Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология дістемелік нсау.rtf
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Мб
Скачать
☆

Staphylocoсcus epidcrmidis Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі

Staphуloсoccus saprophyticus

Грам әдісімен боялған Ет-пептон агарында өсуі

1.3. Стрептококтар (Streptococcus туыстығы)

Стрептококтарды алғашқы болып адамның тінінен, тілме қабынуынан және жарақат инфекциясынан Бильрот (1874) септицемиялар мен іріңді жарақаттардан Пастер, (1879) және Огстон (1881) анықтаған; таза дақылын (1883) Фелейзен және (1884) Розенбах бөліп алған болатын. Streptococcus pneumoniae - ны (1881) жылы Пастер бөліп алған.

Стрептококтардың морфологиялық және дақылдық қасиеттері.

Патогенді стрептококктардың патоген емес стрептококктардан айырмашылығы қанды агарда гемолиз береді, және фибролинолитикалық белсенділікке ие.

Стрептококтар - грам оң, спора түзбейдi, қозғалмайтың, жұптасып орналасқан, тiзбек құрайтын, шар тәріздес микроорганизмдер. Стрептококтардың көпшілігі аэробтарға және факультативті анаэробтардың қатарына жатады, бірақ арасында қатаң анаэробты түрі де болады. Организімнен бөлініп шыққан стрептококтар жасанды қоректік ортаға біртіндеп үйрене бастайды. Қоректі ортаға қан сарысуын, болмаса қан қосқанда көбеюі жақсарады. Стрептококтар келесі токсиндерді бөліп шығарады (гемолизин, лейкоцидин, фибринолизин). Диффузды фактор ұлпа арасындығы кеңістіктен бактериялардың өтіуіне жәрдем береді.

Гемолиздiң сипаттамасы бойынша стрептококтар 3- топқа бөлiнедi:

  1. гемолитикалық емес

  2. –гемолитикалық колония айналасында толық емес, жасыл түстес ошағы пайда болады

  3. в–гемолитикалық колония айналасында мөлдiр толық гемолиз ошағы пайда болады.

Стрептококтар глюкоза, сарысу, қан бар қоректiк орталарда көбейедi. Түссiз колония түзедi, қан агарында колония түрiне байланысты былайша бөлiнедi: а) Ь-гемолитикалық колония айналасында мөлдiр гемолиз ошағы бар, б) в-гемолитикалық колония айналасында жұқа жасыл ошақ пайда болады, в) гемолитикалық емес - орта өзгермейдi. Сұйық орталарда табақша түбiнде өсiм бередi, ортасы мөлдiр күйде қалады. Дезинфек-ң ерiтiндiде 15 минутта жойылады. Кейбір стрептококтарда қиылысқан әрекеттесуші-антигендер (ҚӘА) анықталған. Олар адамның ағзасындағы миокардтың бұлшық еттің талшықтарымен, бүйрек ұлпасымен және басқа ағзалармен әрекеттеседі. (ҚӘА) иммунопатологиялық жағдайлалардың себептері болуы мүмкін.

Стрептококтардың биохимиялық белсенділігімен антигендік қасиеттері.

Стрептококтар газсыз қышқылға дейін глюкозаны, мальтозаны, сахарозаны тағы басқа көмірсуларды ферменттейді (S. kefir қышқылмен газды түзбейді) сүтті үйытпайды (S. lactis пен басқалар), протеолитикалық қасиеттері болмайды (кейбір энтерококтарда болады).

Стрептококтардың антигендiк классификациясын Лэнсфильд анықтаған. Жасушалық жүйедегi полисахаридтiң антигендiк құрамына байланысты олар 20 серологиялық түрге бөлiнедi. Оларды латынның бас әрiптерiмен А-Y белгiлейдi. М, Р және Т белокты антигендердiң ерекшелiгiне байланысты серотоптар сероварларға бөлiнедi. Сероварлар санымен белгiленедi.

Кейбір стрептококтарда қиылысқан әрекеттесуші-антигендер (ҚӘА) анықталған. Олар адамның ағзасындағы миокардтың бұлшық еттің талшықтарымен, бүйрек ұлпасымен және басқа ағзалармен әрекеттеседі. (ҚӘА) иммунопатологиялық жағдайлалардың себептері болуы мүмкін.

Стрептококтардың патогенділік факторлары

Стрептококтардың патогендiк қасиетi токсин түзуiне, экзофермент бөлуiне және өзiндiк бактериялық жасуша ерекшелiгiне негiзделген. Созылмалы түрдегi стрептококты инфекцияларда емдеу үшiн антибиотиктер мен сульфаниламидтi препараттар берiледi.

Стрептококтардың патогендiк факторлары:

  1. Белок – М

  2. Капсула

  3. Эритрогенин

  4. Гемолизин – О

  5. Гемолизин – S

  6. Стрептокиниаза

  7. Аминопептидаза

  8. Гиалуронидаза

  9. Лайсаңдану факторы

  10. Протеазалар

  11. ДНҚ, ағзалар

  12. IgG-ң Fc фрагментiмен әрекеттесу қабылетi

  13. Айқын аллергиялық қасиетi.

Кейбір жағдайда пневмония стрептококының таза дақылын бөлiп алу үшiн ақ тышқандарға енгiземiз. Стрептокок дақылын бөлiп алады да, әрбiр ағзасынан таңба жұғындысын жасайды. Патологиялық процесстi адгезиндер (липотейхой қышқылы + жасуша қабығының белоктары) тудырады.

Адгезиндер қорғанысты атқаратын эпителий жасушасының цитоплазмалық мембранасына микроорганизмнiң әсер етуiн қамтамасыз етедi. Кейiн микроорганизмдер зақымдалған ұлпада шоғырланады.

Фагоцитозға қарсы қорғанысты қамтамасыз етушi факторлар:

  1. Антихемотоксиндi фактор- бактерия көбейгенде бөлiнедi.

  2. Иммуноглобулиндi Fс-рецептор – фагоцитозды басады, комплементтi бұзады, иммуноглобулиндердiң дисбаланс жағдайын тудырады.

  3. Капсула-фагоцитоздаушы жасушалардан (микроорганизмiн) қорғайды.

  4. М-белоктық фагоцитозға қарсы қабылетi микроорганизмнiң қанда өсiп-өнуiн қамтамасыз етедi.

Стрептококтардың патогендiк қасиетiн анықтайтың ферменттердiң iшiнде маңызы жағынан бiрiншi орынға гиалуронидаза мен стрептокиназаны (фибринолизин) қоюға болады. А-серотобының стрептококтары О-стрептолизин токсинiн бөледi, ол эритроциттердi лизиске ұшыратады, ал S-стрептолизин - лизосомаларды бұзады. Лейкоцидин-полиморфты ядролы лейкоциттердi лизиске ұшыратады.

Стрептококтардың эпидемиологиясы мен төзімділігі

Стрептококтар табиғатта кең таралған. Экологиялық белгілері бойынша келесі топқа бөлінеді:

Бірінші топқа А серотобындағы стрептококтар жатады, олар адамға патогенді болып табылады (S. pyogenes). Екінші топты патогенді және шартты - патогенді стрептококтар құрайды, В және D тобына жататын (S. agalactia, S. faecalis т.б.) адамдарға және жануарларға қауыпты серотоптар жатады.

Үшінші топты шартты - патогенді оральды (S. mutans, S. mitis т.б.) стрептококтар құрайды яғни стрептококтар тек антропонозды ғана. емес антропозоонозды ауруларды шақырада. Адам ағзасының ауыз қуысының, терінің, ішектің микрофлорасының меншікті өкілі болып табылады.

Инфекцияның көзі ауру адам, реконвалесценттер, бактериотасмалдаушылар, негізгі жұғу жолдары; ауа - тамшы, кейде қарым қатынас.

Стрептококтар мына ауруларды шақырада:

  1. әртүрлі іріңді процесстер - абсцесстер, флегмоналар, отиттер, перитониттер, плевриттер, остеомиелиттер т.б.

  2. тілме қабынулар-жарақат инфекциялары (терімен теріасты клетчатканың лимфа тамырларының қабынуы);

  3. ангина-өткір және созылмалы;

  4. сепсистер: өткір сепсис (өткір эндокардит); созылмалы сепсис (созылмалы эндокардит); туғаннан кеінгі сепсис;

  5. жарақаттардың іріңді асқынулар (әсіресе соғыс уақытында) абсцесстер, флегмоналар, жарақаттан кейінгі сепсис

  6. ревматизм;

  7. пневмониялар, менингиттер.

  8. жәншау (скарлатина)

  9. тістің кариесі.

Стрептококтар төменгі температураға және кептіруге тұрақты, әсіресе ақуызды орталарда (қан, ірің, шырыш), шаң мен бұйымдарда айлап сақталады. 56єС (70єС температураны 1 сағат бойы көтере алатын D тобына жататын cтрептококтардан, басқалары) 30 минуттан кейін жойылып кетеді. 3-5% карбол қышқылы мен лизол 15 минут ішінде жояды.

Стрептококты инфекциялалардың патогенезі, клиникасы инфекциядан кейінгі иммунитеті.

Стрептококтар тудыратын аурулар эндогенді және экзогенді сипатқа ие. Стрептококтар ағзаға терімен қабаттың жарақатынан ауа-тамшы, ауа-шаң жолдарымен кіріп лимфогенді және гематогенді жолмен тарап әр түрлі аурулар тудырады.

Стрептококтардың ауру шақыруы мынаған байланысты:

  1. кіру қақпасына (жарақат инфекциялары, пареперанатальды сепсис, тілме қабынулар және т.б.; тыныс жолдарының инфекциялары - ангина, жәншау (скарлатина);

  2. стрептококтардың әр түрлі патогенділік факторлары;

  3. иммундық жүйесінің жағдайы: антитоксикалық иммунитеттің болмаған жағдайында, егер А серотобына жататын стрептококтар жұққан болса жәншау ауруы туады, ал антитоксикалық иммунитет болатын болса ангина пайда болады.

  4. стрептококтардың сенсибилизирлеуші қасиеті (нефрозонефрит, артриттер, ЖТЖ жарақаттануы және т.б.);

  5. стрептококтардың ірің және сепсис тудыратын қабілеттері;

  6. стрептококтардың А және М-антигендерінің серотоптарында сероварианттарының көп болуына.

Стрептококты инфекциялардан кейінгі иммунитет антитоксин мен типті арнайы М-антиденемен байланысты, жәншаудан (скарлатина) кейінгі антитоксикалық иммунитет тұрақты, ұзақ сақталады. Антимикробты иммунитет тұрақты болғанымен типті арнайы М-антиденеге байланысты.

Скарлатинозды стрептококтар.

Эритрогенин - бұл токсиндi гемолитикалық стрептококтардың А-тобы бөледi. Ол скарлатинаны тудырады. Осы токсинге сезiмталдығын анықтау үшiн стандартты сұйытылған эритрогениндi терi iшiлiк сынақ (Дик сынағы) арқылы қолданады. Стрептококты инфекциядан кейiн скарлатинаны есептемегенде өте әлсiз және негiзiнен антимикробты түрiнде М-антигенi болады.

Пневмококтардың биологиялық қасиеттері.

St. pneumoniae (пневмококтар) крупозды пневмонияның арнайы қоздырғыштары болып табылады, көздiң мөлдiр қабығының (роговица) жара бойында жайғасады, олар iрiңдi ауруларды шақырада отит, бронхит, бронхопневмония, менингит, ринит, сепсис. Пневмококтар Грам оң “+” диплококтар болып келедi, пiшiнi-ланцет тәрiздi, споралары мен талшықтары жоқ. Организмде капсула түзедi, қан немесе қан сарысуы аралас ортада өседi, қанды агарда колониялар жасыл желекпен шектелген. Пневмококтардың бiрнеше антиген типтерi белгiлi: полисахаридтi, жасуша қабырғасында орналасқан, капсулалық антигендер және – ақ уыз. Пневмококтар организмнен тыс, кепкен қақырықта ұзақ сақталады.

Энтерококтардың биологиялық қасиеттері.

(фекальды стрептококтар, энтерококтар) адам iшегiнде өмiр сүрушi болып табылады, морфологиясы бойынша шар не болмаса сопақша тәрiздес бактериялар, өлшемi 0,5-1 мкм, бөлiнген кезде жұптасып немесе қысқа тiзбек түрінде болады. Полиморфты бактериялар, 1-4 талшыққа ие, кейбiр штаммалары қозғалғыш болып келеді.

Энтерококтар ауыз қуысы, iшек және зәр жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасына кiредi. Энтерококк шақыратын инфекциялалардың көпшiлiгi эндогендiлiгімен сипатталады, колонизацияның басымдылығында және цефолоспориндердiң жоғары жиiлiкпен қолданылған кезiнде, микроорганизмдердің инвазивтілігі жоғарлай түседі. Гемолизирлеушi энтерококтар тағаммен улануды және iшектiң дисбактериоздарын шақыруға қабылетi бар.

Энтерококтар қерапайым ортада жақсы өседi, қанды агарда гемолиз ошағын шақыруымен сипатталады. 24 сағаттан кейiн энтерококтар диаметрi 04-2 мм сұр түстес колониялар түзедi, 6,5 процент NaCI-ы бар ортада өседі, 4-6 сағаттан кейiн 37єС -ға лакмус сүтiнiң түсiн өзгертуге қабылетi бар.

Стрептококты инфекциялалардың микробиологиялық диагностикасы.

Стрептококты инфекцияларды зерттеу үшiн материалдарды көмей және мұрын кiлегейi, зәр, қақырық, қан сарысуын алады.

Бактериоскопиялық зерттеуде жұғынды дайындап Грам әдісімен бояйды да микроскоп арқылы көреді. Бактериологиялық зерттеуде материалды ілмекпен қанды агары бар Петри шынысына егеді, келесі күні өскен колонияларға сипаттама береді. Ол жердегі гемолизге сипаттама береді.

Бактериологиялық зерттеудiң қорытынды этапы болып, бөлiп алынған таза дақылдың антигендiк қасиетiнің анықталуы болып саналады. Берiлген белгi бойынша стрептококтар А,В,С,Д серотоптарға бөлiнедi. Зерттелiнетiн дақылдың және А, В, С және Д сарысудан бөлiп алынған полисахаридтi С преципитиногенмен преципитация реакциясын жұргізеді.

Стрептококты инфекциялалардың бактериологиялық диагностикасы

Зерттеу күні

Зерттеу тұрі

1-ші күн

Қанды «мартеновский» ортаға және Тароции ортасына (жартылай анаэробты жағдайда) егу.

Басқа зерттеу материалды (ірің, шырыш т.б.) қанды агарға егу

2-ші күн

Сорпадан қанды агарға егу (3-4 апта термостатта инкубирлеу)

Қоректік ортада өскен стрептококтардың колонияларын таза дақыл бөліп алу үшын қанды агарға егу.

3-ші күн

Дақылдық қасиеттерін зерттеу

Грам әдісімен боялған жұғандыны микроскоппен қөру

  • Қантты сорпаға

  • NaCl концентрациясы жоғары сорпаға

  • өт сорпсыны т.б.

- егу

Өсудегі температуралық шегін анықтау (10-45°С)

Биохимиялық белсенділігін анықтау

Серотопппен сероварын анықтау

Антибиотокограмманы анықтау

4-ші күн

Нәтижені қортындылау

Стрептококты инфекцияның кейбiр назологиялық формаларында комплимент байланыстыру реакциясы және преципитация реакциясы арқылы, аурудың қанындағы арнайы антигендi анықтайды. О-стрептолизинге антидененiң пайда болуынан ревматизмның диагнозын анықтаймыз. Бұл реакция науқас адамның қан сарысуында арнайы антиденелердiң түзiлуi нәтижесiнде, О-стрептолизиннің эритроциттердi ыдыратып жiберуiне негiзделген.

Сепсис кезiндегі негiзгi тәсiл, қанды микробиологиялық зерттеуден өткiзу. Қанды шынтақ венасынан температура кетерiлген кезде, антибиотикотерапияны басталмас бұрын алады да, 50-100 мл қоректiк ортасы бар колбаларға егеді және қант сорпасына да егеді. Өсiм берсе, Грам әдiсi бойынша жұғынды жасайды, кейiн идентификациялайды. Бұл тәсілдің ерекшелігі 1 тәулік интервалмен қанды 3 қайтара егеді. Антибиотикотерапия қолданылып қойса, онда қанды 5-6 рет алу керек.

Стрептококты инфекциялалардың емдеуі мен алдын алу.

Стрептококты инфекцияларды емдеу үшін міндетті түрде антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін антибиотиктер мен сульфаниламидтті препараттар қолданады. Пневмонияның алдын алу үшін жоғарғы дәрежеде тазартылған капсулалы полисахаридтерден дайындалған вакцина қолданады. Арнайы алдын алу жолдары жоқ.

Streptococcus pyogenes