Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)

8-10-сурет. Кандидозбен асқынған қара «түкті» тіл

ҚАРА «ТҮКТІ» ТІЛДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тексеру тәртібі

Айқындалған симптомдар

Симптомдардың патогенетикалық негізі

Сұрау

шағымдар

Тілдің ашуы және құрғауы, дәм сезгіштіктің төмендеуі

Бөгде затты сезіну

Тілдің ерекше түрі

Ауыз қуысы сауықтандырылмағанда көп микрофлора қабынуға мүмкіндік туғызады. Сезімтал нерв талшықта-рының саңырауқұлақтың тіршілік әрекетінің өнімдерімен тітіркенуі және онда кіші сілекей бездері орна-ласқан эпителийдің беттік қабаты-ның зақымдалуы нәтижесінде субъективті сезімдердің пайда бо-луымен Candida саңырауқұлағының қосылуы мүмкін

Үлкейген жіп тәрізді бүртіктер жұтқанда және сөйлегенде бөгде зат ретінде қабылдануы және тіпті құсу рефлексін тудыруы мүмкін

Тілдің түсін қара немесе қоңыр түске өзгертетін, өсіп кеткен жіп тәрізді бүртіктердің мүйізгектенуі

Анамнез

жынысы

жасы

бастан кешірген және ілеспелі аурулар

зиянды әдеттер

Көбінесе еркектерде кездеседі

Балаларда да, үлкендерде де, бірақ көбінесе үлкен жаста кездеседі

Инфекциялық аурулар

Колит және гиперацидті гастрит

Гипо- және арибофлавиноз

Кандидозды глоссит

Алькоголь мен темекіні шамадан тыс қолдану

Еркектер алкоголь мен темекіні жиі шамадан тыс қолданады, бұл қара «түкті» тілдің дамуы үшін қолайлы фон болады

Жалпы иммунитеттің төмендеуі ауыз қуысының патогенді микрофлорасы-ның көбеюіне әкеледі, ол жинақта-лып, жіп тәрізді бүртіктердегі мүйіз-гектенген эпителий жасушаларымен бірге жинақталып, үнемі тітіркен-діруі және бәлкім, олардың гиперплазиясын тудыруы мүмкін

Қышқыл-негізді тепе-теңдік бұзыла-ды, ауыздың шырышты қабығының әр түрлі патогенді факторларға қар-сыластығы төмендейді, бұл аурудың дамуы үшін қолайлы фон болуы мүмкін

Асқазан-ішек жолы аурулары кезінде қалыпты заттар алмасуын және тін-дердің, соның ішінде тіл эпителийі-нің де қоректенуін қамтамасыз ететін витаминдердің сіңірілуі бұзылады, бұл жіп тәрізді бүртіктер гипер-плазиясына қолайлы жағдай тудыруы мүмкін

Инфекциялық аурулар кезінде және антибиотиктер қабылдағанда имму-нитеттің төмендеуі фонында Candida саңырауқұлағының өте көп көбеюі-не мүмкіндік туғызатын дисбакте-риоз пайда болады. Бүртіктер гиперплазиясы Candida саңырау-құлағының жануарлар паразиттері-мен зақымдалуы және көбеюі үшін жақсы жағдайлар жасайды

Алькоголь мен темекіні шамадан тыс қолданушылардың аузы көбінесе сауықтандырылмаған, микрофлора-сы көп болады. Алкоголь мен нико-тиннің ауыздың шырышты қабығына ұзақ әсер етуі әр түрлі факторларға, атап айтқанда ауыздың шырышты қабығының патологиялық өзгерісте-ріне, соның ішінде тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің гиперплазиясына қарсыластығын күрт төмендетеді

Осы аурудың пайда болуы

ағымының ұзақтығы

Аурудың ұзақтығы әр түрлі: кейде ол жылдар бойы болады, кейде өз еркімен бірнеше күннен кейін тоқтайды. Процесс қайталануларға бейімді

Аурудың мүмкін себебі

Этиологиясы аяғына дейін айқындалмаған, аурудың мультИФТкторлық генезі болжанады. 3 негізгі факторды ерекшелейді:

  • қоректік

- физика-химиялық (алко-голь, темекі, дәрілік заттар, ауыз сұйықтығы қышқылдығының өзгеруі)

- микробтық

Конституциялық ақаулар қоректерге әсер етіп, тіл эпителийіндегі алмасу процестерінің бұзылуын тудырады

Шамамен бұл заттар белгілі ортада органдық сенсибилизацияның да-муына әкеледі, ол жіп тәрізді бүртік-тердің гиперплазиясымен және олар-дың кейіннен мүйізгектенуімен бірге ерекше тіндік ісікпен айқындалады

Созылмалы механикалық және химиялық жарақат (сауықтандырыл-маған ауыз қуысы, шылым шегу, алкогольді шамадан тыс қолдану) ауыз қуысының жергілікті иммуни-тетінің төмендеуіне әкеліп соғады және патогенді микрофлораның көбеюіне мүмкіндік туғызады, ол мүйізгектенген жасушалармен бірге жіп тәрізді бүртіктерге жинақталып, олардың кері қайтарылуына кедергі келтіреді және жіп тәрізді бүртіктердің гиперплазиясы үшін қолайлы жағдайлар тудырады

Жүргізілген емдеудің тиімділігі

Емдеу жүргізілмеген

Жан-жақты емдеу жүргізілді

Ауру өз еркімен бірнеше күн – бірнеше апта бойы кері шегінді, кейде айларға созылды

Емдеу жақсы нәтиже берді, бірақ қайталанулар болуы мүмкін

Қарау

сыртқы қарау

жергілікті лимфа түйіндері

Ерекшеліктерсіз немесе біршама үлкейген және көгерген мұрын, көздің астындағы қапшықтар, телеангиэктазиямен бірге жақтардың іркіліп қызар-ған терісі

Өзгермеген

Үлкейген, ауырады, жұмсақ, қозғалмалы

Алькогольді және шылымды шамадан тыс қолданатын адамның сыртқы келбеті

Инфекциялық ауру мүмкін болған жағдайда лимфа түйіндерінің антигенді стимуляциясы болады

Ауыз қуысын

қарау

ауыздың шырышты қабығын қарау

Зақымдалу ошағы басым көпшілігінде тіл арқасы-ның артқы және ортаңғы үштен бірінде орналасады және сопақ немесе үшбұ-рыш пішінді болады. Бүртіктер 3 см ұзындыққа және 2 мм диаметрге жетіп, мүйізгектенген жасуша-лардың сыдырылуынын болмауынан ұзарады, қалыңдайды. Бүртіктердің түсі сары түстен қара-қоңыр және қара түске дейін болады, олар түктер-ді еске салады. Бүртіктер-дің негізі аса тығыз және ұштарына қарағанда аз пигменттелген. Бүртіктер алдынан артына қарай бағытта орналасады, олар қарама-қарсы жаққа қарай сипағанда сәл көтеріледі

Тіл арқасының артқы және ортаңғы үштен бірінің жіп тәрізді бүртіктерінің гиперплазиясы болады. Тіл арқасының бүйірлік беттері және алдыңғы бөлігі әдетте қалыпты түрде болады. Үлкейген жіп тәрізді бүртіктер құрамында элеидин бар тығыз мүйізді қабатпен жабылады. Тығыз мүйізгектенген өзектен жоғарғы екі үштен бірінде құс қауырсынының құрылысына ұқсас тығыз мүйізді дөңестер симметриялы жайылады. Мүйізгектенген жасушалардың сыдырылу процесі бұзылады. Бүртіктердің боялуы бактериялық текті әр түрлі пигменттердің, хромогенді саңырау-құлақтардың және алиментарлы пигменттердің әсерімен негізделген

Тіс қатарларын

қарау

Тістердің гигиеналық жағ-дайы көбінесе қанағатта-нарлықсыз, тіс шөгінділері. Тіс жегілері, пломбалар ақаулары, тістердің үшкір шеттері, сапасыз протездер немесе олардың болмауы

Ауыз қуысы күтімінің жеткілік-сіздігі, созылмалы жарақат қара «түкті» тілдің пайда болуына бейімдейді

Қосымша зерттеу

әдістері

бактериоскопиялық зерттеу

Тілдің арқасынан алынған қырынды: мицелийдің жә-не Candida саңырауқұлағы бластоспораларының бүршіктелетін түрлерінің байқалуы, ауыз қуысының кәдімгі микрофлорасы

Жіп тәрізді бүртіктердің гиперпла-зиясы Candida саңырауқұлағының және лептотрихиялардың жануарлар паразиттерімен зақымдалуы және көбеюі үшін жақсы жағдайлар жасайды

Басқа мамандардың кеңестері

Терапевт, аллерголог

Ілеспелі ауруларды, көбінесе асқазан-ішек жолы патологиясын айқындау және емдеу мақсатында, себебі осы аурулар фонында қара «түкті» тілдің дамуы мүмкін болып есептеледі

ҚАРА «ТҮКТІ» ТІЛДІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауру

Жалпы клиникалық белгілері

Ерекше белгілері

Типті түрі

Жалған қара тіл

Түкті лейкоплакия

Аддисон ауруы кезінде тіл түсінің өзгеруі

Тілдің шырышты қабығы түсі-нің сары түстен қара-қоңыр және қара түске дейін өзгеруі

Тілдің шырышты қабығы түсі-нің өзгеруі

Тура сол

Айқындалған жіп тәрізді бүртіктер гиперплазиясы жоқ. Тілдің бүкіл беттері кейбір тағам өнімдерімен немесе дәрілік заттармен боялады (калий перманганаты, хлоргекси-дин ерітінділерімен, түймедағы қайнатындымен және т.б. шаю)

Көбінесе тілдің бүйірлік беттерінде орналасады, тілдің шырышты қабығының бүкіл эпителийі зақымдалады. Түкті лейкоплакияның тығыз, дұрыс емес пішінді диффуздық элементтері бар. Лейкоплакия кезінде гистологиялық түрде түйіршікті, тікенекті және мүйізді қабаттардың қалыңдауы, пара- және гиперкера-тоз ошақтары анықталады. Түкті лейкоплакия АВИ-инфекциясына ілеседі. Қанның АВИ анализі оң сипатты

Тілдің бүйірлік беттерінде қабын-баған қоңыр жолақтар, сақиналар, сопақтар. Сондай-ақ еріндер, жақ-тар, қызыл иек зақымдалады. Бүйрек үсті қыртысының созылма-лы жеткіліксіздігі салдарынан тері көп пигменттелген

ҚАРА «ТҮКТІ» ТІЛДІ ЕМДЕУ

Әдетте ауруды арнайы емдеуді жүргізбейді. Кандидозбен асқынған тұрақты ауру кезінде, сондай-ақ жіп тәрізді бүртіктер шамадан тыс үлкейгенде төменде көрсетілген емдеуді жүргізеді.

Емдеу кезеңдері

Емдеу құралдары

Қолдану тәсілі

Пайдалану мақсаты

Әсер ету механизмі

Ауыз қуысын сауықтандыру. Ауыз қуысы ги-гиенасын түзету, тіс шөгінділерін жою, тіс жегісін және оның асқы-нуларын емдеу, рационалды протездеу

Тіс щеткасы, сықпасы, жібі. Экскаваторлар, қол скалерлері, кю-реттер, ультрадыбыс-тық скалер. Пломба-лау материалдары. Алмалы-салмалы протездер және алмалы-салмалы емес протездер

Тістерді тазалаудың және ауыз қуысын күтудің жалпы қа-былданған тәсілде-рі. Тіс шөгінділерін жоюдың және тіс-терді пломбалаудың жалпы қабылданған тәсілдері

Микробтық тіс өңезін және та-сын жою. Меха-никалық жара-қатты болдыр-мау

Ауыз қуысының қанағаттанарлық-сыз гигиенасы, созылмалы жара-қат қара «түкті» тілдің пайда бо-луына мүмкіндік туғызады

Жергілікті емдеу

антисептикалық препараттар

кератолитикалық заттар

тіндік алмасуға әсер ететін заттар

0,06% хлоргексидин ерітіндісі, корсадил

1% сутегі тотығы ерітіндісі, 1:5000 калий перманганаты ерітіндісі және т.б.

Түймедағы, жалбыз, календула қайнатын-дысы

5-10% салицил спир-тінің ерітіндісі, 5% резорцин ерітіндісі

Новокаин қосылған 0,25% кальций хлори-ді ерітіндісі

7-10 күн бойы күніне 2 рет ауызды шаю

Ауызды шаю

Тура сол

Күніне 2-3 рет тіл-дің арқасына жағу

Зақымдалған ошақ-тар астына инъек-циялар

Ауыз қуысының патогенді микро-флорасына әсер ету

Тура сол

Жіп тәрізді бүр-тіктер бетінен мүйізді масса-ларды жою, жіп тәрізді бүртіктер гиперплазиясын жою

Жіп тәрізді бүр-тіктер гиперпла-зиясын азайту

Микрофлораға бактерицидтік әсер ету, бакте-риялық жасуша белогының дена-турациясы, жағымсыз иісті жоюшы әсер

Қабынуға қарсы және антисепти-калық жеңіл әсер

Жіп тәрізді бүр-тіктер эпителийі-нің мүйізгектен-ген жасушаларын ерітеді, гиперпла-зияны азайтады

Тамырлардың өтімділігін азай-тады, аллергияға қарсы әсер етеді. Жергілікті енгіз-генде препарат қоршаған тіндерді тітіркендіреді және олардың некрозын тудыруы мүмкін

Ісікке қарсы емдеу

Третиноин

Зақымдалу бөлік-леріне аппликация-лар жасау

Тура сол

Сыртқа жаққанда абсорбция 1-ден 31%-ға дейін құрайды. Диффе-ренцировканы индукциялайлы және промиело-циттер пролифе-рациясын тежейді

Криодеструкция

Сұйық азот (төмен температуралар әсері)

Зақымдалу ошақта-рына сұйық азот ағысымен әсер ету

Гиперплазиялан-ған жіп тәрізді бүртіктерді жою

Сұйық азот ағысы 15-20 с ішінде бүртіктердің қатып қалуы мен кері қайтарылуын тудырады

Жіп тәрізді бүр-тіктерді механика-лық түрде жою

Қауіпсіз ұстара жүзі

Қырып тастау

Тура сол

Үлкейген жіп тә-різді бүртіктерді қырып тастау; осыдан кейін қайталанулар жиі болады

Жалпы емдеу

сенсибилизацияны азайтатын препараттар

Тавегил 0,001 г,

пипольфен 0,025 г,

задитен 0,001 г

Супрастин 0,025 г,

димедрол 0,05 г

Кларитин 0,01 г

10-12 күн бойы

күніне 2 рет

1 таблеткадан

10-12 күн бойы

күніне 3 рет

1 таблеткадан

Күніне 1 рет

1 таблеткадан

Гистаминге қарсы әсер ету

Гистаминнің әсе-рін тежейді, ка-пиллярлар өтімді-лігін, ісікті азай-тады. Задитен гис-таминнің және басқа медиатор-лардың мес жасу-шалардан босаты-луын тежейді. Кларитин Н1-гистамин рецеп-торларын қоршай-ды, гистаминнің және С4 лейко-триенінің мес жа-сушалардан боса-тылуын тежейді

Витаминді терапия

А, Е витаминдерінің майлы ерітіндісі

С витамині 0,1 г

В2 витамині 0,01 г

1-1,5 ай бойы күніне 3 рет 8-10 тамшы-дан ішке қабылдау

1-1,5 ай бойы күніне 3 рет 1 таблеткадан

1-1,5 ай бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан

Эпителийдегі мүйізгектену процестерін қалыптандыру

Организмнің төзімділігін арттыру, алмасу процестерін белсенділендіру

Организмнің В2 витаминімен қанығуы, себебі гипорибофлави-ноз қара «түкті» тіл пайда болған-да фондық ауру болып табылады деген мәлімет бар

А витамині жасу-шалы мембрана-ларды тұрақтан-дырғыш болып табылып, эпите-лийдің мүйізгек-тену процестерін қалыптандырады. Е витамині А ви-таминінің әсерін күшейтеді, себебі А витаминінің және каротиннің тотығуын тежейді

Эпителий регене-рациясына, тоты-ғу-тотықсыздану процестеріне қатысады, капил-лярлар өтімділігін қалыптандырады, коллаген синтезі-не қатысады

Көмірсу, белок және май алмасу процестеріне, тотығу-тотықсыз-дану процестерін реттеуге қатыса-ды

Саңырауқұлаққа қарсы препарат-тар (тілдің арқа-сынан алынған қырындыда Candida саңырау-құлағы көп болғанда)

Нистатин

500 000 БІРЛ,

леворин 500 000 БІРЛ

Низорал, ламизил

Дифлюкан

14-18 күн бойы тәуліктік доза 6-8 млн БІРЛ

2-3 апта бойы күні-не 1 рет 1 таблетка-дан

Тәуліктік доза

50, 100 мг.

14-30 күн бойы күніне 1-2 рет

1 капсуладан

Candida саңы-рауқұлағына әсер ету

Ұзақ өтетін патологиялық процестер, нис-татиннің тиім-сіздігі кезінде Candida саңы-рауқұлағына әсер ету

Фунгицидті белсенділігі бар

Candida саңырау-құлағының жасу-шалы қабырғасын синтездеу үшін қажетті триглице-ридтер мен фос-фолипидтер эрге-стеролының био-синтезін тежейді, нәтижесінде саңырауқұлақтар колониялар түзуге қабілетсіз болады

Айқындалған ілеспелі аурулар-ды емдеу

Дәрігер-маман

Ілеспелі ауруды

емдеу курсы

Патогенездің жеке буындарына әсер ету

Өмір үшін болжам қолайлы, ауру үшін – қайталанулар болуы мүмкін.

Профилактика: ауыз қуысын сауықтандыру, ауыз қуысы гигиенасын сақтау, соматикалық патологияны емдеу, шылым шегуден бас тарту, алкогольді аздап қолдану.

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

34 жастағы науқас клиникаға ащы тамақ ішкенде тілдің ашуына шағыммен келді. Анамнезде созылмалы колит.

Сыртқы түрі ерекшеліктерсіз. Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басқанда ауырмайды. Ауыздың шырышты қабығы бозғылт-қызғылт түсті, аздап дымқылданған. Тілдің арқасында алдыңғы және ортаңғы бөліктерінде ақшыл жиекпен қоршалған қызыл дақтар. 5 күннен кейін қайта қабылдауға келгенде қызыл дақтар тілдің бүйірлік беттеріне ауысқан, тілдің арқасы қалыпты түрге келген.

Диагноз қойыңыз, дифференциалдық диагностика жүргізіңіз.

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

47 жастағы науқас клиникаға тілінің түрінің ерекшелігіне шағыммен келді. 25 жыл бойы шылым шегеді. Алкогольді шамадан тыс қолданады. Анамнезде созылмалы гипацидті гастрит.

Сыртқы түрі ерекшеліктерсіз. Ауыздың шырышты қабығы сәл қызарған, көгерген реңкті. Тістердің барлық топтары аймағындағы қызыл иек ісінген, көгерген, зондтағанда қанайды. Ауыз қуысының гигиенасы қанағаттанарлықсыз. Тілдің арқасында ортаңғы сызығы бойында ортаңғы және артқы бөліктерінде қара-қоңыр түсті сопақ пішінді түкті ошақ бар.

Диагноз қойыңыз, емдеу бойынша ұсыныстар беріңіз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

  1. Десквамативті глоссит болғанда тілге тән түр тудырылған:

  1. тіл эпителийін алумен;

  2. тіл бүртіктері эпителийінің жоғары десквамациясымен;

  3. тіл бүртіктерінің гиперплазиясымен;

4)тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің атрофиясымен;

5) папилломатозды өсінділермен.

  1. Түкті тіл болғанда зақымдалу ошағының түсі :

  1. көгерген;

  2. күйіп қалушы;

  3. қызыл;

  4. сары түстен қара түске дейін.

3. Десквамативті глоссит жалғасуы мүмкін:

1) қант диабетіне;

2) созылмалы гастритке;

3) коллагеноздарға;

4) гипертониялық ауруға;

5) балалардың экссудативті диатезіне;

6) В гепатитіне.

4. «Десквамативті глоссит» атауының синонимдері:

1) түкті тіл;

2) «географиялық тіл»;

3) қызыл күрең тіл;

4) лакты тіл.

5. Қара «түкті» тілдің пайда болуы шылым шегумен :

1) байланысты;

2) байланысты емес.

6. Десквамативті глоссит болғанда зақымдалу ошақтарының түсі:

1) көгерген;

  1. күйіп қалушы;

3) қызыл;

4) сары түстен қара түске дейін.

7. Десквамативті глоссит жиі үйлеседі:

1) кандидозбен;

2) қатпарлы тілмен;

3) ромб тәрізді глосситпен;

4) лептотрихозбен.

8. Қара «түкті» тілге тән түр тудырылған:

1) тіл эпителийін алумен;

2) тіл бүртіктері эпителийінің жоғары десквамациясымен;

3) тіл бүртіктері гиперплазиясымен;

4) тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің атрофиясымен;

5) папилломатозды өсінділермен.

9. Десквамативті глосситке шалдыққан науқастарда жиі пайда болады:

1) канцерофобия;

2) үрейлі-депрессиялық жағдай;

3) невроз.

10. Десквамативті глосситтің қатерленуі

1) мүмкін;

2) мүмкін емес.

11. Десквамативті глосситті саралайды:

1) екіншілік мерезбен;

2) созылмалы қайталанатын афтозды стоматитпен;

3) Көптүрлі экссудативті эритемамен;

4) жалпақ теміреткімен;

5) созылмалы қайталанатын герпеспен;

6) кандидозбен.

12. Десквамативті глосситті емдеуге кіреді:

1) ауыз қуысын сауықтандыру;

2) кератолитиктер аппликациясы;

3) кератопластиктер аппликациясы;

4) криодеструкция;

5) глюкокортикостероидты жақпалар аплликациялары;

6) сенсибилизацияны азайтатын терапия;

7) глюкокортикостероидтар қабылдау.

13. Қара «түкті» тілді емдеуге кіреді:

1) ауыз қуысын сауықтандыру;

2) кератолитиктер аппликациясы;

3) кератопластиктер аппликациясы;

4) криодеструкция;

5) глюкокортикостероидты жақпалар аплликациялары;

6) сенсибилизацияны азайтатын терапия;

7) глюкокортикостероидтар қабылдау.

14. Қатпарлы тіл құраушылардың бірі болып табылады синдромның:

1) Стивенс-Джонсон;

2) Шегрен;

3) Иценко-Кушинг;

4) Гриншпан;

5) Мелькерссон-Розенталь.

15. Қатпарлы тілге қатпарлардағы эпителий тұтастығының бұзылуы:

1) тән;

2) тән емес.

16. Ромб тәрізді глосситтің пішіні

1) типті;

2) эрозия-жаралық;

3) жалпақ;

4) төмпешікті;

5) гиперкератототикалық;

6) папилломатозды.

17. Ромб тәрізді глоссит жиі үйлеседі:

1) арибофлавинозбен;

2) кандидозбен;

3) колитпен;

4) қант диабетімен;

5) Мелькерссон-Розенталь.

18. Ромб тәрізді глосситтің қатерленуі :

1) мүмкін;

2) мүмкін емес.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ

1 – 2, 4. 2 – 4. 3 – 2, 3, 5. 4 – 2. 5 – 1. 6 – 3. 7 – 2. 8 – 3. 9 – 1. 10 – 2. 11 – 1, 4, 6. 12 – 1, 3, 6. 13 – 1, 2, 4, 6. 14 – 5. 15 – 2. 16 - 3, 4, 6.

17 – 2. 18 – 1.

9-бөлім

ЕРІН АУРУЛАРЫ

Хейлиттер – еріннің қызыл жиегінің, шырышты қабығының және периоралды терінің қабыну аурулары. Барлық хейлиттер тегінде хейлиттерге (эксфолиативті, гландулярлы, жанасулық, метеорологиялық және актинидті) және симптоматикалық хейлиттерге (атопиялық, экзематозды, плазмалы-жасушалық хейлиттер және макрохейлит) бөлінеді.

Абразивті преканцерозды Манганотти хейлиті факультативті рак алды ауруы болып табылады.

Ерін аурулары төзімді ағымымен сипатталады, емдеу қиынға соғады.

Еріннің жеке аурулары (созылмалы қайталанатын сызаттар, метеорологиялық, іріңді гландулярлы хейлит) қатерлену қаупін білдіреді.

Ерін аурулары аса жиі жағдайда асқазан-ішек жолы, нейроэндокринді жүйе патологиясына, иммун тапшылығы күйіне және т.б. жалғасады. Бұл аурулар ерінге жалпы эндокринді механизмдер арқылы әсер етеді. Ерін патологиясының пайда болуында микроорганизмдермен жоғары тұқымданушылық, тіндердің сілекеймен жұмсаруы сияқты ауыз қуысындағы қолайсыз жағдайлар, зиянды әдеттер (ерінді жалау, тістеу, ауызға қарындаштар, мүштіктер салу), тістердің жарақаты, сондай-ақ шамадан тыс құрғақ, ыстық, аязды ауа үлкен роль атқарады

Дұрысы, ерін ауруларының себебі жергілікті, бірақ оған осы тіндерді нейроэндо-кринді реттеу және иммундық қорғау ерекшеліктері кіреді. Ішкі органдар патологиясы жергілікті себептердің іске асырылуына мүмкіндік туғызады. Ерін ауруларына отбасылық бейімділік жағдайлары еріннің анатомиялық құрылысының, ерін тіндерін және периоралды аймақты тамырлық, нейротрофиялық қамтамасыз ету ерекшеліктерімен, нерв қызметінің типімен байланысты.

Ерін аурулары медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік проблеманы да білдіреді. Бет органдары зақымдалуының әріптестермен, отбасы мүшелерімен қатынастарға жағымсыз әсер ететіні сөзсіз. Жасөспірімдер мен бозбалаларда невроздық бұзылулар жиі пайда болады, ауру асқынған кезеңде науқастер мектепке, ЖОО барудан бас тартады, қоғамдық орындарға барудан қашады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]