- •5В130200 Стоматология
- •Түркістан 2012 Мазмұны
- •1 Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу
- •Staphylocoсcus epidcrmidis Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •2.2. Гонококтар
- •2.4. Клебсиеллалар
- •2.5. Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалалардың
- •5.1. Enterobacteriaceae әулеті
- •Эндо ортасындағы ішек таяқшаларының колониялары.
- •Shigella қоздырғышы
- •5.4. Сальмонеллалар
- •5.6. Тағам токсикоинфекциялары
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •5.2.Ішек иерсиниялары - Iersinio enterocolitica
- •6.3. Тырысқақтың қоздарғышы - Vibrio cholerae
- •Cholerae дифференцияциялық тесті
- •Cholerae вибрионы
- •7.2. Оба қоздырғышы - Yersinia pestis
- •7.3. Бруцеллалар
- •Brucella қоздырғышы
- •7.5. Бациллалар.
- •Нейсер әдісімен боялған дифтирия таяқшасы Коринебактерялардың биологиялық қасиеттері
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Сау және ауру өкпе
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •4. Микробтармен коздырылатын ауыз қуысы шырышты қабыгының аурулары
- •Стоматит ауруы
- •5. Одонтогендік инфекция
- •Грам әдісімен боялған Сидоренко ортасында өсуі
- •3.2. Сiреспе
- •3.3. Газды гангрена
- •3.4. Ботулизм
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Лептоспироздың таралу жолдары
- •13 Сабақ
- •14 Сабақ
- •Полиомиелит қоздырғышы
- •Нәресте терісіндегі Коксаки вирусы
- •Гепатит а қоздыргышы
- •Дельта вирус
- •15 Сабақ
- •Бала терісіндегі қызамық
- •Наресте терісіндегі желшешек
- •Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
- •17 Сабақ
- •Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.
- •Герпесвирустардың құрылысы
- •Herpesviridae әулетінің құрылысы
- •Әдебиеттер тізімі
Cholerae дифференцияциялық тесті
-
Тест
V. cholerae
V. eltor
Агглютина-цияланбайтын вибриондар
О-сарысымен
Огава и Инаба типті сарысымен агглютинациясы
Фагтармен лизис:
холералық фаг С (IV)
фаг Эль-Тор II
Тауық эмбриондармен агглютинациясы
Қой эритроцитімен гемолиз
50 бірлікті полимиксинмен агарда өсуі
Гексаминді тест
Фогеса-Проскауэра реакциясы
+
+
+
–
–
–
–
–
–
+
+
+
+
+
+
+
+
+
–
–
+
+
+
+
+
+
+
Cholerae вибрионы
Сабақтың мазмұны:
Оқытушымен бiрге жүргiзiлетiн жұмыс:
Сальмонеллалар, кампилобактериоздар, иерсиниоздар және тырысқақтың микробиологиялық диагностикалау әдiстеЀiн схема бойынша оқып үйрену.
Студенттiң өз бетiнше жұмысы:
Колиэнтериттiң бактериологиялық диагностикасын жалғастыру 2-шi этап.
1. Эндо ортасында өскен колонияларды суреттеу.
2. Колониядан жұғынды дайындап Грам бойынша бояп микроскопирлеу.
3. Эндо ортасынан алынған колонияларды серологиялық идентификациялау. ОВ агглютиндеушi сары сулар мен шыныда агглютинация реакциясын жасайды. Жүргiзiлген зерттеу бойынша қортанды жасап бөлiнген дақылдың сероварын анықтау үшiн жоспар құру.
4. Дизентерия және дизентерия тәрiздi аурулалардың бактериологиялық диагностикасын жалғастыру 2-шi этап
5. Плоскирев және Эндо ортасында өскен колонияны суреттеу.
6. Плоскирев ортасында өскен түссiз колонияны Рессель ортасына қайта егемiз.
7. Эндо ортасында өскен колонияны серологиялық идентификациялау мақсатында диагностикалық сарысумен шыныда агглютинация реакциясын жасаймыз, қорытындылаймыз.
8. Iш сүзегi және паратифтi бактериологиялық диагностикалауды жалғастыру.Гемокультураны бөлiп алу 2-шi этап а) Рессель және Эндо ортасында өскен гемокультураны серологиялық идентификация жүргiзу үшiн агглютинирлеушi диагностикалық сарысулар мен агглютинация реакциясын қоямыз. Жасалған зерттеуге қортанды жазамыз.
Копрокультураны бөлiп алу 2-шi этап
Эндо және Мюллер ортсындағы өсiндiге сипаттама беру.
Эндо ортасынан алынған түссiз колонияны пробиркадағы Рессель ортасына егу.
Iш сүзегi және паратифтi серодиагностикалау. Видаль реакциясының нәтижесiн сараптау.
Дизентерияның бактериологиялық зерттеуін аяқтау ІІІ этап. А.Рессель ортсындағы өсуді сипаттау. Б. Капродақылды шыныда диагностикалық агглютинирлеуші дизентериялық сарысумен агглютинация реакциясы арқылы серологиялық идентификация жүргіземіз. Қорытынды жасау.
Іш сүзегіндегі капродақылдың бактериологиялық зерттеуін аяқтау. А. Рессель ортасында өсуін байқау. Б. тифапаразоидты сарысулармен капродақылдық идентификациясын шыныдағы агглютинация арқылы жүргізу. Қорытынды жасау.
Зерттелiнетiн дақылдан жұғынды дайындап микроскоптау.
Сiлтiлi пептон суында өсiрiлген дақылдың қозғалғыштығын анықтау.
Керi агглютинация реакциясының /0-тырысқаққа қарсы сарысуымен/ нәтижелерiнен белгiлеу.
Зерттелiнетiн материалдын полимиксин қосылған ортада өскен - өспендiгiн белгiлеу және тексаминдi тестiң нәтижелерiн тексеру жүргiзiлген зерттелуге қорытынды жасау.
Ситуациялық есептер.
1. Рессель ортасында глюкозаны қышқыл мен тұзға дейiн ферменттейтiн, күкiрт сутек түзетiнi байқалды. Мұндай ортада осындай қасиеттерге ие қандай микробты бiлесiз?
Жауабы: Агардың бағасында (глюкозының ферменттелу) ортасының түсi өзгерiп газдың көпiршiктерi байқалады. Қиғаш беткейде лактозының ашуы өзгередi. Орта күкiрт сутек түзгендiктен қараяды. Рессель ортасы мұндай түрге паратиф Б-ның сальмонеллалары өскенге ие.
2. Балмұздақ жетеннің нәтижесінде ішек инфекциясы пайда болады. Клиникалық бағыты кең диапозонды формалармен сипатталған. Балмұздақты және материалды лабораториялық зерттеу нәтижесінде Грам теріс капсула түзбейтін жылжымалы таяқшалар бөлінген. Дақылдау температурасы 20-260С.
Бөлiнген таза дақыл тырысқақ вибрионына күдiк туғызып, колониялары түссiз, пептон суында жасуша түзедi. Дақыл “0” тырысқақ сарысуымен агглютинденедi. Тырысқақ вибриондарының - тәжiрибиелiк жолмен тұжырымдау үшiн, тағы да қандай қосымша әдiстер жасау керек.
Жауабы: Көмiрсулары бар/триада Хейберга/ пробиркалармен және “С” және “Эль-Тор” фаггтармен сынама қояды.
Медициналық - латын терминологиясы:
Тиф – (тр.typhus –туман) бiр қатар ЖИА лихорадкамен және ақыл естiң тұмандануымен жүредi.
1.Тырысқақ қоздырғышының морфологиялық белгілері:
А) грам теріс спора түзбейтін таяқшалар
+В) грам теріс қозғалмалы, үтір тәрізді монотрихтер
С) грам теріс спираль тәрізді
Д) грам теріс коккобактериялар
Е) грам теріс перитрихтер
2.Тырысқақ вибрионының тұқымдасы:
А)Spirochaetaceae
В)Aquaspirillum
С)Enterobacteriaceae
Д)Spirillum
+Е)Vibrionaceae
3.Классикалық тырысқақ қоздырғышын ашқан ғалым:
А)Эшерих
+В) Кох
С) Сальмон
Д) Иерсен
Е) Шига
4.Тырысқақ қоздырғышының табиғатта тасымалдаушы ошағы:
+А) науқас адам және вибриотасымалдаушылар
В) жәндіктер
С)гидробионттар
Д) кеміргіштер
Е) адам және жануарлар
5.Тырысқақ ауруы кезінде арнай алдын алу кезінде қолданылатын препорат
А)антитоксикалық сары су
В) гамма-глобулин
С)тырысқақ бактериофагы
Д) тырсқақ анотаксині
Е) химиялық поливакцина
6.Күріш қайнатпасы тәрізді нәжіс қандай инфекция кезінде болады:
А)іш сүзегі
В) жерше
+С) тырысқақ
Д) сальмонеллез
Е) амебиаз
Үй жұмысы: Зоонозды инфекция қоздырғыштары - оба, сібір күйдіргісі, бруцеллез және туляремия. Лабораториялық диагностикасы, алдын алу және емдеу.
5-ші сабақ
Тақырыбы: Зоонозды инфекция қоздырғыштары - оба, сібір күйдіргісі, бруцеллез және туляремия. Лабораториялық диагностикасы, алдын алу және емдеу.
Сабақтың өткiзу уақыты: 3 (120 мин).
Тақырыптың өзектілігі: Карантин тудыратын және қауiптi инфекциялалардың биологиялық ерекшелiктерiн бiлу, емдеу-алдын алу шараларды жүргiзу және микробиологиялық диагнозды зерттеу және тұжырымдау үшiн керек. Мұнда бұл инфекцияның өте жұқпалылығы ескертiледi. Оңтүстiк Қазақстанның территориясында оба мен туляремияның табиғи ошақтары бар.
Сабақтың мақсаты:
Обаның, туляремияның, бруцеллездiң, сiбiр күйдiргiсiнiң микробиологиялық диагностикасын игеру.
Студент бiлуi керек:
Зоонозды бактериальды инфекцияның: оба, туляремия, бруцеллез, сiбiр күйдiргiсiнiң микробиологиялық зерттеу кестесін және экспресс диагностикасын.
Зоонозды инфекциялалардың бактериологиялық және серологиялық зерттеу әдiстерiн.
Зоонозды инфекцияларды диагностикалау, профилактика және емдеу үшiн қолданылатын препараттарын.
Студент iстей бiлуi керек:
Зоонозды бактериальды инфекциялалардың микробиологиялық кестесін мен экспресс-диагностикасын қолдануды.
Бактериальды зоонозды инфекцияларда қолданатың диагностикалық алдын алу және емдеу препараттарын.
Өздiгiнше дайындалуға арнаған сұрақтар:
бастапқы бiлiм денгейi бойынша:
1.Инфекциялық аурулалардың негiзгi берiлу жолдары мен факторларын атаңыз.
2. Серологиялық преципитация реакциясы, оның варианттары, агглютинация реакциясы /артықшылығы, кемшiлiгi/.
Терi-аллергиялық реакцияны қою әдiстерi, артықшылықтары және кемшiлiктерi.
Сабақтың тақырыбы бойынша:
Аса қауiптi инфекциялалардың қоздырғыштары.
Оба қоздырғышының морфологиясы және дақылдық қасиеттерi.
Оба бактериясының биохимиялық активтiлiгi және антигенi.
Iersinia pestis-тiң патогендi факторлары.
Оба қоздырғышының резистенттiлiгi және эпидемиологиясы.
Обаның патогенезi, клиникасы және инфекциядан кейiнгi иммунитет.
Обаның лабораториялық диагностикасы.
Обаның арнайы алдын алу және емдеу. Терi iшiлiк аллергиялық сынама /пестинмен/
Бруцелланың жiктелуi, морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.
Бруцелланың биохимиялық және антигендiк қасиеттерi.
Бруцеллездiң резистенттiлiгi және эпидемиологиясы.
Бруцеллездiң патогендiк факторлары, патогенезi және инфекциядан кейiнгi иммунитет.
Бруцеллездiң лабораториялық диагностикасы.
Бруцеллездiң арнайы алдын алу және емдеу.
Туляремия қоздырғышының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.
Туляремия таяқшасының биохимиялық активтiлiгi және антигендiк құрылымы.
Туляремияның қоздырғышының эпидемиясы және резистенттiлiгi.
Туляремияның патогендiк факторы, патогенезi, клиникасы және иммунитетi.
Туляремияның лабораториялық диагностикасы.
Туляремияның арнайы алдын алу және емдеу.
Сiбiр күйдiртiсi қоздырғышының морфологиясы, және дақылдық қасиеттерi.
Сiбiр күйдiргiсi бацилласының биохимиялық және антигендiк қасиеттерi.
Сiбiр күйдiргiсiнiң резистентiлiгi және эпидемиологиясы.
Сiбiр күйдiргiсiнiң патогендiк факторлары, патогенезi, клиникасы және иммунитетi.
Сiбiр күйдiргiсiнiң лабораториялық диагностикасы.
Сiбiр күйдiргiсiнiң алдын алу және емдеу.
Ақпаратты-дидактикалық блок:
Зоонозды инфекциялар - аса қауiптi инфекциялалар ретінде
Зоонозды инфекциялар - аса қауiптi инфекциялаларға жатады. Қоздырғыштарыдың, ерекше қауiптi инфекцияның категориясына оба, туляремия, бруцеллез, сiбiр күйдiргiсi, сап және тырысқақ аурулары жатады. Алғашқы бес ауру зооантропонозды, ал тырысқақпен тек қана адамдар ауырады. Бұл аурулалардың ерекше қауiптi инфекциялардың қатарыны кіру себебi, олардың қоздырғыштары мынадай қасиетке ие:
Олардың өте тез залалдайтындағанда /яғни жұқпалы/ обаны, туляремияны, бруцеллезде барлық адамдар тез қабылдайды.
Тек қана эпидемия емес, сондай-ақ пандемияда тудыруға қабiлеттi /Оба, тырысқақ /.
Ауыр түрде өтетiн инфекцияны шақырада.
