Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология дістемелік нсау.rtf
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Мб
Скачать
☆

2.2. Гонококтар

Гонококты инфекция-ол адамның жедел және созылмалы жұқпалы ауруы, оны Neisseria gonorrhoeae (гонококтар) шақырады, Neisseria gonorrhoeae (гонококтар) жынысты жолмен жұғып несеп,жыныс жолдарының (гонорея), көз конъюнктивасының (бленорея), басқа да ағзалардың шырышты қабатының іріңді қабынуымен және интоксикациясымен сипатталады Гонореяның қоздырғышын 1879 жылы Нейссер ашқан.

Гонококтардың морфологиялық және дақылдық белгiлерi. Гонококтар тудыратын адамдардағы инфекциялық ауру, ол зәр шығару және жыныс мүшелерiнiң шырышты қабатындағы қабыну процессiмен сипатталады. қоздырғыш кофе дәнiне ұқсас коктар, жұп болып орналасады, жасушаның ойық беткейлерi бiр-бiрiне қараған, өлшемi 0,7-1,0 мкм, талшықтары, капсуласы жоқ. Спор тұзбейді. ЕПА-да нашар өседi, ал қан сарысуы мен қаны бар қоректiк ортада жақсы көбейедi. Гемолиз тудыртпайды тығыз қоректiк ортада ұсақ, тамшыға ұқсас, жылтыр колония түзедi. Сұйық қоректiк ортада диффузды өсiп беткейлiк қабықша түзедi және бiрнеше күннен кейiн ыдыстың түбiне шөгедi.

Гонококтардың биохимиялық қасиеттерi және антигендiк құрылымы.

Гонококтар тек глюкозаны қышқыл түзіп ыдыратады, каталазаны және цитохромоксидазаны түзеді. Протеолиттiк қасиеттері жоқ. Гонококтар арасында түрлi антигендiк популяция болады. Сыртқы мембрансындағы ақуыздың антигендерi бойынша гонококтар 16 серотипке бөлiнедi. Сондай-ақ гонококтар липополисахаридтiк (ЛПС) антигендерi бойынша да бөлiнедi.

Гонококтардың резистенттiлiгi және эпидемиологиясы.

Гонококтардың сыртқы ортаның әсерiне тұрақтылығы әлсiз: олар күн сәулесiнiң тiкелей әсерiнен, УК: (ультракүлгiн) жарықтың, құрғатудан, жоғары температурының әсерiнен тез жойылады.Түрлi химиялық заттар мысалы: күмiс тұздары, сынап және дезинфектанттар оларды қысқа уақытта өлтiредi.

Жануарлар үшiн гонококтар патогендi емес. Инфекция көзi залалданған адам. Залалдану негiзiнен жынысты жолмен, кейде тұрмыстық тұтыну заттары арқылы жұғады.

Гонореяның патогендiк факторлары, патогенезi, клиникасы және инфекциядан кейiнгi иммунитет. Гонококтардан экзотоксин табылған жоқ. Негiзгi патогендiк факторлар: пили (кірпікшелер), капсула, эндотоксин, сыртқы мембрананың бетіндегі белоктар, протеазалар. Пилидің (кірпікшелер) көмегiмен гонококтар эпителиальды жасушаға жабысып, колонизацияланады және бұзылған гонококтар эндотоксин түрiнде босанып шығады. Бірінші классқа жататын беткейлік белок шырышты қабаттың бактериоцидтты әсеріне қарсы тұрады, екінші классқа жататын беткейлік белок эпителияға жабысуды қамтамасыз етіп, фагоцитозды тежейді, протеазалар секреторлық IgA, антиденеге бөгет жасап, фагоцитозды тежейді. Ер адамдарда гонококтар бiрiншi кезекте уретраны залалдайды, ал әйелдерде қынаптан мойынынан, сондай-ақ iрiң бөлiне бастағаннан уретраны, клитормен тiк iшектi зақымдауы мүмкiн. Гонококтар фибриллерiнiң көмегiмен зәр шығару, жыныс трактiсiнiң эпителиальды жасушасына жабысады. Негiзiнен гонококтар цилиндрлi эпителилердiң микроворсинкаларымен байланысу қабілетiне ие. Фагоцитоз кезiнде гонококтар жасуша iшiне енедi. Жалпақ эпителиге олар енбейдi, бұның өзi жедел гонореяның алғашқы клиникалық суретiн айқындайды /уретра мен қынап мойны цилиндрлi эпителиимен қапталған/. Гонореяның генерализациялануы сирек, бiрақ гонококтар гонореяның, сепсистiң себепкерi болады. Экстрагенитальды қабыну процесстерiн /артриттi/ тудыруы мүмкiн. Гонококтар көз коньюктивасын зақымдап бленорея ауруын тудырады. Ауруды өткерген соң иммунитет қалмайды, қайта залалдану мүмкiн.

Гонореяның лабораториялық диагностикасы.

Негiзгi диагностикалау әдiсi бактериоскопиялық зерттеу. Ерлерде уретрадан, әйелдерде уретрадан, қынаптан және тiк iшектен зерттелетiн материал алынады. Жұғындыны екi шыныда дайындап, Грам және метилендi көкпен бояйды. Лейкоциттердiң iшiнде орналасқан Грам терiс диплококтарда /аяқталмаған фагоцитоз/ табу диагнозы дұрыстайды. Бактериоскопиялық зерттеу күмән келтiргенде қосымша бактериологиялық зерттеу арқылы лабораториялық диагнозды толықтырылады. Материалды арнайы қоректiк ортасы бар Петри табақшасына егедi. Таза дақылын алған соң сахаролитикалық қасиетiн тексередi. Созылмалы гонореяда және асқынғанда серодиагностика жүргiзiледi. КБР (гонококтың антигеннен Борде-Жангу реакциясын) қояды.

Гонореяны алдын алуы және емдеуі. Жаңа туылған нәрестелердiң гонорея және бленорея ауруының алдын алу.

Арнайы алдын алу жолы жоқ, себебі гонококтардың антигендiк өзгергiштiгiн тым жоғары болғандықтан, гонококқа қарсы вакцина алу эффективтi болмады. Қазiргi кезде гонококтық вакцина аурулалардың асқынған түрiн емдеу және диагностикалық мақсатта (провакционды сынақ) қолданады. Жаңадан туылған нәрестелерде бленореяның алдын алу үшiн коньюктивальды қалтаға 1-2 тамшы 2%-тiк күмiс нитраты ерiтiндiсiн немесе 30%-тiк пенициллиннiң майлы ерiтiндiсiн тамызады. Гонореяны емдеу үшiн антибиотиктер мен сульфаниламидтi препараттар қолданады.

Neisseria

2.3. Протейлер (Proteus тустығы)

Протейлер шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Олар зәршығару жолдарының және іріңді жарақат инфекцияларын, сонымен қатар сепсис шақырады. Ауру эндоинфекция тұрінде өтуі мүмкін және аурухана инфекциясының нәтижесі болады. Протейлерді 1885 жылы Г. Хаузер ашқан.

Протейлердің биологиялық қасиеттері.

Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады оның ішіне 3 түр кіреді. P. vulgaris P. Mirabilis адамдар үшін патогенді болып табылады, олар іріңді-қабыну процесстерін және тағам токсикоинфекцияларын шақырада. Барлық Proteus туыстығының өкілдері Грам теріс, шеттері дөңгелектенген таяқшалар, спора және капсула түзбейді, перетрихтан тұрада. Полиморфизмге бейім, кок және жіп тәріздестері де кездеседі. Қозғалмайтың талшықсыз түрлері де кездеседі (О -формасы).

Факультативті анаэробтар, хемаорганотроф, өсу температурасы 20єС дан 38єС дейін, оптимумы 37єС, рН 7,2-7,4, 42єС та да жақсы өседі. Қоректік орта таңдамайды, ЕПА-да Н-формасы (талшықты) көкшіл-түтін түстес, нәзік жабынды болып, жайылып өседі (қазылу феномені). Бұл феноменді Шукевич әдісінде қолданады (егіндіні конденсантты суы бар қиғаш ЕПА-ға еккенде жайылған жабынды кетеріліп тұрада). О-формасы ЕПА шеттері тегіс үлкендеу колония түзеді. ЕПС - да диффузды лайланып, бетінде нәзік қабықша пайда болып, қою, ақ тұнба түзбейді. О-формасы өт қышқылы бар: 0,1-0,2% карболқышқылы, 5-6 % этанол, бояғыштар,дегергенттер Плоскирев ортасында өседі. Мұнда мөлдір, нәзік, жылтыр, өзіне тән иісі бар, колониялар түзбейді. Біраз уақыттан соң колониялар лайсаңданып, ортасы сұр-қаралау болып келеді. О-формалы протейлердің колониялары сальмонеллалардың колонияларына ұқсас, ол идентификацияны күрделендіреді. Протейлер глюкозаны қышқылға және аз мөлшерде тұз түзе отырып ферменттейді. Лактозаны ферменттемейді, уреаза мен фениланиндезаминазаны кұкіртсутегін түзеді. Желатинді ыдыратады. Түрлерді арнайы тест арқылы анықтайды

Протейлерде О-және Н-антигендер болады. Жасуша қабырғасының ЛПҚ (С)-негізгі патогенді факторы, эндотоксин болып табылады.

Табиғатта кең таралған. Қоршаған ортаның әсеріне өте тұрақты.

Аурухана инфекцияларына жатады. Протейлер адамда әр түрлі аурулар шақыруы мүмкін, көбінесе тағам токсикоинфекциясы тәрізді өтеді, ал басқа шартты-патогенді микроорганизмдермен қосылса: сепсис, менингит, остеомиелит, артрит, отит, пневмония, плеврит шақырада. Аурудың ауырлығы ағзаға түскен протейлердің мөлшеріне байланысты.

Протейлер шақыратың аурулалардың лабораториялық диагностикасы және емдеу.

Микробиологиялық диагностикасында бактериологиялық тәсіл қолданады.

Зерттелетін материалдар: ірің, зәр, құсық, жуынды су, қан, ликвор, қақырық плевралық экссудат. Дифференциалды-диагностикалық ортаға (Плоскирев), ЕПА-ға Шукевич әдісімен егеді. Бөлінген таза дақылды биохимиялық қасиеттері бойынша идентификациялайды. Серотоптарын, О-және Н- антигендерінің титрінің өсуін. агглютинация реакциясы арқылы анықтайды.

Емдеуі: Протейлер шақырған тағам токсикоинфкцияларын бейарнайы емдеу үшін дезинтоксикация жүргіземіз (асқазанды жуу, көп су ішу т.б.). Іріңді процесс немесе сепсис болған жағдайда, емдеу үшін міндетті түрде антибиотикограммадан кейін антибиотиктер қолданады. Дисбактериоз және тағам токсикоинфекцияларын емдеу үшін комплексті интесті-бактериофаг сапалы болады. Емделмейтін, созылмалы ауруларда аутовакциналар қолданылады. Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигиеналық ережелерді қатаң сақтау керек.

Proteus mirabilis