- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
Гландулярлы хейлит – ұсақ сілекей бездерінің қабынуы, төменгі ерін аномалиясы салдарынан дамиды. Төменгі еріннің шырышты қабығының ұсақ сілекей бездерінің гипертрофиясы, олардың санының көбеюі, сондай-ақ Клейн аймағында және қалыпты жағдайда олар болмауы керек болатын қызыл жиекте бездердің пайда болуы байқалады.
Жай және іріңді гландулярлы хейлитті ажыратады.
Жай гландулярлы хейлит біріншілік және екіншілік болуы мүмкін. Жай біріншілік гландулярлы хейлит әдетте шағымдар тудырмайды. Екіншілік жай гландулярлы хейлит сілекей бездерінің туа біткен гиперплазиясы болмағанда еріннің әр түрлі аурулары (жалпақ теміреткі, лейкоплакия) фонында екінші рет пайда болады.
9-2-сурет. Гландулярлы хейлит
Іріңді гландулярлы хейлит сирек кездеседі және абсцесс болу мүмкіндігімен сілекей бездерінің кеңейтілген жолдарына инфекциялар өтуі салдарынан пайда болады.
ГЛАНДУЛЯРЛЫ ХЕЙЛИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру тәртібі |
Айқындалған симптомдар |
Симптомдардың патогенетикалық негізі |
Шағымдар жай гландулярлы хейлит
іріңді гландулярлы хейлит |
Жай біріншілік гландуляр-лы хейлит шағымдар ту-дырмайды. Жай екіншілік гландулярлы хейлит бол-ғанда шағымдар жергілікті фондық патологияға байла-нысты болады. Тітіркену кезінде күшейетін ауыру, еріннің шырышты қабығы-ның дөңестігін сезіну, кедір -бұдырлық пайда болады
Еріннің ауыруына, үлкеюі-не шағымдар |
Ұсақ сілекей бездерінің гиперплазия-сы субъективті сезімдерге жалғаспай-ды. Жалпақ теміреткі, лейкоплакия кезіндегі созылмалы қабыну. Эрозия-лардың, сызаттардың пайда болуы негізгі ауруға жалғасады
Сілекей бездерінің кеңейтілген жол-дарына инфекциялар өтуі, бездердің абсцестелуі |
Аурудың пайда болуы
|
Туа біткен төменгі ерін аномалиясы. Әйелдерге қа-рағанда басым көпшілігін-де 40-50 жастан асқан еркектер 2 есе жиі ауырады
Науқастар ерін күйінің нашарлауын жарақатпен, инфекцияланумен байланыстырады |
Эмбриогенездің бұзылуы
Қабыну өзгерістерінің пайда болуы, төменгі ерін эпителийі тұтастығының бұзылуы |
Қарау сыртқы қарау
лимфа түйіндері
ауыз қуысының шырышты қабығын қарау
тіс қатарларын қарау
|
Жай гландулярлы хейлит кезінде еріннің көрінерлік өзгерістері жоқ
Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басылмайды. Іріңді гландулярлы хейлит кезінде иек асты лимфа түйіндері үлкейген, саусақ-пен басқанда ауырады, сипағанда жұмсақ. Төменгі ерні үлкейген, саусақпен басқанда аздап ауырады
Жай біріншілік гландуляр-лы хейлит кезінде Клейн аймағында және (сирек) оған іргелес қызыл жиекте сілекей бездерінің кеңейген шығатын жолдары көрінеді
Саусақпен басқанда сілекей – «шық симптомы» бөлініп, тығыз бұршақтар түрінде тінінің көлемі мен салмағы ұлғайған ұсақ сілекей бездері анықталады
Екіншілік жай гландулярлы хейлит кезінде жалпақ темі-реткі немесе лейкоплакия элементтері анықталады. Ұсақ сілекей бездерінің сағалары ерін эпителийінің гиперкератозы процестері-нің нәтижесінде кеңейген. Эпителийдің қабыну құбы-лыстары
Іріңді гландулярлы хейлит кезінде бездер жолдарынан ірің қоспалы сілекей бөлінеді
Ауыз қуысының гигиенасы қанағаттанарлықсыз, қабы-ну процесі пародонтта, тістердің үшкір шеттері, рационалды емес протездер |
Ерін қалыңдығында көлемді процес-тердің жоқтығы. Қабынудың жоқтығы
Жергілікті лимфа түйіндерінің лимфо-идты тінімен инфекцияны тоқтату. Сілекей бездерінің абсцестелуі
Туа біткен аномалия
Қабынудың болмауына байланысты ұсақ сілекей бездерінің секреті ашық түсті
Көрініс төменгі еріннің шырышты қабығының біріншілік патологиясы-ның клиникалық көріністеріне сәйкес келеді. Бұл патология кезінде бұрын ауырмаған шығатын жолдар кеңейеді
Сілекей бездерінің кеңейген жолдары-на инфекция өтуі, бездердің асбцесте-луі
Бұл факторлар гландулярлы хейлит ағымын тереңдетеді және ауырлық түсіреді |
Қосымша зерттеу әдістері
|
Биоптатты зерттегенде кеңейген кристалы жолдары бар тінінің көлемі мен сал-мағы күрт ұлғайған бездер және стромада қабыну инфильтраты байқалады |
|
ГЛАНДУЛЯРЛЫ ХЕЙЛИТТІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру |
Жалпы клиникалық белгілері |
Ерекше белгілері |
Жай біріншілік гландулярлы хейлит
Жай екіншілік гландулярлы хейлит
Іріңді гландуляр-лы хейлит |
Оның аномалиясы салдарынан төменгі еріннің ұсақ сілекей бездерінің гиперплазиясы жә-не қабынуы. Клейн аймағында сілекей бездерінің пайда болуы
|
Клиникалық белгілері сәл ғана білінеді. Шағымдар жоқ
Сілекей бездерінің туа біткен гиперплазиясынсыз гландулярлы хейлиттің ағымын тереңдететін төменгі еріннің шырышты қабығы-ның біріншілік ауруы
Жалпы жағдайы бұзылған, төменгі еріннің аурушаңдығы және ісінген-дігі, жолдардан іріңді экссудаттың бөлінуі |
ГЛАНДУЛЯРЛЫ ХЕЙЛИТТІ ЕМДЕУ
Емдеу кезеңдері |
Емдеу құралдары |
Қолдану тәсілі |
Пайдалану мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Ауыз қуысының рационалды гигиенасына үйрету |
Тіс өңезінің индика-торлары, тіс щеткасы, сықпасы |
Гигиеналық жағ-дайын анықтау үшін тістерді бояу. Науқасты тісті тазалау кезіндегі дұрыс қимылдарға үйрету, тазалау уақытын бақылау |
Еріннің шырыш-ты қабығын тітіркендіргіш ретінде инфекцияланған тіс өңезін жою және ауыз қуысының жал-пы инфекцияла-нуын азайту |
Жақсы гигиена ауыз қуысында қолайлы жағдай тудырады, ша-ғымдарды азайта-ды және емдеу тиімділігін артты-рады |
Тіс шөгінділерін жою |
Ульрадыбыстық аппа-рат, ілмектер, экска-ваторлар, ағаш бас-тиектер, резеңке тос-тағандар, щеткалар, жылтырату сықпалары |
Қызыл иек үсті жә-не асты тіс шөгінді-лерін жүйелі жою, тістердің беттерін мұқият жылтырату |
Төменгі еріннің шырышты қабығы үшін жарақаттаушы факторды болдырмау |
Тістердің тегіс беті еріннің шы-рышты қабаты-ның күйін қалып-тандыруға мүм-кіндік туғызады |
Тіс жегілі тістерді емдеу |
Пломбалау материалдары, стоматологиялық құрал-саймандар |
Қуыстардың қалып-тасуы және тістер-дің анатомиялық пішінін қалпына келтіру |
Тітіркендіруші факторларды және инфекция ошақтарын жою |
Шайнау функция-сын қалыптанды-ру |
Протездердің үшкір шеттерін, төмпешіктерін ажарлау, түзету, бүлінген тістерді жұлу |
Карборундты тастар, бастиектер, резеңке дискілер, ажарлау сықпалары, реминера-лизациялау ерітінді-лері, фторлы лактар, хирургиялық қысқыштар |
Супертүйіспелерді ажарлаған соң флюоризация қажет |
Еріннің шырыш-ты қабаты үшін тітіркендіргіш-терді жою |
Жергілікті тітір-кендіруші фак-торларды жою, беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалыптандыру |
Ортопедиялық емдеу |
Рационалды конструкциялы протездер жасау, әр текті металдан жасалған протездерді ауыстыру |
Стоматолог-орто-педтің стоматолог-терапевтпен кеңесі-нен кейінгі жұмысы |
Тіс қатарлары-ның еріннің жа-рақаты, гальва-ноз сияқты ақау-ларын болдыр-мау, тістем биік-тігін қалыптан-дыру |
Еріннің және ауыз қуысы Шырышты қабығының басқа бөліктерінің меха-никалық және физикалық жара-қаты факторлары жойылады |
ІРІҢДІ ГЛАНДУЛЯРЛЫ ХЕЙЛИТТІ ЕМДЕУ
Іріңді гландулярлы хейлитті емдеу едәуір қиындықтар тудырады және екі кезеңде жүргізіледі.
Емдеу кезеңдері |
Емдеу құралдары |
Қолдану тәсілі |
Пайдалану мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Бірінші кезең: қабынуға қарсы терапия |
Құрамында глюко-кортикостероидтар және антибиотиктер (локакортен, тридерм және т.б.) бар жақпалар |
Төменгі еріннің за-қымдалған бөлік-леріне аппликация |
Шырышты қа-баттың және сілекей бездері-нің қабынуын болдырмау. Аллергияға қарсы әсер ету |
Қабынуға қарсы айқын әсер етеді. Барлық қабыну фазаларына әсер етеді |
Екінші кезең: ги-перплазияланған сілекей бездерін болдырмау |
Жіңішке (түкті) элек-троды бар диатермо-коагулятор |
Әрбір гиперплазия-ланған без денесінің электркоагуляциясы |
Гиперплазиялан-ған ұсақ сілекей бездерін болдырмау |
Тыртықтану |
Хирургиялық кесіп алып тастау |
Хирургиялық операциялық құрал-саймандар |
Клейн сызығы бойымен кесу және тінінің көлемі мен салмағы ұлғайған сілекей бездерін сылып тастау |
Ауруды болдырмау |
Ауруды радикалды емдеу |
Өмір үшін болжам қолайлы, ауру үшін – созылмалы ағым.
Жай және іріңді гландулярлы хейлиттің қатерлі болып қайта өзгеру жағдайлары байқалады. Көп жылдық бақылаулар көрсеткендей, гландулярлы хейлит рак алды ауруы болып табылмайды, тек рак алды ауруы ауруларының пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар тудырады.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
27 жастағы науқас жұмыс орнындағы емханадан кеңес алу үшін жіберілген. Дәрігер қараған кезде төменгі еріннің шырышты қабығының ерекше түріне көңіл аударды.
Шағымдар жоқ. Төменгі еріннің шырышты қабығының қандай да бір кедір-бұдырлығын әрқашан сезетін. Дені сау деп айтуға болады.
Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басылмайды, еріннің қызыл жиегі патологиясыз. Төменгі еріннің шырышты қабыққа көптеген ұсақ фолликулалар бар. Шырышты қабығының түсі өзгермеген, саусақпен басқанда ауырмайды, ерін қалыңдығында дөңгелек пішінді ұсақ түзілімдер анықталады. Жоғарғы еріннің шырышты қабығы патологиясыз. Ауыз қуысы гигиенасы қанағаттанарлықсыз, қызыл иек үстінде тіс шөгінділері бар.
Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын белгілеңіз.
ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Ерінде анатомиялық бөледі:
1) теріні;
2) жүйелі атопия қызыл жиекті;
3) Клейн сызығын;
4) шырышты қабықты;
5) комиссураны.
Клейн сызығы бөледі:
қызыл жиекті және периоралды аймақ терісін;
еріннің шырышты қабығын және қызыл иекті;
қызыл жиекті және еріннің шырышты қабығын.
3. Қалыпты жағдайда еріннің шырышты қабығында болады:
1) ұсақ май бездері;
2) ұсақ сілекей бездері;
3) ұсақ тер бездері.
4. Біріншілік ауыз саңылауының эмбриондық кезеңде бітуі :
1) І-ІІ айда;
2) ІІ-ІІІ айда;
3) ІV-VІ айда.
5. Еріннің және периоралды аймақтың сезімтал иннервациясы :
1) нашар білінеді;
2) кәдімгідей;
3) қуатты рефлексогенді аймақпен берілген.
6. Сәйкестікті анықтаңыз:
Ерін аурулары: |
Морфологиялық элементтер: |
1) эксфолиативті хейлит (құрғақ түрі); |
а) қабыршақтар; |
2) созылмалы сызат; |
б) сызаттар; |
3) гландулярлы хейлит; |
в) эритема; |
4) атопиялық хейлит; |
г) ұсақ сілекей кисталары; |
5) эксфолиативті хейлит (экссудативті түрі) |
д) қанды қабықтар; |
|
е) сарғыш түсті қалың қабықтар. |
7. Гландулярлы хейлит – бұл ұсақ бездердің гиперплазиясы:
1) май;
2) тер;
3) сілекей.
8. Гландулярлы хейлит бөлінеді:
1) біріншілік;
2) үшіншілік;
3) екіншілік.
9. Гландулярлы хейлитті емдеуде жүргізіледі:
1) стероидты жақпалар аппликациялары;
2) антисептикалық өңдеу;
3) криодекструкция;
4) электркоагуляция.
10. Гландулярлы хейлиттің клиникалық түрлері:
1) жай;
2) күрделі;
3) іріңді.
ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ
1 – 2, 3, 4, 5. 2 – 3. 3 – 2. 4 – 2. 5 – 3.
6 – 1а, 2б, д, 3г, 4в, 5е. 7 – 3. 8 – 1, 3. 9 – 1, 4. 10 – 1, 3.
