- •5В130200 Стоматология
- •Түркістан 2012 Мазмұны
- •1 Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу
- •Staphylocoсcus epidcrmidis Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •2.2. Гонококтар
- •2.4. Клебсиеллалар
- •2.5. Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалалардың
- •5.1. Enterobacteriaceae әулеті
- •Эндо ортасындағы ішек таяқшаларының колониялары.
- •Shigella қоздырғышы
- •5.4. Сальмонеллалар
- •5.6. Тағам токсикоинфекциялары
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •5.2.Ішек иерсиниялары - Iersinio enterocolitica
- •6.3. Тырысқақтың қоздарғышы - Vibrio cholerae
- •Cholerae дифференцияциялық тесті
- •Cholerae вибрионы
- •7.2. Оба қоздырғышы - Yersinia pestis
- •7.3. Бруцеллалар
- •Brucella қоздырғышы
- •7.5. Бациллалар.
- •Нейсер әдісімен боялған дифтирия таяқшасы Коринебактерялардың биологиялық қасиеттері
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Сау және ауру өкпе
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •4. Микробтармен коздырылатын ауыз қуысы шырышты қабыгының аурулары
- •Стоматит ауруы
- •5. Одонтогендік инфекция
- •Грам әдісімен боялған Сидоренко ортасында өсуі
- •3.2. Сiреспе
- •3.3. Газды гангрена
- •3.4. Ботулизм
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Лептоспироздың таралу жолдары
- •13 Сабақ
- •14 Сабақ
- •Полиомиелит қоздырғышы
- •Нәресте терісіндегі Коксаки вирусы
- •Гепатит а қоздыргышы
- •Дельта вирус
- •15 Сабақ
- •Бала терісіндегі қызамық
- •Наресте терісіндегі желшешек
- •Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
- •17 Сабақ
- •Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.
- •Герпесвирустардың құрылысы
- •Herpesviridae әулетінің құрылысы
- •Әдебиеттер тізімі
Полиомиелит қоздырғышы
Коксаки
Коксаки тобының вирусы табиғатта кең таралған және адам патологиясында үлкен маңызға ие. Бұл вирустар барлық энтеровирустардың ішіндегі ең кардиотроптысы. Коксаки вирустары 2 топтың: Коксаки А тобы 23 сероварианттың, Коксаки В тобы 6 сероварианттан тұрада.
Коксаки А тобының вирусы жаңа туылған тышқандарда дене бұлшық еттерін зақымдайтың әлсіз салдылықты туғызады. Коксаки В вирусы жаңа туылған тышқандарда ОНЖ-ң зақымдалуын туғызады. Ал бұлшық ет зақымдалуы нашар білінген. Инфекцияға жауырын аралық қоңыр майының некрозы тән. Сонымен қатар Коксаки А-ң кейбір сероварлары (20, 21, 24) және Коксаки В-ң барлық сероварлары гемаглютиндеуші қасиетке ие.
Коксаки вирусы адамдарда полимиелит тәрізді аурулардан бөлек, өзіндік клиникасы бар басқа да ауруларды туғызады:
Асептикалық менингит,Эпидемиялық менингит,герпангина,Кіші ауру,Гастроэнтерит,ЖРА,
Миокардит.
Нәресте терісіндегі Коксаки вирусы
ЕСНО - ң вирустары
ЕСНОң вирустары-ішектік цитопатогенді вирустары адам жетімдерінен 1951 ж. анықталған. Полиомиелит және Коксаки вирустарының айырмашылығы олар лабораториялық жануарларға патогенді емес. Қазіргі кезде ЕСНО тобы 32 сероварианттан тұрады. Оның көп бөлігі гемаглютиндеуші қасиетке ие және дақылдық жасушада жақсы көбейеді.
Кіру жолы: мұрынның, жұтқыншақтың, аш ішектің кілегейлі қабықшасы болып табылады. Осы вирустар эпителиальды жасушаларда және лимфойдты ұлпада көбейеді.
Энтеровирустар туғызатың ауруларды диагностикалау үшін вирусологиялық, серологиялық әдістер қолданылады. Зерттелетін материалдармен (нәжіс, мұрын, жұтқыншақтың алынған жұғынды және жуынды, ликвор, қан). дақылдық клетканы және жаңа туылған тышқанды залалдаймыз. Бөлініп алынған вирустыттар, КБР, АР, преципитация реакциясы арқылы типтейміз.
Энтеровирусты инфекция кезінде адам сарысуында антиденелерді анықтау үшін НР, түсгі реакция, ТГАР, КБР, преципитация реакциясы жасайды. Әр аурудан жұп сарысу қолданады. Егер антидене титрі 4 еседен артық көбеймесе реакция оң болып саналады. Сонымен қатар ИФМ қолданады. Ротавирустар сфера пішінді, вирион геномы екі жіпшелі фрагменттелген РНҚ (ІІ фрагмент). Суперкапсиді жоқ. Вирион құрамында 8 белок бар (РІ-Р8). Көбіне 2 жасқа дейінгі балалар ауырады. Норволк вирусы сфера пішінді, суперкапсиді жоқ. Геномдық нуклеин қышқыланың типі анықталмаған. Колициовирустар жеке туыстың бөлініп алынған. Вирион сфера пішінді. Суперкапсиді жоқ. Геномы позитивті бір жіпшелі РНҚ. Олар жасуша дақылында көбеймейді. Диагностика үшін иммунды электронды микроскопия әдісі қолданады. Астровирус вирионы жұлдызша пішінге ие. Геномы бір жіпшелі РНҚ. Диагностика үшін ИФР қолданылады.
Гепатит вирустары
Гепатит А-вирусы сфера пішінді. Геномы бір жіпшелі позитивті РНҚ. Суперкапсиді жоқ. Кубты симетриялы. Капсиды 32 капсомерден тұрада. Ол 4 полипептидтен түзілген . Өзінің қасиегі бойынша вирус - Enterovirus әулетіне, Pikornoviridae туысына жатады. Антигені бойынша бір текті. Дақылдау үшін жасыл маймылдардың бүйрегінің жасушалары қолданылады.
Инфекция көзі-тек ауру адам. Залалдану фекальды-оральды әсіресе су арқылы сонымен қатар тамақ және тұрмыстық, кейде ауа – тамшылы жолмен жүреді. Организмге түскен вирус жергілікті лимфа түйіндерінде көбейіп, қанға, кейін бауырға өтеді. Инфекциядан кейінгі иммунитет ұзақ және төзімді.
Гепатит А-ның диагностикасы үшін қолданатың иммунологиялық әдістер КБР, иммунофлюористентгі әдіс, гемагглютинация, иммундық жабысу.
Иммунологиялық әдістердің қолданылуы вирустардың арнайы антигендерінің жоқтығымен ерекшеленеді. ИФР бауырдан биоптат алуды қажет егеді.
Вакцинаның келесі типтерін қолданады.
Бүтін вирионды-әлсізденген немесе формалинмен инактивирленген вирустардан.
Субвирионды-ыдыраған вириондардан.
Химиялық-иммуногенді эпитоптардың химиялық синтезделінген аналогтарынан.
Генді инжинерлі.
Гепатитпен ауырған адаммен тығыз байланысты болған адамға жедел гаммаглобулинопрофилактика жүргізіледі. Арнайы емдеу жоқтың қасы. Емдеу диетотерапия және дезинтоксикациялық терапия және бауыр қызметін жақсартатын препараттар қолданылады.
Вирион сфера тәрізді формаға ие. Суперкапсиді 3 ақуыздан тұрада: негізі, үлкен және орташа. Геномы капсидке бекінген және ДНҚ-ң 2 жіпшелі сақинасымен айқындалған вирионның құрамында 3 негізгі антиген бар:
НВsAg-беткейлік немесе австралиялық.
НВcAg-вирион жүрекшесінде орналасқан антиген.
НВeAg-антиген бар. Ол НВcAg-қарағанда вирион құрамына еніп қоймай, қанда да бос күйінде циркуляцияланады.
