Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология дістемелік нсау.rtf
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Мб
Скачать
☆

17 Сабақ

ТАҚЫРЫБЫ: Адамның иммунодефицитінің вирусы, рабдовирустар, онковирустар. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.

САБАҚ ӨТУ МЕРЗІМІ: 3 сағ.

ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: АИВ , нейровирустардың ерекшеліктерін білу және олардың вирусологиялық, серологиялық диагностикасын меңгеру емдік, алдын алу шараларды дұрыс жүргізу үшін қажет.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: АИВ, нейровирустардың вирусологиялық және серологиялық диагностикаласын игеру.

СТУДЕНТ БІЛУІ ТИІС:

  1. ВИЧ-ті диагностикалау кестесін.

  2. ВИЧ-тің серологиялық диагностикасы.

  3. Осы ауруда қолданылатын диагностикалық, алдын алу және емдеу препараттарын.

СТУДЕНТ ІСТЕЙ БІЛУІ ТИІС:

ВИЧ-ті вирусологиялық және серологиялық диагностикалауды және осы ауруда пайдалынатың емдеу-алдын алу препараттарды қолдану.

ӨЗ БЕТІНШЕ ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:

Бастапқы білім деңгейі бойынша.

  1. АИВ вирусының биологиялық белгілері.

  2. АИВ -тің арнайы алдын алу және лабораториялық диагностикасы.

  3. Онковирустар вирусының негізгі белгілері.

  4. Рабдовирустар вирусының биологиялық белгілері.

  5. Рабдовирустарды лабораториялық диагностикалаудың ерекшеліктері.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.

  2. ВИЧ-инфекцияның қысқаша ашылу тарихы.

  3. ВИЧ вирионның құрылымы.

  4. ВИЧ-тің суперкапсидіндегі тликопрогеидтер.

  5. ВИЧ-тің нуклеокапсидтегі белоктары.

  6. ВИЧ геноманың схемалық құрылымы.

  7. ВИЧ-тің регуляторлық және құрылымдық гендері, олар бақылайтың белоктар.

  8. ВИЧ-тің иммундық жүйенің жасушаларымен өзара әсерлесу механизмі.

  9. ВИЧ-тің антигендік варианттары.

  10. ВИЧ-тің дақылдау әдістері және оның резистенттілік ерекшеліктері.

  11. ВИЧ инфекцияның жаңа эпидемиологиялық ерекшеліктері.

  12. ВИЧ инфекцияның патогенезі және клиникалық ерекшеліктері.

  13. ВИЧ инфекция мен СПИД-тің клиникалық критериилері.

  14. ВИЧ инфекцияның лабораториялық диагностикасы, вирустасымалдаушылық.

  15. ВИЧ инфекцияны емдеу және арнайы алдын алу проблемалары.

  16. Құтыру вирусының таксономиясы, морфологиясы және дақылдық қасиеттері.

  17. Құтыру вирусының антигендік құрылымы мен төзімділігігі.

  18. Құтыру вирусының эпидемиологиясы.

  19. Құтыру ауруының патогенезі, клиникасы,иммунитеті.

  20. Құтыру ауруының лабороториялық диагностикасы.

  21. Құтыру ауруының арнайы алдын алу мен емі.

  22. Онковирустардың таксономиясы, морфологиясы және дақылдық қасиеттері.

  23. Онковирустардың вирусының антигендік құрылымы мен төзімділігігі.

  24. Онковирустардың эпидемиологиясы.

  25. Онковирустардың патогенезі, клиникасы,иммунитеті.

  26. Онковирустардың лабороториялық диагностикасы.

  27. Онковирустардың арнайы алдын алу мен емі.

АҚПАРАТТЫ- ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК:

Адамның иммунодефицитінің вирусы (АИВ)

Жүре пайда болған иммунтапшылық белгісін (ЖҚТБ), ЖҚТБ АИВ-адам иммунтапшылық вирусы тудырады, ол иммунды жүйені зақымдайды. Бұл ауру созылмалы ағымда болып, жыныстық қатынас арқылы және медициналық манипуляциялар кезінде қан арқылы жұғуы мүмкін ЖҚТБ. қоздырғышы 1982 жылы АҚШ та анықталды. ЖҚТБ.қоздырғышын 1983 жылы француз ғалымы Л. Монтанье және американ Р. Галло анықтады және 1986 жылы НIV немесе АИВ деп атады. АИВ - РНҚ құрамды сфералық пішінде болып үлкендігі 100 нм. Нуклеокапсид р24, р7 және р9 ақуыздарынан құралған. Вирион 80 молекула gр120 ақуызымен қоршалған капсид, олардың әр бірі ішкі мембраналы др 41 ақуызымен байланысқан. Бұл ақуыздар липид қабатымен бірге ЖҚТБ суперкапсид түзеді. АИВ-нің серологиялық қасиеттерін белгілейтін сыртқы және ішкі антигендер тобына ие.

Қазіргі күнде АИВ-1, АИВ-2, АИВ-3 анықталған. Вирус жұқтырған адамда алдымен gр120 және gр41, соң gp24 антиденелері пайда болып көп уақытқа дейін қанда сақталады.

АИВ өзінің антигендік қасиетін өте тез өзгертеді, ол грипп вирусына қарағанда жүз немесе мың есе тез өзгереді. АИВ қоршаған ортаға тұрақсыз және физикалық, химиялық факторлар әсерінде тез өледі. Үй температурасында 4 тәулік сақталады. Спирт, эфир, гипохлорид әсерінде тез өледі. 80˚С да 6-7 мин кейін, 60˚С да-30мин кейін, ал қайнатқандабірден өледі. АИВ-тің мемфотроптылығы Т- хелперлерде вирустың gр120 ақуыздарына жағдай тудыратын СД-4 рецепторлардың қалыпты болуына негізделген. Бұл вирустың лимороциттерге табысуына көмектеседі. АИВ-тың көбейюінен лимфоциттер тез өледі. АИВ тек қана Т4-лимфоциттерді ғана емес басқа жасушаларды да (нерв, В-лимфоцит, макрофаг, Лангерганс жасушасы) зақымдайды

Инфекция көзі болып ЖҚТБ бар немесе АИВ вирус тасушылар болып табылады.

ЖҚТБ. барлық континенттерге тарасада Америка, Африкада және Европа мемлекеттерінде басым. Вирус жыныстық қатынас арқылы және АИВ инфекция жанған заттарды (қан, плазма, сыворотка) парентеральды егкенде жұғуы мүмкін. Одан басқа науқас қанымен ластанған стерилді емес инструменттерді, приборларды қолданған кезде жұғуы мүмкін.

Иммунокомпетентты жасушалардың зақымдалуынан антигендер және миогендере қарсы иммунды жауап тежеледі, жалпы иммунды ракциялар негізделеді, төмендейді. Иммунодепрессия есебінен жасушалық және гуморалды иммунитет төмендейді, ағза эндогенді (бактериалды, вирус, саңырауқұлақтар) және эндогенді (ісікті және т.б жасушалар) антигендерге қарсы қорғаныссыз болып қалады. ЖҚТБ бірнеше кезеңермен дәрежелермен сипатталады; 1 қызбалы стадия,

1-2 айдан. Инфекция жұққан соң қызба, интаксикация п.б, лимфа түйіндері үлкейеді. 2. Симпттомсыз стадия, бірінші стадияда болған барлық белгілер жоғалады,науқаста АИВ-қа қарсы антиденелер п.б. 3. Стадия АИВ инфекциасының асқынуы. Иммунитет жасушалық және гуморалды сипатта болады. Диагностикаүш вирусологиялық және серологиялық әдістер қолданылады.

АИВ.қа антиденелерді анықтау үшін ИФА. және иммуноблотинг қолданылады. Емдеу және арнайы профилактика анықталмаған.

Қарсы күресу шаралары. Инфекцияның жыныстық қатынастар арқылы және медициналық манипуляциялар кезінде берілуінің алдын алу және санитарлы-ағарту жұмыстарының жүргізу.

Статистикалық мәтіметтерге сүйенсек, дүние жүзінде күн сайын 16000 адам АИВ инфекциясын жұқтырады. Қазіргі күнде 33,6 миллион адам АИВ-инфекция және ЖҚТБ пен ауырады. Планетамыздың 1,1 % тұрғындары АИВ жұқтырған. 16,3 миллион адам ЖҚТБ тан өлген. Олардан 3,6 миллионы 15 жасқа дейінгі балалар.

1998 жылы ЖҚТБ тан 2,5 миллион адам өлген. 1999 жылы 2,6 миллион адам өлді. Әр минутта 11 адам АИВ-инфекциясын жұқтырады.