек тәрізді эритема, гиперкератоз. Оң жақтың шырышты қабығында тістердің бірігетін сызығында эпителийі күңгірттенген гиперкератозды іркілген гиперемияның сәл шығыңқы ошақтары бар, 16-тіс аймағында шамалы аурушаң эрозия. Ауыз қуысы сауықтандырылмаған.

Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын құрастырыңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

  1. Қызыл жегі болғанда байқалады:

  1. үлкен көпіршік;

  2. дақ;

  3. папула;

  4. атрофия.

  1. Қызыл жегі жатады:

  1. қатерсіз жаңа түзілімдерге;

  2. ерекше инфекцияларға;

  3. коллагеноздарға;

  4. вирусты ауруларға;

  5. жарақатты зақымдалуларға.

3. Қызыл жегіге бейімдейді:

1) бактериялық инфекция;

2) қатты тоңазу;

3) инсоляция;

4) жарақат;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]