Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология дістемелік нсау.rtf
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Мб
Скачать
☆
  1. Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  2. Гепесвирустары әулетінің жалпы сипаттамасы, олардың әулетасты.

  3. Жай герпестің қасиеттері мен эпидемиологиясы.

  4. Жай герпестің патогенезі, клиникасы және иммунитеті.

  5. Жай герпестің лабораториялық диагностикасы мен алдын алу.

  6. Конго-қырым қанды қызбасы қоздырғышының биохимиялық қасиеттері, антигендік құрылымы, резистенттілігі және эпидемиологиясы.

  7. Конго-қырым қанды қызбасы патогенезі, клиникасы және иммунитетіндегі ерекшеліктер.

  8. Конго-қырым қанды қызбасы микробиологиялық диагностикасы.

  9. Конго-қырым қанды қызбасының алдын алу және емдеу.

БАСТАПҚЫ ДЕҢГЕЙ БОЙЫНША:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1.Гепесвирустары әулетінің жалпы сипаттамасы, олардың әулетасты.

2.Жай герпестің қасиеттері мен эпидемиологиясы.

3.Жай герпестің патогенезі, клиникасы және иммунитеті.

4.Жай герпестің лабораториялық диагностикасы мен алдын алу.

Ақпарат дидактикалық блогы:

1. ҚКГҚ қоздырғышының вазотроптылығына байланысты көбінесе қанталау үрдісі басым болатын дене қызбасымен снппатталады. Бұл індет аса қаупті, жұкпалылығы өте жоғары, зоонозды табиғи-ошақты инфекция.

Алғашқы рет бұл індет 1944 жылы Қырымда шөп шабумен айналысқан тұрғандар арасында тіркелген. Бұл инфекцияның қоздырғышын 1945 жылы М.Чумаков бөліп алған.1956 жылы Африкада (Конго) қырым қызбасына ұқсас індет тіркелген, және де бөлініп алынған вирустың да өте жақындығы дәлелденеді. Сондықтан осындай ауруды Қырым-Конго қызбасы деп атау ұсынылды. Қазақстанның байырғы тұрғындары бұл ауруды «қанды безгек» немесе «қанды көкала» деп атайды.

2. Таксономиясы.

Тұқымдастгы: Bunyavirida Туыстастыгы: Nairovirus.

3. Эпидемиялогиясы. Қырым геморрагиялық қызбасы Қазақстанның және Ресейдің оңтүстік аймақ- тарында, Украинада (Қырым), Европаның оңтүстігінде, Азия, Африка елтерінде кездеседі. Қоздырғышының резервуары және тасымалдаушысы-жайылымды жерлерде тіршілік ететін Нyalomma жэне Dermacentor ж.б туыстастықтарға жататын кенелер. Олар вирусты өзінің ұрпағына трансовариальды жолмен немесе даму (метаморфоза) кезінде таратады, сондықтан бұл жағдай табиғи тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Вирустьардың тұрақты айналымда болуына қоздырғышының сүтқөректілер (қояндар, қойлар, сиырлар т.б) организмінде сақталуы себепкер болады. Адамдарға вирус негізінде трансмиссивті жолмен жұғады, және де жанасу, яғни шырышты қабаттар және зақымданған тері арқылы да берілуі мүмкін. Жанасу жолымен берілген жағдайда ауру көбінесе өте ауыр түрде өтеді. Ауруханаішілік жұғу медицина қызмет- керлерінің арасында 3% жағдайда тіркелген. Бұл індетке-көктемгі-жаздық маусымдылық тән.

4. Патогенезі, клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі-3-5 күн нен 10-14 күнге дейін. Ауру жедел түрде басталады (дене температурасының көтерілуі, қалтырау).

Вирус макрофагальды/моноцитарлық жүйенің жасушаларына және эндотелиоциттерге еніп, көбей- геннен кейін генерализацияланған вирусемия дамиды, нәтижесінде жалпы улану синдромы пайда болады. Вирустың гематогенді жолмен таралуы капилляротоксикозға, және де миокардтың, бүйректің, бүйрекүсті безінің некрозды зақымдануына әкеледі. Ауру-дене қызбасы, асқазан-ішек жолдарында ауқымды қан кетулері және ағзалық патологиялар белгілерімен көрініс береді. Өлім-жітім 30-40%-ға дейн болуы ықтимал.

5. Иммунитеті. Аурудан жазылып кеткеннен кейін ұзаққа созылатын тұрақты иммунитет дамиды.

6. Микробиологиялық диагиоз қою. Қырым геморрагиялық қызбасы аса қауіпті инфекцияға жататындықтан зертханалық диагноз қою арнайы мекемелерде қауіпсіздік ережелерін міндетгі түрде бұлжытпай орындау арқылы атқарылады.

7. Емделуі. Симптоматикалық және антивирустық препраттар (реаферон, тибавирин) қолданылады. Аурудың алғашқы 3 күнінде гетерогенді (жьшқьшардың қан сарысуынан дайындалған) және гомологиялық (ауырып тұрғаннан кейінгі адамдардың қан сарысуларынан дайындалған) иммунды глобулиндер енгізеді. Спецификалық иммунды глобулиндер жедел профилактикалық мақсат үшін де пайдаланылады.

8.Алдын алуы. ҚГҚ-аса қауіпті инфекция болғандықтан міндетті түрде науқасты оқшаулау қажет және арнайы дайындалған медициналық мамандар қызмет етуі керек. Әрине, стерильдік, дезинфекциялық ережелердің қатал орындалуы алдын-алу шарттарының бірі.

9. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба вирусы (БСГҚ)

Бүйрек синромды геморрагиялық қызба-табиғи-ошақгьшығымен сипатталатын, өте ауыр түрде өтетін вирустық инфекция.

10. Таксономиясы.Тұқымдастгы: BuyaviridAE.

Туыстастыгы: Нantavirus (Ханта вирусы)

Бұл туыстастыққа жататын внрус өкілі алғашқы рет 1978 жылы кореялық ғалым НЖЬее және оның әріптестері Корея жарты аралының Хантаан өзені бойындағы кемірғіштердің өкпе тінінен және эксперементінен бөліп алған, осыған орай Ханта вирустар деген атау берілген. Осы туыстастықтың вирустары трансмиссивті емес қызбалар тобына немесе робовирустарға (ағыл: rodent borne viruses- кемірғіштерден туындайтын вирустар) жатады.

11.Құрылымы. Морфолоғиялық және биологиялық қасиеттері негізінде жалпы буньявирустар сияқты. Нағыз типті буньявирустарға қарағанда БСГҚ вирусы мөлшерінің (90-125) едәуір гетерогенділігімен және ішкі қуысында ретсіз орналасқан гранулалы-филаментозды құрылымдар болуымен ерекшеленеді.

12.Эпидемиялогиясы. Бүйрек синдромы геморрагиялық қызбалар орманды аудандарда кең таралған. Табиғатта вирустың негізгі резервуары - тышқан тәріздес кеміргіштер, және де синантропты егеуқұйрықтар (мақталы жердің). Кеміргіштер бұл инфекция қоздырғышын қоршаған ортаға нәжісімен, несебімен және сілекейімен бөліп шығарады. Адамдарға негізгі жұғу механизмі- аэрогенді, яғни ауалы- шаңды жолмен беріледі. Кеміргіштердің бөлінділерімен инфицирленген тағамдық өнімдерді пайдаланғанда алиментарлық, яғни фекальды-оралды жолмен немесе тамақтанған кезде ластанған қолмен тұрмыстық- жанасу арқылы да жұғуы мүмкін, және де кеміргіштер тістегенде немесе олардың соны (свежие) бөлінділері тері сызаттарына түскен кезде де вирус жұғуы ықтимал .

13. Патогенезі, клиникалық көріністері. Аурудың патогенезінде Т- супрессолардың зақымдануы және В- лимфоциттердің поликлональды белсенділігінің артуы маңызды рөл атқарады. Инфекциондық иммундық кешендер пайда болады, олар бүйректің шумақша және ирекше түтікшелерінде шоғырланып, олардың қызметіне зақым келтіреді. Вирус өкпенің, бүйректің, көкбауырдың және тамырлардың эндотелиясында репродукцияланады.

БСГҚ кезінде жасырын кезеңі- 7-45 тәулік. Ауру жедел басталады: дене температурасы өте жоғары (39-40°С), миалгия, шырышты қабаттардың, көз алмасы қабығының гиперемиясы. 3-4 тәуліктен кейін интоксикациялық құбылыстар (қайта - қайта қүсу) және геморрагиялық синдромдар (дақты - папулезді бөртпелер, ішкі ағзаларда қан кету) қосылады. Бір мезгілде олигоурия, ауыр жағдайда- анурия дамиды. Ауру болжамы көбінесе қолайлы. Өлім туғызушылық 2-5% құрайды.

14. Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады, оларда протективті антиденелер 25 жылға дейін сақталады.

15. Микробиологиялық диагноз қою - Қырым геморрагиялық қызбасы кезіндегідей.

16. Емдеуі. Симптоматикалық және антивирустық препараттармен қатар спецификалық иммундыглобулин қолданылады.

17. Алдын алуы. Аса қауыпты инфекциялар кезіндегідей сақтану шаралары қолданылады. Спецификалық профилактика мақсатында БСГҚ- ға қарсы өлі вакцина (Ресей) пайдалынады.

  1. Гепесвирустары әулетінің жалпы сипаттамасы, олардың әулетасты

Herpesviridae әулеті 3 әулетастына бөлінеді:

  1. Alphahtrpesvirinae - жай герпес вирусының 1 және2 типі, жел шешек және белдемелі лишай вирустары.

  2. Bethaheparsvirinae - цитометаловирустары.

  3. Gammaherpesvirinae - Эпшгейн-Барр, Марека ауруының вирусы.

19. Жай герпестің қасиеттері мен эпидемиологиясы.

Вирион нуклеоид және капсидген тұрада, геномы екі жіпшелі сызықтық ДНҚ. Суперкапсиді липопрогеидтерден тұрада. Вирус тауық эмбрионы мен жасуша дақылында көбейеді.

1 типтегі герпес вирусы контактілі- тұрмыстық жолмен, ал 2 типі- жыныстық және вертикалды жолмен жұғады. Инфекция көзі тек адам болып табылады.

20. Жай герпестің патогенезі, клиникасы және иммунитеті.

Вирустың алғашқы репродукциясы ауыз қуысының, жұтқыншақтың және жыныс жолдарының кілегейлі қабатыңың эпителиінде жүреді. Вирус лимфагенді жолмен қанға түседі де, гематоэнцефалдық барьерден өткен соң, менингит немесе энцефалит тудырады. Науқас адам жазылған соң қаныңың антиденелер вирустың персистирленуі мен латенттік инфекцияның дамуына жағдай жасайды.

21. Жай герпестің лабораториялық диагностикасы мен алдын алу.

Диагностикалау үшін вирусологиялық және серолгиялық әдістер қолданылады. Емі ретінде химиопрепараттар қолданылады. Емдік мақсатта ауыр жағдайда, сонымен қатар, жиі рецидивтің алдын алу үшін, өлтірілген дақылдық герпестік вакцина қолданылады.

САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ:

Оқытушымен жұмыс:

Конго-қырым қанды қызбасы және герпесвирустардың лабораториялық диагностикасын схема бойынша оқып үйрену.

ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫС:

1. Жасуша дақылдарын зерттелетін материалмен залалдау. ЦПЭ-ЦПД әсерді бақылап, оны сипаттап вирусологиялық зерттеудің келесі зерттеу жоспарын көрсегу.

2. Арнайы иммундық сарысулармен нейтрализация реакциясын қойып, конго-қырым қанды қызбасы және герпесвирустардың идентификациялау. Алынған мәліметтер бойынша қорытынды жасау.

  1. Конго-қырым қанды қызбасы және герпесвирустардың серодиагностикасының нәтижесімен бағалау.

ҮЙ ЖҰМЫСЫ:

Адамның иммунодефицитінің вирусы, рабдовирустар, онковирустар. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.