Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология дістемелік нсау.rtf
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Мб
Скачать
☆

Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.

Ретровирустар әулетіне жататын вирустар бірқатар ерекшеліктерге ие:

  1. Геномы біржіпшелі фрагменттелмеген позитивті РНҚдан тұрада, бірақ екі молекулалы

  2. Вирионның құрамында кері транскриптаза ферменті бар.

  3. Кері транскриптазаға байланысты вирустың РНҚ-геномы, жасушада ДНҚ-геномға айналады. Осы күйінде қожайын жасушасының хромасомасына интеграцияланады.

  4. Вирустың құрылымдық белоктарының жиі мутацияланауы, нәтижелі вакцина табуға қиындықтар туғызады.

  5. Нуклоекапсидтік құрылымы мен оның вирионда орналысуына қарай, реторвирустардың жалпы құрылымдық гендері: әулеті үш әулет астына бөлінеді.

    • “көпіргіш” вирустар, бұл вирустардың патологиялық процестермен байланысы тұжырымдалмаған.

    • онкогенді вирустар.

    • баяу инфекцияылалардың қоздырғыштары / ЖҚТБ /.

АИВ-ің регуляторлық және құрылымдық гендері, олар бақылайтың белоктар.

Вирустың 9 құрылымдық гені, 6 регуляторлық белоктарды бақылайды. Құрылымдық гендер және белоктар.

Гендік белоктар

gag - р17, р14, р7, р9.

pol - р12 (протеаза), р51-р66 (кері транскиптаза, РНК-аза, ДНҚ-полимераза), р32 (интеграза немесе эндонуклеаза)

env - р120, р41.

Регуляторлық гендер және белоктар.

tat - р14 (ТАТ) vif - р23 (VIF)

rev - р12 (REV) vpu - р16 (VPU)

nef - р27 (NEF) vpr - - (VPR)

АИВ-тің иммундық жүйенің жасушаларымен өзара әсерлесу механизмі.

Организмге енген соң, вирус бірінші кезекте арнайы СД4 рецепторы бар жасушаларға шабуылдайды. Бұл рецепторлар Т-хелперлерде көп мөлшерде және аздап макрофаггтар мен моноциттерде болады. АИВ ның жасушамен өзара әсерлесу процессі мынадай схема бойынша жүреді. Рецептолар арқылы адсорбциялануы - ойқтың түзілуі - ойықта көпіршіктің пайда болуы - лизосома - суперкапсидген босанып шығуы - цитоплазмаға енуі-геномдық РНҚ-ның капсидген босанып шығуы - кері транскриптаза механизмнің көмегімен РНҚ-ның репкликациялануы - вирионның жинақталуы - вирионның жасуша мемранасында түзілген жол арқылы босанып шығуы.

АИВ – ің арнайы СД4 рецепторы бар жасушанысанаға шабуылдауы

АИВ-ң антигендік варианттары.

АИВ тез өзгергіштікке ие. Типті бір науқастың бөлінген вирустың штаммдары бір-бірінен қастиеттері бойынша ерекшеленеді, алайда АИВ-1 - дің еш қандай сериологиялық классификациясы жоқ. АИВ-2 биологиялық тұрғыдан АИВ-ге жақын, бірақ иммунологиялық жағынын ерекшеленеді.АИВ -ң дақылдау әдістері және оның төзімділігік ерекшеліктері

АИВ-1 және АИВ-2 -ны, СД4 лимфоциттерде және астроцидтер жасушасының моно қабатты дақылында, АИВ-1-ге сезімтал шимпонзе жасушаларына дақылдауға болады. Вирус күн сәулесінің әсеріне және УК-сәулелеріне сезімтал, 80єС - ге 30 мин-та бұзылады. Дезинфицирлеуші заттарда 20-30 мин. жойылады.АИВ инфекцияның жаңа эпидемиологиялық ерекшеліктері.

АИВ-инфекциясының көзі-науқас немесе вирустасымалдаушы адам, аурудың берілуі: жыныстық қатынас, қан, анасынан баласына босану жолдары арқылы.АИВ инфекцияның патогенезі және клиникалық ерекшеліктері.Вирус жоғары жылдамдықпен көбеюге қабілетті. АИВ-инфекциясында иммунодефициттің даму себебі: Т-хелперлердің жаппай қырылуы және түрлі интерлейкиндердің синтезінің бұзылуы салдарынан Т-киллерлер жүйесінің функциясы бұзылып комплемент жүйесі мен макрофаггтардың активтілігі бәсеңдейді. Бұл науқастарда оппортунистік инфекция, ісік және ОНЖ ауруларының дамуына әкеледі.АИВ инфекция мен ЖҚТҚ-тің клиникалық критериилері Қауіп тудыратын күрделі симптомдары: 10%-ген жоғары салмақ тастау, б/ ұзаққа созылатын лихорадка, в/ созылмалы диарея. Жеңіл симптомдары: жөтел, генерализациялынған дерматит, рецидивирленуші белдемелі герпес /ұшық/, ауыз қуысы мен жұтқыншықта кандидоздың пайда болуы.

АИВ инфекцияның лабораториялық диагностикасы, вирустасымалдаушылық.

АИВ инфекцияның диагностикалаудың негізгі тәсілі ретінде иммуноферментті әдіс қолданылады, зерттелетін барлық қансарысуларының оң нәтижелері, иммнублотинт немесе вестернблотинт әдісінің көмегімен қосымша тексеріледі.

АИВ –ің өмірлік циклы және анти-АИВ препараттарынң әсер ету нысаналары.

АИВ инфекцияны емдеу және арнайы алдын алу проблемалары.

АИВ инфекцияның дамуын белгілі бір уақытқа дейін тоқтату үшін қолданылатын бірден-бір препарат азидотимидин. Азидотимидинмен емдеу науқастың өмірін орташа есеппен 1,5-2 жылға ұзартады, алайда бұл препаратқа АИВ-1 және АИВ-2 де төзімділігік қалыптасады.

Герпесвирустар (Herpesviridae әулеті)

Герпесвирустары әулетінің жалпы сипаттамасы, олардың әулетасты

Herpesviridae әулеті 3 әулетастына бөлінеді:

  1. Alphahtrpesvirinae - жай герпес вирусының 1 және2 типі, жел шешек және белдемелі лишай вирустары.

  2. Bethaheparsvirinae - цитомегаловирустары.

  3. Gammaherp esvirinae - Эпштейн-Барр, Марека ауруының вирусы.