Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология дістемелік нсау.rtf
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Мб
Скачать
☆

Бала терісіндегі қызамық

Эпидемиялық паротит.

Эпидемиялық паротит-жедел вирусты ауру болып құлақ алды сол бездерінің зақымдалуымен сипатталады. Бұл қоздырғышты 1934 жылы К. Джонсон және Р. Гудпасчур анықтады. Эпидемиялық паротит вирусы басқа парамиксовирустар сияқты гемагглютинациялаушы гемолитикалық, нейраминидазды және симпласт түзуші активтілікке ие. Вирус геномы бір жіпшелі фрагменттелмеген РНК дан түзілген Вирион құрамында 8 ақуыз болып, олардан HN және F гуперкапсид ақуыздары. Вирус сыртқы ортаға тұрақсыз болып май еріткіштерде, 1% лизол, 2% фенол әсерінде бірнеше минут ішінде өледі. Бұл ауру бар лық жерде бірдей кездесеі. Инфекция көзі болып тек қана ауру адам болып табылады. Көп жағдайда 5-15 жастағы балалар, ал кейде үлкендер ауырады. Инкубациялық кезеңі орташа 14-21 күн. Вирус ауыз қуысы арқылы құлақ алды сөл бездеріне еніп, сол жерде көбейеді. Қанға еніп, әртүрлі ағзаларды зақымдайды және оның асқынуынан орхит,менингит, менингоэнцефолит пайда болуы мүмкін. Постинфекциялық иммунитет тұрақты және ұақ мерзімді болып, ауру екінші рет қайталанбайды. Лабораториялық диагностикада вируса лоиялық және серологиялық әдістер қолданылады. Зерттеу материалы үшін сол,зәр, жұлын сұйықтығы,безпунктаты алынады. Вирус ТГАР, ИФР, НР және КБР көмегінде идентификайияланады. Профилактика үшін тірі вакцина қолданылады. Бұл вакцина бір жастағы балаларға тері астына егіледі

Желшешек.

Герпес вирусының вирионы диаметрi 140-210 нм, сфера тәрiздi пiшiнге ие. Нуклеокапсидi iшкi қабықшамен қапталған. Вирус геномы екi жiпшелi ДНҚ-ға ие. Iшкi қабықшаның гликопротеиндерi типоарнайы антиген болып саналады. Нуклеокапсидтiң ақ уыздары типоарнайы антигендiк этиотоптарын тасымалдайды.

Герпес вирустары әртүрлi жасушалық дақылдарында дақылдайды, кейбiр серотиптерi тауық эмбрионында репродукцияланады. Рецепторлы эндоцитоз арқылы сезiмтал жасушаларға герпес вирустары енедi. Депрегелизация, транскрипция және репликация ядрода жүредi.

Жел-шешекте кiру қақпа жоғары тыныс жолдарының шырышты қабаттары, вирустардың бiрiншiлiк репродукциясы эпителиальды жасушаларда жүредi. Лимфа жолдары арқылы қанға енiп, терiде везикулярлы бөртпе пайда болады. Инфекция аэробты және жанаспалы жол арқылы берiледi. Ауырғаннан кейiн өмiрлiк иммунитет пайда болады.

Адам эмбрионаның фибробласты жасушасы дақылында вирустарды бөлiп аламыз, КБР мен вирустарды идентификациялаймыз.

Балаларды ерте жасында тiрi вакцинамен иммунизациялаймыз. Реконвалесценттердiң қаныңың алынған иммуноглобулиндi инфекция ошағында қолданады. Желшешек вирусы герпесвирутарға кіреді. Вирусвирионы нуклеоидтан құралып, ол капсид ортасында орналасады. Вирус геномы екі жіпшелі ДНК дан қүралған. Бұл вируста ішкі және сыртқы антигендер анықталған. Вирус лабаториялық жануарлар организмінде көбеймейді. Вирус сыртқы ортаға тұрақсыз, термолабилді болып, май еріткіштерге және дезинфекциялық заттарға сезімтал. Спиртке УК-сәулелеріе, протеаза және фосфатазаға өте сезімтал. Желшешек вирусы барлық жерде бірдей тараған, инфекция көзі болып тек қана ауру адам болып табылады. Инфекцияның берілу механизмі-аэрозольды. Вирус бастапқы кезде тыныс жолдарының шырышты қабатында көбейеді, кейін лимфагенді жолмен қанға еніп теріге таралады.

Инкубациялық кезеңі-14-21 күн.

Ауру кезінде дене температурасының жоғарылауы, денеде және ауыз қуысының шырышты қабатында бөртпелер пайда болуы байқалады. Аурудан кейін постинфекциялық иммунитет пайда болады.