Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

5.4. Көптүрлі экссудативті эритема

Көптүрлі экссудативті эритема – ауыз қуысы шырышты қабығының және терінің зақымдалған полиморфты элементтері (дақтар, үлкен көпіршіктер, күлбіреуіктер, эрозиялар, жаралар, афталар және т.б.) бар қабыну ауруы, циклдік ағымды және қайталануға бейім.

Идиопатиялық түрінің немесе нағыз экссудативті эритеманың инфекциялы-аллергиялық табиғаты (бактериялық аллергендерге сенсибилизация) болады.

Симптомдық токсико-аллергиялық форма – дәрілік препараттарға гиперергиялық реакция.

5-7-сурет – Көптүрлі экссудативті

эритема. Қол терісіндегі зақымдалу

элементтері. «Кокардалар»

Ауру кенеттен дімкәстіктен, температураның көтерілуінен (ауыр жағдайларда 39 0С дейін), бас ауыруынан, бұлшық ет пен буындардың ауыруынан басталады. Теріде «кокардалар» пайда болады (5-7, 5-8-суреттер). Ауыз қуысының шырышты қабығында шектелген немесе жайылған гиперемия мен ісік фонында жылдам жарылатын әр түрлі көлемді субэпителийлі үлкен көпіршіктер пайда болады; олардың орнында фибринозды өңезді ауыратын эрозиялар түзіледі (5-9, 5-10-суреттер). Еріннің қызыл жиегі қалың геморрагия-лық қабыршақтармен жабылған (5-11-сурет). Фузоспирохетоздың қосылуы аурудың ағымын едәуір күрделі етеді. Асқыну кезеңі 2-4 аптаға созылады, эрозиялар тыртықтарсыз 7-12 күннен кейін жазылады.

Симптомдық көптүрлі эритема дәрілік препарат-аллергенмен қайта қатынасқан жағдайда ғана қайталанады.

5-8-сурет - Көптүрлі экссудативті эритема. Иық терісіндегі «кокардалар»

5-9-сурет – Көптүрлі экссудативті эритема. Ауыз қуысының шырышты қабығындағы және еріннің қызыл жиегіндегі эрозиялар

5-10-сурет – Көптүрлі экссудативті

эритема. Шырышты қабықтағы және

еріннің қызыл жиегіндегі эрозиялар

5-11-сурет – Көптүрлі экссудативті эритема. Еріннің қызыл жиегіндегі геморрагиялық қабыршақтар

КӨПТҮРЛІ ЭКССУДАТИВТІ ЭРИТЕМАНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Айқындалған симптомдар

Симптомдардың патогенетикалық негізі

Сұрау

шағымдары

жеңіл аллергиялық реакция болғанда

Жалпы әлсіздік, жоғары температура (39 0С дейін), бас ауыруы

Тамақ ішкенде, сөйлегенде, қалыпты жағдайда ауыз қуысының шырышты қабығының ауыршаңдығы

Жалпы интоксикация

Шырышты қабығының нерв талшық-тарының қабыну медиаторларымен, токсиндермен тітіркенуі; нерв тал-шықтарының экссудатпен жаншылуы

Анамнез аурудың басталуы, ағымы

қайталанулар жиілігі

жүргізілетін емдеудің тиімділігі

бастан кешірген және ілеспелі аурулар

Аурудың басталуы жедел, ағымы қайталамалы

Қатты тоңазумен, респира-торлық аурулармен, асқа-зан-ішек жолының созыл-малы ауруларының асқы-нуымен, тамақтану қателік-терімен, дәрілік құралдар-ды қабылдаумен қозуы мүмкін

Тиімділігі аз болуы мүмкін

ЛОР-органдарының, асқа-занның, ішектің, бауырдың, өкпенің созылмалы қабыну аурулары; созылмалы эндо-генді инфекция ошағы, аллергиялық аурулар

Ұзақ ағымы иммундық кешендердің, антигендердің бар болуымен, орга-низмнің тұрақты сенсибилизациясы-мен негізделген

Организмнің төзімділігінің төмен-деуі. Микробтық, тағамдық және дәрі-лік аллергия ықтималдығының артуы

Этиотроптық және патогенетикалық емдеуді дұрыс таңдамау

Микробтық, тағамдық және дәрілік аллергия ықтималдығының артуы

Материалдық-тұрмыстық жағдайлар

Сапалы толық емес тамақ-тану, физикалық артық жүктемелер, қатты тоңазу

Организмнің төзімділігінің төмен-деуіне мүмкіндік туғызады

Кәсіби зияндылықтар

Бояулармен, лактармен жә-не басқа химиялық заттар-мен ұзақ қатынаста болу

Организмнің сенбилизациясына

мүмкіндік туғызады

Қарау

сыртқы қарау

ауыз қуысын қарау

Теріде (көбінесе алақанның, иықтың, сирақтың, табан-ның) – эритематозды дақ-тар, үлкен көпіршіктер, «кокарда-лар»

Еріннің қызыл жиегінде - қанды қабыршақтар, сызат-тар

Регионарлы лимфа түйін-дері үлкейген, ауырады, өз арасында және қоршаған тіндермен байланыспаған

Ауыз қуысының шырышты қабыққа күрт ауыратын эрозиялар, үлкен көпіршіктер, эритематозды дақтар

Капиллярлар эндотелийіндегі дегене-рациялық бұзылыстар, лимфоциттер-ден, нейтрофилдерден, эозинофилдер-ден периваскулярлы инфильтраттар

Капиллярлар өткізгіштігінің артуы, периваскулярлы тін ісігі, гиперемия, үлкен көпіршіктердің субэпителийлі пайда болуы

Екіншілік инфекция токсиндерінің әсері; лимфа түйінінің паракортикаль-ды аймағының гиперплазиясы, лимфа-лық жасушалар пролиферациясы

Шырышты қабық - шок органы, онда антиген - антидене реакциялары жүре-ді; жасуша-нысандарға цитотоксиндік әсер, иммундық кешендер әсері мен сенсибилизацияланған лимфоциттер-дің цитотоксиндік әсері нәтижесінде эпителийдің зақымдалуы; биология-лық заттардың (гистамин, серотонин, простогландиндер, лимфокиндер, ки-ниндер) бөлінуі жасушаларға зақым-даушы әсер етеді. Капиллярлар қабыр-ғалары өткізгіштігінің артуы ауыру синдромына, қабынуға, тіндік ісікке, лейкоциттер миграциясына мүмкіндік туғызады

Қосымша тексеру әдістері

жалпы клиникалық қан анализі

цитологиялық зерттеу

гемолитикалық стрептококкқа, стафилококкқа, энтерококкқа, ішек таяқшасына,

протейге (ремис-сия кезеңінде) тері-аллергиялық сынамалар

гистаминдік сынама (ремиссия кезеңінде)

лейкоцитоз

реакциясы

Лейкоцитоз; қан формула-сының солға ығысуы, эозинофилдер, моноциттер мөлшерінің көбеюі, ЭШЖ жоғарылауы

Арнайы емес қабыну көрінісі

гемолитикалық стрептокок-қа, стафилококкқа, энтеро-коккқа, ішек таяқшасына,

протейге жақсы реакция

Күрт оң, папула көлемі 5 мм, гиперемия - 10 мм артық

12% нейтрофилдердің зақымдалуы

Биологиялық белсенді заттарға қорғаныштық реакция

Ауыз қуысы шырышты қабығының қабыну медиаторларына реакциясы

Организмнің берілген аллергенге сенсибилизациясы

Қандағы гистаминнің мөлшері артады, қан белоктарының бос гистаминді байланыстыру қабілетінің төмендеуі-нен тіндердің гистаминге толерантты-лығы азаяды

Аллергиялық реакция медиаторлары-ның әсері нәтижесінде қандағы нейтрофилдердің бұзылуы жоғары

Басқа мамандар-дың: терапевттің, аллергологтың кеңесі

ЛОР-органдардың созылма-лы қабыну аурулары, созы-малы эндогенді инфекция, поливалентті аллергия

Организмнің ішкі органдары мен жүйелері ауруларымен патогенетика-лық байланыс болуы мүмкін

КӨПТҮРЛІ ЭКССУДАТИВТІ ЭРИТЕМАНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауру

Жалпы клиникалық белгілері

Ерекше белгілері

Стивенс-Джонсон синдромы

Медикаментозды стоматит

Жедел герпесті стоматит

Созылмалы қайталамалы герпес

Акантолиздік күлдіреуікше

Екіншілік

мерез

Жалпы әлсіздік, дененің жоға-ры температурасы (39 0С де-йін), бас ауыруы. Теріде эри-тематозды дақтар, үлкен көпіршіктер, «кокардалар». Тамақ ішкенде, сөйлегенде, қалыпты жағдайда ауыз қуысы шырышты қабығының ауыршаңдығы. Ауыздың шырышты қабығында күрт ауыратын эрозиялар

Ауыршаңдық, ауыз қуысы шырышты қабығының ашуы, тамақ ішкенде күшейеді. Күрт қызарған ісік фонында ауыз қуысы шырышты қабығындағы ауыратын эрозиялар

Жалпы әлсіздік, дененің жоға-ры температурасы (39 0С де-йін), бас ауыруы, бұлшық ет ауыруы, тамақ ішкенде, сөйле-генде, қалыпты жағдайда ауыз қуысы шырышты қабығының ауыршаңдығы. Көп сілекей бөлінуі

Ауыз қуысы шырышты қаба-тында ауыратын эрозиялар. Ауру қайталанады. Тамақ ішкенде, сөйлегенде, тыныш-тықта ауыз қуысы шырышты қабығының ауыршаңдығы

Терідегі үлкен көпіршіктер, қабыршақтар. Ауыршаңдық, ауыз қуысы шырышты қабығының ашуы, тамақ ішкенде күшейеді. Ауыздың шырышты қабатында күрт ауыршаң эрозиялар

Ауыз қуысының шырышты қабығындағы эрозиялар

Мұрынның, көздің, жыныс орган-дарының шырышты қабығының зақымдалуы (риниттер, конъюнк-тивиттер, уретриттер, вульвоваги-ниттер)

Әрқашан аурудың алдында дәрілік препаратты қабылдау болады

Қайталанбайды. Теріде эритема-тозды дақтар, «кокардалар», үлбі-ректер жоқ. Ауыз қуысының шырышты қабығындағы эрозиялар қосылуға бейім, ұсақ нүктелі және полициклдік жиектерімен аса ірі. Эрозиядан алынған қырындыда Лангханстың көп ядролы алып жасушалары (аурудың алғашқы 2-3 күнінде); ПТР, ИФТ оң

Жалпы жағдайы бұзылмаған. Тері-де эритематозды дақтар, «кокарда-лар», үлкен көпіршіктер жоқ. Теріде және еріннің қызыл жиегінде, мұрын те-рісінде топталып орналасқан, қосы-луға бейім, ұсақ нүктелі ұсақ үлбі-ректер және полициклдік жиектері-мен аса ірі. Эрозиядан алынған қы-рындыда Лангханстың көп ядролы алып жасушалары (аурудың алғаш-қы 2-3 күнінде); ПТР, ИФТ оң

Қысымға, үйкеліске ұшырайтын бөліктердегі теріде үлкен көпіршіктер, қабыршақтар

Ауыз қуысының шырышты қаба-тындағы эрозиялар жарақаттануға, үйкеліске ұшырайтын бөліктерінде, өзгермеген немесе сәл қызарған фонда орналасқан, ұзақ уақыт бойы жазылмайды. Никольский симпто-мы оң сипатты. Таңба-жағынды-ларда акантолиздік жасушалар

Сопақ немесе дөңгелек пішінді эрозиялар инфильрацияланған не-гізде орналасқан, сәл ауырады, эро-зия айналасында тар жиек түрінде гиперемия бар. Полилимфаденит, Эрозиядан алынған қырындыда бозғылт трепонемалар, Вассерман реакциясы, ИФР, БТИР оң

КӨПТҮРЛІ ЭКССУДАТИВТІ ЭРИТЕМАНЫ ЕМДЕУ

Жергілікті емдеу

жансыздандыру

антисептикалық өңдеу

жазылуға ықпал ететін терапия (инфекциялық факторды жойған соң жүргізіледі)

қабынуға қарсы

терапия

физиоемдеу

1-2% лидокаин ерітіндісі, 2% пиромекаин ерітіндісі, ксилостезин аэрозолі, 1% лидокаин ерітіндісі

Анестезиннің май-дағы (шабдалы, зәйтүн) 5% өлшендісі, 5% пиромекаин жақпасы

1% сутек тотығы ерітіндісі, калий перманганаты-ның 1:5000 ерітіндісі

Фурацилин, этакридин лактаты 1:1000 ерітінділері, 0,25% хлорамин ерітіндісі, 0,06% хлоргексидин ерітіндісі, календула тұнбасы (бір стакан суға 1 шай қасық)

А дәруменінің майлы ерітіндісі, итмұрын майы, каротолин, солкосерил (желе, жақпа)

Глюкокортико-стероидты жақпалар: преднизолон 0,5%, гидрокортизон 1 %, лоринден С

Гелий-неонды лазер сәулелері, гипербаралық оксигенация

Ауыз қуысын

шаю,

3-5 минуттан

аппликациялар

Аппликациялар

Ауыз қуысын шаю

Ауыз қуысын шаю

Аппликациялар

15 минуттан

аппликациялар

Антисептика-лық өңдеу кезінде, тамақ ішкенде ауыруды сезінуді болдырмау

Ауыздың зақымдалған шырышты қабығына екіншілік микро-флораның әсерін болдырмау немесе бәсеңдету

Эрозиялар эпителизациясын, тіндер генерациясын жеделдету, ауыз қуысы шырышты қабығындағы алмасу процестерін жақсарту

Қабынуды жою, экссудацияны азайту

Эрозиялар эпи-телизациясын жеделдету, ауыз қуысы шырышты қабығының қорғаныш-салыстыр-малы механизм-дерін арттыру

Нерв талшықта-рының сезімтал-дығын азайтады; генерацияны және қоздыру жүргізуді бұзады, аксон мембранасы-мен байланысады, оның деполяриза-циясына және ол арқылы натрий иондарының өтуіне кедергі келтіреді

Молекулалық және атомдық оттек бөлінуі нәтижесінде әлсіз антисептика-лық және дезодора-циялық әсер етеді

Бактерияға қарсы құралдар әр түрлі грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге әсер етеді,микроб-тық жасуша белогының денатурация-сын тудырады

Жасушалық реге-нерацияны ынта-ландырады, жасуша мембранала-рына әсер етеді, тіндердің қалпына келуін жеделдетеді

Қабынуға қарсы, антиаллергия-лық және десенсиби-лизациялаушы әсер етеді, тамырлар өткізгіштігін азайтады, аллергиялық реакцияның барлық фаза-ларын тежейді

Алмасу процесстеріне және тіндер регенерация-сына ынталандыру-шы әсер етеді

Жалпы емдеу

қабынуға қарсы

терапия

сенсибилизацияны азайтатын терапия

дезинтоксикациялық терапия

Дәруменді терапия

антибиотикті терапия

(ауыр жағдайларда)

Парацетамол0,5г

Ацетилсалицил қышқылы 0,5 г

Супрастин0,025г немесе димедрол 0,05 г

Тавегил 0,001 г

Задитен 0,001 г

Гистаглобулин

Натрий тиосульфа-тының 30 %

ерітіндісі

РР дәрумені 0,05 г

никотинат натрийі-нің 1 % ерітіндісі

Сдәрумені 0,05 г

Аскорбинат натрийінің

5% ерітіндісі

Ампициллин 0,25 г

(250 000 ЕД)

Ампиокс 0,25 г

(250 000 ЕД)

Олететрин 0,25 г

Құрамында аллергендері болмайтын тітіркен-дірмейтін диета

Күніне 4 рет

1 таблеткадан

Күніне 3-4 рет

1 таблеткадан

Күніне 3 рет

1 таблеткадан

Күніне 2 рет

тамақтан кейін

1 таблеткадан

Тәулігіне

1 таблеткадан

1-3 мл тері астына,

курсқа4-10 инъекция

Вена ішіне 10 мл;

курсқа

10-12 инъекция

Күніне 3 рет

тамақтан кейін

1 таблеткадан

Күнара бұлшық ет ішіне 1 мл, курсқа 8-10 инъекция

Күніне 3 рет

1 дражеден

Күнара бұлшық ет ішіне 1 мл, курсқа 8-10 инъекция

4-6 күн бойы

тамаққа дейін

30-60 мин бұрын

тәулігіне 4 рет

1 капсуладан

4-6 күн бойы

тамаққа дейін

тәулігіне 4 рет

1 капсуладан

4-6 күн бойы

тәулігіне 4 рет

1 таблеткадан

Қабынуды жою, гиперемияны, экссудацияны, капиллярлар өткізгіштігін, гиалурони-дазаның белсенділігін азайту

Антигиста-минді әсер

Интоксика-цияны, қабынуды жою

Алмасу процестерін жақсарту, организмнің төзімділігін арттыру

Алмасу процесстерін жақсарту, организмнің төзімділігін арттыру

Екіншілік мик-рофлораның әсерін жою немесе бәсеңдету

Тамақ ішкенде ауыруды азайту

Қабыну медиа-торларының (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландин-дер) биосинтезін тоқтатушы әсер етеді

Гистаминнің әсерін жояды немесе тежейді, капиллярлар өткізгіштігін, ісікті, гиперемияны, қышуды азайтады

Гистаминге және гистаминге ұқсас заттарға толерантты-

лықты арттырады

Антитоксинді, қабынуға қарсы, де-сенсибилиза-циялаушы әсер етеді (тиол ферментте-рінің синтезін ынталандыра-ды)

РР дәруменіні тотығу-тотықсыздану процестерін жүзеге асыратын Н+ тасымалдау-шы ферменттері-нің (НАД, НАДФ) простетикалық тобы болып табылады

С дәрумені тотығу-тотықсыздану процестерін, көмірсу алмасуын реттеуге, қанның қоюлануына, тін-дердің регенера-циясына, стероидты гормондардың түзілуіне, коллаген синтезіне, ка-пиллярлар өткізгіштігін қалып-тандыруға қатысады

Грамоң және грамтеріс микрофлораға бактерияға қарсы әсер етеді (мик-робтық жасуша қабықшасы белогының синтезін бұзады)

Микробтық жасуша белогының синтезін бұзады тасымалдық РНК және рибосома арасындағы кешеннің түзілуін тежейді)

Аллергиялық қасиеттері бар өнімдерді қолданыстан шығару, организмнің сенсибилиза-циясын азайтады

Қайталану аралық

кезеңдегі емдеу

арнайы десенсибилиза-циялайтын терапия

Ауыз қуысын

сауықтандыру

Стафилококкты анатоксин

Тіс жегілік тістерді, пародонт ауруларын, тіс жегі асқынуларын емдеу

3-4 тәулік интервалмен иықтың ішкі беті аймағына сұлба бойынша: 0,1; 0,3; 0,5; 0,7; 1,0; 1,0; 1,2; 1,5; 1,7; 2,0 мл тері астына

Сенсибилиза-цияны азайтатын әсер

Созылмалы инфекция ошақтарын жою

Аллергиялық антиденелер-дің қалжырауы және блоктаушы антиденелер-дің түзілуі

Екіншілік микро-флораның, жергілікті тітіркендіруші факторлардың әсерін жою

Профилактика: ауыз қуысын сауықтандыру, созылмалы инфекция (созылмалы периодонтит, пародонтит, тонзиллит және т.б.) ошақтарын жою.

Болжам: өмір үшін жағымды, ауру үшін – созылмалы ағым.

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

25 жастағы науқас тамақ ішкенде ауыз қуысының күрт ауыруына, сілекейдің көп бөлінуіне, жоғары температураға (39,5 0С) шағымданып келді. Жалпы әлсіздікті, басы ауыратынын айтты.

Анамнезінде созылмалы гайморит. Тері жамылғылары бозғылт; қолдың сырт жақ бетінде ортасында геморрагиялық қабыршағы бар көкшіл-қызғылт бөртпелер. Еріннің қызыл жиегі ісінген, қызарған, мықты қалыптасқан қанды қабыршақтармен жабылған. Иек асты, төменгі жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, ауырады, қозғалмалы. Еріннің, жақтың Шырышты қабыққа эритематозды дақтар, фибринозды өңезбен жабылған тұтасқан ірі эрозиялар.

Алдын-ала диагноз қойыңыз, тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

22 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, жоғары температураға, тамақ ішкенде, сөйлегенде күшейетін ауыз қуысы Шырышты қабығының ашуына шағымданып келді. Ауру қатты тоңазудан кейін жедел басталған.

Анамнезінде созылмалы тонзиллит. Тері жамылғылары бозғылт; иық, сирақ терісінде ортасында қанды қабыршағы бар эритематозды дақтар. Еріннің қызыл жиегі ісінген, қанды қабыршақтармен жабылған. Төменгі жақ асты, иек асты лимфа түйіндері үлкейген, ауырады, қозғалмалы. Еріннің, жақтың, ауыз қуысының күрт қызарған, ісінген Шырышты қабыққа фибринозды өңезбен жабылған, күрт ауыратын көп эрозиялар.

Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын құрыңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

  1. Көптүрлі экссудативті эритема кезінде зақымдалады:

  1. тері;

  2. ауыз қуысының шырышты қабығы және самай-төменгі жақ буындары;

  3. тері және ауыз қуысының шырышты қабығы.

  1. Көптүрлі экссудативті эритема кезінде терідегі зақымдалу элементі:

  1. дақ;

  2. пустула;

  3. «кокарда»;

  4. папула.

  1. Көптүрлі экссудативті эритема жататын ауру:

  1. моноэтиологиялық;

  2. полиэтиологиялық.

  1. Көптүрлі экссудативті эритеманы ауыз қуысының рак алды ауруына ... :

  1. жатқызады;

  2. жатқызбайды.

  1. Эрозиядан алынған қырындыда байқайды:

  1. арнайы қабыну көрінісін;

  2. арнайы емес қабыну көрінісін

  1. Көптүрлі экссудативті эритема кезіндегі қан көрінісі:

  1. лейкоцитоз;

  2. клиникалық қан анализі қалыпты жағдайда шегінде;

  3. анизоцитоз, пойкилоцитоз;

  4. лейкопения.

  1. Жалпы емдеу:

  1. дезинтоксикациялық;

  2. сенсибилизацияны азайтатын;

  3. саңырауқұлаққа қарсы;

  4. вирусқа қарсы;

  5. витаминді терапия.

  1. Көптүрлі экссудативті эритеманы жалпы емдеу үшін қолданады:

  1. натрий тиосульфатын;

  2. магний сульфатын;

  3. леворинді;

  4. бонафтонды.

  1. Көптүрлі экссудативті эритеманы жергілікті емдеуге арналған препараттар:

  1. жансыздандырушы;

  2. антисептиктер;

  3. саңырауқұлаққа қарсы;

  4. вирусқа қарсы;

  5. жазылуға ықпал ететін.

  1. Көптүрлі экссудативті эритеманың қайталануына итермелейді:

  1. қатты тоңазу;

  2. инфекциялық науқаспен қатынасу;

  3. инсоляция;

  4. дәрілік препаратты қабылдау.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ

1 – 3. 2 – 1, 3. 3 – 2. 4 – 2. 5 – 2. 6 – 1. 7 – 1, 2, 5. 8 – 1. 9 – 1, 2, 5. 10 – 1, 4.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]